Шәкәрім Құдайбердіұлының Қалқаман-Мамыр поэмасына сатылай кешенді талдау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шәкәрім Құдайбердіұлының Қалқаман-Мамыр поэмасына сатылай кешенді талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Шәкәрім Құдайбердіұлының Қалқаман-Мамыр поэмасына сатылай кешенді талдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шәкәрім Құдайбердіұлының Қалқаман-Мамыр поэмасына сатылай кешенді талдау


1.Жанры поэма: жанры


2.Авторы: Шәкәрім Құдайбердіұлы


3.Идеясы: мөлдір махаббаты, бұл ескі қазақ өмірін суреттеу арқылы трагедиялық тағдырлар туралы сыр шертетін поэма. Негізгі идеясы қос ғашықтың басынан өткен қасіретті, сүйгенімен қосыла алмауы, салт сананың, дәстүрдің сақталуы, қос ғашыққа үстемдік жүргізу.


4.Шығарманың композициялық құрылысына талдау.


1.Сюжеттің басталуы


Автордың баяндауы.

Өткен іс — ойға күңгірт, көзге танық,

Көрмесе де білгенге бәрі қанық.

Мың жеті жүз жиырма екінші жыл

Қазақтың Сыр бойында жүргені анық

Әнет бабаң Арғынның ел ағасы,

Әрі би, әрі молла, ғұламасы.

Орта жүзге үлгі айтқан әділ екен,

Сол кезде тоқсан беске  келген жасы.


 


2.Сюжеттік байланыс.


Қалқаман мен Мамырдың бір-бірін ұнатуы, бастаңғы жасауы, сөз байласуы.


Мамыр жылқы бағады күндіз барып,

Тымақ киіп, қолына құрық алып.

Қалқаман Мамырменен малда жүріп,

Біраз сөз сөйлесіпті, кез боп қалып.

Жігіт сонда қызға өзін сүйдірмекке,

Асық болса оны да күйдірмекке —

Жұмбақ-мысал сықылды бір сөз айтты,

Көңіліндегі мақсұтын түйдірмекке.


 




3 Шығарманың дамуы, шиеленісуі.


Мамырдың біреуге айттырылуы.


Ей, Қалқаман, аңғалсың аңқылдаған,

Біржолата келген жоқ Мамыр саған.

Тағдыр бізді қоспады, айып етпе,

Ертең құда түседі біреу маған.


Кеше білдім төбемнен ұрғандығын,

Құдалықтың дап-дайын тұрғандығын.

«Бүрсі күннен кешіксең жауап жоқ» деп,

Сол еді сөз ишарат қылғандығым.


 


4 Шығарманың шарықтау шегі.


Екі жастың серттесіп қалуы, Мәмбетай мен Тобықты руының жанжалдасуы.


Тобықты, Қанжығалы, Бәсентиін,

Атығай, Қарауылмен бәрі жиын.

Бабаң хабар айтқан соң ел жиылды,

Сүйтсе де сөз аяғы болды қиын.


Мәмбетей жатып алды ырық бермей,

«Қалыңмал ал, біт» деген сөзге көнбей.

«Қалқаман мен Мамырды өлтірмесе,

Кетеміз,– деп,– бабаңды тіпті көрмей».


 


5 Шығарманың аяқталуы


Мамырдың аянышты өлімі, Қалқаманның елден кетуі.


«Қалқаман, аман бол!» – деп көзін ашты,

«Алла» деп алақанмен бетін басты.

Қоштасып қасындағы қатындарға

Опасыз бұл жалғанға амандасты.

Солай Мамыр қайтыс болады,,,,

Соны айтып қамшы басты күрең атқа,

Қуса да жеткізбепті жамағатқа.

Ұлы жүз Еділбайда нағашысы,

Жөнелді соған қарай – Бұхар жаққа.

Қалқаман сол кеткеннен кетіп қалды,

Халқына Әнет бабаң хабар салды.

Жаз шыға «Қалқаманды іздейміз» деп,

Тобықты ат жаратып дайындалды.



Қортынды автор сөзімен аяқталады


Тұқым бар Қалқаманнан осы күнде,

Шын болса, Ұлы жүздің жүр ішінде.

Өздері Еділбаймыз десе керек,

Білмейді кейінгісі бізді мүлде.


Бар болса Қалқаманның нәсілдері,

Оқыған осы өлеңді талапты ері.

Осында кеп, туысқан – Олжай, Бәкең,

Семейпалат облысы – тұрған жері.


 5 Кейіпкерлерге дараланып талдау жасау, сипаттама беру.

Басты кейіпкерлер

 Поэмадағы Қалқаман мен Мамыр бейнесін талдау.


   Мамыр – поэмадағы басты қаһарман. Ол шынайы бейне, ауылда еркекшора болып өскен байдың қызы. Әйтсе де ол әке даңқымен бой түзеген ақылсыз да жан емес. Өзін қаншалықты еркін ұстап, қарына құрық іліп, жігіттермен қатар жылқы бағып жүрсе де, оның бойында қазақ қыздарына тән нәзіктік те, ибалық та, саналылық та байқалады.


Мәмбетей өсіп, өнді бара-бара,

Сол таптан бір бай шықты жеке-дара.

Сол байдың он бес жасар қызы Мамыр

Әрі сұлу, әрі есті, еркекшора.


   Қалқаман – поэманың басында батыр күйінде кездеспейді. Оның бойында толысқан ақыл мен ерекше батылдық бар. Қалқаманның туған елінен кетіп қалуы- сол кездегі әділет жолындағы күрестің бір түрі. Шарасыздықтан туған қарсылық әрекет.


  Әнет баба мен Көкенайдың бейнесі.


   Әнет баба бейнесі – ішкі иірімдері мол трагедиялық сипаттағы бейне. Шығарманың басында ел ағасы, әрі би, әрі ғұлама кейпінде таныстырылатын дана қарт  бұдан кейінгі Қалқаман мен Мамыр арасындағы ғашықтық хикаясы төңірегіндегі тартыстың тікелей басы-қасында жүреді.


   Поэмадағы күрделі кейіпкер- Көкенай. Дастандағы трагедиялық жағдайлар, кісі өлімі, ел ішінің дау – дамайы тікелей Көкенайдың қолымен жасалады. «Мамырды өз қолымен атып өлтірген, Қалқаманды оққа шалған  Көкенайды «ұнамсыз кейіпкер» деп айту қиын,-дейді М.Мағауин. – Ол да өз заманының перзенті, рулық  мораль  сақшысы.»


Жанама кейіпкерлер

Орта жүз ханы Сәмеке хан,Олжай,Мәмбетей т.б

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.04.2024
298
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі