Тақырыбы: Ал, қанекей
қыздар, жігіттер!
Мақсаты:
Ата бабамыз ұрпақ тәрбиесіне
ерекше мән бергенін қыз балалар мен ұл балаларға ұғындыру.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Әдептілікке, өнерге,
ұқыпылыққа тәрбиелеу. Тақырыпты дәлелді аша білуге нақты сөйлеуге
баулу.
Көрнекі құралдары: Cұрақтар, суреттер, т.б.
Сайыс
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
Қайырлы
күн, құрметті ұстаздар мен сайысқа қатысушы оқушылар!
«Ал, қанекей қыздар,
жігіттер!» атты сайысына қатысып
отырған оқушыларымыздың жолы ақ болсын, жүлделі орыннан көрінсін
деген тілекпен, сайысымызды бастауға рұқсат
етіңіздер!
«Шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ» дегендей, қазақ
қыздарын және «Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай, Ер өнері
білінбес, қоян қолтық алыспай»- дей келе нар тұлғалы ер
жігіттерімізді ортаға шақырасақ.
О
заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған
сайыстарға бірін-бірін.
Тыңдайық
тамашалап, көрермендер,
Көрсетеді оқушылар өз өнерін.
Олай болса, сайысымыздың
кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І. «Сәлем – сөздің
анасы» Таныстыру.
ІІ. «Өнерпаз болсаң,
арқалан» (өлең, би, терме,күй қыздар да жігіттер де
орындайды.)
ІІІ. «Қазақы
дастарханым» (ұлттық тағамдар жасау
технологиясы.)
ІҮ. «Салт-дәстүрім –
асыл қазынам» (қазақтың салт-дәстүрінен
көрініс)
Ү. «Шебер көп жерде өнер
көп» (топ мүшелері өздері жасаған бұйымдарын
қорғайды)
ҮІ. «Ұшқыр ой, жылдам
жауап»
ҮІІ. Сән үлгілерін
көрсету.(3жігіт, 3қыз бала сән үлгісін
көрсетеді)
ҮІІІ. «Шынықсаң, шымыр
боларсың!» (жігіттер арасында қол
күрес)
Баға берер
топтарға,
Қара қылды қылышпен қақ жаруға.
Әділқазы алқасын біз сайлайық,
Жүлдегерді таңдап
бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап, сайысқа
қатысушыларымыздың өнерлерін тамашалап, әділ бағасын беретін
әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік. (Әділқазылар алқасымен
таныстыру)
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
І. «Сәлем – сөздің
анасы» Таныстыру.
Өнер қуып шеберлер өтер деймін
Бір басына өнері жетер деймін
Сайысқа түскен шеберлер кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін, – деп
сайыскерлерімізге І кезең «Сәлем – сөздің анасы» кезеңіне кезек
берейік........................ Әділқазы бағасы.
ІІ. «Өнерпаз болсаң,
арқалан» (өлең, би, терме, күй қыздар да жігіттер де
орындайды.)
Өнер
білім еңбекке
Жақын
болар ұрпақпыз
Тұла
бойы тұнған бір
Өнер қуған ұрпақпыз,-дей отырып сайыскер
аруларымыз мен жігіттерімізді өнер жағынан сынға
салайық.
..........................................................................................................................................
Ал,
кімнің өнері қаншалықты
Би
билеп, ал біреулері ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Барлығы аянбай ақ жан салыпты
Әділ
қазылар бағасын беріңіздер.
ІІІ. «Қазақы дастарханым» (ұлттық тағамдар жасау
технологиясы)
Табылар
бойларынан кемер білім
Арқалап
келіп тұрған өнер жүгін
Бүгінгі
дәмді ұлттық тағамдардан
Көреміз сайыскерлер шеберлігін,- дей отырып,
бүгінгі аруларымыз өздері дайындаған ұлттық тағамдарын таныстырып
өтсе.
-
«Ас атасы - нан» 9 «Г»
сынып нан өнім түрлерімен таныстырады.
-
Тәтті
қолмен жасалатын дәмді астың, дамі кетпес талай уақыт таңдайыңнан
дей отыра
9 «А»
сынып оқушыларының ет өнімдерінен пісірілген бұйымдарымен таныс
болыңыздар.
3.
«Ебін тапқан екі асайды» «Жаздың бір күні, бір жылға азық» дей
отыра 9 «В» сынып оқушыларының қайнатылған, тұздалған, тосап, салат
түрлерімен таныс болыңыздар.
4.
«Ағарған ішкен азбайды», «Ағы бардың, бағы бар» дей отыра 9 «Б»
сынып оқушыларының дайындаған құрт, ірімшік, сары май, қатық,
ағарған өнімдерімен таныс болыңыздар.
............................................................................................................Әділқазылар
бағасы.
ІҮ. «Салт-дәстүрім –
асыл қазынам» (қазақтың салт-дәстүрінен көрініс)
Туған
соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай бізде де
Бар
дәстүр мен салтымыз,- деп ата мұра асыл қазынамызды ару қыздарымыз
бен нар тұлғалы жігіттеріміз қаншалықты білетіндіктерін сынамақпыз.
Салт-дәстүрлерді көрініс арқылы көрсетеміз.
9 «А»
сынып «Беташар», «Тұсау кесер»
9 «Б» сынып «Сүйінші
сұрау», «Құтты болсын айту»
9 «В» сынып «Қонақ күту»,
«Қонақ кәде»
9 «Г» сынып «Құмалақ
салу»
.......................................................Әділқазылар
бағасы
Ү.
«Шебер көп жерде өнер көп» (топ мүшелері өздері жасаған бұйымдарын
қорғайды)
Қол өнері халқымның
өрістесін
Әрқашан Алла берсін
берекесін,-дей келе аруларымыз бен ер жігіттеріміздің өздерінің
қолдарынан жасаған бұйымдарын қорғайды.
.........................................................................Әділқазылар
бағасы.
ҮІ. «Ұшқыр ой, жылдам
жауап»
«Бәйгеге
түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім
мен өнер жарысып,
Тәрбие
білім табар мән.
Бұл
бәйге,ойдың бәйгесі,
Кім
жүйрік ойға, сол алда» - деп келесі кезеңіміз «Ұшқыр ой, жылдам жауап» кезеңіне келдік.
Бұл кезеңде сұрақ-жауап ретінде жүргзіледі.
.........................................................................Әділқазылар
бағасы.
ҮІІ. Сән үлгілерін көрсету.(3жігіт, 3қыз бала сән
үлгісін көрсетеді)
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне
сай келіп тұрған
Барлығына қызығып қарасатын,-дей келе әрбір сыныптың
қыздары мен жігіттері сән үлгілерін көрсетеді.
9 «А» сынып: Қыстық киім
үлгілері
9 «Б» сынып: Көктем
мезгілі
9 «В» сынып: Күздік киім
үлгілері
9 «Г» сынып: Жаздық киім
үлгілері
ҮІІІ. «Шынықсаң,
шымыр боларсың!» (жігіттер арасында қол күрес)
Салауатты өмір салтын сақтаймыз,
Ата-баба үмітін біз сақтаймыз
Өнер
менен спорт біздің досымыз
Елбасының
саясатын сақтаймыз
Шынықсаң шымыр боларсың,-деп батыр да батыл
жігіттеріміздің қазір күштерін сынамақпыз.Бұл қол күресте кім
жеңсе, сол жеке марапатталады.
..............................................Әділқазы бағасы.
Ал,
кімнің өнері қаншалықты
Би
билеп, ал біреулер ән салыпты
Бүгінгі сайыстарда бәйге алуға
Барлығы аянбай-ақ жан салыпты,-дей отырып,
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді
деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына
береміз.
..............м а р а п а т т а
у.................
Қорытындылау.
Жарасты ғой сәніміз,
Айтылды ғой әніміз.
Қыздарымыз жасаған
Тілде
қалды дәміміз.
Бар
өнерді салдық біз
Таң қалмаңыз бәріңіз
Думандатып аяқтап,
Қол
соғайық бәріміз!
Қол
өнері халқымның өрістесін
Әрқашан Алла берсін берекесін
Осылай
сайысымызды аяқтаймыз,
Өнерлі жастарымыз өсіп өнсін.