Материалдар / Салт-дәстүр жайлы. Ә.Марғұлан университетінің тарихы жайлы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Салт-дәстүр жайлы. Ә.Марғұлан университетінің тарихы жайлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің тарихы, Ә.Марғұлан туралы, қазақтың салт-дәстүрі туралы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2024
46
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

  1. Киіз үйдің бөліктері қандай?

Түндік, шаңырақ, уық, кереге, үзік бау, киіз, арқан, белбау, босаға, үзік бау, есік.

  1. Жасау дегеніміз не?

Қызжасауы
Ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік «жасау» деп аталады. Халқымыз қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді!» деген. Небір жақсы жиһаздар, сәукеле, кілем, текемет, ыдыс - аяқ, төсек - орын, киім - кешек, әсем әшекейлі бұйымдар қыздарға берілетін болған. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.
Көбіне жігіт жағынан берілетін қалың малға шамалас келетін жасау кейде оның мөлшерінен де асып түсіп жатуы мүмкін. Қызға жасау беру ата - ана мойнындағы борыш. Сол себепті де «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деген қазақ қыз баласын жасаусыз ұзатпаған. Тұрмыс - салттың өзгеріп дамуына орай жасаудың да мөлшері мен мазмұны үнемі өзгеріске ұшырап отырған.


  1. Күйеуаяқ қандай салт-дәстүр?

Қазақ салтында қызын ұзатып әкелген жолы енесі қайтарда оны күйеу жігіт (күйеу баласы) міндетті түрде ауылына апарып салады. Міне, бұл «ыңыршақ көру» деп аталады. Кей жерде «күйеу аяқ» дейді. Күйеу жігіттің «ыңыршақ көру» жолына ата-енесі ерекше мән береді, яғни, әл-ауқаттарына қарай ат міндіріп, шапан кигізіп, тіпті, сауындық, сойыстық мал айдатады. Бұл-ата-ененің күйеу баласына деген ата-аналық мейірім-шапағаты. Жортқанда жолы болсын, басқан қадамы құтты, отбасы бай-бақытты болсын деген ізгі тілектерінің айғағы. Бұл салт-күйеу бала мен ата-ене арасындағы сүйіспеншілікті одан ары тереңдетеді. Барыс- келіс, алыс-берістерін жиілетіп, жүректеріне шынайы ата-балалық сезім ұялатады. Түсіністік, сыйластық , сырластық сезімдерін тереңдетеді.

  1. Бастаңғы қандай салт-дәстүр?

Бастаңғы — қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, Бастаңғы жасалады.

Қызға қырық үйден тыйым” деген берік қағиданы ұстанған қазақ қыздары, әдетте, мұндай басқосуға жеңгелерімен немесе іні-қарындастарымен бірге келетін болған. Кейде жиын қызықты өтуі үшін сал-сері бозбалалар да шақырылған. Бастаңғыға жиналған қыздар үйлерінен құрт-майқант-шайларын өздері әкеліп, ортақ дастархан жайған. Бастаңғының екі түрлі тәрбиелік мәні бар. Алғашқысы баласының үйде отырып томаға-тұйық болып қалмауына, елмен араласуына, замандастарымен жақын танысуына жол ашу; қонақ күте білуге баулу. Енді бірі — қызды қазан-аяқ ұстауға, дастархан жасай білуге, т.б. үйрету. Сондықтан Бастаңғыны көбіне қызы бойжете бастаған үйлер жасаған. Бірақ Бастаңғы рұқсатсыз, бақылаусыз өтпеген. Өйткені, “шешесі қыдырмашы болса, қызы бастаншыл болады” деген сөз бар. Басқосу барысында жастар әзіл-оспақ айтысып, ұлттық ойындар ойнап, ән салып, күй тартып, әр түрлі өнерлерін ортаға салған.[1][2] Әке-шешелері жол жүріп кеткенде, көрші жастар келіп, ол үйдің дастарханына бастаңғы жасатып, тағам дайындатады. Бұл — жолаушылардың басы ауырмасын, сырқамасын деген жақсы ойдан шыққан дәстүр



  1. Байғазы қандай салт-дәстүр?

Байғазы — қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы. Байғазыны, көбінесе, жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелеріненәпкеәке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды. Үлкендер Байғазы (ақшамалдың төлі, т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, ізгі тілек білдіреді.


  1. Сыбаға дегеніміз не?

Сыбаға – құрметті қонаққа немесе жақын-жуыққа арнап сақталған кәделі ет мүшелері, тағам.

Мәселен ақсақалдарғақұдаларға, т.б. жолы үлкен адамдарға бас, жамбас, жая, ірі малдың омыртқалары сияқты мүшелері тартылады. Сондай-ақ құдағилардың жамбас, қыздар мен күйеулердің төс, балалардың құлақ, бүйрекжүрек сияқты сыбағалары болады. Өзі келе алмайтын қарт адамдардың сыбағасын беріп жібереді. Үлкен адамдарға ірі мал жамбасының шұқыршағын, жауырынын, кәрі жілігін аспайды. Қыздарға кәрі жілік, өкпе бермейді. Қолдың жіліктері құрметті адамдарға тартылмайды.[1] Сыбағаның, төркін сыбаға, қара сыбаға, өлі сыбаға, су сыбаға түрлері бар.


7. Бәсіре дегеніміз не?

Бәсіре - қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде, сол күндері туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атау салты. Қазақ халқының ұғымы бойынша, дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Сондықтан оны мінбейді, сатпайды. Бәсіре мүмкіндігінше жүйрікжорға әрі біреу болғаны дұрыс. Бәсірені баламен бірге қадағалайды, бұла қып өсіреді. Есейе келе бәсіресі бар баланың да малға деген ықыласы, пейілі түзу болады.

8. Сыйыт деген қандай салт-дәстүр?

Ежелгі дәстүрде қайтыс болған адамның тұтынған киімдерін оның сүйегін жууға кірген, яғни халық тілімен айтсақ «өлікке түскен» (немесе басына, ортасына, аяғына түскен) адамдарға – марқұмның атынан киім үлестіреді: бас жағына түскенге баскиімін, ортасына түскенге шапанын, аяғына түскенге етігін (шұлғауымен) атап, таза, тұтынылмаған киімді үлестіретін салт болған. Бұған қосымша өзі қатарлас адамдарға басқадай ұсақ киім, көйлек және басқа кәде қоса ұсынады. Өлік әйел адам болса, әйел киімін, еркек болса ер адам киімін үлестіреді және бұл айтылғандар шартты түрде орындалатын ереже қатарында. Егер киімі берілмей үй-іші қараулық жасаса, аруақ жалаңаш жүреді деген ұғым бар.

9. Батааяқ дегеніміз не?

Екі жақтық келісімнен кейін жігіт әкесі қыз ауылына келіп «бата аяқ» өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды. Осы жолы екі жақ тойды өткізу мерзімі, кәде-жора, қалыңмал жөнінде келіседі. Мұны бата, келісуді «баталасу» дейді. Батаның ек» түрі бар: біріншісі – кесімді бата жасау, яғни мал мөлшері, той уақыты, шығын мөлшері, алыс-беріс, келу-кету, т.б. Екіншісі – кесімсіз бата, яғни мал саны, мүлік мөлшері кесілмейді. Жағдайға, уақытқа қарай кейін белгіленеді. Ауқатты, елге есімі белгілі адамдардың құдалығына «бас жақсы», «аяқ жақсы» деген ірі, бағалы кәделер болады. «Бас жақсыға» - боталы түйе, құланды бие, жағалы киім, бағалы бұйым, алтын, күміс жамбылар жатады. «Орта жақсыға» - ең жақсы түйе не ат. «Аяқ жақсыға» - ат, сиыр, қой, т.б. жатады

10. Қыз Жібек жырында кездесетін салт-дәстүр және оның анықтамасы.

Лиро-эпостық яғни махаббат жырларында негізінен батырлық, ерлікті жырлаудан гөрі, екі жастың арасындағы шынайы махаббат, халықтың әдет-ғұрпы , салт-дәстүрі көбірек суреттеледі екен. «Қыз Жібек» жыры да солардан кенде емес. Солардың бірі «Қыз көру» (салт). Кейде «қыз таңдау» деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаздар , сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. «Пәлен жерде жақсы қыз бар» дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жолдастарын ертіп қыз аулына барады. Қазақта «Қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді» деген мақал қыз іздеген жігіттерге жол ашады.

«Бата аяқ» (салт) Құда болған кісі екі жақтың келісімінен кейін жігіт әкесі қыз аулына келіп «бата аяқ » өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды. Осы жолы екі жақ тойды өткізу мерзімі, кәде-жора, қалың мал жөнінде келіседі. Мұны бата, келісуді «баталасу» дейді .

11. “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу” жырындағы салт-дәстүр және оның анықтамасы.

«Аңшылық» дәстүрі

Аң аулау- ертеден қалыптасқан салт.Ол серілік пен ерліктің ,ептіліктің белгісі.Шын мәнінде сауық,қызық,білімпаздық сияқты көптеген қасиеттерді ұштайтын тамаша өнер мектебі десе де болады.Осы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Қарыбай мен Сарыбай аңға шығады.

«Жоқтау» дәстүрі

Жоқтау- аза ғұрпын көтере түсетін, қайғыны басатын, қазаға аса лайықты өаралы салттың бірегей түрі. Қайтыс болған адамның жықсылығын, еліне істеген қызметін, жақсы қасиеттерін паш ететін тұрмыс салт-дәстүрі, жыры, зарлы өлең.

Ежеқабыл дегеніміз-бұл көшпелі дәуірдегі әдет-ғұрып бойынша, дүниеге әлі келмеген, құрсақта жатқан ұл- қыздарын ата-аналар тумай тұрып, атастырып қояды.

Жырда Қарабай мен Сарыбай ежеқабыл ретімен белқұда болысады.



12. “Қоштасу” дегеніміз қандай дәстүр?

Қоштасу, қоштасу өлеңі– қазақтың дәстүрлі салт жырыЕл-жұртымен, туған туысымен, сүйген жарымен, ата-анасымен, жүйрік атымен, қыран құсымен, т.б. Қоштасу бар. Қоштасу өлеңі эпос, дастандарда көп кездеседі. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырындағы Таңсық қыздың “Балталы, Бағаналы ел аман бол” деп басталатын Қоштасуы ел арасында кең тараған.

13. Шарана қайнау дегеніміз не?

Жаңа түскен жас келін туыс ауылдарды қыдырып жүргенде, көпті көрген даңсалы бәйбішелер, жас келінге «шілде суына сал» деп күміс теңгемоншақ-маржанжүзіксырға сияқты бұйым береді. Жас келіншек босанғанда, баланы шаранасынан шайқап жуып тазартады. Шарана суды қазақтар шілде суы деп атайды. Бағанағы берген нәрселерді суға салады, оны баланы шомылдырған әйелдер таласа-тармаса шарана суын шайқап алады. Оны қазақ кәдесінде «шарана шайқау» деп атайды.

14. Жарыс қазан қандай салт-дәстүр?

Жарыс қазан– екіқабат әйелдің қиналмай босануы үшін жасалатын ырым.

Ол үшін әдейі сақтап жүрген сүр етті асады. Осы ет піскенше әйел де жарыса тез босанады деген сенім қалыптасқан.[1]

Ай-күні жеткен жүкті әйел қатты толғатып, толғақ жилей бастағанда, сол ауылдағы пысық әйел отқа, ошаққа жарыс қазан асады да, қуырдақ қуыра бастайды. Жарыс қазан асудағы себеп қазанмен бірге толғақ жилейді, тамақтан бұрын бала туылады деп ырымдағаны. Егер әйел босана алмай одан ары қиналса, жарыс қазан асып отырған әйел қолына қара пышақты алып «қара қазан бұрын пісі мі, қара қатын бұрын туа ма?» деп, қолындағы пышақты қазанға жанып-жанып зіркілдейді. Қазақ мұны «жарыс қазан» деп атайды.



15. Көгендік дегеніміз не?

Көгентүп (салт). Туыс, ілік, жұрағат адамдардың қонаққа келгенде оның баласына ескерткіш, сый ретінде берілетін мал: (қозы, қой, бұзау, құлын, тай, бота, тайлақ, ат). Бұл бала үшін сый, қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрметтеудің белгісі десе де болады. Көгентүп беруді малды ауылдардың әлі де пайдаланып жүргені жақсы, жарасымды салттарының бірі.

16. Қалжа дегеніміз не?

Қалжа –  босанған келінге арнап байланған қой. 

Дүниеге сәби әкелу оңай емес. Әйелдің бар күш-қуаты азайып, әлсіреп қалады. Сондықтан қазақ халқы жас ананы ерекше күтімге алған. "Жас босанған әйелдің тісі әлсіз болады, түсіп қалуы мүмкін" деп суық ас жегізбеген. Қырық күн бойы қалжаның етін жегізіп, сорпасын ішкізген. Жақсы қалжалаған келіннің сүйектері қақсамай, тістері түспей, күш-қуатын жинап, алты күннің ішінде үй тіршілігіне араласып кеткен. Қалжа келіншектің күйеуінің мойнындағы міндеті саналғанымен, оны келіннің төркіні де әкеледі. 

Қалжаның күнделікті жейтін еттен басты айырмашылығы – ол жас босанған ана мен баланың сыбағасы.

Қалжа жеген ананың сүті де нәрлі, құнарлы әрі жеткілікті болады. Сәбидің де, ананың да ұйқысы жақсарады. 

Бірінші күні келін қалжаға сойылған қойдың алты буыннан тұратын мойын омыртқасын тісін тигізбей, қолымен мүжиді. Еттен тазарған жұлынды тік таяқшаға кигізіп, баланың мойны тез қатайсын деген ырыммен керегенің басына ілген. 



17. Жеті қазынаны ата.

Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:

  1. ер жігіт;

  2. сұлу әйел;

  3. құмай тазы;

  4. берен мылтық;

  5. жүйрік ат;

  6. ақыл-білім;

  7. қыран бүркіт.



18. Селт еткізер дегеніміз қандай дәстүр?

«Селт еткізер» — «Ұйқыашар» дайындап өздеріне құрмет көрсетіп қызмет етіп жүрген көңілі қалаған бойжеткен қыздарға жас жігіттер сақина, сырға, білезік сияқты ескерткіш сый-сияпат ұсынады. Ол жігіттің «жаман» ойын сезген сезімтал қыздар әрине «селк» ете қалады. Сондықтан да бұл сый «селт еткізер» деп аталады.

19. Сүт ақы дегеніміз не?

Сүт ақы – күйеу жігіт тарапынан қалыңдықтың анасына берілетін 1-2 түйе.

20. Барымта дегеніміз не?

Барымта – рулар арасындағы қақтығыс кезінде жауласқан руының малын талап, айдап әкету. Ал ұрлық - мүлікті жасырын қымқыру. Яғни, жәбірленуші мен басқа адамдар байқамайды деген сеніммен қылмыскердің мүлікті жасырын жымқыруы. Ұрлықтың барымталаудан айырмашылығы осы. 

Мысалы, «Абай жолы» эпопеясында Тәкежанға өштескен Базаралы оның жылқыларын барымталап кететіні бар. Барымтаны кек қайтару, өш алу мақсатында жасайды. Бітпеген дау, алынбаған айып, төленбеген құн – осылардың арты барымтаға әкеп соғады.

«Барымта» сөзінің түп-төркіні – барын талау деген сөздерден шыққан деген де пікірлер бар. Сондықтан қазақ арасында «Барымтаға қарымта» деп те айтылып жатады. Қарымта – таланған елдің талаған елге есесін қайтаруы. Бұл сөздің түп-төркінін «қарым» сөзімен байланыстырып, қарымын қайтару деген ұғыммен астасқандығын көреміз.

21. Наурыз көженің құрамындағы 7 тағамды атаңыз.

Су мен тұз 7 заттың құрамына кірмейді. Сыр бойында олар: сүр ет, сәбіз, сары май, кеспе, күріш, тары сөгі, мейіз.

22. Университетіміз қай жылдан бастап “Қазақстан халқы тарихы мен ассамблеясы кафедрасы” деп аталды?



23. Әлкей Марғұлан кім?

Археолог, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, өнертанушы Әлкей Хақанұлы Марғұлан 1904 жылы 11 мамырда қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында шаруа отбасында дүниеге келді. Руы – Арғын. Әдебиеттанушыөнертанушышығыстанушы, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы. Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi (1933), филология ғылымының докторы (1945), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi (1961). Тұңғыш рет халық педагогикасының біртумалары шоғырланған Қазақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді.

24. Әлкей Марғұланның өмір сүрген жылдары?

 1904 жылы 11 мамырда  Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. –  1985 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеден өткен.

25. Университетіміздің құрылған жылы?

1962 жыл, 1 желтоқсан

26. Университетімізде ең алғаш қанша аудитория болды?

Павлодар педагогикалық институты (ППИ) 1962 жылдың 1 желтоқсанында ашылды. Қарамағында төрт аудиториясы болған.

27. Университетіміздің ректорын атаңыз және қай жылдан бастап университетіміздің ректоры болғанын айтып өтіңіз.

Жилбаев Жанбол Октябрьұлы

28. Қазақстан Республикасының туының авторы?

Шәкен Ниязбеков

29. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?

1995 жылы, 30 тамыз

30. Қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш-әйел?

31. ҚР-ның ұлттық валютасы қай жылдан бастап айналысқа енгізілді?

1993 жыл

32. ҚР атақты спортшы қыздарын ата

33. Шоқан Уәлихановтың шын есімі?

Мұхамедқанафия

34. Алаш Орда партиясы қай жылы құрылды?

1917 жылы

35. Азамат соғысы қай жылдары өтті?

1918-1920 жылдар аралығы

36. Қазақ хандығының соңғы ханы?

Кенесары хан

37. Абай жолы романының авторы?

Мұхтар Омарханұлы Әуезов

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!