Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сайыс "Туған тілім айбыным!"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Туған тілім айбыным!
Мақсаты: Туған елін, жерін сүюге, еліне деген мақтаныш, сүйіспеншілік көзқарасты қалыптастыру, қазақ тіліне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, байқаудың шарттары, ақын – жазушылардың портреттері.
Сабақтың түрі: Сайыс
Барысы:
Мемлекеттік Әнұран орындалады.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі күн сіздер үшін тек жақсылық пен ізгілікке толы болсын!
Мәртебесі көкке жететін тіліміз. Соның бір айғағы жаңа Әнұран. Түрі, тілі, діні бөлек болғанымен, жүрегі «Қазақстан – туған жерім, Отаным, алтын ордам» деп 103-тен астам түрлі ұлт өкілдері бір ауыздан жар салуда. Өйткені біздің ел татулық, достастықтың, білікті киелі бесігі.
Ресейден қоныс аударып келген жерлестеріміздің өлең жолдарын тыңдайық.
1-оқушы:
Қазақ жері маған да болған мекен,
Дүниеде дәл мұндай ел бар ма?
Досқа – дарқан, дұшпанға – сонша қатал,
Сүйемін оны, сағынып самғап жетем.
2- оқушы:
Россиядан қай заман келгелі мен,
Туыстастым даланың белдерімен.
Кім тұрды мұнда? – деп сұрай қалсаң,
«Қазақстандықтар» - дейді бұл елде кілең.
3- оқушы:
Далаң үшін қызба қан, халқың үшін,
Жырың үшін кеңейткен жан тынысын.
Саған Қазақстаным ғашықпын мен,
Әншіл, сәншіл, бәйгешіл халық үшін.
4-оқушы:
Орыс, қазақ туыс боп, ағаласып,
Қаны, тілі жатыр ғой араласып.
Қол ұстасып еңбек ет, далаға шық.
Жүргізуші: Бүгінгі шарамыз бабаларымыздың сөйлеген, ана сүтімен бойымызға дарыған, көркем әрі бай қазақ тіліне арналмақ.
Қожаберген жыраудың «Баба тілі» өлеңін тындайық.
Баба тілін қадірле,
Болашақтан түңілме!
Айналайын боздақатар,
Аралас тілге үңілме!
Миды оят, жәмиғат,
Қазақша алтын, жезіңді.
Қазақша жазбай жүргенді
Түзет құрып тезіңді.
Жүргізуші: 1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заң қабылданып, қазақ тілі ҚР мемлекеттік тіл статусына ие болды. «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» заңының 4 – бабында былай жазылған:
«...Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматтың парызы».
Ал Елбасы былай деген екен:
«Ана тілі мен мемлекеттік тілді білу – уақыт талабы»
Сайысқа қатысушы үш топты белгілеу және олармен таныстыру. Шараның мақсатын хабарлау. Байқаудың белестерімен таныстыру.
-
Өзін-өзі таныстыру
-
«Дода» сұрақтарға жауап беру
-
Қазақ тілінде мақал-мәтел оқу.
-
Монолог құру
-
Өнер көрсету
Әділқазылармен таныстыру.
Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын ғалымдардың сөзіне тоқталсақ:
В. В. Радлов, орыс ғалымы: «Қазақтардың тілі жатық та, шешен әрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақ пен жауап беруге келгенде таңғаларлықтай оралымды сөйлейді. Кез-келген, тіптен, сауатсыздарының өзі ана тілінде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен орыстардың дәрежесінде сөйлей біледі».
А. Саади, татар ғалымы: «Қазіргі ең таза, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол – қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек».
А. Жарри де Манси, француз ғалымы: «Қазақ тілі – түркі тілдер ішіндегі ең таза тілдірдің бірі» екен.
1 белес: «Таныстыру» Сайысқа қатысушы топтардың капитандары шығып өздерін таныстыру.
1-топ капитаны:
Туған жерім – тұғырым,
Нұр Зайсанның жағасы.
Кіндік кескен бұл жерім,
Ыстық маған әрқашан.
Келдім, міне тағы да
Бұл сайысқа оралып,
Бағамды сынап көрермін,
Бұл сайыста жиналып.
2-топ капитаны:
Қазақстан асқақтаған арманым,
Бұл елімнің сүйіп өтем жыр-әнін.
Әрқашанда бола берші мәңгілік,
Даңқы биік әсем қала, Астана!
Шарықтаймын ары қарай қазағыммен,
Жыр жазамын қазағыма өз-өзімнен,
Тыңдаңыздар менің өнерлерімді.
3-топ капитаны:
Менің есімім
Мен орыс қызымын, қазақпен бірге өскен,
Қазақ деген халқымның өмірінен тәлім алған.
Қазақстан кең байтақ жерінде жүріп,
Қазақ тілін туған тілдей меңгерген!
2 белес: «Дана»
1 топқа:
1. ҚР Әнұранының авторлары кім?
2. Қазақстан қандай мемлекет?
3. Қазақстан Елтаңбасында не бейнеленген?
4. Қазақстанның рәміздері бар ма?
5. Қазақстан жалауында не бейнеленген?
6. Қазақстанның Әнұраны нені мадақтайды?
7. Нені алтын қазына дейді?
8. 22 қыркүйек қандай мереке?
9. Қазақстан Республикасы неше экономикалық аймаққа бөлінеді?
10. Қазақ графикасы латын алфавитіне қай жылы көшті?
2 топқа:
1. Қазақ тілі мемлекеттік тіл деп қайда жазылған?
2. Елбасы Н. Ә. Назарбаев тұңғыш президент болып қай жылы сайланды?
3. ҚР туын ғарышқа шығарған кім?
4. Мақалды жалғастыр: «Туған жердей жер болмас,...»
5. М. Мақатаев өлеңінде «Үшінші бақытым» дегеніміз не?
6. А. Байтұрсынов кім?
7. Астана қаласы қай уақыттан бері Қазақстанның астанасы?
8. Түркістан қаласында кімнің кесенесі?
9. «Бала Шоқан» повесінің авторы кім?
10. Абай қай жерде туған?
3 топқа:
1. Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер қай халықтардан енген?
2. «Полиглот» деген кім?
3. «Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ» деп кім айтты?
4. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
5. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
6. Қыпшақ тобына қазақ тілінен басқа қай халықтардың тобы кіреді?
7. Қай жылы бірінші «ҚР Тілдер туралы» заң қашан қабылданды?
8. Қай жылы екінші «ҚР Тіл туралы» заңы қабылданды?
9. Төмендегі өлең жолдарын жазған ақынды ата:
«Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім..»
10. Ең тәтті, ең ащы не?
3 белес: «Мақал-мәтелдер жарысы»
Байқауға қатысқан топтар туған жер, отан, достастық туралы мақал-мәтелдерді айтып бір – бірімен жарысады.
Қосымша тапсырма: Төменгі мәтелдердің орысша мағыналас мақал-мәтелін атау.
-
Жолдасы көптің – олжасы көп. (Друзей много – шире дорога).
-
Жеті рет өлшеп, бір рет кес. (Семь раз отмерь, один раз отрежь)
-
Еңбексіз тапқан мал, есепсіз кеткен мал. (Что легко наживается, легко проживается)
-
Сырты бойынша қарама, ішкі ойын бағала. (По одежке встречают, по уму провожают)
-
Көп тыңда, аз сөйле. (Много слушай, поменьше говори)
-
Көз-қорқақ, қол – батыр. (Глаза боятся, руки делают)
-
Айтқан сөз – атқан оқпен тең. (Сказанное слово, как выпущенная пуля)
4 белес: «Монолог оқу»
Алдын – ала таңдап алынған тақырыптардың мағынасын ашу.
-
1-топ: «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл»
-
2-топ: «Менің отаным Қазақстан»
-
3-топ: «Туған жерім – тағдырым»
5 белес: «Өнер сайысы»
Байқауға қатысушы топтар өз өнерлерін көрсетеді.
Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша, жанкүйерлер өлең жолдарын оқып береді.
1-оқушы:
Батар, кетер келмеске күнім менің,
Қалар бірақ, киелі тілім менің.
Қасиетті шақтардан түңілгенде,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
2-оқушы:
Сол тіліммен дүниені аттадым,
Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.
Жатты онда аманаты ананың,
Жатты онда аманаты атаның.
3-оқушы:
Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта,
Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!
Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел,
Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса.
4-оқушы:
Әркімге туған тілі – туған шеше,
Оған бала міндетті сан мың есе.
Қорытынды:
Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды атап, әрбір қатысқан топтарға мадақтау грамоталарымен марапатталады.
Туған тілім айбыным!
№2арнайы мектеп-интернаты»КММ
Тақырыбы:
Мақсаты: Туған елін, жерін сүюге, еліне деген мақтаныш, сүйіспеншілік көзқарасты қалыптастыру, қазақ тіліне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Әдісі: жеке сұрақ-жауап,сөз
құрау,жұмбақ шешу,тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог),
мақал толықтыру, сауатты жазу, тест сұрақтарына жауап
беру.
Түрі: Сайыс
Қатысушылар: 6-10 сынып
оқушылары
Жоспары:
1.Өзін-өзі таныстыру
2.«Дода» сұрақтарға жауап беру
3.Қазақ тілінде мақал-мәтел оқу.
4.Монолог құру
5.Өнер көрсету
Әділқазылармен таныстыру.
Мектебімізде «Қазақстанда тұратын
барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың
аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің қолданысы»
тақырыбында арнайы жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. Жас
жеткіншектердің бұл мәселені қалай меңгергендігін
білу мақсатында «Туған тілім
айбыным!» атты байқау іс-шарасы ұйымдастырылдыды. Сайысқа арнайы
іріктелген әділқазылар алқасы тобында орталық кітапхананың маманы
–Сүлейменова Р. қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мүғалімі-
Гүлнар А. болды.
Сайыс жас ұрпақ санасына танымдық, тәлімдік
тәрбие берумен қатар, ұмытылуға айналған наным — ырымдарды еске
салды.
Сайыс соңында әділ қазылар алқасы
сайыстың қорытындысын шығарып, жеңген топтың ұпайын айтты. Жеңген
топ тағы оқушы мен ата-анасына арнайы сыйлықтар тапсырып, мақтау
қағазымен марапатталды.