Пән:
«Автомобильдердің құрылымы»
Тақырып:
Салқындату жуйесі құрылымы және
жұмысы.
Сабақты өткізу әдісі:
BOPPPS.
КІРІСПЕ БӨЛІМ.
I.
BRING IN (БА ЙЛАНЫС КӨПІРІ):
Жоғарыдағы суреттердің
қызметі қандай және автмобильдің қай жүйесінде
қолданылады?
I I
.OUT
COMES (КҮТІЛЕТІН
НӘТИЖЕ):
- Салқындату жүйесіндегі кездесетін ақауларды
анықтау.
- Салқындату жүйесінің анықталған ақауларды
жөндеу.
- Жұмыс
кезінде техника қауіпсіздігі реттілігін орындау.
I I I .
PRE-ASSESMENT (АЛДЫН-АЛА
БАҒАЛАУ):
Графит қабырға техникасын
қолданды.
Қабырғаларда ілінген постерлерге жаңа тақырып бойынша
студенттер сурет ретінде салады.
IV.
PARTICIPATORY LEARNING (БЕЛСЕНДІ
ОҚЫТУ):
Джигсо
әдісін арқылы тақырыпты
меңгеру.
1-ТОП:
Термостат
2-ТОП:
Радиатор
3-ТОП:
Антифриз
Система охлаждения двигателя. Устройство и принцип
работы.mp4
Салқындату жүйесінің
жұмысы
Салқындату жүйесі қозғауыштың
қалыпты жылу режимін біркелкі ұстап, реттеу арқылы аса қызатын
бөлшектерді салқындату қызметін атқарады.
Себебі цилиндр ішінде жанған
газ жылуы тұтасқан механикалық жұмысқа ауыспай, біраз бөлігі
двигатель бөлшектеріне беріледі де, олардың температүраларын едәуір
көтеріп жібереді. Егер осы жылуды сол бөлшектерден алып кетпесе,
онда олар өте қызып, алғашқы механикалық, беріктік қасиеттерін
жоғалтады. Сейтіп істен шығуы мүмкін.
Поршеньнің жұмыс жүрісі
кезінде, жану процесінен белінген жоғарғы жылу, белшектердің
тікелей жанасатын бөліктерін тез қыздырады (цилиндрді, цилиндр
қалпағы, поршеньдер, клапандар). Цилиндрде жанған жанармай жылу
энергиясының 20-35%-ы мотор белшектерін қыздыруға жұмсалады. Егер
осы қызған бөлшектерді салқындатпаса, бөлшек бетіндегі май күйіп,
қатты қызған бөлшектер керіліп, қысылады және тез үйкелістен
қажалады. Сондықтан тез қызып кетуге жол бермес үшін, қызған
беттерді салқындатып отыру қажет. Егер мотор жеткіліксіз
салқындатылған болса, мотор жоғары энергия ала алмайды, жанармай
шығыны артады, ал бөлшекгер майдың жеткіліксіз болуынан тез
қажалады.
Қозғауыштың жұмыс
температурасы 80-95 0С
1-ТОП:
Термостат
Салқындату жүйесін
жіктеу
Қозғалтқыш жұмыс істеген кезде
цилиндр ішінде жанған отын 1800-3000 градусқа дейін қызады,
газ цилиндрлер қабырғасын, поршень мен блок қалпақшасын қыздырады.
Салқындату жүйесі қызған бөлшектерді салқындату үшін
қажет.
Іштен жанатын қозғалтқыштарда
артық жылуын шығаруды сұйықпен немесе сыртқы ауаның көмегімен
жасанды түрде салқындату арқылы жүзеге
асырады.
1-радиатор өзектері,
2-вентилятор, 3-радиатор пердесі, 4-жоғарғы бак, 5—радиатор
қақпағы, 6—бу шығаратын түтік, 7—жоғарғы келте түтік,8,9—мотордың
блогының су тысы, 10—төменгі түтік, 11—төменгі бак, 12—ағызу
шүмегі, 13—бу-ауа клапаны, 14—термостат, 15—термометр, 16—сұйық
бөлу каналы, 17—насос, 18—су түтігі.
5.1 – сурет – Сұйықтық
және ауамен салқындату жүйелері.
2-ТОП:
Радиатор
Қозғалтқышты сұйықпен
салқындату
Қозғалтқышты сұйықпен
салқындату ең көп тараған әдіс. Сұйық ретінде суды немесе төменгі
температурада қататын антифризді
пайдаланады.
Сұйықпен салқындату
жүйесіне:
- блок пен цилиндрлер
қалпақшасын салқындататын су тысы,
- радиатор және
өзектері;
- су
насосы;
-
желдеткіш;
-
термостат;
- сондай-ақ қосалқы құрылғылар
(су тарататын канал, жалғастырғыш шланг, ағызу шүмегі және сұйықтық
температурасының көрсеткіші) жатады.
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған
кезде салқындату жүйесіндегі судың ықтиярсыз алмасуы ортадан тепкіш
су насосы арқылы пайда болады. Ортадан тепкіш су насосы радиатордың
төменгі бағындағы суды сорып, қысым күшімен мотордың су каналына
айдайды да, мұнда ол цилиндрлер қабырғаларын
салқындатады.
Қозғалтқыштарда көбіне жабық
салқындату жүйесі қолданылады. Радиатор нығыз жабылады да, тек
қысым өте жоғары немесе өте төмен болғанда ғана бу клапаны арқылы
сыртқы атмосферамен қатысады. Оларда сұйықтықтың булануы шамалы
ғана болады және судың температурасы жоғары болады. Сұйықтықтың
жоғарғы температурасы қозғалтқыштың жұмысына қолайлы әсер
етеді.
3-ТОП:
Антифриз
Сұйықпен салқындатылатын
жүйенің құрылысы
Радиатор. Мотордың салқындату
жүйесіндегі радиатор жоғарғы және төменгі бактардан, өзектен және
бекіткіш бөлшектерден тұрады. Өзектер жылуды жақсы өткізуі және
суды тез салқындату үшін жезден жасалған. Жоғарғы және төменгі
бактар келте түтік арқылы мотордың салқындату тысымен жалғасады.
Төменгі бакта радиатордағы немесе мотор блогында суды ағызатын
шүмектер болады.
Суды жоғарғы бактың аузы
арқылы құяды, ол қақпақпен жабылған. Сұйықпен салқындатылатын
жүйеде қозғалтқыштың жылу тәртібі екі жақты ретке келтіреді:
перделі (немесе желбезекті) және
термостатты.
Желдеткіш және су насосы.
Желдеткіштер негізі екі түрге бөлінеді біріншісі механиалық және
электрлі. Механикалық желдеткіштің алты немесе төрт қалақшасы болады,
олар крестовинаға бекітілген, ал крестовина шкивке бұрап кіргізген.
Шкив ременьді беріліс арқылы иінді білікпен
айналады.
Электрлі желдеткіш арнайы су
температурасының жағдайына байланысты жұмыс
істейді.
Су насосының қалақшасы
айналғанда сырттан тебу күшінің әсерінен сұйықты блок корпусынан
термостатқа қарай айналдырады.
Су насосы блокқа бекітіледі.
Оның екі түтігі бар, жоғарғысы термостатпен, ал екіншісі
(төменгісі) радиатор түтігімен жалғасқан (сурет
5.2).
5.2 – сурет – ВАЗ 2101-07
қозғауышының су насосы
Термостат су температурасын
автоматты түрде реттеп, мотор іске қосылғаннан кейін оның тез
қызуын қамтамасыз етеді.
Сұйықпен салқындатушы
жүйелерде термостат, желдеткіш және радиатор болады. Желдеткіш
тұрақты айналып тұратын суыту жүйесі кіші және үлкен айналымда
жұмыс істейді. Сұйықтың температурасына байланысты термостат, кіші
немесе үлкен айналыммен моторды суытады. Үлкен айналымда сұйық
радиатор арқылы өтіп суыйды.
Сұйықтық 75-87 градус
аралығында термостаттың гофритті цилиндрі ашыла
бастайды
Сұйықтық температурасы
87-102 градустан жоғары термостат толық ашыла отырып, кіші
айналым жүйесін жауып, үлкен айналымды ашады насос – жылыту каналы
- термостат – радитордың жоғарғы бачогы - сердцевина – радиатордың
астыңғы бачогы - насос.
Желдеткіш электромотор арқылы
айналатын моторларда үш түрлі әдіспен
суытылады.
- кіші айналым - сұйықтық (87
градусқа дейін) термостат сұйықты радиаторға жіберетін түтікті
жауып қалады;
- екіншісі үлкен айналым -
термостат сұйықты (87-102град) радиатор арқылы өткізеді, желдеткіш
айналмайды;
- үшінші жағдайда (102 град.
жоғары) сұйық үлкен айналым арқылы суыйды, радиатордағы электрлі
датчик желдеткішті қосады.
V. POST-ASSESMENT (ҚОРЫТЫНДЫ
БАҒАЛАУ):
Мәселені шешу техникасын қолдану.
1-ТОП:
Термостат
Салқындату жүйесіндегі кездесетін ақауларды
анықтау.
2-ТОП:
Радиатор
Салқындату жүйесінің анықталған ақауларды
жөндеу.
3-ТОП:
Антифриз
Жұмыс
кезінде техника қауіпсіздігі реттілігін орындау.
VI. SUMMARY (ҚОРЫТЫНДЫ):
Кері
байланыс күнделігі.