Жалпы мақсаттар
|
а) салалас құрмалас туралы түсінік бере
отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және
негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана
отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін
арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге
баулу;
б)
Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
|
Міндеттер
|
Сөйлеу дағдыларын дамыту. Өз ойларын дәлелдей
білуге, өзара бірігіп жұмыс жасай білуге үйрету. Бір-бірін тыңдауға
тәрбиелеу.
|
Сілтеме
|
Оқулық «Қазақ тілі»
8-сынып.
|
Қолданылған материалдар
|
Оқулық, стикерлер, слайд,
үлестірмелі текшелер, сөзжұмбақ.
|
Оқу формалары, технология,
әдістер
|
Топтық жұмыс, «Бірге табайық»,
«Брейн ринг», «Аукцион» ойыны, түсіндіру, сұрақ-жауап,
талдау.
|
Барысы
|
І.Ұйымдастыру
кезеңі
|
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
Құрмалас сөйлемнің түрлері
сұралады.
«Артығын тап»
Берілген сұрақтардың жауабында артық сөздерді
табады.
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Психологиялық дайындық
|
Оқушыларға сұрақ қоямын:
|
Сұраққа жауап береді
|
Сыныпты топтастыру
|
Текшелерді таңдау арқылы топқа
бөлінеді
|
Оқушылар тоқпа бөлінеді:
1-топ:
«Саясат»
2-топ: «Нұрлы
жол»
3-топ:
«Болашақ»
|
ІІ.Ой
қозғау
|
«Бірге табайық» ойыны
Сұрақтар қойылады, жауаптарының алғашқы әріпін
ұяшықтарға жазып, сабақтың тақырыбы анықталады.
-
Біржанмен айтысқан айтыскер қыз
кім!
-
2015 жылы ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері
кім?
-
Ешкінің баласын қалай атаймыз?
-
Қазақтың бас ақыны кім?
-
Әліпбиде М әріпінен кейін қандай әріп
орналасқан
-
Тіл білімінің негізін салған
кім?
-
Уақытты көрсететін құрал.
|
Оқушыларсұрақтарға жауап береді, жауаптарының
алғашқы әріпін ұяшықтарға жазып, сабақтың тақырыбы
анықтайды.
|
Білу
|
Тақырыптың мазмұнын ашу.
Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік
беру.
|
Салалас құрмалас сөйлем туралы
түсінік алады.
|
Түсіну
|
Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары
тиянақты болып,өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің
түрін салалас құрамалас дейміз.
Мысалы:
Айгүл аттан түсіп еді,су
қайта таязданып қалғандай екен.
Жер қара,күн жылы кезінде
бұл қалада болған адам өзен ортасындағы арал орманды жақсы
біледі,өйткені қаланың тұрғындары жазғы демалыс күндерінде бұл
араға қауырт келеді.Салаластың құрамындағы бірінші
жай сөйлемдерінің баяндауыштары (түсіп
еді,біледі) екінші жай сөйлемдерінің
баяндауыштары сияқты (таязданып қалғандай
екен,келеді) тиянақты,сондықтан олар тең
дәрежеде (салаласа) байланысып
тұр.
Құрамындағы жай сөйлемдер екі түрлі жолмен
байланысады:
1.Құрамындағы жай сөйлемдері көбіне жалғаулық
шылаулар арқылы байланысады.
2.мағыналарының жақындығына қарай іргелес
тұрып,,интонация арқылы байланысады.
|
Оқушылар сөйлемге синтаксистік
талдау жасау арқылы ережені өздері табады.
|
Қолдану
|
Жаттығу жұмыстары орындалады.
|
Оқушылар дәптерлеріне жаттығу
жұмыстарын орындайды.
|
Сергіту сәті:
|
«Аукцион» ойыны
өткізіледі.
Сұраққа көп жауап берген оқушы жеңімпаз
болады
|
Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап
береді.
|
Талдау
|
Синтаксистік, морфологиялық талдау
жүргізіледі
|
Әр
топ өздері жеке-жеке талдау жұмысын жүргізеді.
|
Жинақтау
|
Берілген мақал-мәтелдердің екінші сыңарын өздерің
ойлап тауып,салалас құрмаласқа айналдырып
жазыңдар.
Еңбек ерлікке жеткізер,............. Көз
қорқақ,........... Еңбек түбі-береке,.........
Қоянды қамыс өлтіреді,....... Көп қорқытады,
......... Жалғыздың үні шықпас,....
Атаның баласы болма,...... Ат
аяғынан семірер,.......... Ұста пышаққа
жарымас,....
|
Мақал аяқтайды.
|
Бағалау
|
Сабақтан алған
әсерімен кері байланыс арқылы
бөліседі.
Кері байланыс: «Алма» ағашы – сабақты меңгеріп,
жеміс алғаны; «Бәйтерек» ағашы –сабақтан алған әсері; «Тікенек»
ағашы – жағымсыз эмоция.
|
Бір-бірін, өз-өзін бағалайды. Сабақты меңгерсе
«Алма» ағашына алма-стикеріне, жақсы әсер алса «Бәйтерек» ағашына
жапырақ-стикеріне, ал жағымсыз эмоцияда болса «Тікенек» ағашына
төрт-бұрыш-стикеріне жазып, кері байланыс
қалдырады.
|
Бағалау
|
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды старостамен
бірге бағалау
|
|
Үй тапсырмасы
|
142-жаттығу
|
|
ІІІ.
Рефлексия
|
«Білетінім», «Білгенім», «Білгім
келеді»
|
Стикерлерге сабақ жайлы пікірлерін
жазады.
|