«Жас
математиктер»
Сабақтың
тақырыбы:«Жас математиктер»
тақырыбындығы дәстүрлі емес сайыс сабағы
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларға математика
ғылымының құпиясы менқызығы мол екенін жеткізе отырып,ойын
элементтері арқылы қосымша материялдардан мағлұмат
беру, ойлау қабілеттерін дамыту,
алған білімдерін пысықтау,өздігінен ізденуге,топтасып жұмыс істеуге,ұйымшылдыққа
баулу.
Көрнекілігі: компьютерде жасалған
презентациялар, интерактивті тақта,
Түрі: топтық сайыс
сабағы
Типі: ойын түрінде
Жоспары:
-
Ұйымдастыру;
-
Таныстыру;
-
Бәйге
кезеңі;
-
Кім
жылдам;
-
Ғажайып
үштік;
-
Самғау
кезеңі;
-
Марапаттау.
Барысы:
Жүргізуші:
Көңілді тапқырлар,
алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа
салады.
Кім білімді, көп оқыған
болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы
болады.
Өмірде ойлап тұрсаң,
бәрі де – есеп,
Ауырсаң, ішетұғын дәрі
де –есеп.
Есепсіз сүрген өмір
мазмұнсыз-ау,
Дүниенің бар тұлғасы
есеп десек.
Есептен сайысады қос
команда,
Алға озар ең мықтысы осы
жолда.
Көпшілік өнерлерін
қызықтамақ,
Сұрайық шығуларын жұрт
алдына. -
деп екі команданы
таныстыруға кезек берейік.
7 «а» сыныбы Тапқырлар
тобы
Команда капитаны : Қырықбаева
Ақмарал
Команда мүшелері : 1.Солтанова
Айдана
2.Жансұлтанова
Айдана
3.Мейрамғажыева
Жанерке
4.Магеллан
Мират
5. Бейсенбаев
Жаңсылық
6.Сенғажиев
Шыңғыс
Тапқырлар
тобы
Ұраны
Біз тапқырмыз
мықтымыз,
Білім біздің
досымыз.
Алғырлардан озып
біз,
Алға қадам
басамыз.
Сәлемдесуі
Тапқырлар біз
тапқырлар,
Жеңіске ылғи
жақындар.
Жарыста озып
шығамыз,
Әркез биік
тұрамыз
Ал алғырлар,
көріңдер
Бізде қандай күш
барын.
Алға қойған мақсат
бір
Сәтті болсын
қадамың
7 «б» сыныбы Алғырлар
тобы
Команда
капитаны:Уазханов
Айбар
Команда
мүшелері:
1.Тұрғанбекова
Зарина
2.Заманбекова
Айым
3.Болатова
Жансая
4.Кәрімғожин
Азамат
5.Калемолдин
Ерұлан
6.Танаханов
Ерасыл
Алғырлар
тобы
ҰРАНЫ
Тобымыз біздің
«Алғырлар»,
Сәлем жолдап
қалжыңдар.
Жүйрік болсаң озып
көр,
Алда асатын сан қыр
бар.
Біз емеспіз
алданар,
Таңдай қағып
таңданар.
«Алғырлар» – алға
шыққанда,
«Тапқырлар» сонда таң
қалар.
Төсбелгісі
Жүргізуші:
Мәңгі бақи есте
қалар,
Қызықты бір жиын
болсын
Білімдірек шәкірт
озар,
Сұрақтары қиын болсын –
дей келе ойынымыздың «Бәйге»
деп
аталатын І бөлімін бастаймыз.
Бәйге
кезеңі
Ойын шарты: Бұл кезеңде
әр топ ұяшық таңдау арқылы сұраққа жауап береді. Топтың ұйғаруымен
бір оқушының жауабы тыңдалады. Бір сұраққа ойлану уақыты 10
секунд.
Бәйге кезеңінің
сұрақтары:
-
Алгебра сөзі қандай
сөзден шыққан?(Әл-жебр деген араб
сөзінен)
-
Қандай сан барлық санға
қалдықсыз бөлінеді?(0)
-
Көпмүше дегеніміз
не?(Бірмүшелердің қосындысы)
-
Көпмүшенің дәрежесі
дегеніміз не?(Көпмүше құрамындағы
бірмүше дәрежелерінің ең үлкені)
-
Екі өрнектің
қосындысының квадраты дегеніміз не?(а+в)2=а2+2ав+в2
-
Екі өрнектің айырмасының
квадраты дегеніміз не?(а-в)2=а2-2ав+в2
-
Екі өрнектің айырмасы
мен қосындысының көбейтіндісі.(а-в)* (а+в) =
а2-
в2
-
Геометрия сөзі грекшеден
аударғанда қандай ұғымды білдіреді?
(жер
өлшеу)
-
Түзудің берілген
нүктесіне оның біржағына орналасқан нүктелер
жиыны.(сәуле немесе жарты
түзу)
-
Кез келген екі нүкте
арқылы нені жүргізуге болады?(түзу)
-
Дәлелдеуді қажет ететін
математикалық сөйлем(теорема)
-
Бұрышты өлшейтін құралды
не дейміз?(транспортир)
-
Дәлелдеуді қажет
етпейтін тұжырым(аксиома)
-
Бір нүктеден шығып екі
сәуледен құралатын геометриялық фигура (бұрыш)
Жүргізуші:
Білім деген биік
шың,
Бақытқа сені
жеткізер,
Білім деген
ақылшың
Қиындықтан өткізер- дей келе
, «Кім жылдам?»деп аталатын математикалық
жұмбақтарды шешу бөлімін бастаймыз.
Кім
жылдам? (жұмбақтар
шешу)
Шарты:
Математикалық атаулар мен ұғымдарға байланысты жұмбақтарды
тез, жылдам шешу.
-
Нәрселерді
санағанда
Керек
бізге ауадай.
Айтындаршы бұл қандай сан?
Жан-жағына қарамай.(натурал
сан)
-
Он сандарға
қолшатырдай
Қалпақ
болған беделі
Квадраттасан егер оны
Жоғалтпассың сен оны(квадрат
түбір)
-
Бүтін сан бөлшек
сандар
Барлығы
да бар онда
Бұл
қандай сан айтыңдаршы
Оң теріс
сан бәрі сонда(рационал
сандар)
-
Нүктеден, екі сәуледен
құралған.
Айтшы бұл
не екенін?(бұрыш)
-
Біз
санбыз...
Сызықпен
бөлінген
Математиканы ұқпаса адамға
Құбжық
болып көрігнен,
Дұрыс,
бұрыс, аралас,
Ондық
болып бөлінген.(бөлшек
сан)
-
Егіз туған қос
жүйрік,
Жарыса
шауып терлейді,
Бірін-бірі көрмейді.
Дамылсыз
қанша шапсада,
Бір
мәреге келмейді.(ІІ
түзулер)
-
Бірдей санды бірнеше
рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны
ықшамдасан
Қандай
атау болады?(дәреже)
Жүргізуші:
«Бұл
жерге келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп-қисап,сан-цифр термек үшін.
Көрсетіп
есептердің жолын қалай,
Келдім
оларды айтып берме үшін»-деп ойынымызды «Ғажайып
үштік» бөлімінен
бастайық.
Ғажайып
үштік
Шарты: Төмендегі кестеден
оқушылар ұпай бойынша сұрақтар таңдайды? Дұрыс жауап берсе сол ұпай
қосылады. Әр есепке 30 секунд беріледі.
-
ұпайлық сұрақ
.
-
Екі адам 5 метрлік бөренені
ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті.
Егер
бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені бөлуге қанша минут
кетеді?(6
минут)
-
3 цифрын 3 рет пайдаланып ең
үлкен сан жаз?(333)
30 ұпайлық
сұрақ.
-
37 саны 5 үштік арқылы
жаз(33+3+3/3=37)
-
«Ноль» қай елдің сөзі? «V
ғасырда Үндістанда шықты,жоқ деген сөз»)
40
ұпайлық сұрақ.
-
Ешқандай арифметикалық амал
қолданбай 666 саның 1,5 есе арттыр.(999)
-
Магазиннен 19 теңгеге сауда
жасадық, бірақ сенде 3 теңгеліктер бар , ал сатушыда 5 теңгеліктер
ғана бар. Тығырықтан шығатын жол бар ма?(3*8=24)
Жүргізуші:
Қиындықтан сірәдә біз
қашпаймыз,
Алғырлықпен тапқырлықты
ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан
құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге
бастаймыз - деп ойынымыздың «Самғау»
бөлімін
бастаймыз
Самғау.
Ойын шарты: Бұл кезеңде әр
ұяшықта ұпай сандарына сәйкес сұрақтар жасырылған. Әр топ оқушылар
екі ұяшықтан таңдайды. Жауап беру уақыты 30
секунд.
10 ұпайлық
сұрақ.
Табақтағы
жемісті
Былай ғана
бөлісті:
Екі анасы, қос
баласы,
Әжесі мен
немере.
Бір-бірден тиді
алмасы
Айтшы қанша жан
басы?(Әжесі,шешесі,немересі)
20 ұпайлық
сұрақ.
Ұшып барады бір топ қаз
оңтүстікке.
Мықты болсаң,қанша екенің тез
есепте!
Алдында екеу, екеу келеді
артында,
Екі-екіден келеді қос
бүйірде.(4)
30 ұпайлық
сұрақ.
Қария
кішкентай немересіне ескілікті бір әңгіме айтады. Әкесі, - дейді, -
ол 7 жасар Лұқпанды базарға жұмсапты. Оған 1 тиын беріп, үш нәрсе
сатып әкел, депті. Лұқпан базарға барып, бір қауын сатып
әкеліпті.
– Балам-ау, әкелгенін бір ғана қауын ғой, - депті
әке.
– Бұл бір
ғана нәрсе емес, үш нәрсе, -депті сонда бала.
Ұлықпан
әкесінің сұрағына не деп жауап беріпті?(Қауынның
қабығы,шырыны,дәні)
40 ұпайлық
сұрақ
Ұрыларды алдағысы келген бір
кемпір: «Сапырып-сапырып Сарманға бер,Құйып-құйып Құрманға
бер,Есіктегі екеуге бер,Төрдегі төртеуге ,Өзің іш те маған бер»-
депті. Бұл үй толы кісі,әрі бізден екі есе артық екен,кетейік»,-деп
кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлықпен ұрыларды осылай қорқытыпты.
Сонда үйдегі адам нешеу,ұры нешеу?(10адам,5
ұры)
Сайыс соңында әділқазылар
алқасы сайысты қорытындылайды.
Қабдолова Жұлдыз
Дуғалиқызы
Тарбағатай
ауданы,
Сасан би атындағы орта
мектебі
Құмкөл ауылы