Материалдар / Салт-дәстүр – ұлттың ұстанымы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Салт-дәстүр – ұлттың ұстанымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда көркем әдебиет шығармаларында салт-дәстүрлердің көріністерінен мысалдар келтірілген..
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2020
433
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Салт-дәстүр – ұлттың ұстанымы

Халқымыздың мәдениетінің бастауы салт-дәстүрлер. Салт-дәстүр - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез- құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-құлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.

Адам ақ пен қара арпалысқан өмірде жақсылы-жаманды күй кешеді, өмір дегенің де бір өкініш, бір күмән. Біреулер жарық жалғанмен қош айтысып жатса, бәзбіреулер өмір есігін шыр етіп ашуда. Ал осы екі аралықта адам баласының бастан өткеретін жайттары салт-дәстүрлермен астасып жатыр. Ұлтымыздың ұйытқысы болған салт-дәстүрлердің бірқатары Ә.Кекілбаевтың «Бір шоқ жиде» хикаятынан көрініс тапқан. Шығарманың басынан аяғына дейін қазақи салт-дәстүрлер орын алады. «Бір шоқ жиде» повесіндегі рухани мәдениетіміздің бір бөлшегі саналатын салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға тоқталсақ:

Садақа - қайтыс болған адамға берілетін ас. Садақада дүниеден өткен кісіге бағышталып құран сүрелері оқытылады.

Кемпіріне садақа шалатын ормарқаның ішегін айнадай қып тазалатады. Сөйткен шалдарды көрсе шақшасына жармасып, жастарды көрсе шылымына ортақтасып, кеңсеге барса шікірейіп қалпақ киіп, садақада басына орамал байлап, тақуа болып қырық құбылатын қу аяқ неме енді, міне, жоқ қараған қонақтан бір уыс бұйра насыбай олжалап, жөн сілтеп кемеңгерсіп отыр.

Барымта- байырғы қазақ қоғамындағы құн дауы, жесір дауы, жер дауы т.б. билер кескен құн мөлшерін айыпты жақ өтей алмағанда не өрістегі жылқыларды шауып, айдап алып кетуі. Енді сол «барымта» туралы этнограф- ғалым Ш. Уәлиханов: «Біз барымтаны қазақтың өз ұғымымен түсіндіріп көрейік. Қазақта барымтаға кейде заң жүзінде рұхсат етіледі. Ұрлыққа, тонауға, мал айдап кеткенге айып төленеді, ал барымтаға ештеңе төленбейді. Барымта дегеніміз – қайтарылатын қалың мал, төленетін құн үшін, құныкер адамның малын, немесе затын, жалпы өзгенің жеке меншігін тартып алу. Ертеде былай да болған-ды, күшті рулы қазақ өзінен әлсіз қазаққа кісі өлімі үшін, құн немесе тіл тигізіп қорлағаны үшін айып төлемеген, кісі өлтіріп құныкер бола тұра немесе кешірілмес қастық жасай отырып, сотқа шақырғанда келмеген де. Сонда ру мәжілісінің ұйғарымы бойынша, қорланған, зәбірленген адам барымта алуға аттанып, ауылын шауып, менменсіген әр көкіректі бас идіреді. Екі жақ келісімге келген соң, ешқандай айыпсыз, барымталанған малының шырқы бұзылмай қайтарылады.

Барымта тападай тал түсте, қажет болған жағдайда күшпен немесе жасырын түнде жасалады. Жасырын барымталанғанда үш күннен қалдырмай, егескен адамына мәлімдеп, не үшін жасалған себебін айту керек, өйтпеген жағдайда барымтасы ұрлық саналады.

Бір кезде қазақтың қай еркегі қолына найза ұстамап еді, қай қолына найза ұстаған еркек дұшпанның шашау шыққан жылқысын алдына сап айдап кетпеп еді. Барымтаға тәуекелі жетіп тұрған адамның алқалы жиын алдында бес алты ауыз сөз айтуға жүрегі дауаламаушыма еді.

Көрімдік – жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мүның маңызы алып, беруде ғана емес жақын – жуықтың адамгершілігін , ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қарастырылады. Байғазы мен көрімдік екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады. Шығармада көрімдік салты былайша көрінеді:

Омырау түймесін қайта салған Жаңыл артында жатқан қалы қоржынды өзіне қарай тартып, екі шабуына қызыл салып тіккен жайдақ жаға ақ көйлек пен бір түйіншек алып:

-Мынау, ерке қыз, кішкентайыңа тігіп әкелген көйлегім мен көрімдігім,- деп Зейнептің алдына тастады

Қазақ халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары қасиетті деп есептелінеді. Мысалы «Жеті жарғы», «Жеті қазына», «Бір тоғыз», «Үш тоғыз», «Қырықтың бірі қыдыр» деген қағидалар осы сандық ұғымнан пайда болған. Соның бірі баланы «қырқынан шығару» дәстүрі. Қырқынан шығару - сәби дүниеге келгеннен кейін қырық күн өткенде орындалатын ғұрып. Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен қырқынан шыққанға дейінгі алғащқы қырық күндік «өтпелі кезеңді» қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. Бала қырқынан шыққанша «сүт тырнағын», «қарын шашын» алмайды. Қырық күннен аман өткен нәрестені « қарақұлақтанды » деп қуанып, « қырқынан шығару» тойын жасайды. Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік, күміс сөлкебай сияқты заттар салып, қырық қасық таза су құяды. Қазақ ұғымында күміс - адалдықтың белгісі, күміс салынған су- ең таза су (арам су, уланған ас құйылса күміс ыдыс қараяды) боп есептелінеді және оған жын-шайтан жоламайды.

Күйеу жігіт пен ерке қыз, мынау қырқынан шықпаған жаман немені екеуіңе қара болсын деп алып келдім. Шал, кішкентай бүгін қырқынан шығады. Қарын шашын алмайсың ба?- дегені.

Сүндетке отырғызу – мұсылман болудың белгісі ретінде бес-тоғыз жастағы ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын діни ғұрып, дәстүр. Сүндет той – қазақ даласында ежелден сән-салтанатымен ерекше аталып өтетін, көптеген өзіндік жөн-жоралғылары бар той. Бар жақсысын баласына, ұрпағына арнағана қазекем құрсақтой, шілдехана, бесіктой, қырқынан шығару, тұсау кесерден кейін сүндет той жасаған. Сүндет той жасау бала қарақұлақтанып қатарға қосылғандығынан бастап ат жалын тартып мініп, азамат атанғандығының алғашқы белгісі саналады. Мұндайда бай-қуатты адамдар ат шаптырып, балуан күрестіріп, ұлан-асыр той жасаған. «Ашамайлы атқа міндің, Мұсылмандық таққа міндің, сүндетке отырғаның – иманды болғаның, тойын тойлап, думанды болғаның,» - деп баланың көңілін өсіріп, дәрежесін көтеріп бағады. Мысалы: Сүндет тойының қызығын да пішеншілер көрді. Мектеп бітіргендегі тойы да соларға бұйырды.

Құда түсу – қазақтардың ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан жақсы әрі жарасты дәстүрлердің бірі. Жігіттің әкесі немесе оның жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бойжеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. Оның түрі өте көп, мысалы: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр, т.б. ырымдар мен кәде алымдары болады. Құдалықты басқарып барған адам «бас құда» деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне «бауыздау құда» деп аталады.

Екі адам достықтары артып, туыс болғысы келсе, балалы болмай жатып, құда болып жатады. Бұндай құдалықтың түрін «бел құда» деп атайды. Ежелден келе жатқан құдалықтың тағы бір түрі – «бесік құда». Екі нәрестені бесікте жатқан кезінен айттырып қояды. Бесікте жатқан қызға сырға салу дәстүрі қалыптасқан. Қыз бойжеткенде, ұл жағы атастырып қойған қызға құда түсіп келеді. Бұл да үлкен тойдың бірі. Қазіргі кезде де осы салт-дәстүр ұмыт болмаған. Мұндай құдалықтың бір түрі – қыз бойжеткенде ұл жақ сырға тағып, құда түседі. Оны, әрине, қыз бен жігіттің келісімімен жасайды.

Күдері сол күні қонып, ертеңіне шай құйып беріп отырған бойжетіп қалған қыз баласына құда түсіп аттаныпты.

Біздің сөз еткеніміз салт-дәстүрлердің аз ғана бөлігі. Ал қазақтың тектілігін танытып, көрегендігін көрсетететін әлі де қаншама қасиетті дәстүрлер, жөн-жоралғы, әдет-ғұрыптар бар. Олардың барлығы - ұлтымыздың мақтанышы.

Ер жігітке жарасады озып шықса бәйгеден,

Қыз балаға жарасады алқа, шашпау, сәукеле.

Жоғалмасын дәстүріміз ұмытылмасын

Ата-баба көзіндей қылып сақтайық қазақ дәстүрін

- демекші, жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелейтін дәстүрлеріміздің ғұмыры ұзақ болғай!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!