Материалдар / Сайыс сабақ."ХХI-ғасыр көшбасшы"

Сайыс сабақ."ХХI-ғасыр көшбасшы"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2018
527
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы.
Мақсаты: Оқушылардың меңгеру дәрежесін тексеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту арқылы көпшіл және зерек болуға тәрбиелеу;
Барысы: 1. Ұйымдастыру.
Әділ - қазылар алқасын тағайындау.
ХХІ ғасыр көшбасшысының жоспарымен таныстыру.
І кезең. Бәйге
ІІ кезең. Полиглот
ІІІ кезең. Пәндер әлеміне саяхат
ІV кезең. Кім жылдам?
V кезең. Көкпар
Жүргізуші: Ашық жарқын жүзді,
Әділқазылар біздің
Таңдап баға берерге
Шақырайық төрге-, деп әділқазыларды сайлап, ортаға шақырсақ.
Ал, келіңдер, келіңдер.
Біріңе-бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Ойыңға қатысып көріңдер-, деп сайысқа қатысатындарды ортаға шақырайық.
Сайыстыда білімді меңгереді,
Есепті де білгендер тез шешеді.
Тез ойлауда тамаша қасиет қой,
Ұшқыр ойың осыдан білінеді.
Алдағы біз баратын бағыт анық,
Сәйгүлік екеніңді тағытаныт.
Бәйгеде аттың аттың басын тартпас болар,
Ал,енді тізгіндерді ағыталық – деп, бірінші кезеңді бастайық. Қойылған сұрақтарға қолдағы жалаушаны кім бірінші көтереді сол жауап береді.
(Әр сұрақ 5 ұпайдан)
1. Төрт қабырғасы тең төртбұрыш? (Квадрат)
2. Қиылыспайтын түзулер? (Параллель)
3. Ұшбұрыштың бұрыштарының қосындысы? (1800)
4. Эврика деген кімнің сөзі? (Архимед)
5. Үшбұрыштың орта сызығы неге тең? (Табанының жартсына)
6. Қай элементтің атомдық массасы 14 - ке тең? (N)
7. Менделеевтің периодтық кестесінде 1 топта, 1периодта орналасқан және атомдық массасы мен реттік номері 1-ге тең элемент? (H)
8. Фотосинтезді ашқан ғалым – Тимирязев
9. Кубтың неше жағы бар? (6)
10. Үшбұрыштың ортасызығы неге тең? (табанының жартысына)
11. sin2 + cos2 неге тең? (1)
12. а2 + в2 = c2 – Пифагор теоремасы.
13. Екі элемент, оның біреуі оттегі – (окситтер).
14. Координаталар жүйес ікімнің құрметіне берілген? (Рене Декарт)
15. 2. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына мейлінше әсер еткен адам? (Бұқар жырау)
16. Райымбек батыр қай рудан шыққан? (Албан)
17. Адамда неше омыртқа жотасы бар? (33-34)
18. Сырым бастаған көтеріліс неше жылға созылды? (14 жыл)
19. Шоқанның тәрбиесіне әсер еткен адам? (Әжесі Айғаным)
20. Шоқан Уәлихановтың туған жері. (Құсмұрын бекінісі)
ІІ кезең. Ұпай саны аз оқушы бастайды. Жұмбақтың жауабын шешіп,оны орысша және ағылшынша аударамыз. (Әр сұрақ 10 ұпайдан)
1. Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң қоры тек,
Барша тірлік қурайды.
(Су – вода – water)
Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(Кітап – книга – book)
Бірі он екі мүшенің,
Ас та құйып ішемін.
(Аяқ – нога – leg)
Жіп – жіңішке,
Көмірдей қара.
Тапсаң бала,
Басыңа қара.
(Шаш – волос – Hair)
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(Кітап – книга – book)
Ти десем тимейді, тиме десем тиеді.
(ерін – губы – lip)
ІІІ кезең. Ұяшық таңдау.







(Биология)
30 – Вирусология ғылымының негізін салушы ғалым – Ивановский.
30 – Рефлекстің неше түрі бар? (2 – шартты және шартсыз)
30 – Хлоропласти пластидің түсі қандай? (жасыл)
(Тарих)
40 – Абылай хан жылыдары хандық құрды? (1771 – 1781ж.ж.)
40 – Орта жүздің руларын атаңдар.
(Арғын, қыпшақ, найман, керей ,уақ, қоңырат)
40 – 1718ж. Аягөз бойындағы қазақ жоңғар ұрысында қазақтардың жеңілу себебі неде? (Әбілқайыр, Қайып сұлтандар соғыс қимылын келісіп жүргізбеді)
(Математика)
50 – Мына гүлдердің қайсысы математик әйелдің құрметіне аталған? Лилия, астра, гортензия, хризантема, георгина. (1723 – 1788 жылы өмір сүрген француз математигі Гортензин Лекот құрметіне аталған. Ол гүл Индиядан әкелінген гортензия деп аталған.
50 – Милеттен шыққан кемеңгер Жеті Данышпанның бірі, жаратылыстану мен Математикаға үлес қосқан қалыңдық теоремасы деп аталған ғалым кім? (Фалес Милетский – ежелгі грек оқымыстысы б.э.дейінгі VI ғасырда өмір сүрген.Фалес теоремасы – ежелде қалыңдық теоремасы деп аталған.
50 – Алгебра қандай сөзден шыққан? Әл-жібер деген араб сөзінен шыққан.
ІV кезең. Кім жылдам? (Бұл кезеңде қалған үш оқушыға есеп беріледі).
1. Қу түлкі
Жолда түлкі бір минутта 1 балықты, екі минутта 2 балықты, тағы сол сияқты әр лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе лақтыра береді. Сонда түлкі 7 минутта барлық балықты лақтырып болады. Ол барлығы неше балық лақтырған?
Жауабы: 1+2+4+8+16+32+64 = 127 балық лақтырған.
2. Түлкі мен қасқыр
Балықты қасқыр екеуі бөліседі. Қасқыр оған мен математикаға нашармын, балықты сен бөл, - дейді түлкіге. Түлкі: Саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. ең соңында 20-шы балықты өзіне алады.Сонда кім көп және қанша артық алады?
Жауабы: Қасқыр: 1 3 5 7 9 11 13 15 17 19 (100)
Түлкі: 2 4 6 8 10 12 14 16 18 20 (110)
Сонда түлкі қасқырдан 10 балық артық алды.
3. Күркеде тауықтар мен қояндар бар,
Олардың санынан біз бейхабар.
Жалпылай 78 аяқтары, 31 бас,
Кім осының дәл шешімін баяндар?
Жауабы: 8 қоян, 23 тауық
V кезең. Жорға (Қалған екі оқушыға жұмбақ есеп беріледі)
Әуеде ұшқан бір топ қаз.
Бір қасқыр биікке ілінген жас етке жете алмай, әбден есі шықса керек. Ақыры ыза болған Қасекең: Ту аспандағы еттің сасығын-ай,- депті. Қасқырдың бөлтіріктері де тістері қышып етті жегісі келген ғой.Аспанға қараса бір топ қаз ұшып жүр екен. Оған жете алмайтындарын біліп санай бастайды, бірақ қанша санағанмен сандары жетпей шатаса береді. Мүмкін сендер санап бересіңдер?
Жауабы: (22 қаз).

30

40

50

30

40

50

30

40

50



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ