Сабақтың тақырыбы: «Салық салу аясындағы мемлекеттік
басқару. Салық және оның
түрлері»
Сабақтың
түрі: Зерттеу
сабағы Уақыты:90 мин
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:. Оқушыларға салық жүйесінің мәнін ашып
көрсету.
Дамытушылық: Өмірде кездескен және өз отбасылары туралы түсініктерімен
теориялық білімді ұштастыруға,түйген ойларын, ұжымдар мен
зандылықтарды игерудегі танымдылық белсенділігін
арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, адамгершілікке, жаман
әдеттерден бойын аулақ ұстауға, әдептілікке, сыйластыққа,
инабаттылыққа, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарап ізетті болу
дағдыларын қалыптастыру.
|
Сабақ барысында
қолданылатын педагогикалық
технологиялар:
Белгіленген технологияны іске асыру
әдістері:
Пәнішілік
байланыс:«
ҚР қылмыстық құқығының
негіздері»
Пәндер аралық
байланыс:
Қамтитын пән:
Саясаттану және әлеуметтану «Құқықтық
мемлекет»
Қазақстан тарихы «Тәуке ханның «Жеті жарғысы».
Қазақ билері».
Қамтылатын пәндер:
Әлеуметтану «Тұлғаның әлеуметтанулық
сипаттары».
География «Әлем елдері»
Сабақтың
жабдықталуы
ҚР Конституциясы,
слайдтар,презентация, бейнеролик,оқулықтар,электронды
оқулықтар,заңнамалар
Интерактивті
тақта;
Компьютер,CD,
DVD.
Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік
құралдар:
Негізгі: «Қ.Р. Конституциялық
құқық» Ғ.Сапарғалиев Алматы жеті жарғы 2013
ж.
Құқық негіздері . Оспанов Қ.И., Алматы: Жеті
Жарғы, 2014ж.
Қазақстан мемлекеттінің құқығының негіздері.
Академиялық курс.Г.С.Сапаргалиев. Алматы 2013ж
ҚР қылмыстық құқығы. А.Н.Ағыбаев А 2011 «ҚР
Азаматтық құқық оқу құралы»
Тұран баспасы 2007ж
«Азаматтық құқық»Жайлин Ғ.А. ерекше бөлім Алиаты
2006ж
«Құқық негіздері» Алматы 2008ж.С.Д.
Баққұлов
«Қ.Р. Құқық негіздері » Алматы «жеті жарғы»
2008ж.Оспанов
Қосымша: «Еңбек құқығы» Ахметов А. Алматы
2006ж.
«Отбасы құқығы» А.Ынтымақов, Х.Д.Карпушина Алматы
2002 ж.
«Қылмыстық құқық» А.Н. Ағыбаев Алматы «жеті
жарғы» 2007ж.
«Құқық негіздері» С.Д. Баққұлов Алматы
2007
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (3-
минут): Студенттермен амандасу.
Аудитория тазалығына көңіл бөлу, топты түгелдеу, журналды толтыру,
студенттердің сабаққа зейінін
аудару.
Сабақтың
хронокартасы
№
|
Сабақ бөлімдерінің
атауы
|
Сабақтың
ұзақтығы
(минут)
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
3
|
2
|
Тақырыптың мотивациялық
сипаттамасы
|
5
|
3
|
Үй
жұмысын тексеру, оқушылардың білімдерін
бақылау
|
25
|
4
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру
|
25
|
5
|
Студенттердің өзіндік
жұмысы.
|
17
|
6
|
Сабақты қорытындылау
|
5
|
7
|
Студенттерді бағалау
|
5
|
8
|
Үйге тапсырма
|
5
|
2.Тақырыптың мотивациялық
сипаттамасы(5-мин) : Салық салу аясындағы
мемлекеттік басқару. Салық және оның түрлері
2008 жылы қабылданған Салық
кодексі тоғыз жыл ішінде 16 рет өзгертіліп, 3 рет қайта жазылыпты.
Әділет министрлігі Заңнама институтының статистикалық талдау
деректеріне сүйенсек, 2009 жылдан бастап Салық кодексіне заңмен 130
өзгеріс пен толықтыру енгізілген екен.
Тікелей салықтар – тікелей
табысқа немесе мүлікке салынады. Оларға мыналар жатады: мүлік, жер,
табыс, әлеуметтік, көлік салықтары. Табыс салығы – заңды немесе
жеке тұлғалардың табысына салынады.
Жанама
салықтар – тауар бағасына салынған түрі. Оларға қосылған құн салығы
мен акциз және кеден, баж салығы жатады.Қоғам талабы
өзгергенгендіктен биыл тағы жаңа Салық кодексі
қабылданды.
3.Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімдерін бақылау
(25- мин):
Сұрақ қою арқылы студенттердің білім деңгейін
тексеру
Міндетті әлеуметтік
сақтандырудың құқықтық негізі
1. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың
түсінігі.
2. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың
субъектілері.
3. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың
объектілері.
4. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың қайнар
көздері.
5. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың
түрлері.
6.Міндетті әлеуметтік сақтандыру заңының талабы
бойынша жұмыс берушінің міндеттері.
7. Жұмысшының міндетті әлеуметтік сақтандырылу
барысындағы құқықтары.
8. Сақтандырушы түсінігі.
9. Сақтанушы түсінігі.
10. Сақтандандыру жағдайы
түсінігі.
Студенттер-дің
аты-жөні
|
Ауызша сұрақтарға
жауап беру
|
Тест
|
Студенттің өзіндік
жұмысы
|
Сабақта
белсенділі-гін ескеру
|
Жаңа тақырып
бойынша бағалау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
(25- мин)
Салық адамзатқа ерте заманнан
белгілі.Кімнің өз меншігінен айрылғысы келеді,сондықтан салық төлеу
мәселесі әрқашан наразылық тудырып отырған.Адам Смит кезінде салық
салу жөнінде бірталай ойлы тұжырым жасаған,бұл тұжырымдар әліге
дейін пайдаланылып келеді.Атап айтқанда,Ол түскен пайдаға және
жалақыға салық салуды ұсынған.Салықтың керек екендігін ойшыл
адамдар баяғы-да анық ұққандығы сонша,1789жылдың өзінде АҚШ
Тәуелсіз декларациясының авторларының бірі Бенджамин Франклин:
«мына өмірде өлім мен салық ақиқат» деп
жазған.
Жұрттың баршасы да салық
төлеуге міндетті.Салық көмегімен мемлекет көп нәрсеге,соның ішінде
экономикалық процеске әсер етіп отырады.Олар белгілі бір қызмет
түрлерін ынталандырып,өнеркәсіптің әртүрлі саласын
дамытуға,айналымдағы ақша мөлшерін реттеуге мүмкіндік береді.Салық
көбінесе ренішпен қабылданатындығына қарамастан қазіргі қоғам
да,үкімет те онсыз тіршілік ете алмайды.Мысал келтіретін
болсақ,
—Шонжарлар қатарына жатпайтындар қазақ хандығына
салық төледі. Қатардағы көшпелі малшыға салынатын негізгі салық
түрі «зекет» болды. Сонымен қатар,еңбекші халық байларға өздері
өндірген мал өнімінің бір бөлігін «соғым», «сыбаға» түрінде беруге
мәжбүр болды.Оның көлемі салық төлеушінің көңіл-күйіне байланысты
болды.Диқаншының жағдайы да мәз емес еді.Олар ханға астықтың 1/10
немесе 1/5 бөлігін құрайтын «баж» және «харадж» түрінде салық
төлеуге мәжбүр болды.
—Көне Римнің толық құқылы
азаматтары салықтан босатылған,салық құлдарға және шет жерден
келгендерге салынған.Соның өзінде әлгіндей жолмен қазынаға түскен
қаражат империяның тыныстауына жетпесе керек. Император қоғамдық
әжетханаларға салық салуды
енгізген.
—Ағылшын королі ІІ Генрих
тұсында кісі өліміне де салық салынған.Бұл салықты өз иелігіндегі
жерде кісі өлімі орын алған жер иесі егер әлгі қазаның сыры алты
айдың ішінде мәлім болмаған жағдайда төлеп тұрған.І Петр сақалын
алып тастау жөніндегі жарлығына бағынғысы келмегендерге «сақал»
салығын салған.Ал көне Русьте шаруалар үйінде түтінін мұржадан
шығармай от жағатын болған,себебі ол кезде пеш жаққандағы түтінге
де салық салынған.Ондай салықты дәулетті шаруа ғана төлей
алыпты.
—Салықтың бұл түрі Англияда 1797жылы енгізілген.Әр
сағат иесі жыл сайын қазынаға 5 шиллинг төлеп тұру керек
болған.Әлгі салық бір жылдан кейін тоқтатылды,себебі жұрттың көбі
қалта сағатын ұстаудан қалған.
Ортағасырда өмір сүрген философ,әрі ғұлама Фома
Аквинский салықты «Адамды заңды түрде тонау»
деген.
Бұрынғы кездегі салықтардың
түрлері.
-
1.Баж
салығы – өңделетін жерге салынатын салық
-
2.
Зекет – ғаріп-кемтар адамдарға үлестіру үшін мешіт жинайтын
салық
-
3.
Қалан – монғолдар билеген кезде егіншілерге салынған
салық
-
4.
Тағар – әскерді қамтамасыз ету үшін заттай алынған
салық.
С алық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан
белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар –
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен
екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы
қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың
экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер
мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір
бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен
халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап,
жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз
байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен
алудың нысандары мен әдістерінің, салық органдарының жиынтығы
әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды
төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің
жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі
үлгілері болуы мүмкін.
Салық - белгілі бір мерзімде
және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған
міндетті төлемдер.
Барлық өркениетті елдерде
салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің
өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының
өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта
құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің
ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы
көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру
барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын
түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметіне тікелей қатысты.
Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары)
бар:
1. реттеушілік;
2.
фискалдық;
3.
қайта бөлу.
Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар
салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады.
Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет
арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар
реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты -
өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық салу әдістері
салықтық реттеудің тетіктері болып саналады. Жоғарыда көрсетілген
салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана
қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік
инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту
жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді
қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз
байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық мөлшерлемелері мен
салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше. Себебі ғылыми
негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған мөлшерлемелер
кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және
мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеліп соқтырады. Осы сияқты
салық жеңілдіктерінің де
теңсіз жағы және бар.
Дамыған елдердің тарихынан салық мөлшерлемелері
жөнінде мынаны байқауға болады:
-
салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 пайызынан асып кетсе,
өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
-
салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 пайызы аралығында
болса, жай ұдайы өндіріске әкеледі;
-
салық мөлшері салық төлеуші табысының 35-40 пайызы аралығында
болса, ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі.
Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе
бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік
бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті
артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра
отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске
асуын қамтамасыз етеді. Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер
табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің
іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес
салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша
Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлестік салмағы
40 пайыздан асып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден
әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін
орталықтандырудың бір айғағы осы. Мемлекет мына жоғарыда
көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып
елдің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету
жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып
салық саясатын анықтайды.
Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық
жиынтық өнімді бөледі;
-
Салық – ақшалай нысанды төленеді;
-
Салық – қайтарылмайтын төлем болып
табылады:
-
Салық – баламасыз сипатта болады;
-
Салық – салықты төленген кезде меншік
нысандары айқындалады;
-
Салық – тұрақты экономикалық қатынас
туғызады;
-
Салықты –мемлекет немесе уәкілдік берілген
мемлекеттік орган белгілейді;
-
Салық – құқықтық нысанда жүзеге
асады;
-
Салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі
болып табылады;
-
Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі
туындайд
-
Салық – мәжбүрлеме сипатта болады;
-
Салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық
сипатта жүзеге асырады.
Қазақстан
Республикасы Конститутциясының 35 – бабында « Заңды түрде
белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді
төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады » деп атап
көрсетілген.
Қазақстан Республикасынының салық жүйесі даму
сатысында тұр, сонымен бірге салық механизмі де жетілуде. Қазақстан
Республикасында салық салудың құқықтық реттеуі өзінің даму
кезеңінде 3 сатыдан өтті: