Материалдар / Салт-дәстүр асыл қазына
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Салт-дәстүр асыл қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл авторлық бағдарлама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2018
981
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«ҚР Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Тақырыбы: “Салт- дәстүр асыл қазына”


Сыныбы: 6- сынып





Орындаған:

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі Тулегенова Гүлім Ерікқызы










Қарабұлақ кенті

2018 жыл


Пікір

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тулегенова Гүлім Ерікқызының 6 -сыныпқа арналған «Салт- дәстүр асыл қазына» атты авторлық бағдарламасын оқып, танысу барысында төмендегідей жұмыстарды қамтығаны байқалды:

-бағдарлама құрылымы оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес;

-балаларды көру, есте сақтау қабілеті мен сөздерді сауатты жаза білуіне үйретеді;

-тұрақталған сөз орамдарымен, тілдік құралдарымен, сөзжасам ерекшеліктерімен таныстырады;

- әр түрлі грамматикалық жұмыстарды орындау арқылы сөздік қорларын молайтады;

-өз ойларын еркін және толық жеткізе білуге, ауызекі сөйлесе білуге дағдыландырады;

-өз бетінше ізденуге, зерттеуге ықпал жасайды;

- балаларға халық педагогикасынан толық мағлұмат бере алады;

-балаларды мейірімділікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.


Жоғарыда аталған қорытындыға келе отырып оқу-әдістемелік кешенді жасау мен рәсімдеу кезінде мұғалім «Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар» атты нормативтік құжатты басшылыққа ала отырып жасағанына толығымен келісемін. Бағдарламаны мектеп мұғалімдеріне ұсынуға болады.


























Түсінік хат

Әр ұлттың өзіне сай ата дәстүрі, әдет-ғұрпы және ырымдары бар. Ол сол ұлттың жан дүниесін көрсетіп тұрады. Қазақ халқының да өзіне сай ерекшеліктерінің бейнесі секілді салт-дәстүрі бар. Олардың мән-мағынасы, берер тәрбиесі мол. Қазіргі таңда осы дәстүрдің бірін білсек, бірін білмейміз.
Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Салт - дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет - ғұрпымен, ырым - тыйымымен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Б. Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт - дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт - дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн - жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десек те болады. Отбасында ата - ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға салт - дәстүрлерін үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді.

Тәрбие беру – сан-сапалы теңдесіз рухани күш. Қазіргі кезде қазақ халқының рухани жағынан қайта даму кезеңі басталды. Дәстүрді қастерлеп, жас ұрпақты ұлтына, еліне, мәдениетіне деген шынайы сүйіспеншілікке тәрбиелеу қажеттігі туып отыр.

Қазақ өз ұрпағын, ең алдымен, ата дәстүріне үйреткендігін, кішіпейілдікке, инабаттылыққа, зергерлікке, шешендікке, ұлт өнеріне құштарлыққа баулығанын білеміз. Халқымыздың бала тәрбиесі жөнінде өзіндік заңдары, ғасырлар бойы жинақталған мол тәжірибесі бар екендігіне балалардың көзін жеткізуіміз керек.

Халық педагогикасы мен ұлттық педагогикалық ойлардан құралған қазақ этнопедагогикасы жүйеленіп қалыптасқан ғылым. Ол ұлттық мәдениеттің негізі болып саналады.

Марко Поло тамсанған, Янушкевич таң қалған, Даль ізденген, Радлов жоғары бағалаған иманды халқымыздың өнері мен ауыз әдебиеті, салт – дәстүрлері халық педагогикасының қуатты құрамы екендігін анықтайды.

Әдет , әдет-ғұрып, әдеп-ұлттық мәдениеттің мәдени іргетасын құрайды.

Этнопедагогика философиямен тамырлас біртұтас ғылым.

Қазақ этнопедагогикасы қазақ мектебінде де, орыс мектептерінде де лайықты жүйеленіп, оны қолданбалы тәсілмен оқыту біздің дәстүріміз болып қалыптасуы тиіс.

Тәрбие бесіктен басталады, қазақ этнопедагогикасы тәрбиені бесік жырымен бастайды. Ұлттық мәдениетімізді, инабаттылықты, имандылықты, қайырымдылықты, мейірімділікті, ізеттілікті, меймандостықты, тіл өнерін балаға балдырған кезінен бастап үйрету-өркениеттік дәстүріміз.

Өркениеттігімізді өрде көрсетуімізді үшін қазақ этнопедагогикасын арымызбен ардақтап, аса жауапкершілікпен оқыту-ұлтжанды ұлағатты ұстаздардың аялайтын ары, абыройлы ісі.

Президентіміз «Қазақстан -2030» атты халыққа Жолдауында: «Қай мектепте оқығанына қарамай, оқушыларды қазақстандық патриотизммен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, ХХІ ғасырда Қазақстанның Орта Азия барысына айналуы үшін бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» деген.

Қазақ мектептерінде халықтық педагогиканы іске асырумен бірге орыс мектептеріндегі қазақ балаларының тәрбиесі де қазақ тілі мұғалімдері, сіздер мен мектеп әкімшілігі назарынан тыс қалмауы керек.

Балалардың халық педагогикасынан мағлұмат алып,түсінігін тереңдетіп, кеңейту үшін мен өзімнің «Салт- дәстүр асыл қазына» атты авторлық бағдарламамды сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын.

Бағдарлама 6-шы сыныпқа арналған. Апталық сағаты – 1 сағат, жылдық сағаты – 34 сағатқа құрылған. Бағдарлама жеті бөлімнен тұрады. Олар:

  • Қазақ мемлекеті мен қазақ атауының шығу тарихы;

  • Қасиетті қара шаңырақ;

  • Қолөнер – зор өнер;

  • Ас – адамның арқауы;

  • Қарға тамырлы қазақ;

  • Төрт құбылада – төрт түлік;

  • Киелі сандар;

Бұл бағдарламаның ерекшілігі:

  • бағдарламада көрсетілген тақырыптар блоктар бойынша беріледі – (әр блокқа 2 - 5-ке дейін тақырып енді);

  • әр блоктан кейін практикалық жұмыстар енгізіліп өз беттерінше жұмыс істеуге көңіл бөлінді, мұндай жұмыстар жүргізудің мақсаты: мәтінді тыңдап, түсіну, сурет бойынша еркін әңгіме айту, жаңа сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер, ережелер, мақал, өлең, жұмбақтарды еске түсіру жолымен қазақша ауызекі сөйлеуге, сауатты жазуға жаттығу.

Осы бағдарлама арқылы оқушылардың бойына қазақтың салт - дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастырып, қазақ халқының салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындырып, олардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыра алдым деп ойлаймын.

Бағдарлама негізі халықтық педагогиканы бетке ұстай отырып бала тәрбиесін тіл үйретуден бастау, тіл мәдениетіне бейімдеу, санамақ, тақпақ, өлең, мақал-мәтелдер үйрету болып отыр. Жаңылтпаштар арқылы тіл ширатуды, жұмбақтар арқылы ой дамытуды, мазақтамалар арқылы намыс оятуды, мақал-мәтелдер арқылы адамгершілікке баулуды, батырлар жырлары арқылы бірлікке, достыққа тәрбиелеу, әңгімелер, өлеңдер арқылы дене тәрбиесін беріп, әсемдікке қызықтырып, өтірік өлең арқылы баланың қиялын дамыту, ертегілер арқылы алуан түрлі тәрбие беру, аңыз әңгімелер арқылы болашаққа сену, өткеннен үлгі-өнеге алуды үйрену сияқты мақсаттарды көздейді.

Бағдарлама мақсаты:

Ұлт дәстүрлерін білу арқылы қазақ халқының мәдениетін сыйлау, ең озық салт-дәстүрлерін қабылдай отырып, қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылығын ояту.

Бағдарламаның міндеттері:

  • Оқушылардың сана-сезімдерінде ұлтына деген мақтаныш, намысшылдық, тектілік, адамгершілік сезімдерін ояту;

  • Оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

  • Қазақ халқының мәдениетін, дәстүрінің тамаша жақтарын таныстыру;

  • Келешекте еліне қызмет ететін, елін қорғайтын ел азаматы, елдің ұл-қызын қалыптастыру.


Күтілетін нәтиже:

Бағдарламаны толық меңгергенде өз елінің салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын сыйлайтын жауапкершілігі мол, жан-жақты тұлға қалыптасады.

Ақпараттық-әдістемелік бөлік

1.Баланың тууы, өсіп жетілуіне байланысты қалыптасқан салт-дәстүрлерді жете меңгеруі тиіс.

2.Қазақтың жылдың төрт мегзіліндегі мекен-жайлары киіз үйі, көшпенділіктің ерекшеліктері, маңызы туралы білуі тиіс.

3.Оқып, танысқан деректерді өмірмен сабақтастыра білуі тиіс.

4.Қазақ өмірінің ертеден келе жатқан мәдени деңгейі, табиғи мәніне өзіндік тұжырым жасай білуі тиіс.

5.Туған жерінің табиғатын сүйе отырып, оны қорғай білуді үйренуі тиіс.

6.Салт-дәстүрді сақтау жолдарын оқып үйрене отырып адамгершіліктің, азаматтықтың алғы шарттарын меңгеруі тиіс.

7.Дәстүрді қастерлей отырып ұлтын, елін шынайы махаббатпен сүюді үйренуі тиіс.

8.Ұлттық салт-сана туралы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасуы тиіс.

9.Қазақтың бала тәрбиесі жөнінде өзіндік заңдары, мол тәжірибесі бар екендігіне өзге ұлт балаларының көзін жеткізу.

10.Аңыз-әңгімелер арқылы болашаққа сену, өткеннен үлгі-өнеге алуды үйренуі тиіс.

Білімді меңгеру барысын анықтау түрлері:

  • сұрақ-жауап, әңгімелесу, мәнерлеп оқу, талдау арқылы;

  • қазақтың салт-дәстүріне байланысты жинақталған тақырыптық ғылыми жұмыстарын қорғау, талдау;

  • мұғалім әрбір тақырып бойынша ой толғау, пікір, эссе жаздыру, сұрақ тапсырмалар арқылы курсты меңгеру деңгейінен анықтайды;

  • оқушының білім деңгейін «меңгерді», «меңгермеді» деген қорытындымен айқындалады.

Меңгеру деңгейінің талаптары.

Бұл курсты оқыған оқушылар мына мәселелерді білуге тиіс:

  • қойылған сұрақтарға толық, дұрыс жауап беру;

  • ғылыми жұмыстарын қорғау кезінде сөйлеу, талдау, дәлелдеу әдістерін қолдана отырып түсіндіру.

Оқушылар төмендегідей біліктілік дағдыларын көрсетуі керек:

  • өтілген тақырып бойынша қосымша іздену, жинаған деректер мен дәйектерді ауызша немесе жазбаша түрде баяндау;

  • мерзімді баспасөз материалдарын, кітапханадағы қосымша әдебиеттерді тиімді пайдалана білу;

  • қазақтың салт-дәстүріне байланысты қағидаларға өз пікірін, көзқарасын білдіру және сыни тұрғыдан бағалау;

  • өз пікірін дәлелдеп, тиісті қорытынды – түйін жасау;

  • өз беттерінше реферат, шығарма, конспект дайындап, оқушылар алдында қорғау, пікірталастарға қатысу;

  • көркем шығарманы мазмұндап, көркемдеп баяндау;

  • оқиға, кейіпкер жөнінде ой қорыта білу;

  • кез-келген тақырып аясында өз ойын еркін жеткізе білу;

  • тілдік тәсілдерді, стильдік құрылыстарды дұрыс, орынды қолдану арқылы сауатты сөйлеуге, ой дәлдігіне, сөйлеу әдептілігіне үйрену, дағдылану.

Қолданылатын технологиялар элементтері:

1.Модульдік.

2.Сын тұрғысынан ойлау.

3.Жобалау технологиясы.

4.Іскер ойын технологиясы.

Курсты оқыту барысында қолданылатын әдістер:

1.Лекциялар мен талқылаулар.

2.Топпен жұмыс.

3.Пікір алмасу.

4.Жоба бойынша жұмыс істеу.

5.Өзіндік жұмыс.









Тақырыптық жоспар


Аптасына 1 сағат



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Кіріспе

1

Қазақ мемлекеті мен қазақ атауының шығу тарихы


Ұлттық ерекшелік. Қазақтың салт-дәстүрі туралы

1

Салт-дәстүрді сақтау жолдары

2

Жақсы сөз – жарым ырыс. Халықтың ырымдары

1

Шағын шығарма

1

Қасиетті қара шаңырақ


Киіз үйге байланысты ұғымдар

2

Тұрмыстық және шаруашылық заттардың атаулары

2

Диалог құрастыру

1

Қолөнер – зор өнер


Шеберлер шешімін тапқан

2

Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері

1

Мазмұндама

1

Ас – адамның арқауы


Ыдыста- ырыс бар

1

Асқа байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар

2

Эссе

1

Қарға тамырлы қазақ


Ағайын жұрт

1

Нағашы жұрт

1

Қайын жұрт

1

Жақындық және іліктік атаулар

1

Ойтолғау

1

Төрт құбылада – төрт түлік


Төрт түлікке қатысты атаулар

1

Жан-жануарларға байланысты ырымдар

1

Әңгіме құрастыру

1

Табиғат – тал бесік

1

Халық ауа райын қалай болжаған?

1

Шағын шығарма

1

Киелі сандар


«7», «5», «9» сандарының мағынасы

1

«Салт-дәстүр – асыл қазынам» жұлдызды сағат

1

Қорытынды

2


Барлығы: 34 сағат





Оқушылар пайдаланатын әдебиеттер тізімі:



1.Қазақ тілі. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Алматы 2002 ж.

2.Абай өлеңдері. Алматы. 1995 ж.

3.Қазақ мақал-мәтелдері Ө.Тұрманжанов. Алматы: Ана тілі, 1997 ж.

4.Қазақтың мәдениеті мен тұрмысы.Энциклопедия.

5.Қазақ тілі. К.Сариева. Алматы «Білім» 2001 ж.

6.Этнопедагогика. 2005 ж. №2

7.Қазақ тілі. С.Жұманова, Д.Актайлакова. Алматы. «Мектеп» 2008 ж.


Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі:


1.Қазақ тілі және ел тану. К.Сариева. Алматы, Классик. 2000 ж.

2.Қазақ мақал-мәтелдері. Ө.Тұрманжанов. Алматы. Ана тілі. 1997 ж.

3.Ұлттық дүниетаным. А.Құралұлы. Алматы. Өнер. 2002 ж.

4.Бөлтірік би. Б.Әбілдаұлы. Алматы. Мерей. 1996 ж.

5.Қазақ елінің рәміздері. Е.Шаймерденов. Алматы. Балауса. 1993 ж.

6.Қазақы тәрбие. Т.Байқұл. Алматы. Өркениет. 2002 ж.

7.Өрнекті сөз – ортақ қазына. М.Әлімбаев. Алматы. Қазақстан. 1967 ж.

8.Халық даналығы. Б.Адамбаев. Алматы. Мектеп. 1976 ж.

9.Қанатты сөздер. Н.Төреқұлов. Алматы. Жазушы. 1997 ж.

10.Бұқар жырау. «Ай, Абылай, Абылай!» Алматы. Жалын. 1993 ж.

11.Шежіре. Қазақтың ру тайпалық құрылысы. Алматы. Рауан. 1991 ж.

12.Біз қалай туысамыз? М.Ниязбеков. Алматы. Өнер. 1992 ж.

13.Қымыз. Шұбат. Алматы. Қайнар. 1980 ж.

14.Аударма, түсіндірме сөздіктер




























Бірнеше сабақ үлгілері


Бірінші сабақ

Кіріспе

Тақтаға көрнекі түрде сызылған, жазылған қазақтың салт-дәстүрі мен шығу тарихы туралы сызбалар мен суреттері ілінді.

Оқушылар салт-дәстүрлер туралы білетін деректерін айтып түсіндіреді, жаңа түрлерімен танысады.

Екінші кезекте қазақтың шығу тарихы туралы әңгімелене отырып, аударма жолымен түсіндіріледі.

Үшінші кезекте салт-дәстүр туралы кішігірім үзінді алынып ол талданады, «тапсырма», «сөйлесу» деген айдарлармен берілген тапсырмаларды орындау барысында сөз, сөз тіркестері, грамматикалық тұлғалар туралы жаттығу сабағы өткізіледі.

Төртінші кезекте «Әдеп немесе өлмес өнеге» мәтіні оқылып, мағынасы талданады «Тұғыры берік, ұлт қасиетін, жөн-жосық, мәрттік, жомарттық» деген сөздердің мағынасы түсіндіріледі.


Үйге: Қазақтың салт-дәстүрлері бойынша өз ойын жазып келу.


Екінші сабақ


Қазақ мемлекеті мен қазақ атауының шығу тарихынан.

Септіктерді қайталау.

Лексикалық жұмыс.


Мәтінмен жұмыс


Қазақстан жерін алғашқы адамдар шамамен алғанда бұдан 300 мың жыл бұрын, яғни ертедегі тас дәуірінен бастап мекендеген. Мұны Қаратау үңгірлері мен Балқаштың солтүстік жағалауынан табылған тас құралдары дәлелдейді. Біздің заманымызға дейін 1 мың жылдықтың ортасында иен даладағы тайпалар көшпелі мал шаруашылығымен айналасты.

Оларды парсылар сақтар деп атаса, грек авторлары азиялық скифтер деп атаған.


Жаттығулар

  1. Септеңдер: дәуір, құрал

  2. Сөз құрамын анықтаңдар:

Жылдық, азиялық, шаруашылық, дәуірлік, атамекен,суармалы,тұрақты, өмірлік.

  1. Берілген зат есімдерден сын есім құрастырып жазыңдар:

Мысалы: белгі – белгілі

Жер, тас, мал, егін, сенім, дәулет, өмір, бақыт, өнер, дәстүр, баға,сый.

  1. Мына етістіктерді үш жақта жіктеңдер: дәлелдеу, шұғылдану, зерттеу

осы шақ

келер шақ

өткен шақ




Үйге: Мәтіннен зат есімдерді тауып түбірін жазыңдар.


Үшінші сабақ

Ұлттық ерекшелік.Қазақтың салт-дәстүрі туралы.


Лексикалық жұмыс.

Сөз құрамын қайталау.


Мәтінмен жұмыс

Қазақтар түз төсінде жолыға қалса жеті атасын сұрастырып бәрін білген соң:

«ой,сен өзі бөтен болмадың,тіпті ең жақын туысым болып шықтың,бізге жиен екенсің немесе нағашы не құда екенсің ғой»десіп табысып,әзілдесіп,ел-жұрт,бала-шағаның амандық-саулығын сұрасып бір жасасып қалады. Бұның бәрі халқымыздың айрықша қасиеті.Басқа жұртқа ұқсамайтын ұлттық ерекшелігі.Қазақы бауырмалдылық.


Жаттығулар:


1.Түбірін табыңдар:

Жолығу,жолыққан,жолығады,жолықтыру;білу,білген,біледі,білді;шығу,шық-қан,шығады;сұрау,сұрасқан,сұрасады,сұрастыру.


2.Үлгі бойынша жалғастырыңыз:


Қасиетсіз,ата......,сұрау.....,құда.....,туыс.... .

Елудей,тоқсан.....,жиырма....,алты..... .


3.Мына сөздермен бірнеше сөйлем құрастырыңыз:


Жолыға қалса,тіпті,ең жақын,бәрін білген соң,содан кейін,бүгін.


4.Ұлттық ерекшелік туралы әңгімелеп беріңдер.


5.Көршіңмен осы тақырыпта әңгімелес.

Үйге:Мәтінге диалог құрастыр

Төртінші сабақ.


Салт-дәстүрді сақтау жолдары.


Антонимдерді пайдалану.

Біріккен сөздер.


Мәтінмен жұмыс

Ата-баба дәстүрін,ғұрыпты аттамайды.Ата жолына кім болса да бас иеді.

Егер әкесі үлкен болса адамның жасы кіші болса да,жолы үлкен болып саналады,яғни салт-дәстүрде жол,кезек соған беріледі.

Табақта басқа рудың,тайпаның,жүздің азаматы отырса,бас соған тарты-

лады.

Қыз келіндерден жоғары отыруға хақы бар.

Сәбиді бесікке салғанда жол құдағидікі немесе басқа рудың әйеліне беріледі.Бесікті отпен аластайды.

Бата беру, ас қайыру қонаққа немесе ақсақалға,жолы үлкенге беріледі.

Келген адам жұмысын тұрып айтпайды,отырып,асықпай айтады.

Қызға кәрі жілік ұсыну әбестік.


Жаттығулар:

1.Мына сөздердің септік жалғауын анықта:

Ғұрыпты,адамның,табақта,ағаларынан,бесікке,рудың,отпен,қонаққа,қызға.

2.Төменгі сөздердің қарсы жұбын табыңдар:

Үлкен-

Кезек-

Жоғары-

Тұрып-

Кәрі-

Келген-

3.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

Үйге:Берілген сөздерді аударыңдар:мырзалық,мүшелтой,алыс сапарға,құр-

дас,сый-құрмет.

Бесінші сабақ.


Жақсы сөз -жарым ырыс.

Халықтың ырымдары.

Қыстырма сөздер.

Сұрау және леп белгілері.


Мәтінмен жұмыс


Кездескен адамдар бір-біріне «Ассалаумағалейкум!»-деп сәлем береді.Бұл- «сізге де нұр жаусын»деген сөз.Сәлем алушы: «Уағалейкум- ассалам!»-дейді.Бұл-«өзіңізге де нұр жаусын»деген сөз.

Үйге келген кісі шаңыраққа сәлем беріп кіреді.Үй иесі сәлемін алып, жасы кіші болса қайта сәлем беріп: «Қош келдіңіз!Төрге шығыңыз,»-деп ілтипат көрсетеді.

Қазақ әрбір сәтті күнге,қуанышқа,мәжіліске,тойға келгенде «Құтты болсын!»деген игі сөзді қосып айтады.

Жаңа қоныстанып жатқандарға «Қоныс құтты болсын!»деген тілек айтып,жөн сұрасады.


Жаттығулар:

1.Мына қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырыңдар:

Алайда,мүмкін,әсіресе,бірақ,сөз жоқ.


2.Мәтіннен лепті,сұраулы сөйлемдерді теріп жазыңдар.


3.Мәтінді оқи отырып екеуара сөйлесіңдер


Үйге:Мәтінді әңгімеле.


(Бесінші сабақтың жалғасы)


Халықтың ырымдары.


Мәтінмен жұмыс


Қазақ баланы санамайды және бала санын айтпайды.

Бала бас ұстамайды.Егер бас ұстаса,әкесі өліп қалады деп,тыйым салған.

Омыртқаның жұлынын жесе суға кетіп қалады деген ырым бар.

Нанның қиқымын жесе бай болады дейді.

Баланың аңшылықтағы алғашқы олжасын несібесі кетеді деп,ешкімге байлатпайды.

Жас балаға бұғана ұстатпайды.Онда бойы өспей қалады деп жорыған.

Жаттығулар.


1.Мәтінге сұрақтар құрастыр.

2.Мына сөздердің сөз құрамын анықтаңдар:

Баланы,омыртқаның,қиқымын,аңшылықтағы,олжасын,жұлынын.

3.Қандай халық ырымдарын білесіңдер,әңгімелеңдер.

Үйге:Мәтіннен 2-3 зат есімді сөзді алып септе



Алтыншы сабақ

Практикалық жұмыс.

Шағын шығарма

Оқушылар осы блок бойынша оқып білгендерін қорытып әңгімелей келе жоспар құрастыруды,шығарма жазуды өз беттерінше үйренеді.

Үйге:Өткенді қайталау.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!