Материалдар / Шамалар (ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық) және өлшем бірліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шамалар (ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық) және өлшем бірліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығара білу және шығарылған есептердің шешу жолдарын ұғындыру. Логикалық есептер шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту. Ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаң орындай білуге дағды қалыптастыру. Еңбек етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2018
1435
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Шамалар (ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық) және өлшем бірліктері

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

Жалпы мақсаттар

Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығара білу және шығарылған есептердің шешу жолдарын ұғындыру.
Логикалық есептер шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаң орындай білуге дағды қалыптастыру. Еңбек етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, «жаттығу тапсырмалары»,  сөздер, оқулық, тапсырмалар, оқулық.
Сабақтың түрі: ойын
Әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой ашар, өздік жұмыс, тест сынағы, топтастыру, білім сайысы

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Психологиялық дайындық


Психологиялық дайындық. «Жаттығу сұрақтары»:
1.қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40 әріп, 2 белгі, 42 әріп)
2.Математикада неше цифр бар? (10)
3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады? (14)
4. «Миллион» санында неше нөл бар? (6)
5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан)

Қызығушылықты ояту

«Ой ашар»
І. Ойын: «Сен білесің бе?» Ойын шарты: Сұрақтар өтілген тақырыптарға байланысты, әр фигуралар артында берілген сұрақтарға тез әрі жылдам , әрі ұтымды жауап берген бала ұтады.
1. Сәуле мен кесіндінің айырмашылығы неде? (сәуленің бір жағы тұйықталған)
2. Көбейтудің заңдарын ата
(ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік)
3. 1км-де неше метр бар? 1000м
4.1дм-де неше мм бар? 100мм
5.1 м-де неше мм бар? 1000мм
6.1тоннада неше кг бар? 1000кг
7. 1тоннада неше центнер бар? 10ц
км, дм, м, мм, т, ц –бұлар нелер? (шамалар)
Қандай өлшем бірліктері?
- км, дм, м, мм- бұлар ұзындық өлшем бірліктері
- т, ц, - бұлар салмақ өлшем бірліктері.
Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінен нені білесіңдер?
Азық-түлікке қатысты: бір асым ет, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым.
Саусақпен өлшенетін өлшемдер: елі, тұтам, сүйем, қарыс.
Қолмен өлшенетін өлшем бірліктері: білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере құлаш.
Ауырлық өлшемдері: мысқал (5г), қадақ (400г), пұт (16кг), қап (4пұт, 64кг)
Мұнан басқа көлем, тереңдік, аудан, бұйымдарға байланысты, аяқпен өлшенетін, астың пісуіне байланысты өлшем, жыл мезгіліне байланысты өлшем бірлігі, мүшел жас, жыл санау, ай аты, күндерді санау т.б өлшемдер бар.

Оқулықтағы тапсырмаларды 3-топқа бөліп орындау.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Қоян шықты далаға,
Жан-жағына қарады.
Секірді, жүгірді,
Отырды, тұрды.



Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

Деңгейлік тапсырма:
І деңгей:
4 ²+ 5² = 16 + 25 =41
7² - 3² = 49 - 9 = 40
2² * 8² = 4 * 64 = 256
ІІ деңгей:
Велосипедші 24 км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Осы уақыт ішінде ол қанша қашықтықты жүріп өтті? S=VT = 24*4 = 96 км
ІІІ деңгей:
76 * Х = 38* 50
76 * Х =1900
Х =1900 / 76
Х =25

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырманы орындау.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

















Пәннің аты Дниетану

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Туганбаева А

Сабақтың атауы

Кіріспе. Адам – табиғат перзенті.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты мен міндеттері: табиғат, адамды қоршаған орта туралы түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.Табиғат тепе-теңдігін сақтау.Адамның табиғатқа әсері.

1.Білімділік: өзбетінше қоршаған орта туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.

2.Дамытушылық: әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу,табиғатты қорғауға тәрбиелеу:Жылылық сезімін ояту

Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: тірі, өлі табиғат суреттері, адам жасаған заттардың суреттері.

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау,түсіндіру

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту


  1. Суреттен не тірі және өлі табиғатқа жататын ажырат .








Мағынаны тану

Оқулық бойынша жұмыс 7-9 бет Мәтінді оқу, суреттері бойынша жұмыс жүргізу . Қорытынды жасау: Адам-табиғат перзенті.


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Сұрақтар бойынша жұмыс:

1. Адам табиғаттың бір бөлігі екенін дәлеледе.

2. Адам табиғаттан нені үйрене

3. Бір күндегі істейтін іс-әрекерін әңгімеле. Табиғатқа қатысы бар ма?

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Picture 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады







Пәннің аты Дуниетану

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім Туганбаева А

Сабақтың атауы

Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі.

Жарақат алғандағы алғашқы көмек. Тесттік тапсырмалар

Сарамандық жұмыс

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты   мен міндеттері:ағза мүшелері түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.                 

1.Білімділік:өзбетінше ағза мүшелері туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.

2.Дамытушылық:әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;                                                                               

3.Тәрбиелік:деңсаулыққа көңіл бөлуге,табиғатты қорғауға тәрбиелеу:

Сабақ түрі         :жаңа тақырыпты таныстыру сабағы              

Көрнекіліктер:макет адам денесі, суреттер, карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау        

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Адам денесіннің сыртында не бар?  Не үшін керек?

Осы сұрақтарға бүгін бірігіп жауап беруге тырысамыз.

   Дәптермене жұмыс:

Тері

              жарақаттан               үсуден     күюден          соққыдан 

Тері

  сыртқы жағы          тері            сыңаулары

Оқулық бойынша жұмыс: 13-14 бет оқу, талдау. Дәптерге ережелерді жазу.

Үнемі теріні, денені (бас, қол-аяқ, тіс) таза ұстауға дағдылан.

Жарақат алу, күю, үсіп қалу өте ауыр болған жағдайда жедел жәрдем 103 шақыртуды ұмытпа!

«Кім жылдам?»  ойын ішкі мүшелерді атау, оқушылар суреттен көрсетеді.

Сергіту сәті

Көжектерімтұршы,  беттеріңді жушы,

Айнаға қарашы,  шашынды тарашы.

Киімінді киші,  мектепке қарай жүрші

Орнына отыршы,  сабағынды оқышы

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

-Тері қандай қызмет атқарады?

-Май мен  тердің тері арқылы шығуың ағза үшін қандай маңызы бар?

-Теріні таза ұстау жөнінде өз тәжірибеңн сүйеніп әңгімеле.

14-15 бет бойынша Жарақат алғандағы алғашқы көмекпен танысу.

Тест тапсырмалары:

1.Тері үсіген кезде

А) сылаймын   б) тілімен жалаймын   ә) жылы суға саламын   в) ақ дәкемен ораймын

2. Соғып жарақаттанғанда:

А) жылы суға малынған дәкемен ораймын

  б) қыздыратын зат басамын   ә) медециналық жапсырманы басамын   в) суық суға малынған дәкемен ораймын.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Picture 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

















Пәннің аты Әдебиеттік оқу

Уақыты:

Кабинет:

МұғалімТуганбаева А

Сабақтың атауы

А. Байтұрсынұлы. Оқуға шақыру

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық: өлеңді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу,  терең білім алуға тәрбиелеу

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: А. Байтұрсынұлының портреті «Әліппе »оқулығы, құмырсқа суреті;

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы:  «Пікірлер ағашы» Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білесің айтып бер.

1.Ол кім?                                  4. Қандай оқулық жазған??

2.Қайда туған?                         5. Қандай шығармаларын білесің?

3. Қандай қызмет атқарған?   6. Әкесінің аты кім?

Білім

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Күн сәулелеріне не жазар едің?

Бүгін А. Байтұрсынұлының шығармашылығымен әрі қарай танысамыз «Оқуға шақыру»- өлеңін оқимыз.

Оқулық бойынша жұмыс 6-7 бет

6  бет «Оқуға шақыру» өлең

- үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)

Сөздік жұмыс : іздеп тауып алалық- үйрену, оқу, із

 -тізбек бойынша оқу

-азат жолмен оқу

- Бөлімдерге бөліп оқу

* Оқуға шақыру

* Еңбек іс-әрекеті

*Даналық                                                    

Даналық- сөзін басқаша қалай айтуғаболады?

Өлеңдегі түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп оқы.

Оқуға, жұмыссыз, даналық, байқап, қаралық, даналық- өшпес жарық, кетпес байлық.

-өлеңді тұтас мәнерлеп оқуға дағдылану

Сергіту сәті

Топпен жұмыс

1-топ

Оқу-білім туралы мақал-мәтел жинақтау

2-топ

Ақынның өмірі мен шығармашылығы топтастыру

3. Жаңа білімді бекіту: Сызбаға зер сал. Өлеңге сүйеніп, сызбаны өз сөзімен түсіндір. Неліктен бұл сөздер құмырсқа түрінде көрсетілген?

іздену                                                         үйрену       

оқу                 жарық

Еңбек      Даналық           Білім        байлық

«Даналық-өшпес жарық, кетпес байлық» жолдарын сен қандай сызба арқылы көрсетер едің? (топтық жұмыс) –шығармашылықжұмыс


Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Өлеңді мәнрелеп оқу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


















Пәннің аты дуниетану

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Туганбаева А

Сабақтың атауы

Ағза мүшелері.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Мәтіндегі ақынның шынайы суреттеу шеберлігін оқушы жүрегіне жеткізу, әңгіменің мазмұнын түсіндіру.
2. Оқушының сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту. Өздігінен жұмыс істеуге, оқығанынан қорытынды шығаруға үйрету.
3. Адамгершілікке, адалдыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу. Болжау, өз пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге тәрбиелеу.
Түрі. Ауызша сабақ - 2
Технология «БжС»
Ауызша – 2 сабақ картасы

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі
Тірек сөздерді іздеу
Жады
ҚҚС
Тесттік жұмыс
ТСҚ
Көшбасшыға сөз
Жылдамдық жаттықтыруы
V -. бас, мойын, кеуде, қол, аяқ, ми, ағза.
Жаңа сабақ
Тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру. Оқушыларды термин сөздер мен түсініктермен таныстырады.
2 кезең
Оқушылардың субъектті іс - тәжірибесін өзектендіру
Оқушылар мәтінді бір бет параққа 3 минуттық есеппен көңіл аударып оқып, оның ішінен тірек сөздерді табуы тиіс. Оқушылар мұғалімнің рұқсатымен тапқан тірек сөздерін айтады. Мұғалім ООМ белгілейді. Тіпті оқушы бір - ақ сөз тапса да, ол да бір белгілеу алады. Мұғалім барлық оқушылардың тірек сөзді табуына белсенділік танытады. Мұғалім тірек сөздер эталонын сабаққа дейін дайындап қояды.
3 кезең
Қабылдауды ұйымдастыру
Тірек сөздерімен жұмыс. Тірек сөздерге түсінік беру. Тақтаға тақырыпқа байланысты тірек сөздер берілген.
бас, мойын, кеуде, қол, аяқ, ми, ағза.
4 кезең
Ұғынуды ұйымдасыру
Қарама - қарсы сұрақтар: Матрица бойынша барлық оқушылар сұралады. Пайызды анықтау. « -» алған оқушыларға көңіл бөлу.
Қарама – қарсы сұрақтар:
1. Адамның дене мүшесі неше бөліктен тұрады?
2. Адамның ішкі мүшелеріне нелер жатады?
3. Ми қандай қызмет атқарады?
4. Адамның дене мүшесінің ішіндегі негізгісі не?
5. Ағза қалай жұмыс істейді?
6. Өкпе қай жерде орналасқан?
7. Ми адам дене мүшесінің қай жерінде орналасқан?
8. Бүйрек қандай қызмет атқарады?
9. ішек - қарын қандай қызмет атқарады?
10. Жүрек қай жерде орналасқан?
11. Жүрек қандай қызмет атқарады?
12. Қол - аяқ қандай қызмет атқарады?
13. Ағзаның қандай пайдасы бар?
14. Сымбатты, әдемі болып өсу үшін не қажет?
15. Көз қандай қызмет атқарады?
16. Адамда неше өкпе болады?
17. Адамда неше бүйрек болады?
18. Ішек - қарын таза болу үшін не істеу керек?
19. Денің сау болу үшін не істеу керек?
20. Тірі табиғатқа не жатады?
21. Өлі табиғатқа не жатады?
22. Жылдың неше мезгілі бар?
23. Табиғат нешеге бөлінеді?
24. Бір жылда неше ай бар?
25. Адам мен жануарлардың арасында қандай байланыс бар?
26. Спорттың қандай түрлерін білесің?
27. Спорттық ойындардың адам ағзасына қандай пайдасы бар?
28. «Табиғат - ана» дегенді қалай түсінесің?
29. Адам табиғаттан не үйренеді?
30. Қандай спорттық ойындарды білесің?

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

5 кезең
Түсінудің біріншілік тексеруі
Оқушылардың бірін - бірі тестілеуі. Оқушылар өткен тақырып бойынша тестілер құрастырады және орынға отырғызу матрицасы арқылы сұралады. Өзге оқушының сайт номерін айту арқылы жүзеге асырылады. Бірін бірі тестілеу нәтижесі бойынша белгі қою ережесі:
1. Тестіні шешетін оқушы дұрыс жауабы үшін ООМ қосу белгісін алады.
2. Тестіні шешетін оқушы дұрыс емес жауабы үшін ООМ алу белгісін алады.
3. Тест құраушы оқушы ООМ қосу белгісін алады егер де, ол қойған сұраққа дұрыс жауап алынбаса.
4. Тест құраушы оқушы ООМ алу белгісін алады егер де, ол қойған сұраққа дұрыс жауап алынса.
6 кезең
Біріншілік бекітуді ұйымдастыру
Тақырыптық сөздік қор.
Мәтіннен сөздер жазу немесе мазмұнын жазу.
37 сөз.
1) Матрицаны толтыру
2) Ең көп сөз жазған оқушы сөздерін оқып береді.
3) ТСҚ - ның пайызы есептеледі.
Түйсіну
4 - 5 белгі - 5 ұпай
3 белгі - 4 ұпай
2 белгі - 3 ұпай
1 белгі - 2 ұпай
Қорытынды
Сапа нормативі оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Picture 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!