Салт-дәстүр – ұлтымыздың рухани байлығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Салт-дәстүр – ұлтымыздың рухани байлығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Түбі бір түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының ата-бабадан келе жатқан ежелгі салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жайындағы баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Салт-дәстүр – ұлтымыздың рухани байлығы



Қазақтар ертеде көшпелі өмір салтын ұстанған дала халқы. Үнемі қоныстарын ауыстырып жаңа жерге көшіп отыру, кішкене топтарға бөлініп өмір сүру, ерте кезеңдегі өмірге, қоршаған ортаға, әлемге деген көзқарас, сенімдер қазіргі таңдағы қазақ халқының ерекше әдет- ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінің бірегей кешенін құрды. Олардың қалыптасып, орнығуына мыңдаған жылдар қажет болды. Сондықтан қазақ халқының тарихын, мәдениетін, ұлттық болмысын түсіну үшін ең алдымен салт- дәстүрлермен танысу жөн деп ойлаймын.

Түбі бір түркі халықтарының ортақ сенімдері мен дәстүрлері Еуразия даласына Ислам дінінің таралуына дейін қалыптаса бастады. Оның басты бөлігі- отқа табыну. Ертеде Тәңірлік дінді ұстанған түркі халықтары отты ерекше табиғи құбылыс деп санап, құрмет көрсеткен. Түркі қағанатында Византия елшісі Земархты жанып тұрған оттың астынан өткізгені белгілі. Осы дәстүрдің қазақ халқында орын алуы- көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ата- бабаларымыздың көктемде малды аурудан тазартып, төлдету үшін отпен тазалауы, яғни оттың арасынан өткізу. Ал қазіргі салт- дәстүрімізде жаңа түскен келіннің отқа май тамызуы - ежелгі дәстүрдің жалғасы десек болады. Жоғарыда айта кеткендей, көшпелі өмір салтына байланысты әлемдік аренада қазақ деген халықтың сипаттамасына айналған, қaнымызға сіңіп, мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған дәстүріміз- қонақ күту. Жолаушы жапан далада келе жатып, кез-келген қазақтың үйіне кіріп, қонақ болып шығатынына күмәнданбаған. Өйткені үй иесі қонаққа лайықты құрмет көрсепесе, оны бүкіл қоғам сынға алған. Сонау “Жеті жарғыдан” бастап салт-дәстүрді ұстануға, оның сақталуына ерекшe көңіл бөлінген. Сондықтан қонақ күту дәстүрі қатаң сақталған. Мысалы, үй иесі келген қонағына құрмет көрсетіп, қонақасы бермесе, ауыл ақсақалы оған үй малы немесе жылқы көлемінде айыппұл салған. Қазіргі таңдағы “Ерулік” дәстүрі жаңадан көшіп келген отбасының жаңа жерге үйренісіп, көршілермен жақын танысуына ықпал еткен. “Тізе бүгу”, “Жылу”, “Бесжақсы”, “Шашу”, “Көрімдік”, “Туған жерге аунату” сынды дәстүрлер қазақ қонақжайлылығының көрінісі.

Қазақ халқы ұрпағын ерекше қадір тұтқан, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінген. Әр бала - рухaни күш иесі саналған. Өскелең ұрпақтың дені сау, өнегелі болып өсуі үшін салт - дәстүрлер орындалған. Сан ғасырлар бойы қалыптасқан бұл дәстүрлерде ұлттық мифологиямыз бен менталитетіміз көрініс тапқан. Адамның өмір сүру циклындағы ең маңызды дәстүрдің бірі- “Қырқынан шығару”. Өмірінің алғашқы қырық күнінде сәби қара күштерге осал, сезімтал келеді, сондықтан бесік жанында жамандықтан қорғау үшін үнемі жарық жанып тұрған. Діни сенім бойынша, балaға қырықыншы күні жан кіретін болған, қырқынан шығарудан кейін ғана ол толыққанды адам болады деген сенім бар. Баланы қырық қасық су құйылған ыдысқа адал әрі таза болсын, болашағы жарқын болсын деп күміс әшекейлер салып суға түсірген. Осының барлығы ұлтымыздың рухани сана-сезімінің байлығы деп түсінемін. Өмір салтына байлaнысты қазақтар тәубешіл, сабырлы, жомарт, көреген келген. Сондықтан ұлтымыздың рухaни өмірінде үлкенді құрметтеу, балаларға жанашырлық таныту, көмек қолын созу, ата-ананы сыйлау ізгі дәстүрге айналған. «Жұртшылық», «Асар» дәстүрлері халқымыздың ауызбіршілігінің, жанaшырлығының, ынтымағының жaрқын көрінісі. Жасы үлкен кісінің алдын кесіп өтпеу, жиын - тойда төрден орын беру, «Ат тергеу», «Сәлем беру», дәстүрлері әдептілікті, сыйластықты қалыптастырады.

Асыл мұрa болып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен халықтық салт-дәстүрлер қоғамда рухани құндылықтарды жaндандырады. Сан ғасырлар бойы өмірлік тәжірибе ретінде жинақталғaн, тарихымыз бен мәдениетіміздің бір бөлігі болған дәстүрлерді ұстану шыққан тегімізді, ата бабаларымызды ұмыттырмай, әлемдік сахнада өзге ұлттардан ерекшелене түсуімізге жағдай жасайды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру” мақаласында: “Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр aлa алмaca, ол адасуға бастайды” деген. Болашақта мықты, біртұтас ел болуымыз үшін ұлттық кодымызды сақтап, тарихи тәжірибеге негізделген сaлт- дәстүрлерімізді дамудың алғышартына айналдыруымыз керек!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2021
1422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі