Материалдар / Шәкәрім - Абайдың ізбасары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шәкәрім - Абайдың ізбасары

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдеби сазды кеш
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2019
521
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шәкәрім-Абайдың рухани ізбасары

Мақсаты: Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармалары арқылы қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орнын маңызын таныту.Ақын мұрасын таныта отырып көркем әдебиетті сүюге, поэзияны сүюге шақыру



Кештің жүру барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, қадірменді де құрметті Ұстаздар, оқушылар және кешімізді тамашалауға келіп отырған қонақтар! Бүгінгі қазақ әдебиеті тарихының алтын қорына жауһар жырларымен қалған тарихшы, философ, ақын, сазгер, аудармашы Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Шәкәрім-Абайдың рухани ізбасары» атты әдеби - сазды кешімізді тамашалауға қош келдіңіздер!


2-жүргізуші.

-Иә, жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына шыққан тұлғаларымыздың бірі -Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше.Қытымыр қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі жұртшылық санасынан аласталмақ болды.бірақ өзі өлсе де ,аты өлмеді.Өлең жырлары, дастандары ел аузында жүрсе де әдебиет тарихына енбеді.Осыған керісінше ел ішіндегі даңқы арта түсті.Ақыры 1988 жылы «Ештен кеш жақсы» дегендей ақын мұрасы ақталып,халқымен қайта қауышты.


1-жүргізуші

-Ер даңқын өшірмейді халқым әман,

Ел салтын,ардақтайды , парқын адам

«Шын мықтың –данышпаның тірілді» - деп

Шындықтың күнін көрдік жарқыраған..


2-жүргізуші

-Жырдағы Шәкәрімнің өрнегіне

Ұрпағы риза жыр тергеніне

Оты мол өлеңімен жүрек баурап,

Отыр ол әнін айтып төрде міне.


Ән «Анадан алғаш туғанымда»

Әдеби монтаж


Жүргізуші:

-Әкеден ерте айырылған Шәкәрім атасы Құнанбай мен ағасы Абайдың тәрбиесінде болған.Шәкәрімнің тұлға ретінде қалыптасуына Абай тәрбиесінің маңызы зор.Немере інісінің парасатты, ойлы азамат дәрежесіне көтерілуін қалаған Абай оның орысша үйреніп,өзге елдердің ғылым білімін, мәдениетін меңгеруіне көп септігін тигізген.Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім қазақ поэзиясына өзіндік кестесін сала білген ақын.

Сахнаға Абай шығады.»Жасымда ғылым бар деп ес кермедім» өлеңін оқиды.


Сахнаға Шәкәрім шығады

-Армысыз ,Абай аға

-Аманбысың ,Шәкәрім,келгенің жақсы болды.Мен етек басты болып білім қуа алмай қалдым.Сол көксеген арманымды,сен арқылы орындаймын деп, саған білім қуғызатын болдым.Адам қырық жасына дейін білім жинап, 4 жасында камил толады.Ақыл ойы, жігер қайраты жетіледі Енді екі-үш жылда сен қырыққа толасың,Шығыс тіліне жетік болдың.Енді орыс тілін үйрене бер.Бар қаражатың менің мойнымда.Сен осыған дайындал, кәне осыған келісесің бе?

Шәкәрім

-Бар қаражат сізден болса, білім алуға неге бармайын,бірақ қай жерге барамын ,Абай аға

Абай

-Афин Грек білімі Стамбулда жинақталған.Араб білімі Меккеде және Мысырдағы Александр атындағы кітапханаға барасың.Осы жерлерге барып, біліміңді толықтырып қайтасың.Сатып алатын кітаптарыңа, жол қаражатына жетерлік пұлды өзім берем.Осыған келіссең қолыңды әкел

Шәкәрім

-Қаражат сізден екен, мен білім алады екем,барам (қолын береді)

Сахнадан Абай шығып кетеді.

Шәкәрім

-Иә,Абай менің бетімді түзеп,адам болып шығуыма өтелмес еңбек сіңірді. Батыс-шығыстың ескі замандардағы ойшылдары ,жазушы ақындарымен танысып,оқуыма да Абай себеп болды.Ғылым іздеп, қалаларды аралауыма да Абай себеп болды. «Мұсылмандық», «Түрік,қазақ шежіресін», «Қалқаман-Мамыр» , «Еңлік-Кебекті» жазуыма да Абай көп көмеген тигізді.




«Еңлік –Кебек» .Үзінді .Сахналық көрініс.


Нысан абыздың тошаласы.Есіктен Кебек кіреді

-Армысың , Абыз аға! Жолым түсіп алдыңызға келіп қалдым.Көптен бері бал ашқызсам деген оймен жүр едім.Балыңа не түссе де жасырмағын.Осы шартым болсын

Абыз

-Шырағым сенен мал алайын деп бал ашқалы отырғам жоқ.Жынның сөзін жасырып қала алмаспын.Жаман айтсам жабығып қала көрме.

(жынын шақырған бақсының күйі.Өзін -өзі әзер тоқтатады.)

Көпке қарап күңірене дауыстайды

Абыз:

-Қара жартас,қара жартас.Қара жартас түбінде кез келеді.Ажалың биік қабақ,сұрлау қыздан.батырым ондай қызға көңіл бөлме.Бұл сөзді ойымнан айтып тұрған жоқпын.Айтқызып тұрған жын деп түсін.Әдейі іздеп бармассың, кез боларсың.Сақтанбасаң артқыға сөз боларсың.Шырағым, сақтан, сақтыққа қорлық жоқ

Кебек (кетіп бара жатып

-Иә мен кетейін.Жын деді ме, жынның сөзін тыңдасам менің кім болғаным (сахнадан шығып кетеді)

Автор

Мұнан кейін азырақ заман өтті

Салқын түсіп, қар жауар мезгіл жетті

Қарашаның алғашқы қары жауып,

Кебек батыр құс алып, аңға кетті


Қамшылап күрең атты жамбасына

Түлкі аулап, шыққан еді Хан басына

Жел шығып, боран болып кеткен екен

Аң қуған, аңғал батыр аңдасын ба


Бораннан байқай алмай барар бетті

Түн ішінде адасып Кебек кетті

Осы Хакан өзенінің аяғында

Қыстаған бір Матайға келіп жетті.


Үйге Кебек кіреді

Дастархан басында шал,кемпір, малшы бала және қыз бала

Кебек:

-Кеш жарық

Шал

-Жақсымысың ,балам?Иә қайдан келесің?Кештетіп жүрген неткен жансың?

Кебек

-Атым Кебек.аң қуған Тобықтымын.Аң қуып адасып қалған жайым бар

Шал

-Қарағым,келген қонаққа сусыныңды әкеп, төсегіңді сал.Мен де далаға шығып кеп жатайын (шығып кетеді) Қыз Кебекке малта езген сусын әке береді

Қыз

-Ал батырым, көрінгенге көз сүзген көрсеқызар демеАтым-Еңлік.Жаңағы шал -менің әкем.Жасында ол өзіңдей батыр болған.Қазіргікүні мені ес білмейтін есекке атастырған жайы бар.сені көріп маған татитын жігіт осы ма деп қалдым.

Кебек:

-Иә,айтқан сөзің орынды-сөздің шыны.Сөйтсе де айтар бір сөзім бар.Матай менен Тобықты соғысарға қара таппай,бір-біріне қырын қарап отырғанда ел арасын бүлдіріп аламыз ба деген қорқынышым бар. Ауыл шауып, мал алып, қан төгілсе, елдің теріс батасын алғаннан шығар биігіміз қайсы?

-Иә, батыр.Мен саған бүгін алып кет демеспін.Екі елді түбіне де жет демеспін.Шын сүймесең құр алдағанмен тең болар.Сөзіміздің аяғы осымен бітсін.

Кебек:

-Жоқ.Сөзің шын болса,сен өлген жерде мен де өлейін.

Біржолата кім тұрар бұл дүниеде,

Өлім көрмей қоя ма туған пенде

Қарап жүріп қаңғырып босқа өлгенше,

Бір сен үшін өлгеннің қапысы не?


Еңлік:

-Саған айтылмаған бір сөзім қалды.Егер Тобықты мен біздің ел бітім қылса, мені сол кезде алып қашқаның жөн болар .біздің ендігі табысар жеріміз осы қара жартас болсын

Автор

-Ер Кебек тыным алып ,үйде жатпай

Еңлікке келіп жүрді дамылдатпай

Кейде түзде жолығысып, кейде қонып.

Алты ай қыс аттың терін бір құрғатпай


Екі ел бітті сөйлесіп жазға салым

Қайтарысып барымта алған малын

Тамақ үшін қыдырған Матай айтып

Бұл бітім Еңлікке де болды мәлім


Кебек келді бір күні қызға тағы

Ойында бар,ел бітсе, іс қылмағы

Еңлік те дайын болды соларада

Қара жартас белгілі табыспағы....


Екеуі тәуекел деп кетіп қалды

Таң атпай ақ ордаға жетіп барды

Ағаштан балаған қып, арша жауып,

Бекініп бір дарада жатып алды.



Сахна.Баланың жанында ұйқтап жатқан Еңлік

Сырттан топталып ішке кіргендер Кебекті ұстап алады


-Ұстаңдар мына иттерді.Шариғаттың әмірімен өлтіреміз.Тобықтының мына күшігін аттың құйрығына байлаңдар


Еңлік:

-Тоқтат.»Өлерде де үш тілек» деуші еді ғой.Тым болмаса бір екі ауыз сөз айтайын.Кебекпенен мені аз ғана араздастырыңдар.Өлген соң екеуімізді бірге қойып, таспен бастырыңдар.Мына бала Тобықтының баласы ғой.Мұны өлтірме,Кеңгірбай биге тапсыр


Жұлқып, сүйреп екеуін алып шығып кетеді

Автор:

-Екеуінің мойнына арқан байлап,

Екі аттың құйрығына байлап алып.

«Матайлап» ұран салып, шауып –шауып,

Өлтіріп бір төбеге қойды апарып.


Тастады бесігімен баласын да

Обалға өшіккен ел қарасын ба?

Еңлік Кебек моласы бүгін де бар

Таймақ пен Ералының арасында



Ән «Ту тіккен Тобықтының қолбасшысы»


Жүргізушілер сөзі

- Шәкәрім дүние жүзіне әйгілі ұлы ақын жазушылардың есімдерін зор құрметпен атап, елге әйгілеп отырған.

Айтқан сөзі ауруға ем, жанға құмар

Тауып айтқыш, тәтті тіл сайраушылар

Байрон, Пушкин, Лермонтов,Некрасов

Қожа Хафиз,Науаи, Физули бар


2-жүргізуші

-Абай сияқты Шәкәрім де Гоголь, Пушкин,Лермонтов,Крылов,Тургенов,Щедрин

кітаптарын оқып, көкжегі кеңіген. «Бояулы суыр», «Қасқыр,түлкі, бөдене» мысалдары сондай туындыларға жатады.


Көрініс «Ақылшы торғай»


Жүргізуші

-Адам үшін еңбегім,

өмірден барлық тергенім

Қалағанын қарап ал,

Мұрам сол жастар бергенім –деп жырлаған ақын «Әділ-Мария» романы арқылы жазушылық қырын танытып, қазақ проза тарихында құнды көркем мұра қалдырды.

«Әділ-Мария» үзінді оқу


Жүргізушілер:

1931 жылдан бастап ақынның ақырға өмір кезеңі аса бір ауыр халде өтті.Асыра сілтеудің салдарынан ақын ел ортасынан кетуге мәжбүр болды. Оңаша кетудегі мақсатын Шәкәрім ашық айтады.

Мен кеттім сендер елде қойдың қалып,

Ешкімнің кеткенім жоқ малын алып

Елу бес жыл жинаған қазынамды

Оңашада қорытам ойға салып

Алайда онда да тыныштық болмайды.Жан баласына жазығы болмай, тауда жалғыз жүрген жетпіс үштегі қарт ақында Қызылдардың жендеттері атып өлтіріп,денесін құдыққа тастайды.бірақ оны халқы ешқашанда ұмытқан жоқ, ел тәуелсіздік алысымен халқы оның жарқын есімімен қайта табысты


-Ұлыларды ұрпағы ұйып тыңда

Ақ жанды сөзін ойға құйып тынба!

ҰлыАбайдың жалғасы Шәкәрімім

Жарқырап тұр өлеңдей биік шыңда


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!