Мақсаты: Оқушылардың тапқырлығын, өз ойларын тез, ұтымды жеткізу, ойлау қабілетін арттыру. Тіл шеберлігін арттыру. Адамгершілік тәрбиесін беру. Өз Отанымызды құрмет тұтуға, тілімізді, дінімізді жандандыруға үлес қосуға, ұмыт болып бара жатқан көне дәстүрімізді қалыпқа келтіруге үлес қосуға тәрбиелеу.Қабілеттілік пен белсенділікті, танымдық қиыншылықты жеңе білуге тырысу. Түрі: білімді тексеруКөрнекі құралдары: Cуреттер, мақал -мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, шарлар.Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Топтармен жұмыс жүргізу.Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар, әріптестер, оқушылар! Бүгін біз мектебімізде кезекті «Сөз мерген» ойынын өткізгелі отырмыз. Оқушыларымыздың тапқырлығы, білімі, зеректігі, шапшаңдығы сыналатын «Сөз мерген» ойынына қош келдіңіздер! Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды.Әр уақытта да батыл.Өмірдің өзі адамды тірестірген,Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.Айнала отырып ап исі қазақАзаматын өзара күрестірген-дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!Алдымен сайысқа қатысып отырған топтармен таныстырып өтейін.7,8,9- сынып оқушыларын ортаға шақырамыз. - Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Директордың оқу іс жөніндегі орынбасары-Акимкожанов Айдын Қасымбайұлы.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Биік Қасиет. Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы бағалап, түсінік беріп, ұпай сандарын көтеріп отырады.- Ана тілі қазағымның қаймағы,Тілің сенің өміріңнің айғағы.Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,Әр сыныптың білгірлерін сайлады.– Бүгінгі біздің сайысымыз 4кезеңнен тұрады:Сыныпты үш топқа бөлу. Үш топтың ішінен қайсы топ ойыншылары ойынды бастайтындарын, мақалдың жалғасын таптыру арқылы белгілеп алу. 1.Ине көзінен сынады ....(шешен сөзінен сынады)2. Тауды, тасты жел бұзар ...(адамзатты сөз бұзар)І кезең Мақал – мәтелдер1. Байлық – мұзға жазылған сөз,Білім – тасқа жазылған сөз.2. Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені,Еменнің иілгені – сынғаны.3. Әкең – асыл қазынаң, аға - інің – асқар тауың,Ал, досың - әрі асқар тауың, әрі қазынаң4. Тау мен тасты су бұзар, Адамзатты сөз бұзар.5. Денің сау болса, жарлымын деме,Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.6. Сөз қуған пәлеге жолығады,Шаруа қуған олжаға жолығады.7. Ұстаның бізі сүйкімді,Жақсының ісі сүйкімді.8. Білімді өлмес – қағазда аты қалар,Ұста өлмес – істеген заты қалар.9. Досы көппен сыйлас,Досы жоқпен сырлас.10. Білім берген мұғалім – Өмірдегі зор ғалым.11. Сөз қадірін білмегенӨз қадірін білмейді. 12. Мектеп – білім ордасы,Ұстаз – мектеп тұлғасы.13. Жалғыз ағаш – орман болмас,Жалғыз кірпіш қорған болмас.14. Тіземнен сүріндірсең сүріндір, тілімнен сүріндірме.15. Жақсы қыз – жағадағы құндыз,Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз. Қызықты сұрақтар: Оқушыларға әріптер таратылады. Содан кейін сұрақтар қойылады. Қойылған сұрақтарға әр оқушы қолындағы әріптен басталатын жауап қайтарады.1. Сенің есімің кім?2. Мектепке қандай мақсатпен келесің?3. Отаныңды қалай қорғайсың?4. Ата – анаңның нешінші перзентісің?5. Қазір нешінші сыныпта оқып жүрсің?6. Сыныпта нешінші қатарда, кіммен отырасың?7. Арманың не?8. Өмірде не тәтті?9. Дос дегенді қалай түсінесің?10. Қай пәнді ұнатасың?11. Ақшаңды жоғалтып алдың, анаңа не деп себебін түсіндіресің?12. Достарың көп пе?13. Сабаққа уақытымен дайындаласың ба?14. Анаң ұрысқанда не деп жауап бересің?15. Қандай мамандықты жақсы көресің?16. Өмірде не жаман?17. Сабақтан кешігіп қалсаң не істейсің?18. Досыңның аты кім?19. Өмірдегі қиыншылық не?20. Қатты қуанғанда не жасайсың?ІІ кезеңМықты болсаң тауып көр! Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт - дәстүрлерімен, ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жол – жосындарымен талай елді таң қалдырып келеді. Ата-бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңарту ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында. (Бейнелі сұрақ. Салт түрін толық айту). «Қыз ұзату», «Шашу», «Шілдехана», «Сүйінші».ІІІ кезеңТұрақты сөз тіркестеріӘр ұяшықта сөз тіркестері бар. Сол сөз тіркестерін дұрыс тапса, оқушылар өз ұпай сандарына ие болады. 1. Бармағын шайнау - өкіну 2. Ит арқасы қиянда – алыс 3. Жұлдызы қарсы – араз 4. Мысы құру – амал жоқ5. Көзді ашып - жұмғанша – тез, лез6. Сабасына түсу – ашуы тарқау7. Ат ізін салмау – хабарласпау8. Жағасын ұстау – таңдану 9. Қалпақтай ұшу – құлап түсу10. Сілтідей тыну – тым - тырыс болу11. Мұртын балта шаппау – дүниесі түгел12. Сағы сыну – беті қайту13. Сөзінің жаны бар – айтқаны дұрыс 14. Іш тарту – жақын тұту15. Қолды болу – ұрлану 16. Сіркесі су көтермейді – ештеңені көңілі жақтырмайдыIV кезеңСөз тапқанға қолқа жоқ І топ«Қарындас» деген сөзге берілген уақыт ішінде сөз құрап үлгеру.Қар, дар, ас, нар, қас, аса, ық, рас, нас, арсе, сын, қарын, ада, сақ, арақ, дарын, ала, ыс, ар, ары, сары, дала.ІІ топ «Тойбастар» деген сөзге сөз құрауТой, бас, тар, ар, сот, тас, тор, тос, баста, ас, ой.ІІІ топ «Тоқылдақ» сөзге сөз құрауТоқы, дақ, оқы, тоқымаСабақты бекіту:Сонымен, сайысымыз мәресіне жетті.Сөз мергеннің қорамсағына салатын сөз бар ма?Сабақты қорытындылау.Сөз мерген ойыны тапқыршылық пен ұшқырлықты талап етеді.Жеңіске жеткен топты құттықтап сыйды тарту етеміз.Ал, балалар, осындай ойлы ойындарға қатыса беріңдер.Әрқашан жүлдесі сендерге,Сөз халыққа болсын.