Салт- дәстүрді
насихаттау
Мақсаты: Ұлттық құндылықтарымызды бала бойына
сіңіру.
Дәстүрлі мерекелер арқылы баланың
шығармашылық қабілетін арттыру.
Мақсаты: балаларға 8-наурыз туралы
түсінік беріліп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу.Ана еңбегін,
үмітін ақтап, аналарымызды ардақтап, құрметтеуге
тәрбиелеу
Балалар залға әуенмен
кіреді.
Жүргізуші: Құрметті: ақ жаулықты әжелер,
аналар, қыздар көктем айында жылда тойланатын 8-наурыз халықаралық
әйелдер мерекесі құтты болсын.Барлықтарынызға денсаулық,
өмірлерініз ұзақ, отбасыларынызға амандық тілейміз. Бүгінгі
сіздерге арналған ертеңгілігімізгі бастамас бұрын, алдымен “Жақсы
сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық
ұялатар алғашқы мерекелік құттықтау сөзді, ақыл ойы жетілген саналы
ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан
мектебіміздің білікті басшысы Айтжанова Гульзия Молдагалиқызына
береміз.
Жүргізуші:Қазір біздің ұлдарымыздың
сіздерге арналған тақпақтарын
тамашалаңыздар.
Мен мұғалім
анамның,
Өнегесін
аламын.
Ертен менде
анамдай,
Оқытушы
боламын.
Анашым
анам,
Ризамын
саған,
Тіліңді
алам,
Ақылды
болам.
Келді көктем
күнің,
Күлімдейді
гүлің,
Алтын ойлы
анам,
Мерекеңіз
бүгін.
Анашым деп
мақтанам,
Айналайын ақ
мамам.
Анашым
анам,
Ыстықсың
маған.
Тәрбие
бердің,
Көп алғыс
саған.
Әлпештеген
баласын,
Айналайын
анашым.
Әже деген көп
шығар,
Әжемдей менің жоқ
шығар.
Жүргізуші:
Қысылып еш
саспаңдар,
Сызылта би
бастаңдар,
Аналардың
көңілін
Бір көтеріп тастаңдар,- деп ұлдарымыздың биін
тамашалаңыздар.
Би: «Балапандар»
Жүргізуші: Кәне, балалар ақ жаулықты
әжелерімізге арналған сыйлықтарымызды
таратайық.
Әжелерге сыйлық
сыйлайды.
Жүргізуші:Ал, енді қыздарымыз
тақпақтарын тамашалайық.
Жылылықтан
жаралған,
Құшағы оның таң
мекен.
Менің айдай
анамнан
Асқар сұлу бар ма
екен.
Жер бетінің
ғұмыры
Күн нұрымен
арайлы.
Біздің үйдің
жылуы,
Анамыздан
тарайды.
Ана біздің
күніміз,
Ана біздің
гүліміз.
Мамам, мамам, ақ
мамам,
Мен өзіңдей ақ
балаң,
Айтқан тіліңді
аламын,
Жұмсағанда
барамын.
Менің әжем әлі
де,
Ұқсамайды
кәріге.
Шай қайнатып
береді,
Керек болса
бәріңе.
Әлпештеген
баласын,
Ана-бақыт,
ана-күн.
Қыздарымыздың тамаша
билері бар қабыл алыңыздар.
Үнді
биі: «Хатуба
»
Жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы
бар,
Аласы бар адамның анасы
бар.
Мерекесін құттықтап
аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.-дей отыра
балалардың әнін қабыл
алыңыздар.
Ән: «Нұрын төккен
маған»
Жүргізуші: Балалар барлығымыз асыл жанды
аналарымызға арналған сыйлықтарыңды
сыйлайықшы.
Аналарға сыйлықтар
таратылады.
Жүргізуші: Осындағы балаларға жаны
ашитын, білімді, білікті, жүзі мейрімді біздің мектептің оқу-ісінің
меңгерушіс Мадиниет Нажмиден қызына келесі сөз кезегін береміз.
.
Жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп
қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп
қалды.
Қош болып тұрыңыздар
көріскенше
Осымен концертіміз
аяқталды.
Барлықтарыңызға аман сау болыңыздар
дейміз.
Мақсаты: Балаларға 8 -
наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан
ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті
әріптестер!
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні 8 - наурыз аналар
мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
Дендеріңізге саулық, аспандарыныз арқашан ашық болып, көктем
гүліндей жайнап жүріңіздер.
Бүгін наурыздің 8 - і
Сүлулықтың негізі
Әдемі сөзіАнаның
Еркелетіп айтар
сөздері
Ал балалар қане аналарын сендерді қалай
еркелетеді?
Балалар: Ботам, құлыным
т.б.
Аналарынды қалай жақсы
көресіңдер?
Жақсы балалар, демек бүгін аналар мен
әжелердің мерекесі
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен
құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер
айтылмаған. Сол себепті біз әжелерді және ұжымымыздың үлкендерін
мерекелік ертенгілігімізге шақырып отырмыз. Ертенгілігімізді
бастамас бұрын біздің Ару көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал екенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.
Жүргізуші. Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош
келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төгебер.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған
әжелерге, аналарға,қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді
таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер,
мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Ал, Ару көктем мерекеге келген біздің қонақтарымызбен
бірге балаларымыздың өнерлерін ташалаңыз.
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры,
мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген
балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл
алыңыздар.
Мені жақсы көреді, Айсана
Күндей күліп жүреді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Әлпештеген аялаған Айкын
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамын мен құттықтаймын.
Менің әжем мейірбан, Акылжан
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Әр сөзімді жаттаған, Жансель
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Ақ қабақты анашым, Нурзат
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Әже деген көп шығар, Жанайдар
Әжемдей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Ақ анашым, аппағым, Альтаир
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Анаң болса қасыңда Мухамедали
Басқа бақыт не керек?
Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін.
Анамды мен жақсы көрем, Алтынбек
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем.
Тәрбиеші:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі
кезекті бишілерге береміз.
Би.Қуыршақ қыздар
Би. Заманауи биі
топпен
Тәрбиеші:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған дегендей
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық
көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен
астасып жатыр. Ендеше балғын бүлдіршініміздің ана туралы әсем әнін
тыңдаңыздар
Ән: « Ақ мамам» Болат Жанайдар
«Анаға сыйлық жасау» өз қолдарымен аналар
алдында ашық хат жасап сыйлайды.
Тәрбиеші: Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне, осындай қойылым
Көрсетті бүгін балалар
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды
Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «
Балауса» шағын орталық тәрбиешілері мен бүлдіршіндері атынан шын
жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз,
сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!