Сайыс сабақ. "Ыбырай Алтынсариннің алтын шыңы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс сабақ. "Ыбырай Алтынсариннің алтын шыңы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың актерлік шеберліктерін, білімдерін тексеретін, үлгі -өнеге болатын сайыс. 5-10 сынып оқушылары арасында жүргізуге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Мектеп диреторының м.а.:

______________Исина Р.А















Shape1

«Алтынсариннің асқар шыңы»


Сайыс сабақ




Дайындаған : Серикова Назира Каирбаевна













2021-2022 оқу жылы


Тақырыбы: «Алтынсариннің асқар шыңы»

Мақсаты: оқушылар қазақ халқының алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға, еліне, халқына, ұлы тұлғаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларға сайыс жүргізе отырып дүниетанымын кеңейту, есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Кітапханадағы әдебиеттерге қызығушылығын арттыру.

Көркемдігі: суреттер, кітап көрмесі, өлеңдері.

Өтілу барысы:

Мұғалім: Армысыздар , саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған қадірменді ұстаздар және білім алушы оқушылар!

Бүгінгі Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына байланысты «Алтынсариннің асқар шыңы» атты көрініс сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыс тек Ыбырай Алтынсаринга қатысты өтіледі.

Сәлем жолдап шәкіртке дұғай-дұғай,

Ұрандап өлеңімен келді Ыбырай.

Жас ұрпаққа жар салып жаныменде,

«Кел –балалар ,оқылық» деді Ыбырай.-сайыс 3 кезеңнен тұрады.

  1. 1-ші кезең «Жылдарда жатыр оқиға» ой жылдамдығын анықтаймыз.

  2. 2-ші кезең «Көрерменім тамсансын» көрініс сайысы актерлік шеберлікті анықтаймыз

  3. 3-ші кезең «Сұрақ - жауап» сайысы білімдерін анықтау

Жеребе бойынша өнер көрсетеміз. Ортаға жереби таңдаушыларды шақырамыз.

Көрермен болып келген әр ұстазға дауыс қағазы беріледі.ұнаған сыныпқа салыстырмалы түрде өз дауыстарын бере алады.

Бірінші кезең «Жылдарда жатыр оқиға» жылдарды есеппен береміз соны шешу арқылы оқиға жылын табамыз.

  1. 1000+800-45+86 туған жылы 1841жылы

  2. 650+650-250+800 орынбор 7 жылдық мектебіне түседі 1850 жылы

  3. 900+900-70+149 «Қазақ хрестоматиясы» жарыққа шықты 1879жылы

  4. 700+800-11+400 қайтқан жылы 1889 жылы

  5. 250+1150-36+500 Торғайдағы Ыбырай мектебі ашылады 1864 жылы

  6. 120+980 – 24+800 Қазан, Петербург қалаларының білім беру саласын зерттейді 1876 жылы

Мұғалім:

«Сауатты болса екен» деп қазақ халқын ,

Білімге бастап беріп жолды салды.

Тәлімді , тәрбиелі еңбегімен,

Ыбырайдан өшпестей мұра қалды. 2-ші кезең «Көрерменім тамсансын» көрініс сайысы актерлік шеберлікті анықтаймыз







Мұғалім

Ақынның ата -қоныс жері қандай?

Ата-баба әулиеті тегі қандай?

Ақынды тебіренткен , күңіренткен

Ұшқын ұя,ордасы, елі қандай ?- 3-ші кезең «Сұрақ - жауап» сайысы білімдерін анықтау (гиперссылка жүргізу)


Мұғалім

Жас ұрпақ білім алды әр салада

Алғырлар өнер десе жан салама

«Өнер білім бар жұрттар» деген сөзі

Мәңгілік із қалдырды әр санаға

Ал, құрметті әріптестер, өз дауыстарыңызды ұнаған сыныпқа салыңыздар.


Жалғассын бүгінгі күн дәстүр-салтын,

Күндей күліп өмірің болсын жарқын.

Бас иіп ұлы Ыбырай рухына ,

Көтерейік бірігіп атақ-даңқын!- Осымен сайысымызды аяқтаймыз.Қатысқандарыңызға рахмет!!!































1

2

3

4

5

6









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2021
1705
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі