Материалдар / сайыс сабақ жас географ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сайыс сабақ жас географ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұнда оқушылар өз білімдерін жетілдіре отырып қосымша қызықты мәліметтер алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
580
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың мақсаты:
Қазіргі таңда ғылымның барлық
салаларының жедел дамуы,
техникалық прогресс, акселерация
ықпалы оқушының терең теориялық
ойлануына қабілеттілігін арттырып
отыр. Ал ұстаздың міндеті
оқушылардың даму мүмкіндіктерін
барынша пайдалана отырып, жас
ерекшелігіне сай ақыл ойды
дамытудың жоғары деңгейіне жету.
Сондай игі мақсатты көздеген бүгінгі
біздің география пәнінен сыныптан
тыс сабағымыз болмақ.


Топқа бөлу

І топ – Каспий
ІІ топ - Жайық



Сабақтың бөлімдері:











1. Топ басшыларына сұрақ
2. Дұрыс-бұрыс білім минуты
3. Тапқыр топ
4. Бейне сұрақ
5. Ғажайып төрттік
6. Астаналар сайыста
7. Жұмбақ шешіп көрейік
8. Жас картограф
9. Пәндер байланысы
10. Ең,ең.ең...



І. Таныстыру



I кезең «Қанат қақты»
I топ капитанына қойылатын сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасы туының авторы кім?
2. Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?
3. Отырар қаласының арабша аты.
4. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер?
5. «Арал теңізі» еңбегінің авторы кім?
6. Қазақстан Республикасының ең биік нүктесі?
7. Қазақстан қай жылы БҰҰ мүше болып
қабылданды?
8. Қазақстан Республикасы оңтүстігінде қай елдермен
шектеседі?
9. 1836 – 38 жылдардағы ұлт – азаттық көтеріліс
Қазақстанның қай жерінде болды?
10. Ұлттық валютамыз теңге қашан айналымға енді?



II топ капитанына қойылатын сұрақтар:
1. ҚР рәміздері қай жылы қабылданды?
2. Қазақстанның тұңғыш астанасы қай қала?
3. ҚР қанша ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады?
4. Қазақстан жер бедерінің ең төменгі нүктесі.
5. Жоңғар Алатауы мен Іле өңірін зерттеген, Балқаш пен
Алакөлдің ұқсастықтарын дәлелдеген тұңғыш қазақ
географы кім?
6. Геологиялық жыл санау бойынша неше эра бар?
7. ҚР тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет.
8. Қазақ КСР – і қай жылы құрылды?
9. 1837 – 47 жылдардағы ұлт – азаттық көтерілістің
басшысы кім?
10. 2009 жылы халық санағы бойынша ҚР халқының
саны қанша болды?



2. «Дұрыс-бұрыс» білім минуты



Каспий” тобына
сұрақ



1. Дүние жүзін айналып шыққан саяхатшы Фернан Магеллан



2. “Тайота” автомобилін шығаратын ел Германия



3. Ватикан мемлекеті Римде орналасқан



4. Камбоджа - АСЕАН ұйымына кіретін ел



5. Қазақстан солтүстігінде Өзбекстан
мемлекетімен шектеседі



6. Латвия, Литва, Эстония Балтық теңізі маңы елдері



Жайық” тобына
сұрақ



1. Мекке мен Медина - Египетте орналасқан



2. Қазақстанның ең төмен нүктесі Қарақия ойысы



3. Шардара - Сырдария өзеніндегі су қоймасы



4. Қазақстан шығысында Түрікменстанмен
шектеседі



5. Орал тауының Қазақстандағы жалғасы Мұғалжар тауы



6. Қазақстанның ең биік нүктесі - Ақсораң



3. Тапқыр топ
• 1-сұрақ:
• Ежелгі еврей халқы және Көне
Өсиет
• Левит кітабында 4 жануардың
тізімі берілген: түйе, қоян,
тышқан .... Егер қандай белгілері
бойынша біріктірілгенін білсең,
төртіншісін ата.



Жауабы: Шошқа
Өйткені бұлардың бәрі
- лас жануарлар,
еврейлердің
дәстүрінде оларды
тамаққа қолдануға
болмайды.



2-сұрақ: Ежелгі
Мысырда мысықтарды
астық қорғауға
асыраған. Өгіздердің
көмегімен жер
жыртқан.Сонымен
қоса,б.з.д. ХІХ ғасырда
маймылдарды қандай
мақсатпен ұстаған?



Жауабы:
Жеміс
жидектерді
жинату үшін



3-сұрақ: Сақтар ең
алғашқы болып
тамаққа сары майды
қолданды. Оның қазіргі
сары майдан
айырмашылығы
қандай?



Жауабы: Оны
жылқының
сүтінен
жасаған.



4-сұрақ:
• Кештердің бірінде император
Наполеон ІІІ сарай әйелдеріне
жылтыр металдан жасалған
сырға, білезік, түйреуіштер сыйға
таратты. Өкiнiшке орай,
әшекейлер кеш аяғында қарайып
кетті. Қазір бiздiң заманымызда
бұл материалдан осы
әшекейлерді жасауды ойламас
едi. Металды атаңыз.
•  



Жауабы:
Алюминий



4. Бейне сұрақ



1-сұрақ
Африканың Замбези өзенінде
табиғаттың ғажайып
кереметтерінің бірінен саналатын
сарқырама бар.  Сонау алыстағы
ағылшынның әйгілі саяхатшысы
Давид Ливингстон ашып, оған
Англияның патшайымының есімін
берді.
Алып сарқыраманың ені-1800 м,
биіктігі-120м.



2-сұрақ
Оңтүстік Америкадағы Ориноко
өзеніндегі бұл сарқыраманы Эрнесто
Санчесом Ла Крус XX ғасырда
 сарқыраманы ашқанымен, Джеймс
Эйнджелдың ұшқанына дейін кеңінен
танымал болмады. 1933 жылы АҚШ
 ұшқышы Джеймс Эйнджел рудалар
іздеу ниетімен сол маңайда ұша
бастады. Жергілікті гидтер айтуынша
ол алмаз іздеген.  1937 жылдың 
қазанның 9 қайта оралып ұшағын
Ауянтепуйға қондырмақшы болғанда
ұшақтың бір шассиі жарылады.
Нәтижесінде Эйнджел мен жұбайы,
барлығы үш адам тепуйдан төмен жаяу
түсуіне тура келеді. Олардың
өркениетке оралуына 11 күн кетті.



5. “Ғажайып төрттік”



1

3

4



1- ұяшық

арыарқаның бұл өлкесін табиғаттың ерекше әсемдігіне байланысты
Еуропаның тамаша аймақтарының біріне теңейді. Бұл өлкенің әсем
биғатына арнап С.Сейфуллин поэма, С.Мұқанов өз кітабын арқау ет
шоқтығы саналатын өлкедегі өзі аттас қала ерекше облыстың ортал

рақ: Бұл

әңгіме еліміздің қандай табиғаты әсем өлкесіне сай келе



2- ұяшық
Ф. Магеллан алғаш рет дүние жүзін айналып
шығу саяхаты кезінде
Оңтүстік Американың оңтүстік шетімен бұғаз
арқылы өтеді. Сол кезде
көптеген отты алауды көреді. Кейбіреулері оны
жағалаудағы алау, басқалары
жарылған қайықтың оты деп ойлайды.
Сұрақ: Бұл қай арал?



3- ұяшық

л Азияның жетекші мемлекеттерінің бірі. Жер аумағы бойынша дүн
нде 3 орын алатын ел. Экономикасының негізі – өнеркәсіп. Елде Ань
Бэньси металлургия кәсіпорындары бар.

Сұрақ:

Қай мемлекет туралы айтылып отыр?



4- ұяшық
Әлемдегі алпауыт мемлекет. Жер аумағы жөнінен 4-орын алатын
Солтүстік Америкада орналасқан экономикасы аса дамыған ел.

Сұрақ:

Бұл қай мемлекет?



Сергіту сәті
« Сен мені білесің бе ?»
айдары топографиялық
тұрғыда жасырылған
сурет жұмбақтар



1-сурет Көңіл күйі болмаған
адамның бейнесінде қандай
материк бейнеленген?



2-.суретте Қалпағы бар ер адам
бейнесінде қай мемлкет
бейнеленген?



3-сурет Орамалды әйел ана
бейнесінде қай елдер
бейнеленген?



6. “Астаналар сайыста



І топ
1. Украина

-

2. Молдова 3. Чехия 4. Канада 5. Перу 6. Эквадор 7. Өзбекстан 8. Әзербайжан -



ІІ топ
1. Беларусь

-

2. Норвегия 3. Дания 4. Мексика 5. Парагвай 6. Уругвай 7. Египет 8. Қырғызстан

-



7. “Жұмбақ шешіп
көрейік”



І топ
1. Үйге кірдің қара жер,
Назарыңды сала көр
Шыр үйіріліп, үңіліп,
Іздегеніңді таба бер

2. Зу-зу етеді,
Түртіп кетеді.

Бір ғажап әлемде жоқ аймақ
көрдім,
Алты ай түн, алты ай күндіз
жайлап келдім.



ІІ топ

1. Мен ылғи да, таң қаламын 2. Еркелеп жатамын,
көремін де,
Қаңтарда қатамын.
Төрт емес бір маусым бар
ол өңірде.

3. Аппақ қудай басы
бар,
Сан ғасырлық жасы
бар.



8. “Жас картограф”



Географиялық
нысандарды тап

3

1. КАСПИЙ ТОБЫНА
2. ЖАЙЫҚ ТОБЫНА



Картаны жақсы білеміз
бе?
• 1-топ
• Картадан Нью-Дели қаласы
мен Шанхай қаласының ара
қашықтығын есептеңдер
• 2-топ
• Мадрид қаласы мен Киев
қаласының ара қашықтығын
есептеңдер



9. Географияның басқа
ғылымдармен байланысы
• 1-топ (математика) Эхолот арқылы теңіз
тереңдігін өлшеу дыбыстың суда таралу
жылдамдығына негізделген.Кемедегі
құралдан мұхит түбіне дыбыс жіберіледі.
Дыбыс теңіз түбіне жеткен соң одан
жаңғырығы құрылғыға қайтадан естіледі.
Дыбыстың суда таралу жылдамдығы 1
секундта – 1500 метр.Дыбыс жаңғырығы
құрылғыға 8 секундта естілді делік, сонда
мұхиттың тереңдігі қанша?
• 2-топ (қазақ тілі) Жер шарының аса ірі
дүние бөлігін ежелгі гректер екіге
бөлген.Месопотамияны мекендеген ежелгі
финикиялықтар бұл дүние бөліктерін
«эреб»-батыс, «асу»-шығыс деп атаған.



1-топқа:
• (тарих) Ежелгі дәуірде тарихтың атасы –
Геродот өзінің «Тарих» еңбегінде география
туралы алғаш түсінік берді.Орта ғасырдың
өзінде география ғылымы араб
саяхатшыларының зерттеуімен дами бастады.
Ал география ғылымының тарихында үлкен
бетбұрыс жасаған Ұлы географиялық
ашылулар кезеңі қай ғасырда болған еді?
• 2-топқа:
• (әдебиет) Шеті бойлап, арктика ішіне,

Үш мұхитқа еркін жүрген көсіле,

Ағашы мол қай ел еді дамыған,

Жапырақты салған жалау төсіне



1-топ (геометрия) Жер шар тәрізді
болғандықтан глобустағы жер бетін жазық
картаға көшіргенде бұрмалануға
ұшырайды. Сондықтан оны азайту үшін
проекциялар қолданады.Белгілі бір
нүктеден жан-жаққа таралған кеңістікті
бейнелеу үшін , мысалы полюстерде
проекцияның қандай түрін пайдаланады?
• 2-топ (химия) Ауа дегеніміз әр түрлі
газдардың қосындысы.Оның ішінде нігізгі
бөлігін азот пен оттегі алады.Құрғақ ауа
көлемінің 78% азот, 21 % оттегі.Көмір
қышқыл газы небары 0,03%.Оның қызметі
қандай?



1-топ (физика) Толысу мен қайту
теңізде байқалатын құбылыс.Ол
тәулігіне 2 реттен қайталанады.Оны
ағылшын ғалымы И.Ньютон ашқан
болатын.Толысу мен қайту ненің
әсерінен болады деп айтты?
• 2-топ (биология)Мұхиттағы тіршілік
дүниесі жүзу деңгейіне байланысты 3ке бөлінеді. Ең жоғары қабатында
планктон(кезеген), одан төменгі
қабаты – нектон (қалқыма),ал ең
тереңде мекендейтін тіршілік иелерін
қалай атайды?



10. Ең,ең,ең...

Қазақстанмен ең ұзын шекарасы бар мемлекет
Қазақстанның ең биік нүктесі
Ең суық қыс қай жерде?
Ең ылғалды жер
Ең мол сулы өзен
Ең ірі мұздық
Еуропалықтардың ішінде ең алғаш ТяньШаньды зерттеген ғалым
8. Қазақстан Ғылым Академиясының ең алғашқы
президенті
9. Қазақстандағы ең көне платформа
10. Қазақстанда ең күшті жер сілкіну қай жылы
болды?
11. Елімізде ең алғаш мұнай қай жылы өндірілді?
12. Мыс рудасының ең ірі кен орны
13. Ең ірі су бөгені
14. Ең терең көл



10. Ең,ең,ең...
















1. Қазақстанмен ең қысқа шекарасы бар ел
2. Ең төмен орналасқан нүкте
3. Ең ыстық жер
4. Ең жауын-шашын аз түсетін жер
5. Ең ұзын өзен
6. Қазақстан жайлы ең алғашқы деректер қай ғалымның
еңбектерінде кездеседі?
7. Ең алғашқы қазақтың географ-саяхатшысы
8. Геохронологиялық кесте бойынша ең көне эра
9. МШК Шкаласы бойынша жер сілкіну күшін сипаттайтын
ең күшті балл
10. Пайдалы қазбалардың қайсысының қоры жөнінен
Қазақстан дүние жүзінде ең алғашқы орында?
11. Хромит кені ең көп кездесетін тау
12. Ең ірі фосфорит кен орны
13. Балқаш-Алакөл алабының ең ірі өзені
14. Каспий теңізіндегі ең ірі арал
15. Ең алғаш ұйымдастырылған ұлттық саябақ



Қорытынды
«Бұл заман білекке
сенетін емес, білімге
лау”
сенетін заман.
Заманауи әлемде елдің қуаты ең
алдымен азаматтарының білімімен
өлшенеді.
Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне
жарата білуімен бағаланады.
Инемен құдық қазғандай, қиын да
күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерікжігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл.
Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі,
ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны.»
Қазақстан Президентінің Назарбаев
Университеті студенттері алдында
Білгір географ танымдық сайысы

Жарияланды 22-05-2016, 19:37 Категориясы: География 

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектептің
география пәні мұғалімі
Исмагулова Айгул Рахметкалиқызы

Тақырыбы: « Білгір географ» танымдық сайысы
9 «а, б» сыныптар аралығы
Мақсаты:
1. XXI ғасыр – білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай ой - өрісі дамыған азаматты қалыптастыру,
2. Жас ұрпаққа сапалы білім беру, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуға тәрбиелеу.
3. Оқушының пәнге қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту, мектептің көшбасшысын анықтау, алғырлыққа, тапқырлыққа және тез ойлана білуге үйрету.
Көрнекілігі: Жарты шарлардың физикалық картасы, глобус, презентация слайд.
Барысы:
1 - кезең. Өзін - өзі таныстыру - екі команда ортаға шығып өздерін таныстырады.
2 - кезең. Жорға сұрақтары.
3 - кезең. Мақал – мәтелдер
4 - кезең. Десанттық көмек.
5 - кезең. Мерген
6 - кезең «Логикалық» ойын.

1 - жүргізуші: Жер шарында тіршілік етіп, географиямен таныспай кету, Египетте болып, пирамидаларды көрмей кету немесе Астанада болып, Бәйтерекке қарамай кетумен тең, деп айтсақ артық айтқандық болмас. Біз географияның тек ғылым емес, сонымен қатар өнер екендігін ұмытпауымыз керек. Жер ғаламшарын жоғарғы сапада сипаттап жазуда үлкен суретшілік талант қажет. Сондықтан көптеген ұлы жазушыларды да тамаша географтар деуімізге әбден болады. Атап айтсақ, А. Дюма, Ж. Верн, М. Твен
2 - жүргізуші География - ерекше ғылым. Дүние жүзіне әйгілі географтар тізімінен сіздер әйгілі қарақшылар мен авантюристер, барлаушыларды таба аласыздар. Олар алтын іздеді, бірақ дүниежүзілік ұлы саяхатшылармен қатар атақ иеленді, олар билік пен қызықты оқиғалардың артынан қуды. Бірақ дүниежүзілік картада олардың аттары өз орнын тапты. Олардың көпшілігі жаңа жерлерді ашуға ұмтылды. Осынау ерлік пен өрлікке толы мақсатпен өмір сүрген ұлы адамдарға әрқашан құрмет ғана лайық.
1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы: « Білгір географ» танымдық сайысы 9 сыныптар аралығы 2 топ қатысуда. Бәрі де талантты осы мектептің белсенді оқушылары, оларға сәт сапар тілейміз.

2 - жүргізуші
- Ақыл - тастан, өнер - жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпайды
Әрқашанда нанымды,- дей келе, сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар
1. Мектептің оқу ісінің меңгерушісі -
2. География пәнінің мұғалімі -
3. Биология пәнінің мұғалімі -
4. Химия пәнінің мұғалімі -

1 - жүргізуші - Сайыс шарттарымен таныстырып өтейін -
1 - кезең. Өзін - өзі таныстыру - екі команда ортаға шығып өздерін таныстырады.
2 - кезең. Жорға сұрақтары.
3 - кезең. Мақал – мәтелдер
4 - кезең. Десанттық көмек.
5 - кезең. Мерген
6 - кезең «Логикалық» ойын.

2 - жүргізуші Ортамызда география пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр 9 сынып оқушылары.
1 - жүргізуші 1 - кезең. Өзін - өзі таныстыру. Екі команда ортаға шығып өздерін таныстырады
І тур: Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып өтеді.

ІІ тур: Жорға сұрақтары. Мұнда барлығы 30 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Жорға сұрақтары:
1. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл (Сахара)
2. Дүниежүзіндегі ең терең көл (Байкал)
3. Үнді мұхитының ең терең жері қалай аталады (Зонд)
4. Дүниежүзіндегі ең биік вулкан (Килиманджаро)
5. Теңіз деп аталатын қандай екі көлді білесің? (Каспий, Арал)
6. Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама (Анхель 1054 м)
7. Қазақстанның тұңғыш географ ғалымы (Ш. Уалиханов)
8. Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек (Арабия)
9. Қазақстанның ең биік нүктесі (Хан – Тәңірі 6995 м)
10. Дүниежүзіндегі ең үлкен қала (Токио)
11. Қазақстандағы ең үлкен мұздық (орженевский 12км)
12. Ең үлкен бұғаз (Дрейк)
13. Солтүстік және Оңтүстік полюстерді қосатын сызық (Меридиан)
14. Ең кішкентай құс (Калибри)
15. Дүниежүзіндегі ең суы мол өзен (Амазонка)
16. Ең суыққа төзімді құс (Пингвин)
17. Еліміздің қай өңірінде рентген зауыты салынған (Ақтөбе)
18. Қазақстандағы АЭС қай қалада (Ақтау)
19. Дүниежүзіндегі ең кіші мемлекет (Ватикан)
20. Жер көлемі жөнінен бірінші орын алатын мемлекет (Ресей)
21. Ең тұзды теңіз (Қызыл теңіз)
22. Кофенің отаны қай материк (Африка)
23. Жер қыртысының қозғалысын зерттейтін ғылым (Сейсмология)
24. Мұхит суының тұздылығын өлшейтін өлшем (Промилле)
25. Бір ғана мемлекеттен тұратын материк (Австралия)
26. Мұнай қандай өлшемнен өлшенеді (Баррель)
27. Қысқы күннің тоқырауы (22 – желтоқсан )
28. Жер шарында неше сағаттық белдеу бар (24)
29. Ең ірі су жануары (Кит)
30. Қазақстанның астанасы Ақмолаға қашан көшірілді (1997 ж)

ІІІ тур: Мақал – мәтелдер. Әр мақалға 10 ұпайдан. Мұнда табиғат туралы болуы тиіс. Ең бірінші болып ұпайы аз команда бастайды.
1. Қаласы бар, үйі жоқ
Өзені бар, суы жоқ
Орманы бар, түбі жоқ
Бақшасы бар, гүлі жоқ
(карта)
2. Ешбір тіреусіз күмбез,
Ешбір сүйеусіз күмбез
Ешкім көтере алмайды
Ешкім төңкере алмайды
( аспан)
3. Жер бетінің кескінін
Түрлі – түспен көрсеткен
Болса да өзі құрметті
Тиіпті орын ең шеттен
(шартты белгі)
4. Жалғыз бағыт білері
Бұрғаныңа көнбейді
Жол көрсетіп береді
Өзі бірақ көрмейді
(тұсбағдар)
5. Бар ма жоқ па
Оны анық білмейміз
Ол жоқ жерде
Өмір сүріп жүрмейміз
(ауа)

IV тур. Десанттық көмек.
1 – тапсырма: Координаттар бойынша объектілерін табу.
2 – тапсырма: Қалалардың сағаттық айырмашылығын табу. Бұл турдың ерекшелігі 1 – ші тапсырмада деңгейіне байланысты 5 ұпай, ал 2 – ші тапсырмада одан сәл қиындау болуына байланысты 10 ұпайдан есептелінеді.
4 – тур. Десанттық көмек.
1 – топ
1. 190 с. е – 990 б. б (Мехико)
2. Нью-Йорк пен Алматы (10 сағ.)
3. 370 о. с. – 1500 ш. б. (Сидней)
4. Кайр мен Санкт-Петербург (0)
2 – топ.
1. 120 о. е. – 770 б. б. (Лима)
2. Ақтөбе – Канберра (6 сағ) 3 480 с. с – 1130 ш. б. (Ұлан – Батыр)
4 Оттава – Париж (5 сағ)

V тур. Мерген. Бұл турда әрбір топқа картадан 5 географиялық объектілер берілген, соны сіздер рет – ретімен орналастырып шығасыздар. Әрбір объектіге 1 минуттан барлығы 5 минут беріледі.
5 – тур. Мерген.
1 – топ.
1. Қара теңіз
2. Үнді – Қытай түбегі
3. Дрейк бұғазы
4. Амазонка өзені
5. Мексика шығанағы
2 – топ.
1. Беринг теңізі
2. Сомали түбегі
3. Аден шығанағы
4. Колорадо өзені
5. Ла – Манш бұғазы

VI тур.«Логикалық» ойын.
1. Республикамыздағы жер бедерінің ең төменгі нүктесі еліміздің батысындағы Маңғыстау түбегіндегі Қарақия ойысы, Ал биік нүктесі Хан тәңірі шыңына сәйкес келеді. Сұрақ: Қазақстандағы ең биік және ең төменгі нүктелердің айырмасы қанша. Жауабы: 6995м+132м=7127м
2. Бұл тау Ақмола облысында орналасқан қырат. Орташа биіктігі 300 - 500м. Бұл жер туралы Сәкен Сейфуллин поэма жазды. Бұл жерде Қазақстанның ірі демалыс орны бар. Сұрақ: осы жерді ата. Жауабы: Көкшетау.
3. Бұл теңіз Еуразия мен Африка аралығында литосфералық тақталардың түйісу аймағында орналасқан. Мұнда дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық байқалады. Сұрақ: бұл қай теңіз. Жауабы: Қызыл теңіз
4. Әбден мүжіліп, үйілген өте көне таулы өлке. Мұнда миллиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр, ыстық пен аяз, қар мен ағын су өзінің әрекетін жүргізген. Қазіргі кезде таудың тек негізі ғана сақталып қалған. Мұнда жартасты басы сүйір және жіңішке келген қырқалар мен үйілген қорым тас сияқты формалар кездеседі. Тіпті оқшауланып қалған тасты пирамидалар да байқалады. Сұрақ: Бұл қандай өлке. Жауабы: Сарыарқа

Қорытынды бөлім. Марапаттау

«География лидері» атты сайыс сабақ

Қазіргі теледидарда көрсетіліп жүрген XXI ғасыр лидері интеллектуалдық шоудың ізімен жүретін ойын сабақ.

Сайыс  сабағының мақсаты: ойынға қатысушылар арасынан лидерді анықтау,оларды тез ойлауға ,алғырлыққа,тапқырлыққа,ізденуге баулу. Сайыс VI кезеңнен  тұрады.

I кезең «Бәйге»

II кезең«Құрастыр »

III кезең  «Тапқырлар»

IV кезең "Ғажайып ондық»

V кезең"Толысу"

VI кезең"Қорытынды"

Әділқазылар мен таныстыру .

Халық айтса қалт айтпайды ,

 Әрқашанда нанымды ,-дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар .

Қазылар алқасы:

География  пәнінің мұғалімі:Карагулова.Г.Б

Тарих пәндерінің мұғалімдері:Төлепбергенов .А,Әліпбаев.Н

Қатысушылар:

Сатмуллдин Самрат,Алтынбаева Айдана,Жалғас Бекасыл

Жумагазин Адилхан,Мейрамбекова Қазына,Тоқтар Ақдана

Білім деген биік шың.

 Бақытқа сені жеткізер.

Білімді деген ақылшың

 Қиындықтан өткізер , – деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін бастаймыз.

I кезең «Бәйге»

20 Сұрақ (әр дұрыс жауапқа 10ұпай)

1.Қазіргі жер шарындағы халық саны ?

 Жауабы :6млрд

2. Қай елдің халық саны 1 млрд 300 млн адам?

 Жауабы :Қытай

3. Үндістер байырғы қай елдің халқы ?

Жауабы : Американың

4.Дүние жүзінде кең таралған тіл?

Жауабы :ағылшын

5.Қой өсірудің негізгі аймағы?

 Жауабы :Аустралия

6.Халқы тек бір ұлттан тұратын мемлекет?

 Жауабы :Жапония

7.Барлық мередиандар түіскен материк ?

Жауабы :Антарктида

8.Жер бетінің қанша пайызын дүние жүзілік мұхит сулары алып жатыр?

Жауабы:71

9.Африка неше мұхитпен шектеседі ?

Жауабы:2

10.Аустралия материгінде ғана мекендейтін жануар?

Жауабы: кенгуру

11. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км кв?

Жауабы:361 млн кл кв

12. Африка материгі неше мұхитпен шектеседі?

Жауабы:2 мұхитпен

13.Тынық мұхитының Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын бөлігінде жазда және күзде пайда болатын жойқын жел атауы ?

Жауабы:тайфун

14. Толысу мен қайту құбылысы ненің әсерінен болады?

Жауабы: Айдың тартылыс күшінің әсерінен

15. Мадагаскар аралы қай мұхитта орналасқан?

Жауабы:Үнді мұхитында

16. Ұлы географиялық ашылудың басталған кезеңі

Жауабы:ІX – ғасыр

17. Орталық Азияға бірінші өтіп, оның батыс бөлігі-Қашғарияның табиғат жағдайлары, халқы, тарихы жайында мәлімет жинаған ғалым кім ?

Жауабы:Ш.Уәлиханов

18. Қай материкте 16 ел ғлыми стансаларын орнатып, оны табиғаттың жан-жақты зерттейді?

Жауабы:Антрактидада

19.Ауданы аралдарымен қосып есептегенде 30,3млн км;-ты құрайтын материк?

Жауабы:Африка

20 Жапония елі қай материкте орналасқан?

Жауабы:Еуразия

1 кезеңнен  кейін ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.

II кезең

 «Құрастыр» Бұл кезеңде тақтаға алфавит бойынша 25 әріп беріледі. Сол әріптерден география пәніне байланысты  сөздер құрау.(10 сөз)

а б в г ғ д е ж з и к л м н о ө ұ ү п р с т ш х я

ІІІ кезең « Тапқырлар»

Бұл кезеңде  тұрған қағаздын үстіндегі су толтырылған стаканды ауызбен жеткізу.

(3ші  кезеңнен кейін ұпайы аз 2 оқушы шығады)

IV кезең. "Ғажайып ондық".Бұл шартта 10 ұяшықта пәнге байланысты сұрақтар жазылған. Ұпайы жоғары оқушы бастайды. Дұрыс жауап 5 ұпай.

1-ұяшық.

Орталық Азия мемлекеттерін атаңыз?

Жауабы: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан.

2-ұяшық.

Бұл материктің шеткі нүктелері мынадай:

Солтүстік нүктесі – Мэрчисон

Оңтүсттік нүктесі – Марьято

Батыс нүктесі – Принц Уэльс

Шығыс нүктесі – Сент – Чарльз қай материк?

Жауабы: Солтүстік Америка

3-ұяшық.

Ең жас эра?

Жауабы: кайназой

4-ұяшық.

Құлау биіктігі 1054 метрден асатын сарқырама атауы?

Жауабы: Анхель

5-ұяшық.

Оңтүстік Американың ең  үлкен  аралы?

Жауабы: Отты жер аралы, көлемі 47000 км кв;

6-ұяшық.

Ауа қысымын өлшейтін құрал?

Жауабы: барометр

7-ұяшық.

Ыстық су мен бу атқылап тұратын бұлақ?

Жауабы: гейзер

8-ұяшық.

Үндістер мен негрлердің некелесуінен тараған ұрпақ атауы?

Жауабы: самбо

9-ұяшық.

Орталық Азия шөлі?

Жауабы: Гоби

10-ұяшық.

Индонезияның ең үлкен аралы?

Жауабы: Калимантан

 V кезең"Толысу"

Бұл кезеңде  әділ қазы алқалары екіге бөлініп сайысқа қатысушыларға топ жанкүйірлері ретінде сұрақ қойяды.Барлығы 2 сұрақ, дұрыс жауап 10 ұпай.

1 сұрақ.1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасында қандай өзгерістер болды? (ТМД ға мүше болды)

2 сұрақ.1992 жылы 2 наурызда қазақ елінде қандай өзгерістер болды?

ҰҰ ға кірді)

VI кезең."Қорытынды"

 Сайыс өз мәресіне жеткен соң, әділ қазы алқалары барлық  ұпайларды  есептеп, жеңімпаз оқушыны анықтайды.

Осымен біздің бүгінгі "География лидері" сайысымыз аяқталды. Бүгінгі жеңімпаздарымызды  құттықтаймыз! География пәніне қызығушылығын одан  әрі арттыруға көмек болды деп есептеймін.

Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!