Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Салауатты өмір салты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Салауатты өмір салты»
Тақырыбы: «Салауатты өмір салты»
Сабақтың мақсаты: оқушыларды жаман әдеттен сақтануды үйрету.
Білімділік: оқушыларымыздың салауатты өмір салты жайлы білімін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру керек екендігін балаларға түсіндіру. Жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдікпен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау.
Дамытушылық: өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелеу: өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа,әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кір тасы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды екі топқа бөлу. І-топ «Денсаулық»,ІІ-топ «Шымыр».
Кіріспе сөз:
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды Н.Ә Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы,Отанның сенімді тірегі».
Адам денсаулығына әсер ететін факторлардың
53%- cалауатты өмір салтына
20%-тұқым қуалаушылыққа
17%-қоршаған орта жағдайларына
10%-денсаулық сақтау мекемелеріне байланысты
ІІ. «Солай болған». Оқушылардың ойларын тыңдау.
-
Оқушылар жұмбақ кейіпкерлердің әрекеті дұрыс па?
-
Сен жұмбақ кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?
-
Қазір оған қандай ақыл кеңес бергент дұрыс деп ойлайсың?
-
Кейбір адамдар неліктен темекіге, ішімдікке әуес болады?
-
Зиянды нәрселерден қалай бас тартуға болады? ІІІ. Пікерлесейік
Келесі бөліміміз жағдаяттар (слайд)
1-жағдаят
Бір күні сені жан досың бір отырысқа ерітіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің. Сені бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досың да солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әрекетін байқамапсың. Осы жағдайда сен не істер едің? Қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба? Өз шешіміңмен бөліс.
2-жағдаят:
Сыныптан жаңадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратынын білдіңіз.
Бұл жағдайдағы сіздің іс-әрекетіңіз қандай?
3-жағдаят:
Сен ағаңмен өте татусың. Бір күні ағаңның жанқалтасынан бір қорап темекі тауып алдың, оған айтып едің ол әке-шешеңе айтпауын өтінді. Сенің әрекетің?
IV. Салауатты өмір салтының ұстанымдары.
V. Шығармашылық. Суреттерге қарап әңгіме құрыңыз.
VI. Есептейік
VII. Қорытынды
Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» - депті. Сонда Сократ: «Байлықта , атақта, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. «Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ол денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізгі- салауатты болашақ» деп бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Салауатты өмір салты тәрбие сағаты
Сабақтың
тақырыбы: «Салауатты
өмір».
Сабақтың
мақсаты: оқушылардың бойына салауатты
өмір салтын
дарыта отырып, зиянды
әдеттерден аулақ
болуды түсіндіру, насихаттау.
Білімділігі: жаман әдеттерден туатын
аурулар туралы
білімдерін жетілдіру.
Дамытушылығы: өмірге, адамзат
ұрпағына деген
аяушылық сезімін ояту,
аурудың
алдын алуды
үйрету. Мамандық иелері туралы
түсініктерін кеңейтіп, олардың
қызметіне байланысты
сауаттарын дамыту.
Тәрбиелігі: тәні де, жаны да таза,
әрі сау болашақ
ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекілігі: диаграмма, тірек-сызба, суреттер, буклет, нақылсөздер, кітап
көрмесі.
Әдісі: баяндау, сұхбат, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Қазақстан Республикасының әнұранымен ашу.
Кіріспе сөз: Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің
елдігін танытатын
бүгінгі ұрпақ
қандай болуы
керек?
Адам
баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай
«нашақорлық», «ішімдік», «темекі»
торына бейкүнә
жандар ілігіп, дүние салып,
аурулардың азабын тартьгп
жатыр.
Ал
осы
зияндылармен күресу оңайға түсер емес.
Халықтың
салауатты өмір салтын
қалыптастыру үшін «Салауатты
өмір салты»
кешенді бағдарламасы, сондай-ақ Денсаулық сақтауды реформалау
мен
дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік
бағдарламасы аясында
шаралар кешені
іске асуда.
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында
көрсетілген өзекті мәселелердің бірі — салауатты
өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
Салауатты
өмір сүру дегеніміз не?
Ол
—
әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос
уақытты тиімді
пайдалану. денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы
тамақтану. зиянды
әрекеттерден аулақ
болу.
Ал
зиянды әрекет дегеніміз
–
қазіргі таңда етек алған, адамдарды жуадай
солдыратын дерттер: маскүнемдік,
темекі шегу
және нашақорлық. Бұлар адам
баласының өзі тілеп
алған айықпас дерттері.
Негізгі
бөлім:
Қазақ
елі
сонау кеңес үкіметі тұсындағы «шаш ал десе
бас
алатын» саясат, зиялы
қауымды құрту, аштық, қуғын-сүргін, соғыс, жер мен
елді тоздырған тың
көтеру, экология
апаты, желтоқсан зардабы
тағы да басқаларын басынан
кешірді. Осы
апаттардан да қауіпті, адамды, сананы, есті
жаулаған қасірет тым
ауыр да азалы.
Қазақ
халқының
сөз байлығында «арақ»
деген сөз болған емес. Олар
қымыз бен
шұбат ішкен.
Сонда да әдемі тойлы
ауыл, алтыбақан, жарасымды жастар
әні, ойын түрлері мәнімен орын
алған.
Көрініс. «Қымыз бен
арақтың
айтысуы»
Ал
нашақорлық
неден басталады?
Сана-сезімі
уланған, өзін, отбасын, туғанын ұмытқан, жауапкершілікті сезінбейтін
ақыл-естен айырылған жан нашақор
деп
аталады. Дозаны
қабылдамаған жағдайда қабағы қатулы жан
есірткіні қолданғаннан кейін
жайдарлы, көңілді болып
шыға келеді. Көп өрімдей жастар
осы
аурумен ауырып, өмірден өтуде, азып
кетуде, енді
біреулері кеш
түсініп бармағын тістеуде.
Көрініс: «Нашақордың
мұңы»
Біздің
бүгінгі оқушылар енді
бірер жылда
ертеңгі үлкен маман
иелері, жарқын болашақты сеніммен құратын жастар. Сөз кезегін салауатты
өмірді насихаттайтын
маман иелеріне берейік.
Эколог:
Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі
заттары тек
денсаулыққа әсер етіп
қоймайды, сонымен
қатар экологияға да кері әсерін тигізуде. Мысалы: темекіде
никотиннен басқа улы заттар,
шаң, күйе болады. Олар
ауаға таралып ең алдымен ағзаға зиян келтіреді, екеуі
де
атмосфераны ластайды. Кейде
темекі тарту. ішімдік
ішу
өрт, жарылыс сияқты апаттарға әкелуде.
Демограф:
Дүние жүзіндегі қандай да болмасын
ұлттың
дамуына, табиғи
өсуіне темекі, арақ, есірткі, СПИД-ВИЧ
жұқпалы аурулары
кері әсерін тигізуде, Қанша адамдар
осылармен жақын жүрудің
нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші
бір
адамды өмірінен айыруда. Көп отбасында сәбилер жарымжан, ақыл-есі төмен күйде дүниеге келуде. Жетім
балалардың саны көбеюде.
Психолог:
Мектеп жасында
шылым шегетін, арақ ішетін оқушылар ештеңемен
шұғылданбайды, сабақ
оқымайды, қоғамдық
жұмысқа қатыспайды, елеусіз
жүреді. Жоғарғы сынып оқушылары өздерін «үлкен адамбыз»
деп, ешкімге бағынышты емес
екенін көрсеткісі келеді. Мұндай оқушылар ұмытшақ, ұғу қабілеті
төмен
болады, бет-әлпеті табиғи
өңінен айрылады.
Тарихшы:
Біз
тарихта спиртті
ішімдіктерді сатуға
тыйым салудан
нәтиже шықпағанын білеміз. Мысалы: 1914
жылы Ресейде, 1917
жылы АҚШ-та спиртті ішімдіктерді
өндіруге тыйым
салынған еді. Нәтижесінде спирттік
өнімдерді өндіру, сату
баюдың
бір
жолына айналды.
Дәрігер:
Шылым
шегу - зиянды
әдет, ағзаны улайды. Адам
шылым шеккенде
зиянды заттар
ағзаға өтіп, өкпеге қонады. Темекі
мен
оның
түтінінде адам
ағзасына зиянды
ең
улы
никотиннен бастап
200-дей
химиялық заттар кездеседі. Бетіне
әжім ерте
түседі, шашы
сирейді, саусағы сарғыш тартады, тісі
бұзылады, терісінің қасиеті
кемиді.
Алкоголъ
-
адамды уландыратын
зат. Ол әртүрлі химиялық
қосылыстардан тұрады, егер
оны
көп мөлшерде пайдаланса, сол
адам ағзасын біртіндеп уландыра бастайды.
Алкоголь дәм сезу
мүшелеріне, ас қорыту мүшесіне, нерв
жүйесіне, миға әсер етеді.
Көп мөлшерде қолданса, адам
өліп кетеді.
СПИД
қанның
кұрамындағы иммунитетке жауап
беретін түйіршіктерді өлтіреді, сол
жерде көбейеді. СПИД-пен
ауырған адам пневмония, менингит
ауруларына шалдығады. Нашақор көп есінейді, көзінен жас
ағады, терлейді, тәбеті төмендейді, денесі
қалшылдап, ұйқысыздық
басып, салмағын жоғалтады.
Бәрі бірге:
Бүгініміз бар
жарқын,
Ертеңіміз
бар
айқын,
Асырайық бірге
Салауаттылықтың
даңқын.
Ән: «Өз елім»
Біз
өз білімімізді әркез шыңдап, өскелең
шақта кандай да жағдайда әлемдегі окиғаларды, жаңалықтарды біліп, естіп
жүруіміз керек. Сендердің назарларыңа «Сен білесің
бе?» айдарын ұсынамын.
1. Шылым шегуден
жылына 25 млн. адам
өледі.
2. Әр шылым
адам өмірін 12 минутқа қысқартады.
3. Шылым шегетіндердің 80%-ы өкпе ауруымен
ауырады.
4. Қазақстанда 393
мың
-ВИЧ-пен ,76
мың
СПИД пен
ауырады.
5. СПИД-пен
ауыратындардың дені жастар.
6. Шектен тыс
шай
мен
кофе ішу
де
-
есірткінін бір
түрі.
7. Қазақстанда темекі
тартатындардың саны 5 миллион.
8. Қалаларда
есірткінің құрбаны болған 7-8
жастағы балалар тіркелуде.
Қорытынды бөлім: «Ойқозғау»
1. Қоғамда «Мемлекет
қазынасына миллиондаған пайда түсіреді, зияндылардың денсаулыққа пайдасы бар» деген кереғар пікірлер бар? Соған дәлелдеме қандай?
2. Қазір
арақ, темекі баспасөз бетінде, теледидарда
жарнамадан түспейді? Оның орнына ауыл,
қала көшелеріне не ілуге
болады? Көзқарасың
қандай:
3. Салауаттылық салтын болашақ
өмірде қалай ұстанасың?
Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай
азамат болып
өскендеріңе байланысты. Ертеңгі
күн әрқайсысың
мемлекетті құрайтын адам,
әр мамандықтың
иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар Сол
қызмет барысында
халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан
жаман әдеттерден аулақ
болып төзім, табандылықпен білім
сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты
азамат болып, қазақ
елінің
жарқын болашағын кұрайтын жастар
болып өсе беріңдер.
Ауырып ем
ізденгенше,
Ауырмаудың жолын ізде.
Бірінші
байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер
жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз.
Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз.
Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде
бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп
көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.
“Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас
ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай
барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен
соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық,
ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен
көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…”
Тәннен жан артық… Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе…
кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен
тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым
болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге
сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым
болмайтын көкірегің үшін.
Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені
үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект
өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді
десек қателеспейміз.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік
деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан
Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың
денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Ел Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді
басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән
әл ауқаты” тармағында,“…азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін
сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін”
азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі
көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз
осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы
мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу
басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын
ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар
жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.
“Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін
айтылмаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық
және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың
денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі
құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық,
ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша
халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз
денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта
ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің
негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему
салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы,
жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген
уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс
туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь
пайдалану, нашақорлық көп таралуы.
Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: “Денсаулығың
мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны еш нәрсемен
ауыстыруға болмайды.”
Құрбы - құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып
жатқан жаман әдеттерге кінәлі - адамдардың өзі. Осындай жат, жаман
әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып,
адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз
нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып
болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық,
СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл
түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын
насихаттайық.
Ей замандас,
алдыменен досыңды ұқ.
Досың спорт, таза ауа, өсімдік.
Ала жүріп, осылардың сыйлығын –
Жаңа ғасырға біз берейік
көріктік.
Халықтың
денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың
кепілі.
Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», яки болмаса
«Денсаулық – терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің
нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын
айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да «Ауырып ем
іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тән саулығын қоршаған
орта аясында дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер
жасап отырған.
Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі
күшті дәрігерлер де «Денсаулық деген не?» деген сұраққа әлі
толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай келеді. Қолымызда тек ВОЗ
(дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қалыптастырған анықтама бар.
Бұл бойынша Денсаулық – жан, тән және адамның әлеуметтік жағдайының
қоңдылығы. Байқап отырсаңыз жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс
қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән
берілген.
Жуырда ғана өткен дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген
сөзінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы –
ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп тағы да
айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын
істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті.
Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл
бөлу.
Екінші: халықты қол жетерлік және саналы медициналық көмекпен
қамтамасыз ету.
Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту.
Осы бағыттама аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі
індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұсынбаған
мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс
бітірмек!
Жастар – болашағымыздың алтын тірегі. Жастар арасындағы нашақорлық
пен маскүнемдіктің алдын алу үшін мен мынадай деректер мен
цифрларды ұсынғым келіп тұр.
Жасыратыны жоқ бүгіндері елімізде осынау қауіпті нашақорлықпен
айналысатындар саны өсіп барады. Есірткінің медициналық-әлеуметтік
проблемалары республика орталығының мәліметіне қарағанда, бұл
кеселге тәуелді болғандардың саны 250 мыңнан асады екен. Ал 1,5
млн-дай адам нашақорлыққа бейімділік сәтінде отпен ойнағандай
әрі-сәрі күй кешуде. Әсіресе кәмелетке толмағандардың әлгіндей
қатерлі дертке әуестене түсуі қатты ойландыруы тиіс. Міне,
сондықтан да қоғамымызда ертеңгі болашағы үшін мұндай тағылымды
шаралардың өткізіліп тұруы ғанибетті іс болмақ. Жылына БҰҰ-ның
сараптауы бойынша есірткінің негізгі массасы 65% Орта Азия арқылы
өтеді, ал Қазақстан арқылы жылына 150 тонна өтеді. Қазақстан
Республикасы бойынша 47 мың адам есірткіні қолданатындар тізімінде.
Қазақстан жерінде жеңіл есірткіден гөрі өте улы түріне көбірек
сұраныс болып жатыр. Республикадағы есірткіні көп пайдаланатын
нашақорлар саны қарқынды өсіп келе жатқан қара дақтар. Мысалы:
Теміртау қаласында 9 ай ішінде 633 нашақор бар екені анықталып, 111
заңды бұзғандықтан істері сотта қаралған. Өз облысымызда 20 мың 732
нашақор, 637 СПИД ауруына шалдыққандар тіркелген. Осылардың 48%-ы
қылмыскерлер.
Тағы да айтарым, өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз
денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайды
қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты
медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша
ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады,
насыбай атады, салынып арақ ішеді. Мысалы: К-деген гипертониямен
кісі жағдайы бақуат бола тұра өз (денсаулығына) кеселіне бір тиын
жұмсағысы келмейді, тек үкіметтің қаражатына иек артқысы келеді.
Кейбір аналарымыз қонақ келгенде көл-көсір дастархан жасап, ал өз
денсаулығына аса қажет анемияға қарсы бір дәріні де сатып алып
ішкісі де келмейді. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше,
ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз
жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. Себебі бұл қаражат
халықтікі, әрбір салық төлеушінің үлесі екенін ұмытпағанымыз
жөн.
Жас кезінен аурушаң болған Поль Брегг «Өзіңді өзің жасай біл» деген
қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге
деген құштарлығының арқасында барлық ауруларды жеңіп, денсаулығы
мықты болып өмір сүрген. Ия, кіснің болса да денсаулығы өз қолында.
Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды.
Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм,
халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі
тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың
пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын
бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде
тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін
жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс
пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын
қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.
Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны
жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар – темекі
тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың
орнына қымыз бен қымыран іш, темекі тартудың орнына таза ауада
көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени
көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды
тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа
салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына
бір келетін оразаны тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс.
Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ.
Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек.
Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар
бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр
үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін
өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы,
көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.
Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина
қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас
денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл
әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана
қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып,
иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ
болашақтың жарқын кепілі
болмақ.
Салауатты өмір салты
Жарияланды 3-05-2014, 21:33 Категориясы: Өзін өзі тану
Тақырыбы: Салауатты өмір салты
Мақсаттары:
Білімділік: оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру
үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін
дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіре отырып қорытынды жасай білуге
дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді,
ұстамды, өзін - өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде
қалыптастыра отырып салауатты өмір салтына баулу.
Көрнекілігі: слайд, видео, плакат.
Жабдығы: компьютер, интерактивті тақта, үнтаспа, ватман, фломастер,
стикерлер.
Әдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, талдау, пікірлесу,
тренинг.
Түрі: дәстүрлі емес
Формасы: шығармашылық - ізденушілік, зерттеушілік.
Эпиграф: «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың
негізі»
Н. Ә. Назарбаев.
Барысы
1. Мұғалім: Құрметті қонақтар, «Салауатты өмір салты» атты 10
сыныбында өтілетін ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі
сабағымыздың дәйексөзі ретінде Елбасының мына сөздері алынды: «Ұлт
денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі». Сабағымыздың
мақсаты ұлт денсаулығы табысты болашақтың негізі екенін жан - жақты
талдап түсіну және салауатты өмір салтына дағдылану. Әдеттегідей
сабағымызды шаттық шеңберінен бастайық.
Шаттық шеңбері. Тренинг «Әлемге денсаулық!». Оқушылар жүректерге
тілек жазып глобусқа жапсырады. Хормен «Әлемге денсаулық тілейміз,
болашаққа денсаулықпен бірге барайық!».
2. Ойланайық, пікірлесейік. Сұрақтар:
Слайд №1. Неліктен мына адам тынықса да шаршағаны басылмайды?
Слайд №2. Мына суретке қарап темекі туралы не айтасыңдар?
Слайд №3. Темекінің зиянын біле тура неліктен адамдар шылым
шегеді?
Слайд №4. Алкоголь мен сәбидің арасында қандай байланыс бар?
Слайд №5. Мына сурет сендерге қандай ой салады?
Слайд №6. Ішімдік адамды қандай жағдайға ұшыратады?
Слайд №7. Мына сурет қандай ой салады?
Слайд №8. Алкоголь мен суицидтің байланысы қандай?
Сабағымыздың келесі кезеңі оқушылардың шығармашылығы, тақырыпқа
байланысты қосымша мәліметтерді тыңдайық.
3. Шығармашылық жұмыс. Оқушылар жұмыстарын қорғайды.
Ермек: Қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың
санасы мен өмірін уландыратын ауыр кеселдің бірі – маскүнемдік,
араққұмарлық. Ішімдіктің зияны: Ішімдік ішетін адамда ең алдымен
қуаныш сияқты жеңіл сезім пайда болады. Сосын бас ауруы, көздің
сүзілуі, өзін бақылай алмау, жүру қиындығы, тепе - теңдіктің
сақталмауы, жерге құлау әрекеттері орын алады. Ми, жүйке, бауыр,
бұлшық ет, ткань сияқты органдардың қызметі бұзылады, көз қимылының
үйлесімі бұзылады, аяқ алысы ебедейсізденіп қисалаңдайды, тілі
күрмеледі. Ақыл кемиді және дұрыс естімейді. Басқа адамдармен
қатынас жасалып, жыныстық аурулар тарайды. Ми қабығын
ұйытатындықтан адам өзін билей алмай, билік ішімдіктің қолына
өтеді. Қарындағы алкоголь 2 минуттан соң қанға өтеді. Қан оны
организмнің барлық клеткаларына таратады. Ең соңында есінен
айрылады. Материалдық залалымен қоса дененің ауруларға қарсы тұру
қабілеті кемиді. Ішкіш адамдарда дін, отбасы, бала, отан, ұлт
сүйіспеншілігі деген болмайды. Ұялу сезімін жоғалтатындықтан ең
намысты адамдардың өзі адамгершілікке жат қылықтар жасайды.
Алкоголь ішімдіктерін ішу үлкен күнә. Алкоголизм әдет емес, ол -
ауру. Алкоголизм - организмдегі үрей мен жарымжандықты сипаттайтын
ауру. Организмге сіңген алкоголь бірден жойылмай, оның зиянды әсері
1 - 2 тәулікке дейін сақталады. Сондықтан күн сайын жарты литрден
жүзім шарабын немесе сыра ішкен адамдар ұзақ уақыт алкогольмен
уланған хәлден айыға алмайды. Сырада алкогольден басқа, көптеген
көмірсу болады, ол лезде майға айналады. Сыраны көп ішетін адам
денесінің толықтығын денсаулық белгісі деуге болмайды. Бұл - зат
алмасудың бұзылуы туралы берілген сигнал. Алкоголь ішу зиянды, оның
кез келген мөлшері - у! Өкінішке орай Қазақстан ішімдікті тұтынуда
әлем бойынша алғашқы бестікті құрап отыр.
Айгерім: Шылым шегу арқылы оның құрамындағы улы заттар ауыз және
өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі:
никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі
түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар
бар. Заттардың ішіндегі бәріне белгілісі – никотин. Ол өкпеден
қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз
әсерін тигізеді. Никотин – у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда: тамыр
соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың
жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам
бозарып кетеді. Темекіде смола заттарының көп мөлшері болады. Ол
заттар шылым шеккенде дене мүшелеріне жеңіл түрде өтіп кетеді.
Егерде адам күніне бір пачкі сигарет тартатын болса оның өкпесіне
700 гр смола түседі, оның құрамында 100 - ге жуық әртүрлі
канцерогендік заттар (қатерлі ісік тудыратын заттар) бары
анықталған. Темекі түтінінің радиоактивті заттары өкпе талшығында,
сүйек мүжігінде, лимфа түйіршіктерінде, ішкі бездерде жинақталады
да айлап мейлі жылдап, ұзақ уақыт бойына сыртқа түзіліп шықпай,
өздеріне сай зиянды әсерлерін жалғастыра береді. Темекі
радиоизотоптарынан әсіресе полоний - 210 және қорғасын - 210
қатерлі ісіктерді тудыратын ең басты улы заттар болып табылып отыр.
Бұл заттар темекі шегушілердің генетикасын зақымдайтын ең негізгі
себептер. Адамды 200 рет рентгенге түсіргенде денеге өтетін
радиациялық мөлшерді, адам күніне 20 сигарет тарту арқылы - ақ
қабылдап жатады. Тақырыпқа байланысты сұхбат жүргізген болатынмын.
Экранға назар аударайық.
Толғанай: Дұрыс тамақтану мәдениеті. «Ауру астан» деген қанатты
сөзді айтып кеткен бабаларымыз ас - ауқатына баса мән бергені
белгілі. Осы заманғы медицинада әр түрлі ауруларды емдеу тәжірибесі
мол, ол жөнінде бір дәрігер «адамның денсаулығымен біз
айналыспаймыз, әр адам өзінің денсаулығына өзі жауапты» деген екен.
Біз өзіміздің тамақтануымызда нені өзгерте аламыз? Тиімді
тамақтанудың мәні - тағамдардың дұрысын таңдау. Салауатты өмір
салтын қалыптастыру қызметі тамақтану пирамидасын ұсынады. Жуырда
Украинаның бір топ тамақтанушы - ғалымы ең қауіпті азық - түлік
түрлерінің рейтингісін жасап шығарды. «Ондыққа» енген тағамдар
улануларға, аллергиялық реакцияларға жиі себеп болады екен.
Дәрігерлердің айтуынша, бәрі де мөлшерге байланысты. Шамадан тыс
желінген кез келген тағам денсаулыққа зиян. Ағзамыз үшін ең қауіпті
тағам түрлерін білу - әрбір адам үшін маңызды. Дәмді деген астың
өзі күтпеген жағдайларға алып келуі мүмкін. Расында да, Біздің
ағзамызға қандай азық - түлік қауіпті? Мектеп оқушыларынан
сауалнама жүргізген болатынмын. Тамақтану режимін сақтайсыз ба?
деген сауалға 25% кейде, 60% пайызы үнемі, 15% сақтамаймын деп
жауап берді.
Ақпар: Денсаулық - адам өміріндегі басты құндылық. «Бірінші байлық
- денсаулық» деп халық тегін айтпаған. Адам мықты денсаулықтың
арқасында өмірде кездесетін ауыртпалықтарды жеңуге, қабілет -
дарынын дамытып, шығармашылық деңгейге көтеріле алады. Сондықтан
денсаулыққа саналы қарап, спортпен шұғылданып, уақытында
тамақтанып, дене ахуалының бабында болуына жағдай жасау керек.
Спортпен шұғылданбайтын адам аурушаң болып келеді. Аурушаң адам
толыққанды жұмыс істей алмайды, өзінің сүйікті кәсібімен айналыса
алмайды. Ал дені сау адам еңбекке қабілетті болады. Жастар, болашақ
мамандар әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес,
жалқау, тәрбиесіз болса, мемлекет қашан да әлсіз, қорғансыз.
Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел
дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп айрықша
атап өтті. Сондықтан біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа
байланысты. Дені сау адам өмірдегі ең бақытты адам. Ендеше,
денсаулықты нығайту, ширақ, жігерлі, сымбатты өсу әрбір адамның өз
қолында. Баршаңызды спортпен айналысуға шақырамын! Біздің мектеп
оқушылары салауатты өмір салтын барынша ұстануда. 70% спорт
секциясына, 30% би үйірмесіне қатысады.
Альбина:
“Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін
жағымсыз әрекет – ол нашақорлық”
Н. Ә. Назарбаев.
Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, үй
айналасын торып, ғасыр індеті жүр. Бұл індеттің аты – нашақорлық.
Халқымыздың денсаулықты байлық пен басқадан да жоғары қоюынан - ақ
оның қадірі қаншалықты екенін білуге болады. Осындай баға жетпес
байлықтың қадірін түсінбей, өз өміріне өз қолдарымен балта шауып
жүрген жандар қаншама! Абайдың сөзімен айтқанда: “ Тамағы тоқтық,
қайғысы жоқтықтан” азады. Есірткі қазіргі таңда көп түрі кездеседі
мысалы: марихуана, кокаин, морфин, LSD, героин және тағы басқа
түрлері адамның миына, психикасына, орталық жүйке жүйесіне қатты
әсер етіп, рухани және физикалық тепе – теңдікті бұзатын зиянды
заттардың бірі. Нашақордың есірткіден улануы оның бүкіл психикасы
өзгереді. Біріншіден, жүйке жүйесін бірден улайды, елтіріп
жібереді, ақылмен істейтін жұмыстардан бас тартатын болады, өмірге
қажетті барлық жұмысты орындауға ынтасы, белсенділігі пәс болып
тұрады, енжар өмір кешеді. Тіпті, жеңіл - желпі науқастанған
нашақорларды емдеудің өзі күрделі екен. Сондықтан да олардың көбі
мидың қабынуынан, жүрекке салмақ түсудің салдарынан қайтыс болып
жатады. Есірткі адам психикасына өте қатерлі. Нашақордың есіл -
дерті қайдан болса да есірткі заттарды тауып ішуде болады. Ең
қатерлісі – нашақор есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан бастап,
тіпті жақын адамын өлтіруден де тайынбайды. Ойы тұнық, санасы таза
ұрпақ қана еліміздің көсегесін көгертіп, ілгері дамуына үлес қоса
алады. Бұл туралы Елбасының өзі де халыққа жолдауында сан мәрте
айтып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттермен
күресуге шақырып келеді. «Өмір» атты кемеде тұңғиыққа батпай,
шексіз - шетсіз ғарыш кеңістігінде бізге аманат еткен тәуелсіз
мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік
көтерейік достар! Статистика: ШҚО - да 2013 жылғы мәлімет бойынша
3446 нашақор тіркелген. Қазақстан бойынша 1991жылы 11000 адам, 2000
жылы 38000 адам, 2010 жылы 50000 нашақор тіркелген.
Айжан: «Тәтті ұйқы – тән шипасы». Атақты Шопенгауер «Сағат үшін
оның серіппесін бұрап жүргізу қандай қажет болса, адамға ұйқы да
сондай қажет», дейді.
• ұйқыға ертерек жатуға дағдыланған жөн. Ағзаны бір мезгілде
ұйықтауға үйрету – денсаулыққа өте пайдалы. Ерте жатып, ерте
тұрудың ағзаға өте пайдалы екенін ғалымдар жиі ескертеді;
• Мамандардың жатар алдында жылы сүт ішуге кеңес беретіні бар.
Себебі, сүт құрамында қажетті амин қыш¬¬қылы кездеседі.
• Кешкі асты барынша аз ішу керек. Өйткені, тамақ толық қорытылуы
үшін 3 - 4 сағат уақыт қажет. Ащы, тәтті тағамды кешкі асқа
қолдануға болмайды.
• Ұйықтар алдында ауа тазартып алғанның да маңызы жоғары.
Жалпы алғанда, адам – өзінің сапалы әрі ұзақ ғұмыр кешіруіне өзі
ғана себепші бола алады. Статистика: Ұйқы режимін 42% кейде, 50%
үнемі, 8% сақтамаймын деп жауап берді.
Асель: Адам аз қозғалып, қимыл белсенділігі азайғанда бұлшықеттер
семіп гиподинамия ауруы пайда болады. Гиподинамия — аз қозғалу,
жеткiлiксiз қимыл белсендiлiгi.
Негізгі белгілері (симптом):
- Әлсіреу;
- Жүрек соғысының және пульстің тез соғуы;
- Қан қысымының жоғары болуы;
- Қажығыштығу, тiптi ептеген жүктемелерде;
- Эмоционалдық тұрақсыздық, күйгелектік.
Ағзаға әсері:
- Сүйек ұлпасының құрамында кальций төмендейдi, ұйқысыздық, жабығу
пайда болады. Өзім қозғалыс - өмір негізі деген қағиданы ұстанамын.
Адамды белсенді қозғалысқа әкелетін би өнерін жақсы көремін. Би
өнер ғана емес спорт түрі деп те санаймын. Ұзақ жасаймын десеңіздер
үнемі қозғалыста болып қимыл белсенділігіңізді азайтпаңыздар!
Экранға назар аударайық.
4. Сергіту сәті. Бой жазу.
Мұғалім: Шығармашылық жұмыстарыңа, ізденістеріңе рахмет. Өздеріңе
қажетті ақпарат алдыңдар деп ойлаймын.
5. Ақпарат. Келесі кезекте қосымша ақпарат. Зиянды әдеттердің
салдары. Экранға назар аударайық (бейнефильм).
Мұғалім: Адамның өз денсаулығына жауапсыздығы осындай ауыр
зардаптарға әкеледі, мұны еш уақытта ұмытпаңдар! Жалпы бұл жеке
адамның немесе отбасының ғана емес, қоғамдық, мемлекеттік
деңгейдегі проблемалар. Денсаулық кез келген мемлекеттің басты
назарында. Өйткені дені сау ұлт - ел болашағы. Елбасымыз да бұл
бағытта көрегенді де салиқалы саясат жүргізіп отыр. Экранға назар
аударайық (видео).
6. Елбасының жолдауы (видео).
Салауаттылық – біздің таңдауымыз! (видео)
7. Тыныштық сәті «Табиғатпен үндесу». (Баяу әуен ойнап тұрады).
Мұғалім: Денелеріңді түзу ұстап ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең
жұтып, еркін тыныс алыңдар. Бақытқа, махаббат пен шаттыққа толы
таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер (оқушылар
көздерін жұмып бақытқа бөленеді).
8. Қорытынды. Осы айтылғандарды ой - електен өткізіп қорытынды
жасаңдар. Бұл қорытындыны «Денсаулықтың кепілдері және денсаулықтың
жаулары» атты диаграмма түрінде көрсетіңдер. Оқушылар екі топқа
бөлініп постер қорғайды.
Мұғалім: Бүгін денсаулық тақырыбына арналып көп мағлұматтар
айтылды. Бұл саладағы білімдерің кеңейіп өзгелерге де ақыл - кеңес
беретін дәрежеге жеттіңдер деп ойлаймын. Мектебіміздің оқушыларына
арнап тәрбиелік әсері мол үндеу жазуларыңды сұраймын.
Балалардың үндеуі.
Шығармашылық жұмыс. Жоба. Үндеулерін сәтті, мағыналы шықты. Енді
осы үндеуді жүзеге асыру үшін қандай жоба ұсынар едіңдер?
1 топ: Темекі шегуді болдырмаудың жолдары;
2 топ: Ішімдікті шектеудің жолдары.
Мұғалім: Шығармашылық жұмыстарыңа рахмет.
Тренинг «Сиқырлы сатушы».
Мұғалім: Бүгін бізге сиқырлы сатушы қонаққа келіпті. Бойымыздағы
кемшілігімізді қағазға жазып сиқырлы сатушыға берсек орнына қымбат
құндылық сыйлайды.
Сиқырлы сатушы: Рахмет, достарым. Сендерге осындай қымбат
құндылықтарды сыйлағаныма қуаныштымын. Сау болыңдар!
Оқушылар: Сау болыңыз сиқырлы сатушы, сізді асыға күтеміз!
Тренинг «Менің көңіл күйім». Сабақтан алған әсерлеріңді бұлт немесе
гүл таңдау арқылы білгім келеді.