Қазақ тілі | 6-сынып |
|
Сабақтың тақырыбы | Салт және сабақты етістіктер |
Мақсаты | Салт және сабақты етістіктерге анықтама бере отырып, оны жаттығу, тапсырма жұмыстарында пайдалана білуін меңгерту.Тапсырмалар мен жаттығу жұмыстарын орындату арқылы ойлау қабілеттерін арттыру;Қазақ тіліне деген қызығушылығы артады. |
Күтілетін нәтижелер | Салт және сабақты етістіктерге анықтама бере отырып, оны жаттығу, тапсырма жұмыстарында пайдалана біледі.Тапсырмалар мен жаттығу жұмыстарын орындау арқылы шығармашылық қабілеттері артады.Қазақ тіліне деген қызығушылығы артады. |
Керекті жабдықтар | Интерактивті тақта, кеспе қағаздар, рефлексия парағы, тапсырмалар,,, маркерлер |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: | СТО технологиясының элементтері, миға шабуыл, «Зымыран» сұрақтар, түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, смайлик әдісі, тірек-сызба әдісі |
С а б а қ б а р ы с ы : |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
І.Ұйымдастыру
| Оқушылармен амандасу, түгендеу.Оқушылар, көңіл-күйлеріңіз қалай? Сабаққа дайынсыздар ма? Сабағымызды бастамас бұрын өзімізді психологиялық тұрғыдан дайындап алайық.Психологиялық дайындық.«Жүйрік ой» жаттығуыМынандай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз:Маған осы сабаққа қажет қасиеттер, мыналар................Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар:........................................Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар:..................................... | Мұғаліммен амандасады
Сабаққа қажет өздерінің бойындағы қасиеттерін айқындайды. |
ІІ.Үй тапсырмасы (өткен тақырып бойынша кері байланыс)Еске түсіру:
| Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?Болымды және болымсыз етістіктер. Жаттығу жұмыыстары.«Зымыран сұрақтар»Болымды етістік дегеніміз не?Болымсыз етістік дегеніміз не?Болымды етістікке қандай сөздердің тіркесуі арқылы да жасалады?Болымды етістікке мысал келтіріңдер.Болымды етістікке мысал келтіріңдер.Болымды және болымсыздың айырмашалығы неде? |
Оқушылар өткен тақырып бойынша пысықтау сұрақтарына жауап береді.
Мысалдар келтіру арқылы меңгерген материалдарды еске түсіреді. |
Негізгі бөлімІІІ.Жаңа сабақБілу, түсіну:
| Оқушыларға тақтадан күннің реті мен сабақтың тақырыбын жазады (Миға шабуыл.)Сабақты және салт етістіктер
| Оқушылар тақырыпты меңгеріп, оны ары қарай дамытуға талпынады.
Оқушылар сол арқылы білімдерін бір жерге жинақтап, жаңа тақырыпты ұғып алады.
Кестеген назар аудара отырып, салт және сабақты етістіктердің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын меңгереді.
Өздері де мысал келтіре отырып, тақырыпты тереңірек түсініп алады. |
Оқулықпен жұмысТалдау және қолдану:
| -жаттығу. Үлгіге назар аудара отырып, қайсысы сабақты және салт етістік екенін айтыңдар.Ү л г і:нені сұрама? – күшін сұрама – етістік табыс септігіндегі сөзбен тіркескен, сондықтан ол сабақты етістік болады.-жаттығу. Сұрақ қою арқылы сал және сабақты етістіктерді анықта (ауызша). -жаттығу. Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, салт етістіктердің астын ирек сызықпен сызыңдар.Топпен жұмыс.Мақсаты: берілген суретті пайдалана отырып, шағын мәтін құраңдар. Мәтіннің ішіндегі салт және сабақты етістіктерді тауып, ажыратыңдар. | Оқушылар тапсырмаларды орындай отыра, сабақты тереңірек түсінеді.
Жекелей жұмыс жасайды.
Топпен жұмыс жасайды.
Суретке мүқият назар аудара отырып мәтін құрайды.
Мәтін құрамында салт және сабақты етістіктің болуын ескереді. |
Деңгейлік тапсырмалар | 1-деңгей:Мақсаты: берілген сөздерге сабақты етістіктің жалғауларын жалғай отырып, сөз тіркесін жасаңдар.Алма, анар, жеміс, көкенісАдам, бала, әке, әжеКітап, дәптер, қалам, қарындаш
2-деңгей:Мақсаты:берілген сөздерге салт етістіктің жалғауларын жалғап, сөйлем құраңдар.Қол, аяқ, таяқ, дәріГүл, парақ, тарақ, әріпГүлден, Айнаш, Қаракөз, Арман, Аяулым
3-деңгей:Мақсаты:салт және сабақты етістіктерге мысалдар келтіріп, екі бағанға орналастыр. Кез-келген екі сөзді қатыстырып, сөйлем құра. Оған морфологиялық талдау жаса.Сергіту сәті.«Жунгидағы жаңбыр» Нұсқау: Жунглида жүрміз деп елестетіңдер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты (оқушылар қолдарымен жеңіл қимылдар жасайды).Жел көтеріліп желкіді (тізені қаттырақ сипаймыз).Қатты дауыл соқты (тізені соғып, аяқты жерге соғамыз).Кенет нөсер жауын құйды (алақанды соғамыз).Бұршақ жауды (тізені қаттырақ соғамыз)Тағы да нөсер жауын жауды(алақанды соғамыз).Дауыл соқты ( тізені соғып, аяқты жерге соғамыз).Жел соқты (тізені қаттырақ сипаймыз).Жел басылып келеді.
Бағалау.Мұғалім «Смайлик» әдісімен бағалайды. |
1-деңгей:
2-деңгей:
3-деңгей:
Сергіту жаттығуларын орындайды.
Ойынның шартын түсініп, тапсырмаға кіріседі.
Оқушылар бағаланады. |
Қорытынды | 1)Бекіту сұрақтары:1. Салт етістік дегеніміз не?2. Сабақты етістік дегеніміз не??3. Салт етістік қалай жасалады?4. Сабақты етістік қалай жасалады?5. Салт етістікке мысал келтіріңдер.6.Сабақты етістікке мысал келтіріңдер.2) Үйге тапсырма:Салт және сабақты етістіктер. – жаттығу. Мәтінен сабақты етістіктерді тауып, оны өзі тіркесіп тұрған сөзбен біірге теріп жазыңдар.
3) Рефлексия:Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. | Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.Үй тапсырмасын түсіріп алады.
Оқушылар сабақта алған әсерлерімен бөліседі.
Сабақтан алған әсерлерін баяндайды. |