Материалдар / «Салт - дәстүрім – асыл қазынам»

«Салт - дәстүрім – асыл қазынам»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Салт - дәстүрім – асыл қазынам» атты Наурыз мерекесіне орай 6 сыныпта өтккізілген тәрбие сағаты. Мақсаты: Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу. Жоспар: 1 Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңі оқылады; 2 «Қалау айту, шаш өру, үлпершек, аунату» салт –дәстүрлерінің көрінісі; 3 Қазақ биі; 4 «Наурыз – думан» әні.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2022
423
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АҚБББ «№25 ЖББМ» КММ



«Бекітемін»

Директордың тәрбие жөніндегі

орынбасары Н. Б. Кауһар

«__»___________2022 ж.




Тәрбие сағаты

«Салт - дәстүрім – асыл қазынам»



Тақырыбы: Наурыз мерекесі

Сынып: 6Б

Сынып жетекшісі: Алиева А. Г.



Shape1








Ақтау -2022ж.

Мақсаты:
Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу.

Жоспар:

1 Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңі оқылады;

2 «Қалау айту, шаш өру, үлпершек, аунату» салт –дәстүрлерінің көрінісі;

3 Қазақ биі;

4 «Наурыз – думан» әні.


I

Жүргізуші: 6 Б сынып оқушысы Қалмұрат Раисаның орындауында Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңі

Жақсы атанды демессің сүйем десем,
Табынатын тәңірім, ием десем.
Адам болып күн кешу қиын маған,
Арқа тұтып өзіңе сүйенбесем.

Сен менің сүйегім мен қанымдасың,
Жанымдасың, ұятым, арымдасың.
Саған деген махаббат дамылдасын,
Тек сенің топырағыңды жамылғасын.

Қазақстан, пай-пай!!!
Пай-пай Ардағым-ай!
Сен менің шолпанымсың жанған ұдай.
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай.



II

Жүргізуші:

6 Б сыныбының оқушылары қазақ халқының ежелден кеде жатырған салт- дәстүрлері «қалау айту, шаш өру, үлпершек, аунату» салт –дстүрлерін көрсетксі келеді. Олай болса, көріністі тамашалайық.


Қалау айту

Ұнаған жақсы жылқы немесе қандай да бір затты «Қалау айту» арқылы алуға болады. Үйге келгенде, өз қалауы туралы айту керек, бірақ алдымен үй иесіне немесе оның балаларына жақсы сыйлық жасауы керек.


Шаш өру

Қазақ қыздары тұрмысқа шыққанға дейін шаштарын бір өрімге өретін. Үйлену тойынан кейін келіндер қалыңдықтың өрілген шашын босатып оны екі өрімге өретін. Бұл оның жалғыздығы бітіп, енді тұрмыстағы әйел деген мәртебеге ие болғанын білдіретін.


Үлпершек

Үлпершек — әкелері өз қыздарына сарқыт ретінде беріп жіберетін тағамы. Бұл ата-аналар қызын жақсы көреді және оны қонаққа күтеді дегенді білдіреді. Оны жылқының жүрегінен дайындап, ұн салынған қапқа салып, бір айға қалдырады. Осыдан кейін оны дайындауға болады.



Аунату

Қазақтар қонақ отырған және түнеген жерге өз балаларын отырғызған. Сенім бойынша балаға бұл адамның дарындылық генінің бөлігі өтеді. Сонымен қатар «туған жерге аунату» дәстүрі де бар. Бұл — туған жерінен ұзақ уақыт бойы алыс тұрған адам отанына оралғаннан кейін жерге жататын дәстүр.



Сюжет: Жаздың күні. Ақшұқыр ауылы. Ағаш үй ішінде үй иесі, бәйбішесі ағарған ішіп отыр. Есік алдында үй иесінің немересі асық ойнап жүр.


Таңатар Іңкәр – үйдегі қыз.

Тулегенова Дария – жас келін.

Оразова Назира – бәйбіше.

Сейиткерим Рахман - үйдің иесі.

Жиенбай Құдайберген – үйдің немересі.

Лукман Нұрдәулет - атбегі.

Қонысбай Нұрмұхаммед - қонақ жас жігіт, атбегінің немересі.



Таңатар Іңкәр: Анашым, шашымды өріп беріңізші.


Оразова Назира – енесі қызының шашын өріп отырып: «Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» дегендей, көп әдепті де, тәртіпті де, тәрбиені де қазақтың салтынан үйренуге болады. Себебі, салт-дәстүр тұнып тұрған тәрбие. Қазақ қыздары тұрмысқа шыққанға дейін шаштарын бір өрімге өретін.

Үйлену тойынан кейін келіндер қалыңдықтың өрілген шашын босатып оны екі өрімге өретін. Бұл оның жалғыздығы бітіп, енді тұрмыстағы әйел деген мәртебеге ие болғанын білдіретін. Мен қызымның шашын бір өрімге өремін.

Жүргізуші: Осы уақытта Бейнеу ауылынан жас келіннің төркінінен ата-анасының аманат еткен үлпершегін жеткізіп, атбегі келеді.


Атбегі Нұрдәулет: Ассалаумағалейкум, Құдайы қонақпыз. Рахман Қажының үйі осы мекен? Біз немерем екеуміз Бейнеу ауылынан ат жарысқа ат қосып, келіп едік. Бейнеу ауылынан Нұрдәулет деген атбегі едім. Естуіңіз бар шығар. Құдаңыз қызына дәм аманат еткен еді. Сол аманат еткен үлпершекті жеткізуге келдім.


Үй иесі Рахман: Уағалейкумассалам! Дәл тауып келдіңіз. Төрлетіңіз. Алыстан ат терлетіп келген екенсіз - ақтан ала отырыңыз. Ия, Бейнеуде жаңадан құдаласқан құдам бар еді. Қазақтың салт – дәстүрінде көп мән - мағына бар. Құдайы қонақ болып келіп, аманат етілген үлпершекті жеткізгеніңізге мың алғыс.


Бәйбіше Назира: Қош келдіңіз!


Таңатар Іңкәр: Анашым, үлпершек деген не?


Бәйбіше Назира: Үлпершек — әкелері өз қыздарына сарқыт ретінде беріп жіберетін тағамы. Бұл ата-аналар қызын жақсы көреді және оны қонаққа күтеді дегенді білдіреді. Оны жылқының жүрегінен дайындап, ұн салынған қапқа салып, бір айға қалдырады. Осыдан кейін оны дайындауға болады.


Атбегі Нұрдәулет: Дәміңізге рахмет! Мына керегеде ілініп тұрған қамшыңызға көзім түсіп тұрғаны...


Үй иесі Рахман: Қалағаныңызды - алыңыз! Атбегі — бәйге атын баптайтын адам. Мұндай бапкерлер ата-бабасынан бері жылқыны қадірлеп, қасиетін білетін кісілер арасынан шығады. Нұрдәулет деген хас шебер баптаушы туралы естуіміз бар еді, немереме жұғысты болсын деп, аунатып алайыншы. Әй, Құдайберген, бері кел!


III

Жүргізуші: 6 Б сыны оқушылары Сарсен Динара, Сақтаберген Нұрай, Оразоа Назира, Парахатова Ләйлім орындауында Қазақ биі.


IV

Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй - деп, келесі кезекті ана туралы әнге берсек.


Наурыз – думан әні


(Әні: Т.Сарыбаев, сөзі: М.Мақатаев)

Наурыз, наурыз - күн игі

Күні игі жердің - түрі игі

Бауыры жылып науат-қар

Бабымен ғана жібиді

 

Наурыз, наурыз - күн игі

Күні игі жердің - түрі игі

Шашылып ырыс шанақтан

Шақырып бір үй бір үйді

Шаттанушы еді бір игі

 

Наурыз айы туғанда

Той болушы еді бұл маңда

Сақталушы еді сыбаға

Сапарға кеткен ұлдарға

Наурыз айы туғанда

 

Наурыз, Наурыз

Наурыз, Наурыз

 

Осынау игі кең жерге

Наурыз айы келгенде

Наурыз тойы болғанда

Келіп ем өмір орманға

 

Осынау игі кең жерге

Наурыз тойы келгенде

Көрмегендер де - арманда

Арманда - оны көрген де

Наурыз тойы келгенде

 

Наурыз айы туғанда

Той болушы еді бұл маңда

Сақталушы еді сыбаға

Сапарға кеткен ұлдарға

Наурыз айы туғанда

 

Наурыз, Наурыз

Наурыз, Наурыз

 

Наурыз айы туғанда

Той болушы еді бұл маңда

Сақталушы еді сыбаға

Сапарға кеткен ұлдарға

Наурыз айы туғанда

 

Наурыз, Наурыз

Наурыз, Наурыз




Әдет - ғұрып, салт - дәстүрі қазақтың,
Жарасымды, ұнасымды, ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.

Келгендеріңізге рахмет, сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ