Материалдар / Салауатты өмір салтын қалыптастыруда денсаулық технологиясының маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда денсаулық технологиясының маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2021
458
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1маусым- балаларды қорғау күні.


Жүргізуші: Құрметті де сүйікті балалар мен ата-аналар, қонақтар! Бүгін халықаралық Балаларды қорғау күні! Бұл мерекені дүниежүзі тойлайды.

Құдайға шүкір, қазақ жерінде соғыс, апат, қиыншылықтар жоқ. Сонда да біз үлкендер сендерді неден сақтап, қорғаймыз? Сол айтқан жаманшылықтарды болғызбаудан қорғаймыз, сендердің өмірлеріңнің қызықты да, мағыналы болуына күш саламыз. Мерекелерің құтты болсын, балалар!

Балалардың бақшасында бүгін той!

Балаларды қорғау күні, біліп қой.

Алақай-ау, алақай.

Той тойлайық, балақай.

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық, балақай.


Нұрқадам: Жасыл көктем, сен көктем

Келді, гүлмен, өрнекпен.

Ел бақытты, мерейлі.

Балалары әндеткен.


Толғанай: Гүлмен келсін келер күн,

Бала-бағы бар елдің,

Балалардың күлкісі,-

Көркі, сәні әлемнің!


Әділет: Отан біздің анамыз,

Әлпештеген, өсірген,

Өмір нәрін аламыз,

Оның нұрлы төсінен.


Салтанат: Күнге жетем десең де,

Күлімдеген, қостаған.

Күнде еркелей берсең де,

Мейірбанды дос саған

Отан біздің кең пейіл-

Гүл бағына ұқсаған.


Жүргізуші: Ақ көгершін бибітшілік белгісі. Көгілдір аспанға самғап көгершін дүние бетіндегі балаларға қуаныш пен махаббат сыйлайды. Ал енді, көгершін туралы әнді тыңдаймыз.

Алтынай: Ар-нысан бір, үні бір,

Аға-ардақты, іні-гүл.

Бақыт туын көтерсін,

Балалардың күні бұл.


Ауез: Жүреді олар арман боп,

Тұрады олар маржан боп,

Балаларды бақытты

Аналарда арман жоқ.


Нұр: Ән көмейден құйылды,

Қайғы бұлты шегінді,

Балалармен дүние

Көрікті де, көңілді.


Жүргізуші: Мағыналы ой мен әсем әуезге бай қазақ әндері қандай! Қазақ халқы өлеңдерінде бейбітшілікті, бақытты, туған өлкесін жырлайды. Солардың бірі – «Атамның ақ үйі» өлеңі. (Әні С. Тұрсынбаевтікі).

Жүргізуші: Бүлдіршіндердің арманы- үлкейіп есейіп кету.

Дана: Қашан кісі боламыз

Осы, үлкен кісілер,

Бізді қашан түсінер?

Жасар болсақ бірдеңе

Ол – үлкеннің ісі деп.


Нұрым: Өткен жылда баламыз,

Осы жылда баламыз,

Сонда қайтсек үлкейіп,

Қашан кісі боламыз?


Нұрлыбек: Тойымызға сән берер,

Би де билей аламыз.


Жүргізуші: Қыздар орындауында «Қытай биі» (Муз. Ким Янь).

Жүргізуші: Сүйікті балалар, бүгін сендердің тойларың- жер бетіндегі балалардың достық мерекесі. Енді тамашалайтындарың өзбекше би «Ясмин» .

Жүргізуші: Балалардың достығы алаулаған кемпірқосақ сәулелеріндей жер бетін жылытып тұр.

Назерке: Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәріміз де баламыз.

Бір қалады тұрамыз,

Бір мектепке барамыз.


Диана: Ақ, қара деп бөлмейміз,

Бір жылы туған төлдейміз,

Туысқанбыз, татумыз.

Биіктерге өрлейміз.


Жасұлан: Біз-балдырған тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан

Тілегіміз-бейбіт күн,

Ашық болсын көк аспан.


Жүргізуші: Күн дидарлы грузиядан да қонақтар келіп қалыпты. Грузин халқының биі «Лезгинка» орындалады.


Жүргізуші: Бәріміздің- үлкен болсын, кіші болсын, тілегіміз бір, ол-бейбітшілік пен ынтымақ. Сондықтан ендігі кезекте «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайық.


Суретші (балалардың арасынан шығып): Құрметті балалар! Есенбісіз қырмызы гүлдей жайнаған балапандар? Мерекелеріңіз құтты болсын! Мен сендердің жақсы сурет салатындарыңды білейін. Сондықтан бір сәт бәрің суретші болыңдар. Қайда саламыз? Жерге түрлі-түсті борлармен әдемі де әсем сурет салыңдар. Балалар бояу бромен сурет сала бастайды.

Суретші: Ал, мен сендердің салған суреттеріңді көрейін. Ой, қандай тамаша! Қандай өнерлі балалар?! Сыйлыққа сендерге қажет болатын қаламдар әкелдім.

Ал, балалар, тұрмайық,

Әндетейік, жырлайық,

Қарап тұрмай жан-жақта,

Қол ұстасып билейік.

«Маленькая страна» әуенімен балалар би билейді.


Бүгін мейрам, бүгін той

Қуанышты күн біліп қой!

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.


Бақыт бастан кетпесін

Жамандық қуып жетпесін.

Әсем күлкі жүзіңнен

Өмір бойы кетпесін.











«№5 жалпы орта білім беру мектебі» ММ «Күншуақ» шағын орталығы




1 маусым-балаларды қорғау күні









Жасақтаған ересектер тобының тәрбиешісі:Достыгулова Жамиля





Мұнайлы 2021 ж
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!