Шалкиіз жырау. "Би ТЕмірге"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шалкиіз жырау. "Би ТЕмірге"

Материал туралы қысқаша түсінік
әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

Дананың сөзі – ақылдың көзі


Педагогтың аты-жөні:

Ражанова А.К.

Күні:

18.10.24ж.

Сынып:8Б

Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны



Сабақтың тақырыбы:

Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.1.2. 1 - әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

Сабақтың мақсаты:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.



Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Қызығушылықты ояту

Оқушылар «Қазақ хандығы» киносынан Шалкиіз жыраудың дүниеге келген кезін, сол кездегі заман көрінісін көрсетеді.

Оқушылар кинодан алған әсерімен бөліседі. /7-бөлім 10:36 - 14:42/






Интербелсенді тақта

https://www.zharar.com/kz/olen/10311-temir.html



2.Топқа бөлу










Мұғалім 4 оқушыны таңдап алып тақтаға шығарады. Музыка ойнап тұрады, музыка тоқтағанша оқушылар жылдам өз тобын жинайды. Тақтаға оқушыларды бір-бірден шығарулары керек. Оқушылар сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен танысады.

3.«Миға шабуыл»

Оқушылар жырау мен жыршыға қатысты сөздерді тақтаға кезекпен жазып шығады.

Жырау

Жыршы





Сабақтың ортасы

Мағынаны тану

1-тапсырма «Еркін жауап» стратегиясы ТЖ.

Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша Шалкиіздің өмірі туралы оқып келеді. Топтар таратылған сұрақтарға ауызша жауап береді.


1-топ.

- Шалкиіздің өмірі туралы не білесің?

- Қай бидің ақылшысы болған?

2-топ.

- Жырау әскери жорықтармен қай жерлерді аралайды?

- Қазақ ордасына қашан оралады?

3-топ.

- Толғау дегеніміз не? Жыраудың би Темірге арнаған неше толғауы бар?

- Жыраудың басқа қандай толғауларын білесіңдер?

4-топ.

- Шалкиіз шығармалары алғаш қағаз бетіне қашан түсті?

- Шалкиіз шығармалары қай тілдерге аударылған?


Мадақтау сөздер


2-тапсырма.

Көздеген мақсатымызға жету үшін алдымен пафос түрлерін анықтамалары бойынша сәйкестендіру.


2-тапсырманы орындайды.

Жауабы

1ұсыныс, 1тілек

Слайд, үлестірмелі қағаз

Идея мен пафос туралы еске түсіру.

Идея – шығарманың негізгі ойы.

Пафос - құлшыныс, құштарлық, асқақтық, қуатты сезім мен терең шабыт.


3-тапсырма. Оқушылар толғаудың идеясы мен пафосын анықтайды.

Толғау идеясы: Би Темірге ақыл қосу, жол көрсету.

Толғау пафосы

Би Темір алдында “Алдаспаным өзіңсің, Сұлтан ием, сенің қағбамсың” деп, “бетегеден биік, жусаннан аласа” күйінде иба, инабатпен кішік көңілде толғап отырған жырау бірте-бірте қызынғандай шарт сынып, шамырқана түседі. «Жапырағын жайқалтып, Терек етсе, Тәңір етті дей отырып, Би болсаң, халықтың арқасында деген ойларға жетелейді. Ал келесі үзіндіде жырау дауылпаздай даңқты Темірге жүрегі шіміркенбестен “Сен кім едің” дегендей өктем тіл қатады.

Толғаудың ұзын-ырғасына көз жіберіп, барлап шыққанда нені байқауға болады? Сөз жоқ, жырау ойының жүйелілігі. Ой, пікірін сатылап дамытып, қисынды қиюластыруында, орнықты аяқтауында мол парасат пен шешендік шешім байқалады. Ол жыраудың өзіне дейінгі өрісті ойларды мол меңгергендігін танытады. Яғни, пафосы – лирикалық.


Кері байланыс

Жұмыс дәптері


3-тапсырма.

Толғау пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдау.


Оқушылар жұмыстарын орындап болған соң дұрыс жауаппен салыстырады.



Мадақтау

















Үлестірмелі қағаз, жұмыс дәптері

4-тапсырма.

1.Толғаудағы мәселелерді анықтау.

2.Мәселе неге өзекті? деген сұраққа жауап беру.

3.Мәселе бойынша өз көзқарастарын толғаудан үзінді келтіре отырып дәлеледеу.

Ықтимал жауап.



Шындығында, жырау әр уақытта да халықпен бірге, сондықтан халық рөлінде өзін қойып отыр. Яғни «Меннің» түкпірінде халықтың «біз» деген ұғым жатқанын аңғарта отырып, «Жоғары қарап оқ атпа, себебі сенен жоғарыда тұрған халық» дегені дәлел бола алады.






Оқулық

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

3Қ әдісімен кері байланыс алады.



Оқушылар үй жұмысын жазып алады.Кері байланыс береді.










































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2024
234
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі