Материалдар / Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың...» «Алтын қақпа»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың...» «Алтын қақпа»

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ әдебиті пәні мұғаліміне әдеби кеш ұйымдастыруға қажет материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2020
1051
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Адамдық борышың...»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шәкәрімнің өмір мен шығармашылығы туралы тереңірек мәлімет беру, оқушылардың  ақын шығармашылығы  бойынша білімдерін кеңейту

Дамытушылық: Шәкәрім шығармашылығынан алған білімдерін жүйелеу, Тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылыардың дүние танымын ойлау қабілеттерін, ауызша тіл байлықтарын шығармашылық қабілеттерін дамыту , өз ойын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру, танымдық деңгейін көтеру;

Тәрбиелік: Шәкәрімнің мұрасын қастерлей білуге, шығармаларының мағынасын терең түсіне білуге, оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, елжандыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, талдау, пікірталас,тест ;

Көрнекілігі: Ақын портреті, интер белсенді тақта, слайд шоу, қанатты сөз, алтын, күміс, тас қақпалар, сұрақтар, алтын сандықша.
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қазақтың өлеңінің пірі болған,

Халқының сөзін айтар ұлы болған.

Абайдың аманат қып беріп кеткен.

Шәкәрім түсірмеген туын қолдан

(С. Мәуленов)

- Сәлеметсіздер ме, бүгінгі «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойынына қатысушы оқушылар мен қадірлі қонақтар!

«Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін. Кейінгіге үлгі аларлық із - белгі қалдырайын, адам атым өшпесін, тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым. Келешектің ойын ашайын деп жаздым.
..... Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым.» -деп Шәкәрімнің өзі айтқандай ақын ұрпағына мол мұра қалдырды.

-Балалар, бүгінгі біз Шәкәрім Құдайберді ұлының шығармашылығынан алған білімдеріңізді теледидардан таныс «Алтын қақпа» ойыны арқылы жүйелемекпіз. Ол үшін сіздер екі топқа бөлінесіңдер. . Бірінші топты «Болашақ», екінші топты «Парыз» деп атадық.

ІІ. Ойынның шарты:
- Енді сіздерді ойынның шартымен таныстыра кетейін.

Ал бұл ойынның мақсаты – «Алтын қақпаға» жету. Ол үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз. Ойын үш кезеңнен тұрады. І кезең «Тас қақпа», ІІ кезең «Күміс қақпа», ІІІ кезең - шешуші кезең- «Алтын қақпа» деп аталады. Жеребе тарту арқылы ойынды қай топтың бастайтын анықтаймыз. Әр кезең 10 сұрақтан тұрады. Сұрақтарға толық жауап берілген жағдайда қақпа ашылады. Үш қақпаны да ашқан топ алтын сандықтың сұрақтарына жауап береді. Алтын сандықтың сұрағына жауап берген топ жеңіске жетеді.
- Ойынның шарты түсінікті ме? Түсінікті болса, ойынымызды бастайық. 
«Тас қақпа» Жедел сұрақ тар (Әр топқа 5 сұрақтан қойылады).

І топқа

  1. Шәкәрім қай жылдары өмір сүрді? (1858-1931)

  2. Абай меншәкәрімнің туыстығы (Шәкәрім- Абайдың немере інісі)

  3. Алғашқы өлеңінде қай жәндік туралы айтты? (жұлдызқұрт)

  4. Поэмаларын ата «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Ләйлі-Мәжнүн», «Нартайлақ-Айсұлу»

  5. Шәкәрімнің қаншаға жуық өлеңдері бар? (20-ға жуық)

  6. Шәкәрім қандай музыкалық аспаптарды жасайтын шебер болған? (домбыра скрипка)

  7. Шәкәрімнің «Адамдық  борышың»  өлеңі  Абайдың  сендер  білетін  қай  өлеңдеріне ұқсайды? («Әсемпаз  болма  әрнеге», «Ғылым  таппай  мақтанба?»  өлеңдеріне)

ІІ топқа

  1. Шәкәрімнің лақап аты (Мұтылған)

  2. «Қалқаман-Мамыр» поэмасы қай жылдар болған оқиғаға негізделген? (1823ж. «ақтабан шұбырынды»)

  3. Шәкәрім қандай тілдерді жеттік білген? (араб, парсы, түрік, орыс тілдерін білген)

  4. Шәкәрім қандай өнер түрлерімен шүғылданған? (домбыра тарту, гармонда ойнау, ән салу, саятшылық құру сияқты өнерлермен шұғылданған)

  5. Шәкәрім қандай ортада өсіп, кімнен үлгі алды? (оның әкесі Құдайберді –Құнанбайдың Күңке атты бәйбішесінен туған. Әкесі Құдайберді 1866 жылы дүние салған соң, Шәкәрім атасы Құнанбайдың тәрбиесінде және Абай ағасының қамқорлығында болады)

  6. Ақын адам болу үшін, ең алдымен, көп еңбек ету керектігін қай өлеңінде бса айтады? (Адамдық борышың)

  7. «Әділ-Мәрия» романы қай жылы жазылды? (1923ж.)

«Күміс қақпада» тапсырмасы «Толықтыру тестісі»

  1. Шәкәрім Меккеге қажылыққа барғанда ... кітапханасында болды. (Стамбул)

  2. ...шығыс аңызы желісімен шығарылған дастан («Ләйлі-Мәжнүн»)

  3. Шәкәрімнің бойында ..., ..., ... сияқты қасиеттер болған (ән айту, гармонда ойнау, саятшылық құру, қолөнермен айналысу)

  4. Орыстың ұлы ақын-жазушылары ..., ... шығармаларын қазақ тіліне аударды. (А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой)

  5. «...» өлеңінде абай өнегесін үлгі ете отырып , адам болу, азамат болу білім арқылы келетінін айтады. («Жастарға»)

  6. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін нотаға ...түсіріп алған. (Затаевич)

  7. Абай үшін «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» болса, Шәкәрім өлеңді ... балап, оның таза болуына мән береді. (күміске)

  8. Айттырып қойған жігітін менсінбеген Еңлік Кебекпентабысып, екеуі қол ұстасы, елден жырақ жерде ... жартасты мекендейді. (Қара)

  9. Нысан абыздың айтуы бойынша «биік қабақ, сұрлау қыз»- ... . (Еңлік )

  10. Қалқаман мен Мамыр арғы тегі ... жандардың ұрпағы (бір аталас)

«Алтын қақпа» тапсырмалары.

Бірінші тапсырма «Ойлан тап, тап» деп аталады

Мақал-мәтелдерді шәкәрім өз шығармаларында өз қалпында тұлғасын өзгертпей қолданған. Ал кейбіреулерін өзінше өңдеп өзгерткен. Ақын өлеңдерінен үзінді оқылады. Оқушылар сол үзіндіден қандай мақалды меңзеп тұрғанын табады.

  • Мал да аяулы

Жан да аяулы болса егер,

Малды аяма

Жаның үшін малды сат.

Жан да аяулы,

Жар да аяулы болса егер,

Жанды аяма жарың үшін жанды сат. (Малым –жанымның садағасы, Жаным - арымның садағасы)

  • «Байдың малы болады бір торандық»,

Бәрінен адал еңбек еткен озар. (Байдың малы бір жұтық)

  • «Дерт жасырған ажалсыз өледі» деген. («Ауруын жасырған ауырмай өледі»)

  • Орынсызды істеуге өлгенше ұял,

«Ұят күшті өлімнен» дегендей –ақ. («Өлімнен ұят күшті»)

  • ...Карта ойнаған кісідей күнде ұтылып... («Жығылған жан күреске тоймас»)

  • Еңбекке шыда, ебін тап та,... («Сабырдың түбі сары алтын»)

  • «Болса да аузы қисық байдың ұлы»

Бақаның көп мал беріп қызын алған. ( «Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін» )

  • «Сақтықта қорлық жүрсес» деген бар ғой,

«Сақтанбасаң артқыға сөз боларсың» («Сақтықта қорлық жоқ»)

Екінші тапсырма «Қара сөзге айналдыр» деп аталады. Берілген үзіндіні қара сөзбен айту.

ШӘКӘРІМНІҢ  АЙТҚАНЫ

 Адамдық борышың –

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта, оны біл.

Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз,

Өнерсіз,

Болады ақыл тұл.

Мақтанға салынба

Мансаптың тағы үшін.

Нәпсіңе билетпе

Басыңның бағы үшін.

Өмірді сарп қыл өлгеніңше,

Жоба тап,

Жол көрсет,

Келешек қамы үшін.

Қайтадан қайрылып

Қауымға келмейсің.

Барыңды,

Нәріңді

Тірлікте бергейсің.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсын –

Шын бақыт,

Осыны ұқ,

Мәңгілік өлмейсің!


Халқыңа адал еңбек етіп, тура жолдан айнымай, арыңды сақтап, білім мен өнерге талпынсаң – адамдық борышың осы. 
«Қызметім өсті»,- екен деп мақтанып, өз басыңды ғана ойлаудан аулақ бол! Өле-өлгенше өміріңде жол көрсетер, жөн білетін адам болуға тырыс. 
Адам бұл өмірге қонақ сондықтан да өз білгеніңді өмірден үйренгеніңді басқалармен бөліс, болашақ өміріміз үшін көрген-білгеніңді үйрет, аянба. Өзіңнен кейін үлгі-өнеге болар сөзің қалса, шын бақыттың өзі осы. 

Адамның борышы-халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтарданаулақ болу.

Екі топтың үш қақпадан жинаған ұпайлары есептеледі. Жеңіске жеткен топ «Алтын сандықты» ашады: «Сатылай кешенді ой қорыту» стратегиясы бойынша ақын туралы бар білетіндерін қорытындылау





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!