Сабақта “шама” ұғымы енгізіледі. “Шама” —
өлшеуге болатын және өлшеген нәтижені санмен көрсетуге болатын
ұғым.
Сабақта шамалардың өлшемдермен байланысты
түсініктерді меңгеру үшін жаттығулар жасалады. Тәжірибелік деңгейде
оқушылар төмендегідей қорытындылар жасап
үйренеді:
—
шамаларды өлшеуге, салыстыруға және нә-тижесін
сандар көмегімен көрсетуге болады;
—
шамаларды өлшеу үшін өлшем таңдап алып,
оның өлшенетін шамада қаншасы барын анықтауға болады;
—
шамаларды олар тек бірдей өлшеуіштермен
өлшегенде ғана салыстыруға болатыны түсінетін болады.
Сабақты өткен сабақтарда алған білімдерді еске
түсіруден бастаңыз. Заттардың ұзындығын, массасын, көлемін өлшеуді
бұрын қалай үйренгенін еске түсіріңіз. Масса, ұзындық, көлем —
шамалар екенін, шамаларды өлшеуге, салыстыруға болатынын айтыңыз.
Шамаларды өлшеп, ортақ қасиеттерін табуды ұсыныңыз. Екі шелекті
және екі түрлі өлшеуіш ыдысты көрсетіңіз де,
сұраңыз:
— Қай
өлшеуішті пайдаланып шелекке суды тез толтыруға
болады?
— Шелекті толтыру үшін қай ыдысты көбірек
пайдаланады? Неге? Шаманы өлшеп, өлшем нә-тижесін санмен көрсетуге
болады деген қоры-тындылауға жетелеңіз. Егер өлшеуіш ретінде алған
көлем үлкен болса, шаманы сипаттайтын сан кіші болады; егер өлшеуіш
кіші болса, онда шаманы сипаттайтын сан үлкен болады деп
қорытындылатыңыз.
Осы
қасиетті заттың ұзындығы мен массасын өлшегенде де пайдалануға
болатынын айтыңыз.
Салыстыр. Неге? Бұл тапсырма заттарды са-лыстыру
үшін оларды бір өлшеуішпен өлшегенде ғана дұрыс нәтиже алуға
болатыны туралы түсінікті бекіту мақсатында беріліп
отыр.
Сұрақ қойып, әңгіме жүргізіңіз:
— Кімнің бөтелкесінің көлемі үлкен деп
ойлай-сыңдар? Неге?
— Қыз
бен ұлдың қолдарындағы бөтелкелері бірдей ме, әлде әртүрлі
ме?
— Біз бөтелкелердің қайсысына
көп сусын сыя-тынын айта аламыз ба? (Жоқ, айта алмаймыз.)
Оқу-шыларға сурет бойынша өз ойларын қорытынды-лап айтуға мүмкіндік
беріңіз.
Шамаларды бірдей өлшеуіштермен
өлшегенде ғана салыстыруға болады деген қорытынды
жаса-тыңыз.
Ойлан. Тапсырма оқулықтағы иллюстрация бо-йынша
орындалады. Пішіндері әртүрлі ыдыстар берілген. Сондықтан
қайсысында бұршақтың көп екенін көзбен мөлшерлеп анықтауға
болмайды. Оқушылар жұппен жұмыс жасай отырып, қалбыр ыдыста бұршақ
көп болады деген қорытындыға келеді. Себебі оған бірнеше өлшеуіш
ыдыстағы бұршақ сыяды.
Жауабы:
қалбыр ыдыстағы бұршақ
артық.
|
Шығарып көр. Оқушыларға
оқулықтағы суретті қарауды сұраңыз. Кесінділерді тауып, оларды
атауды ұсыныңыз. Кесіндінің сәуле мен түзуден айырмашылығы қандай
екенін сұраңыз. (Кесіндінің ұзындығын өлшеуге болады, ал сәуле мен
түзу шексіз.) Осыдан кейін өз беттерінше орындауға кесіндінің
ұзындығын сантиметрмен анықтайтын жұмысты
беріңіз.
Бір литр сүттің, шыны құтыдағы
кетчуп пен алмұрттың массасын тап. Тапсырма
тәжірибе
арқылы оқушылардың логикалық
қабілеттерін арттыруға бағытталған. Берілген тапсырманы жұппен
орындауды ұсыныңыз.
Жауабы:
дұрыс жауаптың үш нұсқасы
болуы мүмкін:
2
бөтелке;
1 литр сүт және 1
алмұрт;
3
алмұрт.
Орындап көр. Сыныптан немесе
үйден масса-сын, ұзындығын, көлемін өлшеуге болатын заттарды табуды
ұсыныңыз. Топпен орындауға нұсқау беріңіз.
Жауабы:
ықтимал жауаптар: аквариумның,
құмыраның, стақанның массасын, көлемін, биіктігін өлшеуге
болады.
|
Тірек сөз — “шаманы” есте сақтау үшін келесі
ойынды ұсыныңыз. “Шамалар және оның қасиеттері” тақырыбымен
байланысты сөздерді айтқызыңыз, ал оқушылар айтылған сөздердің
ішінен шамаларды білдіретін сөздерді анықтауы керек. Егер сіз
“ұзындық”, “көлем”, “масса” деген сөздерді айтатын болсаңыз,
оқушылар ол сөздерді ести сала “шама” деген сөзді айтулары қажет.
Мысалы: сіз “санти-метр” деген сөзді айтсаңыз, олар “шама” деген
сөзді айтпауы керек, себебі ол — шама емес. Ал “Масса” деп
айтсаңыз, олар “шама” деген сөзді хормен айтуы керек. Кезекпен
айтуға болатын сөздер тізімі: “сантиметр”, “сызғыш”, “көлем”,
“литр”, “масса”, “килограмм”, “таразы”, “ұзындық”,
“кіртастары”.
|
Қай шаманы өлшегенін анықта. Сөздерді тиісті
суреттермен сәйкестендіріп, сызықпен қос. Оқушылар шамаларды
ұзындық, көлем, массаны бейнелейтін суреттерге сәйкес келетін
сөздерді сызықтармен қосу керек.
Шамаларды тиісті өлшем бірліктермен
сәй-кестендір. Оқушылар шамалардың
атауларын
(ұзындықты, массаны, көлемді) олардың өлшем
бірліктерімен сәйкестендіріп қосу
керек.
Айнаның ұзындығын әртүрлі өлшеуіштер-мен
анықта. Оқушылар қойындәптер түрінде және қарындаш түрінде
көрсетілген өлшеуіштің санын табуы керек. Айнаның ұзындығы
қойындәптердің ұзындығымен 6 болады. Ал бір қойындәптердің ұзындығы
2 қарындаштың ұзындығына тең болған-дықтан, айнаның ұзындығы
қарындаштардың ұзын-дығымен 12-ге тең
болады.
|
Бағалау
|
Оқушылар сабақ
соңында:
“ұзындық”, “масса”, “көлем”
терминдерінің және олардың өлшем бірліктерінің мағынасын түсінеді
(см, кг, л);
заттарды массасы, көлемі,
ұзындығы бойынша салыстыруды меңгереді.
Тақырыпты түсінгендерін
тексеру үшін, топтар
арасында жарыс ұйымдастырыңыз.
Сабақтың та-қырыбына байланысты тапсырмалар мен сұрақтар дайындап,
үш жауап нұсқасын ұсыныңыз (ия, жоқ,
білмеймін).
Тек бір жауап қана дұрыс
болады. Сынып бөл-месінің әр жеріне “иә”, жоқ”, “білмеймін” деген
сөздер жазылған қағаз парақтарын іліп қойыңыз. Ойынның шарты
бойынша сіз сұрақтар қоясыз, ал оқушылар дұрыс жауап жазылған
парақтың жаны-на жүгіріп барып тұрады. Сіз оқушының әрекетіне
қарап, олардың тапсырманы қандай деңгейде меңгергенін бақылап
білесіз.
Сұрақтар:
Шаманы өлшеуге бола
ма?
Ұзындықты салыстыруға бола
ма?
Көлем мен масса шама
ма?
Сантиметр — бұл өлшем бірлік
пе?
Литр мен килограмм — бұл шама
ма?
Шаманы салыстыруға бола
ма?
Шаманы өлшеп, нәтижесін санмен
көрсетуге бола ма?
Көлем ыдыстың сыйымдылығы
ма?
Жәшікке су құюға болмайды,
сондықтан оның көлемі жоқ деп айту дұрыс
па?
Оқушылардың өзін-өзі бағалауын
жұмыс дәпте-ріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен
өткі-зіңіз.
|