Сабақтың тақырыбы: «Озық ойлы
информатиктер»
Сыныбы:
8 «б»
сынып
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың информатика пәнінен алған
білімдерін жинақтау, білімдерін бақылап
бағалау.
Дамытушылық:
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы
мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта
отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін
арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін
жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу,
ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны
қалыптастыру.
Сабақтың
түрі: сайыс
сабақ
Сабақтың
типі: сыныптан
тыс
Сабақтың
әдісі: сұрақ – жауап, практикум, топпен және жеке
жұмыс.
Сабақтың
көрнекілігі: - Интерактивті
тақта
Cабақтың
барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде
топтар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 9 оқушыдан болады және
оның ішінде бірі топ басшысы ретінде
сайланады.
Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Озық
ойлы информатиктер» сайыс сабағын тамашалауға шақырамыз.
Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні,
шапшаңдықты алып жүруді
ұмытпаңыздар.
Сайысымызға 8 б сыныбынан құралған екі топ
«Озық ойлы информатиктер» сайысуға келіп отыр. Біздің бүгінгі
өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз 8 - сынып оқушыларының жыл
басынан өткен білімдерімен байланысты. Себебі, оқушының жыл бойы
алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз. Өздеріңіз көріп
отырғандай әр тобымыз 8 оқушыдан құралған және оның ішінде бірі топ
капитаны. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп,
ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері
бар.
Сынып оқушыларын ортаға шығарып сайыс сабаққа
сәттілік тілеп, түсті қағаздағы суреттер бойынша екі топқа
бөлінеді.
Бүгін сайысымыздың әділ қазылар алқасын
сайлайық
1.
2.
Сайыс 6 кезеңнен
тұрады.
1.
Таныстыру
2. Бәйге(25 сұрақ топ басшысына
қойылады)
3. Инфобілім (компьютерде тапсырма
беріледі)
4.Адасқан әріптер
(әріп орындары ауысып кеткен
сөздер беріледі)
5. Мықты болсаң жеңіп көр (10, 20, 30, 40
баллдық сұрақтарға жауап
береді)
6.
Полиглот (Сұраққа жауапты 3 тілде
береді)
Көрермен жиналған бұл
тамашаға,
Құр қарап отыру
жарасама.
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа
емес,
Соғыңыз қолыңызды білімді жас
талантқа – дей отырып, ойынымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыру»
бөлімімен бастаймыз.
1 кезең.
Таныстыру
1 - топ
«Компьютер»
Білімді ұрпақ – еліміздің
тірегі!
Жер бетінде адам өмір
өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол
жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен
алынар,
Білімменен аспанға жол
салынар.
Девизі: «Тапқырлық таныту
мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы
атымыз»
2 - топ
«Интернет»
Сәлемдесу - игі дәстүр
киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер
шиені.
Жақсы сөзге жан семірер
қашанда
Жолданады сайыскерлер
сәлемі.
Девизі: «Асау тұлпар желдей ескен
арынды,
Оқу менен еңбекке сал
барыңды»
2 кезең.
Бәйге. Бұл турда 25 сұрақтан қойылады, топ басшысы
жауап береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен белгіленеді. түрлі түсті
қағазға сұрақтар жазылады, команда капитаны 1 түсті таңдап
алады.
Қызыл түсті парақтың
сұрақтары:
1. 36 mod 6 қаншаға тең?
(0)
2. Түбір асты 25 саны паскальда қалай
жазылады? (sqrt(x))
3. Функционалдық пернелер (F1 - ден F12 -
дейін)
4. Зиянкес бағдарлама
(вирус)
5. Паскаль қандай тіл (программалау
тілі)
6. Файлдар жиыны
(бума)
7. Таңбалар мен сигналдар жиыны
(ақпарат)
8. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым
(информатика)
9. Меңзердің оң жағында тұрған символдарды
өшіретін перне
(Delete)
10. Графикалық редактор
(Paint)
11. Офистік бағдарламаға қай бағдарламалар
кіреді? (word, excel, Power Point
т.б)
12. Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік
блок)
13. Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы
(ксерокопия)
14. Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы
(тышқан)
15. Баспа құрылғысы
(принтер)
16. Дыбыс естілетін қорап
(колонка)
17. Мәлімет енгізу құрылғысы
(пернетақта)
18.
Компьютердің
маманы
(программист)
19.
Бүкіләлемдік желі
(интернет)
20.
Компьютерді вирустан
қорғайтын
бағдарлама
(антивирус)
21. Үлкен темірқорап (жүйелік
блок)
22. Дүниежүзілік компьютерлер
арасындағы байланыс ортасы (интернет)
23. Деректер бойынша шамамен жасы 2000 - 5000 жыл болатын
құрал?(Есепшот)
24. Электронды есептеуіш
машинаның даму буындары нешеге бөлінеді? (4
буынға)
25.
Компакт-дискіні оқуға арналған құрылғы
(CD-ROM)
Жасыл түсті парақтың
сұрақтары:
1. Көп батырмалы құрылғы
(пернетақта)
2. Паскаль қандай тіл
(программалаутілі)
3. Паскаль тілінде 6 санының квадраты қалай
жазылады? (sqr(6))
4. Алгоритм деген не (белгілі бір мақсатқа
жету жолы)
5. Презентациялармен жұмыс істейтін
бағдарлама
(PowerPoint)
6. Корзинаның қызметі( жойылған файлдарды
жинау)
7. Ең ұзын перне
(пробел)
8. Ақпарат енгізу құрылғысы
(пернетақта)
10. Екілік жүйенің сандары (0,
1)
11. Адам ақпараттың қанша пайызын көру арқылы
алады? (80)
12. 36 div 6 қаншаға тең?
(6)
13.
1 байтта қаншы бит бар?
(8)
14. 100 Мб орынға қанша
секундтық видео сияды? (15)
15.
Windows сөзінің мағынасы
қандай? (Терезе)
16. Пиксель дегеніміз не?
(Растрлық бейненің ең кішкентай
элементі)
17.
Ең бірінші программа құрған
оқымысты (Ада Лавлейс)
18. Алгоритм сөзі қай ғасырда кімнің есіміне байланысты пайда
болған? (IX ғасыр, Әл - Хорезми)
19. Программа неше бөліктен тұрады? (3 тақырыбы, сипаттау бөлімі,
операторлар бөлімі.)
20. Программамен басқарылатын
аналитикалық машинаны ойлап шығарған ағылшын ғалымы... (Чарльз
Бэббидж)
21. АҚШ - тың IBM фирмасы қай жылдан бастап дербес компьютерлерді
шығара бастады? (1980)
22. Деректерді уақытша сақтауға арналған құрылғы (Жедел Жады)
23. Операциялық жүйе дегеніміз не? (Бұл компьютерді іске қосқан
кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын
арнайы бағдарлама)
24. Бит дегеніміз не? (ақпарат өлшем
бірлігі)
25. Паскаль программалау тілін кім ойлап
тапты және кімнің құрметіне?
( Никлаус Вирт, Паскальдің
құрметіне)
Топ басшысы сұраққа жауап беріп жатқанда, 2
топ 3 кезең тапсырмаларын
орындайды.
3-ші кезең. Инфобілім. Компьютерлік
жұмыс. Өткен сабақтар бойынша компьютерде
тапсырмалар беріледі
4-ші
кезең. «Адасқан
әріптер». Бұл турда оқушыларға әріп
орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әр топ әріптерді орындарына
қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне
қатысты термин сөздер шығару керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан
беріледі(ал орындау уақыты 1минут) Топтарға 6 сұрақтан
берілген.
1 топ
1. РЕТЬЮПОМК - компьютер
2. ВРЕДАЙР - драйвер
3. ДЕМОМ - модем
4. ЛАЙФ - файл
5. РОТИНОМ - монитор
6. АТЕКИСД – дискета
2
топ
1. НИРПЕРТ - принтер
2. ЧЕСВИНТЕР - винчестер
3. КРАСЕН - сканер
4. АНИШ - шина
5. СОРЕСЦПРО - процессор
6. ТОРП - порт
5-ші кезең. Мықты болсаң жеңіп
көр. Бұл турда 10, 20, 30, 40 баллдық сұрақтар
қойылады.
6-шы кезең
«Полиглот» топтар берілген сұрақтарға жауап беріп,
жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі
тілде 10 ұпай, біртілде 5 ұпай
беріледі.
1. Белгілі бірнәрсе (адам, жануар,
затқұбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін
мәліметтер тобын не дейміз?
/ ақпарат, информация,
information/
2. Сақталған құжатты ашу
командасы? /Файл – ашу, файл - открыть, file -
open/
3. Windows – дегеніміз
не? /ОЖ, операционная система,
Operationsystem/
4. Қажет емес символды алып тастау пернесі
(өшіру, удалить,
delete)
5. Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған (себет
- корзина - basket)
6. Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол
не? (терезе - окно -
windows)
7. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет,
өте кішкентай мәтіндік редактор (кітапша - блокнот -
notebook)
8. Биологияда
паразит,
Көзге зорға
көрінер.
Информатикада өлшем
бірлік,
Ақпаратты
өлшер (бит - бит -
bit)
9. Бірбайттақанша бит бар? (сегіз, восемь,
эйт)
10. ЭЕМ - нің дамуы неше буыннан тұрады?(Бес,
пять, фаив)
Осымен 6 - кезең
аяқталды.
Жетпесіңе
жеткізген,
Қызықты уақыт
өткізген.
Бар ғылымды
сыйдырып,
Білетіні көп
бізден,
Жаңалықтың
жаршысы,
Жұртты елең
еткізген.
Информатикаға мың алғыс! –деп
әділқазылар алқасына сөз кезегін
береміз.
Мектеп жасына дейінгі шағын
орталығы бар № 10 жалпы білім беретін орта мектеп мемлекеттік
коммуналдық мекемесі
«Бекітемін»: «Келісемін»: Ә/Б
отырысында қаралды
Мектеп директоры МД ӘІЖО Ә/Б
жетекшісі:
Катранова А.К Унақбаева А.А
Керімбекова М
______________ _____________
______________
«__»______ 2016 ж «__»_____
2016 ж «__»______ 2016 ж
Тақырыбы: «Озық ойлы
информатиктер»
Информатика пәні мұғалімі:
Тойшыманова Г.Ж
2015-2016 оқу
жылы