Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 8 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні

Информатика

Сыныбы

8 «А»,«Ә»

Күні

19.09.2015ж

Сабақтың тақырыбы

Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару

Сілтеме

Информатика Е.А.Вьюшкова 8- сынып «Арман ПВ» баспасы 2016 ж

Оқып – үйренудің негізгі мақсаттары:

1.Санау жүйелері туралы мағұлмат беру.

2.Санау жүйелерімен орындалатын амалдардың қызметін түсіндіру.

3.Санау жүйелері арқылы есептер шығаруға үйрету.

Оқып – үйренудің нәтижесі:

Барлық оқушылар:

1.Санау жүйелері туралы білетін болады.

Оқушылардың басым бөлігі:

2.Санау жүйелерімен орындалатын амалдардың қызметін түсінеді.

Кейбір оқушылар:

3.Санау жүйелері арқылы есептер шығаруға үйренеді.

Сабақ барысы:


Уақыты:

Мұғалімнің іс - әрекеті:

Оқушының іс - әрекеті:

3-мин

Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу

1-топ Математика

2-топ Информатика

Оқушылар 2 топқа топтасады.

1-топ Математика

2-топ Информатика

5-мин

Үй жұмысын тексеру.

«Сұрақтары бар қорап» әдісі арқылы жүргізіледі.


Қорапта қалдырылған сұрақтарды таңдау арқылы жауап береді.



Смайлктер арқылы бағалау жүргізіледі.

  1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

  2. Адам ақпараттытың қандай түрлерін қабылдай алады?

  3. Байланыс тілі деп нені айтады?

  4. Қандай тілдерді білесің?

  5. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

  6. Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір



Смайлктер арқылы бағалайды

15-мин



Жаңа сабақ

(тұсаукесер)

Жаңа сабақ

Паракшадағы сөздерді құрастыру арқылы тақырыпты ашады.

БҮТІН ОНДЫҚ САНДАРДЫ ЕКІЛІК САНАУ ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСТЫРУ.

Ауыстыру ережесі. Бүтін оң ондық санды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін осы санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөліндіні қайтадан екіге бөліп және т.с.с., алынған бөлінді 2-ден кіші болғанша бөле беру керек. Нәтижесінде соңғы бөлінді мен соңғысынан бастап барлық калдықтарды бір жолға жазу керек.

ОНДЫҚ БӨЛШЕКТЕРДІ ЕКІЛІК САНАУ ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСТЫРУ.

Ауыстыру ережесі. Ондық оң бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2-ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін қайтадан 2-ге көбейту керек. Енді бұл көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің келесі цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін тағы 2-ге көбейту керек. т.с.с

Мысалы:

0,625 * 2=1,250 бүтін бөлігі 1-ге тең;

0,250 * 2=0,500 бүтін бөлігі 0-ге тең;

0,500 * 2=1,000 бүтін бөлігі 1-ге тең;

Соңғы бөлшектің бөлшек бөлігі 0-ге тең ауыстыру аяқталды.

0,62510=0,1012

Ақырғы ондық бөлшекті екілік жүйеге ауыстыру кезінде периодты бөлшек алынуы мүмкін.

Мысалы:

0,3 * 2=0,6 бүтін бөлігі 0-ге тең;

0,6 * 2=1,2 бүтін бөлігі 1-ге тең;

0,2 * 2=0,4 бүтін бөлігі 0-ге тең;

0,4 * 2=0,8 бүтін бөлігі 0-ге тең;

0,8 * 2=1,6 бүтін бөлігі 1-ге тең;

0,6 * 2=1,2 бүтін бөлігі 1-ге тең; және т.с.с

Жауабы: 0,310=0,0(1001)2

ОНДЫҚ САНДАРДЫ СЕГІЗДІК САНАУ ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСТЫРУ.

Сандарды ондық жүйеден сегіздік жүйеге ауыстыру үшін екілік жүйеге ауыстыру әдісін қолдануға болады. Түрлендіретін санды ондық жүйенің ережесі бойынша, 7-ден аспайтын қалдығын еске сақтай отырып, 8-ге бөледі. Егер алынған бөлінді 7-ден үлкен болса, онда оны да қалдықты еске сақтай отырып, 8-ге бөледі. Жаңа бөліндіні, егер ол 0-ден көп болса, өз кезегінде 8-ге бөледі. Бұл 8-ге бөлу процесі алынған бөлінді 0-ге тең болғанша жалғаса береді. Содан кейін, соңғысынан бастап барлық қалдықтарды қатар жазып алу керек.

Мысал.








Жауабы: 891ю=15738.

15-мин








2-мин

Пилот және навигатор әдісі








Жұптарда өзара бағалау


Берілген тапсырманы компьютерге орындап, деректерді толтырады.


1.Ондық сандарды екілік санау жүйелеріне ауыстырыңдар:

а)32210 ә)15010 б)28310

2.Сегіздік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстыр

А)5558 ә)6368 б)2358 в)5178


Жұптар бір – біріне бағалау жүргізеді.

3-мин

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады.




Рефлексия


Не білдім?

Не үйрендім?

Маған қиын болды





2-мин

Кейінгі тапсырма


Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2018
608
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі