Материалдар / Шәкәрім лирикасындағы адам концепциясы және лирикалық қаһарман
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шәкәрім лирикасындағы адам концепциясы және лирикалық қаһарман

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада Шәкәрім лирикасындағы адам концепциясы және лирикалық қаһарман мәселесі арнайы сөз болады. Лирикалық кейіпкерлердің сомдалу ерекшелігі және ақынның типтік образ жасаудағы шеберлігі зерделенеді. Ақын өлеңдерін Абай поэзиясының дәстүрін жалғастырушы ретінде қарастырады. Шәкәрім поэзиясындағы лирикалық қаһарманның мақсаты - адамды түзеу, адами қасиеттерді дамыту екенін саралап көрсетеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2021
567
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МAЗМҰНЫ



КIPICПE

3

1

ШӘКӘРІМ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЗАМАН ШЫНДЫҒЫ, ҚОҒАМ

БОЛМЫСЫ


6

1.1

Ақын поэзиясындағы азаттық, тәуелсіздік идеясы

12

1.2

Шәкәрім поэзиясындағы азаматтық сарын

16

2

2.1

ШӘКӘРІМ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ТАНЫМЫ

Бейнелеуіш құралдардың Шәкәрім өлеңдерінде қолдану

ерекшелігі

26


26

2.2

Шәкәрім лирикасындағы адам концепциясы және лирикалық

қаһарман


49

3

3.1


3.2

ШӘКӘРІМ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

Шәкәрімнің эстетикалық көзқарастарының поэзиялық шығармада

берілуі

Шәкәрім өлеңдерінің көркемдік-эстетикалық қуаты

54


54

64

ҚOPЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

74

78





КІРІСПЕ



Тақырыптың өзектілігі. Әдебиет қоғамдық ортаның тыныс-тіршілігін бейнелеп, қоршаған ортаны ғана суреттеп қоймайды. Сөз өнері адам болмысын, табиғат келбетін, қоғам өзгерісін сөзбен сомдап, жақсатуға бар күшін салады. Көркемдік сана айналасындағы бар құбылысты барлап, бақылап отырады. Оның қайшылықтарын, шешімін таппаған түйіндерін, келешегін барлайтын да, халыққа түсіндіретін де көркемдік сана. Аталған қасиеттерді бойына сіңірген көркем ой туындылары ғана классикалық сапаға көтеріледі. Қазақ әдебиетіндегі көркемдік ойдың иесі Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиясы осы қасиеттермен дараланады. Шәкәрім ұлы Абай дәстүрін жалғастырған, ақындық мектебінің ең көрнекті өкілі ретінде, қазақ әдебиетінің көп тарихи қайраткерлері сияқты көркемсөз өнеріне, поэзияға жаңа мазмұн, жаңа сипат әкелді. Қазақ поэзиясында Абай сияқты Шәкәрім де ойшыл ақындықтың үлгісін қалыптастырды.

Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы - өте күрделі құбылыс. Шәкәрім шығармалары өмір мен қоғамның қыр-сырын әр салада мазмұндық баяндауда да, сол мазмұнға философиялық мән беруде де, мазмұн мен ой бірлігін көркемдік тұрғыда өрнектеуде де көп жүйелі, терең философиялық мағыналы болып келеді.

Егер мәдениет елді, адамдарды, жеке тұлғаны жаңартатын рухани фактор болса, Шәкәрім осы мәдениеттің, білімнің және ғылымның қасиеттерін адам, өлең тұлғасы арқылы өзінің өлеңдерімен көрсете білді. Ойшыл ақын өзінің шығармашылық ізденісі барысында дүниетаным деңгейіне көтерілді. Оның өмірінің мәні, оның Құдай, адам, қоғам, табиғат, адам табиғаты туралы ойлары әлемдік гуманистік идеялардың алтын қорында өз орнын алатыны ақиқат. Шәкәрім поэзиясының ең басты ерекшелігі оның шығармашылығының жеке тұлғанаң, лирикалық қаһарманның болмысымен, іс-әрекеттерімен, мінез- құлықтарымен, дүниетанымымен, психологиясымен біте қайнасып көрніс беруінде, поэтикалық өрнектелуінде.

Шәкәрім поэзиясындағы образдар жүйесін талдай отырып, біз ақын заманының тынысын ғана емес, адамдардың табиғатын да танимыз. Бүгінгі ұрпақ Шәкәрімнің кейіпкерлерін рухани-адамгершілік қасиеттерге үйрете отырып таниды. Ақынның сыншыл көркемдік шеберлігі заманауи жекпе-жек өнерін, сын мен әділеттілікті үйретеді. Шәкәрім адамның, ақынның, лирикалық қаһарманның рөлін бейнелей отырып, адамның тұрмысы мен өмірін жақсартуға тырысады.

Сонымен бірге, Шәкәрім, ең алдымен, ұлы ақын, ғұлама ойшыл, үлкен тәрбиеші. Кез келген шығармасын тек тарихи тұрғыда ғана жазбайды, ескінің жаңаға ұласуын, арғы заман мен бергі заманның саналық, сапалық ерекшелктерін образ бейнелері, ой түйіндері арқылы үнемі даралап суреттеп отырады. Ондай саналық жолдың бәрі үлгі - өнегелік бағыт алған. Ендеше, ақын ескілік өмірді, жолсыз салтты сынаушы ғана емес, Халықтың өмірі мен тарихындағы ғасырлар бойы қалыптасқан жақсылықты дәріптеуші.

Шәкәрім өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерсе, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда да үлкен еңбек сіңірді. Ақын халықтың ғасырлар бойы жасаған тілін жақсы игеріп, оны ұстартып, әдеби қалыпқа түсірді. Көркем шығармаларын Шәкәрім таза халық тілінде жазды. Өлеңге керегі бар образды сөздерді, нәрді, кестелі бейнелі түгелдей халық тілінен тапты. Өзі сондай үлгі көрсете отырып, ол тіл шұбарлаушыларға қарсы күрес ашты.

Өлең тілінің жеңіл, халыққа түсінікті, жинақы, көркем, артық- кемі жоқ, жұмыр, әр сөзі белгілі бір мағынаның қазығы болып келсін деген талабын Шәкәрім өзі де мүлтіксіз орындады. Оның өлеңдері бастан – аяқ әрі көркем, әрі түсінікті, әрі мағыналы, бас-аяғы жинақты, тұжырымды болып келеді.

Шәкәрім - ең алдымен, халық тіліне бай ақын. Қазақ елінің ғасырлар бойы жасаған әдебиетнің бар асылын, ең шұрайын таңдап ала біліп, керегіне жаратты, оны дамытып, жоғары мәдениеттік сатыға көтерді.

Шәкәрім тілінің бір ерекшелігі - оның қай сөзі болсын басқалар айтпаған, айтса, аз айтқан сөздер. Ақын поэзиясындағы түрлік, әуезділік, ұйқастық т.б көркемдік желілер көбіне- көп шығарманың тақырыбы мен мазмұнына орай өзгеріп, тақырып пен мазмұнды ашуға негізгі желі ретінде тартылып отырады.

Сөйтіп, Шәкәрімнің ақындық тілі өзінің байлығымен, алуан түрлі үлгілердің молдығымен қазақтың жазба әдебиет тілінде негіз болды. Шәкәрім оған халықтық тілдік қорын мол пайдаланып, оны ұстарту арқылы, әдеби тілді қалпына келтіру арқылы жетті.

Зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттері. Шәкәрім шығармашылығындағы негізгі ерекшеліктерді әр қырынан тексеріп, әр бағытта: ақын поэзиясының тақырыптық желілерін, оның көркемдік көрністерін, тәрбиелік және эстетикалық мән - мағынасын, Шәкәрім шығармаларындағы тарихи таным мен бергі заман байланысын, Шәкәрім поэзиясының ауыз әдебиеті, батыс, шығыс классикалық поэзиясымен сабақтастығын, Шәкәрім өлеңдерінің түрлік, ұйқастық қасиеттерін, ақынның даралық ерекшеліктерін танытатын тағы басқа қасиеттерін саралау, ғылыми жүйеде зерттеу. Сонымен бірге ақын тұлғасының көркем бейнесі арқылы Шәкәрім поэзиясының негізгі лейтмотиві, көкейкесті мақсаты мен мұңы,халық тағдыры, қазақ жұртын өркениеттің ұлы көшіне қосу екендігін тағы да бір дәлелдеу. Ақының адамды, халықты, қоғамды түзеуге бағытталған поэтикалық шеберлігінің, философиялық ойының, педогогикалық-ағартушылық, діни-гуманистік көзқарастарының тәрбиелік мәнін ашып көрсету.

Ақынның уақыт пен оқиғаларға деген көзқарасын, әсіресе ақынның өзі туралы және оның өлеңдеріндегі кейіпкерлер әрекеттері арқылы бағамдай отырып, әрі философиялық, әрі эстетикалық ұғым болып табылатын ұлттық бірегейліктің дамуын анықтау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Шәкәрім поэзиясының көркемдік және эстетикалық ерекшелігін арнайы қарастырып, ғылыми тұрғыдан талдап, қорытудың барысында мынадай нақты ғылыми жаңалықтар ұсынылады:

- ақын өлеңдерінің көркемдігі мен құрлымын талдауда жаңа концепция ұсынылып, олардың ішкі жасырын мағыналары мен құндылығын ашуға талпыныс жасалады. Шәкәрім өлеңдеріндегі бейнелеуіш құрал - тәсілдер туралы мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеледі;

- ақын лирикасындағы адам тұлғасын өрнектеу ерекшеліктері Абай поэзиясындағы мысалдармен салыстыру арқылы көрсетіледі;

- Ақын шығармаларындағы адам тұлғасының сомдалу ерекшеліктері мен оның «қоғамды түзету», «адамды түзету» концепциясының арасындағы тығыз байланыстың табиғатына барлау жасалады;

- Лирикалық кейіпкерлердің бейнелеу ерекшеліктерінен байқалатын ақын шығармашылығындағы Шығыстық, Батыстық үлгілердің әсерлері нақтыланады. Ақының адам туралы ілім төңірегіндегі діни- ағартушылық, философиялық, адамгершілік ой жүйелерінің қайнар көздері ашылады;

- Ақын шығармашылығында ұсынылатын жаратушы, табиғат, қоғам, адам мәселесінің өзара тәуелді байланысы және оның кейіпкер тұлғасын өрнектеудегі әсері біртұтас зерттеу обьектісі ретінде қарастырылады;

- Ақын қоғамдағы үздіксіз жалғасып жатқан құбылыстардан туындайтын тарам-тарам тақырыптардың әрқайсысына тиянақты зер салғаны,сол арқылы ол әдебитті әлеуметтік ойды жеткізудің құралы, құдіретті эстетикалық куш дәрежесіне көтерілуі қарастырылады;

- Ақынның типтік образ жасаудағы көркемдік-эстетикалық ерекшелігі қарастырылады.

Зерттеудің дереккөздері. Зерттеудің дерек көздері ретінде ақынның «Шәкәрім шығармалары» (Алматы, Жазушы,1989) жинағы, «Мұсылмандық шарты»(1911), «Қазақ айнасы» (Семей, Жәрдем,1912) өлеңдер жинағы сонымен қоса, «Абай», «Ақиқат», «Жұлдыз», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ізденіс», «Ертіс өңірі» газет-журналдарында жарияланған мақалалар, әр жылдар жарық көрген тағы басқа материалдар пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздері: А.Байтұрсынов, М.Мағауин, Б.Әбдіғазиев, С.Торайғыров, Қ.Мұхамедханов, Ә.Дербісалин, Ш.Сәтбаева, Қ.Шаяхметұлы, С.Ізтілеуова, С.Негимов, М.Қаратаев, Р.Нұрғалиев, А.Үсенова т.б. ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, әрі әлемдік әдебиет тарихы мамандарының тұжырымдары жетекке алынды.

Диссертацияның құрылымы. Магистрлік диссертация кіріспеден, үш тараудан (тараудың екі тараушаларынан тұрады), қорытындыдан және осы тақырыпқа қатысы бар әдебиеттер тізімінен тұрады.














1 ШӘКӘРІМ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЗАМАН ШЫНДЫҒЫ, ҚОҒАМ

БОЛМЫСЫ



Қазақ халқының ұлттық мүдделері, елдің бостандығы мен тәуелсіздігі, отаршылдыққа қарсы күрес: Алаш ұраны ақын-жазушылардың шығармаларында кең қозғалған тақырыпқа айналды. Абайдың оның қоғамдық қызметінің дауысынан басталған азаматтық рухы, Ресейдің патшалық отарлау жүйесінің қазақ сахарасындағы саясатына қарсы тұруы ХХ ғасырдың басындағы жазушылар шығармаларында Алаш ұранымен жалғасты. Олардың арасында Абайдың негізгі шәкірті, оның өнегесінен көп нәрсе үйреніп, тікелей білім алған Шәкәрім Құдайбердіұлы да бар. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп халқының қамын ойлап, мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған Абайдың ұлтжанды азаматтық позициясын ары қарай жалғастырған шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлы Алашының тағдырына алаңдайды, сол үшін жаны құрбан болды.

Шәкәрім поэзиясы Абай өлеңдері сияқты әлеуметтік шындықты батыл, нақты және шынайы бейнелейлы. Абай мен Шәкәрім поэзиясының үндестігін зерттеген ғалым Б.Әбдіғазиевтің айтуы бойынша: «Осы реалистік дәстүр, шынайы халықтық арна Абайдан кейінгі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Шәкәрімнің шығармашылығының да негізгі идеялық-көркемдік нысанасына айналды. Оның реализмі, әсіресе саяси, азаматтық лирикада айқын көрінді. Азаматтық асқақтық, поэтикалық пафос оның өлеңдерінің қазығына айналды. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу парасатты азаматы ретінде ол халқының, бүкіл қоғамның басындағы нақты жағдайды көре білді, кемшілік-кеселдердің тамырына балта шабудың жолдарын іздеді»,- дейді [1, 34 б.].

Шәкәрім Құдайбердіұлының саяси-әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуына XX ғасырдың бас кезінде Қазақстанда болып жатқан өзгерістер мен қайшылықтар тікелей әсер етті. Соның нәтижесінде ол өз заманының дарынды перзенті ретінде қоғамда кең өріс алған бассыздық пен заңсызықты, теңсіздікті қатаң сынға алды. Мұндай жағымсыз құбылыстарды ауыздықтаудың, жоюдың жолдарын қарастырады.

Қазақ қоғамының күйзеліс пен дағдарысқа ұшырауының негізгі себебі Ресей империясының Қазақстандағы отарлық саясаты екені аян. Ақын ұрлық, басқару аппаратындағы парақорлық, патша өкіметінің жергілікті әкімшілігінің ұлт мүддесін аяққа таптауы, сот ісінің бұрмалануы – осының барлығы ақ патшаның қолымен жасалып отырғанын жақсы білген. Сондықтан ол еш тайсалмастан Ресей империясының монархы II Николайдың өзін ашықтан- ашық сынға алады. Мысалы «Қодардың өлімі» деген өлеңінде осы пікірлерін ашықтан ашық білдіреді.

Осы күнгі жақсының бір талайы-

Ұры, қары, қу сұмның жан жолдасы.

Қазақ қайтіп ел болар қарағым-ау?

Бұл ұзамай құриды, сөздің расы.

Николайдың иісі осы елде тұр,

Оңдыра ма сәулесіз өңкей масы

Империялық Ресейдің отаршыл өкімет аппараты қазақ елін бодандыққа түсірген күннен бастап, алғаш қолға алған ісі - елді жағалай қамал, қорған, бекіністер салып, әскер жиып, қоршауға алу болды. Сөйтіп, отарлық озбырлыққа қарсы көтерілген жұрттың өр рухын қарудың күшімен аяусыз жаныштады. Шәкәрім осы мәселелер туралы өзінің толғанысын «Ажалсыз әскер» өлеңінде былайша білдіреді:

«Патшалар сансыз шығын қылады,

Дайындап соғыс үшін әскерін.

Аямай бірін-бірі қырады,

Ел алар оққа байлап жастарын.

Тұрақсыз шыр айналған дүние,

Жұтады бәрінің де бастарын.

Ел түгіл жерлеріне кім ие,

Айтпаса моласының тастарын» [3, 45 б.].

Сонымен қатар қазақ ойшылы дүниежүзілік тарихта болған немесе болып жатқан ұлттық езгі мен қанау тек қана күшпен, жаулап алу арқылы іс жүзіне асырылатынына ерекше тоқталып, екі жақ халықтарының қаны судай шашылатынын айқын дәлелдейді. Оның ойынша, бір халық бір халықты құлдыққа салу – отаршы және отарланған мемлекеттерді де ойсырататын құбылыс.

Отаршы елдер ағызар әскер қанын,

Алмақ болып аз елдің жер мен малын

Жаны ашымай жастарды оққа байлап,

Аяу қайда жас бала, кемпір- шалын

Мұны ойласам, жүрегім болар жалын,

Өнерлі ел өнерсізді құл қылғанын.

Жергілікті жерде патша өкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу үшін құрылған әкімшілік басқару жүйесінде қызмет етіп, өз халқын сатып жүрген шенеуніктерді қатаң сынға алып, оқырманын ұлт мүддесі мен намсын қорғауға шақырады. Бір өлеңінде мынадай тұжырым жасайды:

Чиновник ісін қылмаңыз,

Әділет жолын тыңдаңыз.

Қорқытып елді қойсаңыз,

Тез түзеліп, жылдам тол!

Шәкәрім Құдайбердіұлы – мемлекеттігінен айрылған қазақ халқына дерт болып жабысқан партиялық күрестің кесірінен әділетсіздік пен теңсіздік, бассыздық пен заңсыздықтың орнауының себептері мен салдарларына терең талдау жасаған ойшыл. Оның пікірінше, партиялық жікке бөлінудің негізгі себептерінің бірі - халықтың руға бөлінуі, патриархалдық қатынастардан әлі кіндігін үзбеген қазақ қоғамында қалыптасқан надандық және отаршылыққа өтпеген көшпелі өмір салты. Осы үш фактор ел арасындағы барлық жағымсыз көріністерге себепші. Мәселен, «Тағы да сорлы қазақ» деп аталатын өлеңінде автор былай деп жазады :

«Салынған қала жоқ,

Оқытқан бала жоқ,

Қолында өнер жоқ,

Ғылымда дана жоқ,

Қалалық жері жоқ,

Еңбектің тері жоқ.

Пайдасыз, шығыншыл,

Қазақтан сері жоқ,

Қазынасы тағы жоқ,

Басында бағы жоқ.

Партия, барымта...

Ісінің аяғы жоқ.

Көретін көзі жоқ,

Ұғатын сөзі жоқ,

Қазақтың бұл күнде

Аты бар, өзі жоқ.

Түзелер кезі жоқ

Түзетер тезі жоқ,

Жер жүзі халқының

Қазақтан езі жоқ» [3, 52 б.].

Осындай ауыр, күйзеліс халде жүрген қазақ арасынан пайда түсіретіндер тек қана ел басқару ісінің басында тұрған әкімдер мен билер екен. Онда да адал еңбекпен тапқан табыс емес, алдап- арбаудан түскен пайда.Сондықтан ақын арам ақша табу, пара алу үшін билікке ие болу әрбір қазақтың арманына, дертіне, әлеуметтік өлшем категориясына айналғанынан қатты сескенді. Бұл белсенді надандықтың шынайы көрінісі екеніне көзін жеткізеді. Бұл өлеңінде осындай көріністерге ақын былайша баға береді.

«Жасыңда араластың малтымаға,

Қызығып ессер елдің салтына да!

Би, болыс, петі жігіт атанам деп,

Көп түстің ерегескен талқыға да!

Кейде елді партияма көп жиям деп,

Әркімге аласардың жалпия да!

Кей-кейде дұшпаныңа айбар қылып,

Сөйледің барымсынып қампия да.

Аздан соң ақыл кіріп, ой ойладың,

Жүрсең де сол былықпа партияда!

Үйткенмен жұлқынсаң да шыға алмадың,

Мықты боп түскен қақпан қапияда!» [3, 64 б.].

Бұл жерде Шәкәрім Құдайбердіұлының «қызығып есер елдің салтына» деп Еуропа мемлекеттерінде феодалдық деспотияның, монархияның шексіз билігіне қарсы тосқауыл болатын сайлау жүйесін енгізуін қазақ жат, қажетсіз құбылыс деп табуынан айқын аңғарамыз. Оның ойынша, мемлекеттік билікті сайлау институтын патриархалдық-қауымдық көшпелі санатта жүрген қазақ қоғамына енгізу асығыстық іс және жасанды әрекеттен туған құбылыс, «бөліп ал да, билей бер» саясатының салдары және қазақ халқының қоғамдық санасы оны қабылдауға дайын емес. Ол үшін ұзақ эволюциялық даму қажет. Сондықтан ақын қазақ даласында ғасырлар бойы қалыптасқан заң, билер айтқан жол-жораны, ұмытылып бара жатқан дәстүрлі институттарды қайта тірілтіп, сұрыптап, тозығын тастап, озығын ұлттық идеялар ретінде қабылдаған жөн деп санайды. Бір сөзбен айтқанда, Ш.Құдайбердіұлы партия мен рулық жікшілдікке бөлінген қазақ қоғамына басқа өлшем қажеттігін ұғынған. Ол зерттеуші Сәкен Өзбекұлы атап көрсеткендей, «даналық сөзге тоқтау идеясын енгізу болды. Оның ерекшелігі - басқа халықтарда жоқ қасиетті құбылыс - даулар мен қақтығыстарды мағыналы риторикамен шешу. Даулардың соңын ешқандай заң нормаларынсыз бір сөзбен қалыптастырған қазақ халқы бұл сөздің мағынасының мүмкіндігіне ұзақ уақыт бойы назар аударған. Болашақта оның даналық пен шешендік сөздерін сот үрдісінде қолданатындығын көреміз».

Ойшыл ақын орыс мәдениеті мен оның демократиялық бостандықты көксеген революционер-демократтарының азаттық идеяларымен таныс болған. Кезінде В.Г.Белинскийдің «Адамдар ағайынды болып, сыртқы және формальды басымдықтың көлеңкесінде де бір-бірін ренжітпеуі керек ... Ұлт болмаса, адамзат өлі логикалық абстракция, бір сөзбен айтқанда, мазмұнсыз болар еді ... Ұлттар мұны түсіне бастады. Олар адамзаттың ұлы отбасының мүшелері және өз ұлтының рухани қазынасымен бөлісе бастайды ... Енді әлсіз, шектеулі ақыл-ойлар ғана адамзаттың жетістіктері ұлттың жетістігіне зиян тигізеді деп ойлай алады. Қытайдың қабырғалары ұлтты қорғау үшін қажет», - деген тұжырымдарын жетік ұғынған. Ол отарлау мен ұлттық езгі барлық орыс халқының емес, тек патша өкіметінің жымысқы саясаты екенін жақсы білген.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Шәкәрім қазақ әдебиетін әлеуметтік ойшыл, рухани күш деңгейіне көтерген алғашқы қазақ ақындарының бірі болды. Ақын өз заманының қоғамдық өмірінің шындығын көріп, оған деген көзқарасын көрсете білді. Шәкәрім өмірінің тарихи кезеңінде патшалық Ресейдегі патша әскерлерін қанау саясаты жат жерлерге таралып, жұмысшылардың өмірін одан әрі қиындатқаны белгілі. Ғасырлар бойы сол кездегі қазақ қоғамында билік құрған надандық пен түсініксіздік оның бейімділікті айқын көрсетті. Қоғамдық өмірдің осы сипаттамалары мен ерекшеліктері ақын Шәкәрімнің назарынан тыс қалмады.

«Япырау, бұл не деген наданшылық,

Осынша жайылар ма жаманшылық.

Есі шығып елірген бәрі де мас,

Ар қайда, ақыл қайда, адамшылық»,- [3, 26 б.].

деп ақын ел ішіндегі кемшілікті атап көрсетеді. Ақын елдегі билік үшін күрес пен па

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!