«Әдебиеттік
оқу» 2-сыныптар арасындағы білімдік
сайыс
Тақырыбы:
«Ұшқыр ой мен шешен
тіл»
Мақсаты: 1. Оқушылардың білім-білік
дағдыларын байқау, өз-өздерін емін-еркін ұстай білуге үйрету, білім
деңгейлерін толықтыру, тез әрі жауап
қайтару.
2. Оқушылардың ынтасын
арттырып, қазіргі заман талабына сай әр түрлі білім сайысына
қатысуға дайындау. Ойлау қабілеттерін, зейін, есте сақтау қабілетін
дамыту.
3. Оқушыларды Отанын, ана
тілін сүюге, белсенділікке, сапалылыққа, білімді, дарынды, озық
болуға үйрету.
Көрнекілігі: интерактивті
тақта
Сайысымыздың өту
барысы:
І-кезең. «Сұрақ бізден, жауап
сізден»
ІІ-кезең. «Суреттер
сөйлейді»
ІII-кезең. «Өлеңді
жалғастыр»
IV-кезең. «Шығармадан
үзінді»
V-кезең. «Сиқырлы сандықша»
`
Ұшқыр ойға ерік болып
шеберлік,
Сөз кезегін әдебиетке
берелік
Арамызда тапқыш достар көп
екен
Солардың енді жауаптарын
көрелік
І-кезең. «Сұрақ бізден, жауап
сізден»
Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен
бағаланады.
І-топ «Алғырлар»
1.Абай Құнанбаев қай өңірде
туған? (Семей өңірінде)
2. «Туған тілім» өлеңінің
авторы? (Дихан Әбілев)
3.Тұңғыш «Әліппе» оқулығын
жазған кім? (А.Байтұрсынов)
4.Қазақ халқының ұлттық
сусындарын өлең жырларына қосқан ақын? (Тоқаш
Бердияров)
5. Кей-Қаустын баласына арнап
жазған кітабы қалай аталады? (Қабуснаме)
ІІ-топ «Зеректер»
-
«Айгүлдің әңгімесі» мәтінінің
авторы? (Марат Қабанбай)
-
Машқар Гумеровтың Аймаған,
Нүсіпбек атты кейіпкерлері кездесетін шығармасы? (Көк
кептер)
-
«Ұйқышылдық-жаман әдет» деген
нақыл сөз қай мәтінге қатысты? (Оспанхан Әубәкіров «Сүт қалай
ұйықтайды?»)
-
Сапар мен парта мысалының
авторын ата? (Адырбек Сопыбеков)
-
Жүсіпбек Аумауытовтың туған
жеріне деген сүйіспеншілігін білдіретін шығармасы қалай аталады?
(Қартқожаның туған жері)
ІІІ-топ «Білгірлер»
-
«»Қонжық пен көжек»
ертегісінің авторы кім? (Қадыр Мырза Әли)
-
«Тазалық-денсаулық кепілі»
деген мақалға құрылған шығарманы ата? (Ы.Алтынсарин
«Салақтық»)
-
« Байлық пен ақыл» ертегісінің
авторы? (Міржақып Дулатов)
-
Оспанхан Әубәкіровтың «Жеті
шал» әңгімесінде не туралы айтылады? (Апта
күндері)
-
«Шынықсын денеміз» өлеңінің
авторы? (Бердібек Соқпақбаев)
ІІ-кезең «Суреттер
сөйлейді»
Сурет арқылы шығарманың атын
тауып, авторын атау керек.
Әр топқа 4
тапсырмадан
Дұрыс жауап 2 ұпаймен
бағаланады. Шығарманың атына және
авторына.
«Алғырлар»
-
Ақ шаш/орыс жазушысы Василий
Сухомлинский,
қазақшаға аударған
Қ.Мұсағалиев
-
Қожанасыр мен ашқарақ/Міржақов
Дулатов
3.Шымшық пен көртышқан/Василий
Сухомлинский
4.
Аңқау арыстан/Халық
ертегісі
«Зеректер»
5. Көк кептер/Машқар
Гумеров
6. Айгүлдің әңгімесі/Марат
Қабанбай
7. Ұр, тоқпақ/Халық
ертегісі
8.
Мысық пен
тышқандар/Машқар Гумеров
«Білгірлер»
9. Қонжық пен көжек
ертегісі/Қадыр Мырза Әли
10. Жолбарыс пен түлкі
ертегісі/Қадыр Мырза Әли
11.
Абай шаңырағы/Кәмен
Оразалин
12. Кімнің мекені жақсы?/Сәкен
Жүнісов
ІII-кезең «Өлеңді
жалғастыр»
Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен
бағаланады.
І-топ
Қадыр Мырза Әли «Не
үшін?»
Екі көзің не үшін
керек?
Жақсыларды көру
үшін
Екі қолың не үшін
керек?
Елге көмек беру
үшін
Құлақ деген не үшін
керек?
Ақыл-кеңес тыңдау
үшін
Жүрек деген не үшін
керек?
Жауларымнан қыңбау
үшін!
Тіл мен жағың не үшін
керек?
Ақиқатты айту
үшін!
Ал
аяғың?...
Шетте
жүрсем,
Туған жерге қайту
үшін
ІІ
топ
Фариза Оңғарсынова
«Әже»
Тентек болсам,
ашынып,
Жақсы іс қылсам,
асырып,
Маған сақтап
жүреді
Тәттіні де
жасырып
Тосып тәтті
дәмдерін.
Ол бар жерде бал
жедім
Маған ұйықтарда
айтады
Ертегісін,
әндерін.
Біздің үйде
осындай
Әжетайым бар
менің
ІІІ
топ
Асқар Тоқмағанбетов
«Сыбырлақ»
Бір бала бар
сыбырлақ
Аузы-мұрны
жыбырлап
Әсте тыным
таппайды
Құлағыңа
сыбырлап
Өзі де түк
ұқпайды
Отырғанда
дыбырлап
Тыңдатпайды
басқаға
Шыға қалса
тақтаға
Аузын ашып
қымыңдап
Түк айта алмай
ыңылдап
Қалды дей бер
«Сыбырлақ»
Бостан-босқа
жыбырлап
IV-кезең. «Шығармадан
үзінді»
Шығарманың атын, авторын атау
керек.
Топ мүшелеріне тапсырма жеке
беріледі.
Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен
бағаланады.
«Алғырлар»
-
.... сен өте биік ағаштың
басына өрмелеп шықтың ғой.... Мен оны терезеден көріп тұрғанмын.
Сенің жіп-жіңішке бұтақта тербеліп тұрғаныңды көріп, жүрегім ауырып
кетті..... (Василий Сухомлинский/Ақ шаш)
-
........ Алмас жанұшыра алға
ұмтылды. Жолын кес-кестей алдынан шыққан ойыншыларға бөгелер емес.
(Әлібек Файзуллаев/Жанкүйер)
-
Бұдан былай араздықты қоялық,
тату-тәтті өмір сүрелік! Сол үшін біздің ауылға келіңдер! Құшақ
жайып қарсы аламыз.... (Машқар Гумеров/Мысық пен
тышқандар)
«Зеректер»
-
Нақ өзі!-деді бала қуанып.
Мұны неге бөлек алып қалдыңыз? Бұл-саған емес, өзіме алынған....
(Мұқан Иманжанов/Кітап)
-
Балам-ау, сөзіңнің қабығын
аршып, анықтап айтшы!-деді шал Жабақтың шаң-шаң маңдайынан
иіскеп..... (Оспанхан Әубәкіров/Жеті шал)
-
........ үйге сүйеніп,
ашамайды шынтақтап, ауылға қарап отыр. Оған ауыл біртүрлі жылы,
біртүрлі қызықты, ет бауыр жақын болып көрінді..... (Жүсіпбек
Аймауытов/Қартқожаның туған жері)
«Білгірлер»
7.Құрбақа секіріп, тышқан
жорғалап, құмырсқа қыбырлап ұзақ жүрді. Талай шұңқыр, талай
төмпешік артта қалды. Ақыры олар кішкентай шалшық суға кез болды.
(Сәкен Жүнісов/Кімнің мекені жақсы?)
8.Қалтаң құрт пен ірімшікті
көп жеді, шөлдеп қалмасын деп құйғаным ғой,-депті. (Міржақып
Дулатов/Қожанасыр мен ашқарақ)
9. Екеуі оңды-солды аңдысып,
сатыр-сұтыр ұрысқа кірісті. ..... сарт-сұрт ұрып, оңға орғиды.
Көздеп ұрып, солға орғиды. (Қыдырбек
Рысбекұлы/Бекзат)
V-кезең. «Сиқырлы сандықша»
сөздіктер
Әр топқа 4 сөздіктен
беріледі.
Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен
бағаланады.
«Алғырлар»
-
Қаяу-реніш
-
Зақпы-айырсадақ (ату
құралы)
-
Мешкей-тамақты көп ішетін,
тойымсыз адам
-
Баһадүр-батыр
«Зеректер»
-
Шөмеле-шошайтып үйілген
шөп
-
Ашамай-жас балаға арнап
жасалған ер-тоқымның түрі
-
Шөрке-кесілген
ағаш
-
Меселін
қайтару-көңілін
түсіру.
«Білгірлер»
-
Күпті болу-тамақты шектен тыс
көп жегеннен ауырып қалу
-
Тұлып-малдың немесе аңның
терісінен тігілген кең, ұзын тон.
-
Жұғын да
жоқ-түк те
жоқ
-
Сүйек төсек-жақтауларына
сүйектен өрнек салып, әшекейленген ағаш
төсек.
Қорытынды.