|
Тақырыбы: «Сәндік қолданбалы қолөнерінің шебер мектебі Мен Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Бийимбетова Қойсын Смамутқызы.
«Сәндік қолданбалы қолөнерінің
шебер мектебі сабағымызды
бастаймыз
Балаларды еңбекке тәрбиелеу қол еңбегі сабағынан басталады.Адам баласы туа сала емес, көре-көре , жүре-жүре жетіледі.Отбасында еңбек тәрбиесін жүргізгенде баланы келешек бір мамандыққа бейімдеп тәрбиелеген жөн.Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепте іскерлікке үйрету оңайға түседі. Биылғы оқу жылындағы өзгеріс жаңаша білім беру мазмұнына көшу боп отыр.Мен 5-7 сыныптарға осы бағытта технология пәнінен сабақ беремін. Сабақты бастамас алдын психологиялық ахуал қалыптастырылады. Топқа бөлуде жыл мезгілдеріне сай, немесе гүлдер, оюлар суреттерін таңдау, сандарды санау арқылы топқа бөлеміз. Білім беруді ұйымдастырудың формалары:
Сабақта ойын түрлерін қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Оқушыларға сабақта сарамандық жұмыс барысында денелерін жаттықтыру үшін сергіту сәттері өтіледі. Олар «Адасқан әріптер», сөзжұмбақтар шешу. Белгілі бір әуенге сай билеу Сергіту сәті
Шығармашылық жоба оқушының технология пәні бойынша жүргізетін жұмысы. Жобаны жеке өзі, немесі жұп болып жасауға болады.Осы орайда айта кететін жайт мектебіміздің оқушысы Жүнай Асылжан «Құрақ құрау» тақырыбында ғылыми жоба жұмысын қорғап шықты.Оқушы өзінің ізденімпаздығымен құрақ құрау технологиясын зерттеп, қолөнер шеберлерімен кездесіп өзінің жобасын қорғап, нәтижесіне Республикалық «Үздік ғылыми жоба» байқауынан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Зерде» балалардың ғылыми жұмыстары сайысына қатысып, Жүнай Асылжан ІІІ орынға ие болды. «Технология пәнінен оқушылардың шығарашылық жобасы» атты аудандық байқауынан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жазушы Л.Толстой , суретші Репин өздерінінң ұлы шығармаларын «1 пайыз талант, 99 пайыз еңбектің арқасында жасадық » деген екен. Сондықтан оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үлкен қажырлы еңбекті талап етеді. Бүгінгі сабақта 8 сынып оқушысы Сексенбай Аяулым өзінің тігіп шыққан қуыршағын таныстырып өтеді. Елбасымыз Н.Назарбаев «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру барысында өзіміздің отандық өнімдерімізді көптеп шығаруға баса назар аударып отыр.Яғни осындай ұлттық қолөнерімізді ары қарай дамытып, жетілдіру біздердің және жастардың міндеті. 5-7 сыныптарда технология пәні бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Күнделікті сабақ барысында қалыптастырушы бағалау жүргізіп отырамыз. Оқушыларға І және ІІ жарты жылдықта «есептелінді», «есептелінген жоқ» деп сынақ жүргіземіз. Осы орайда айта кетейін дегенім қалыптастырушы бағалау материалдарын өзіміз үшін жинақтап отыруымыз қажет. «Сынақты қалай қойдың?» деген кезде оқушылар еңбегін көрсетуіміз үшін. «Көнені керек етпесең жаңа табылмайды» деп Шәкәрім атамыз айтқандай ысырапшылыққа жол берілмейтін қолөнер түрлерін жасап шығарып, сәндік қолданбалы өнеріміздің шарықтануына үлесімізді қоса білейік!
|



жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сәндік қолданбалы өнердің шебер мектебі
Сәндік қолданбалы өнердің шебер мектебі
|
Тақырыбы: «Сәндік қолданбалы қолөнерінің шебер мектебі Мен Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Бийимбетова Қойсын Смамутқызы.
«Сәндік қолданбалы қолөнерінің
шебер мектебі сабағымызды
бастаймыз
Балаларды еңбекке тәрбиелеу қол еңбегі сабағынан басталады.Адам баласы туа сала емес, көре-көре , жүре-жүре жетіледі.Отбасында еңбек тәрбиесін жүргізгенде баланы келешек бір мамандыққа бейімдеп тәрбиелеген жөн.Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепте іскерлікке үйрету оңайға түседі. Биылғы оқу жылындағы өзгеріс жаңаша білім беру мазмұнына көшу боп отыр.Мен 5-7 сыныптарға осы бағытта технология пәнінен сабақ беремін. Сабақты бастамас алдын психологиялық ахуал қалыптастырылады. Топқа бөлуде жыл мезгілдеріне сай, немесе гүлдер, оюлар суреттерін таңдау, сандарды санау арқылы топқа бөлеміз. Білім беруді ұйымдастырудың формалары:
Сабақта ойын түрлерін қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Оқушыларға сабақта сарамандық жұмыс барысында денелерін жаттықтыру үшін сергіту сәттері өтіледі. Олар «Адасқан әріптер», сөзжұмбақтар шешу. Белгілі бір әуенге сай билеу Сергіту сәті
Шығармашылық жоба оқушының технология пәні бойынша жүргізетін жұмысы. Жобаны жеке өзі, немесі жұп болып жасауға болады.Осы орайда айта кететін жайт мектебіміздің оқушысы Жүнай Асылжан «Құрақ құрау» тақырыбында ғылыми жоба жұмысын қорғап шықты.Оқушы өзінің ізденімпаздығымен құрақ құрау технологиясын зерттеп, қолөнер шеберлерімен кездесіп өзінің жобасын қорғап, нәтижесіне Республикалық «Үздік ғылыми жоба» байқауынан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Зерде» балалардың ғылыми жұмыстары сайысына қатысып, Жүнай Асылжан ІІІ орынға ие болды. «Технология пәнінен оқушылардың шығарашылық жобасы» атты аудандық байқауынан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жазушы Л.Толстой , суретші Репин өздерінінң ұлы шығармаларын «1 пайыз талант, 99 пайыз еңбектің арқасында жасадық » деген екен. Сондықтан оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үлкен қажырлы еңбекті талап етеді. Бүгінгі сабақта 8 сынып оқушысы Сексенбай Аяулым өзінің тігіп шыққан қуыршағын таныстырып өтеді. Елбасымыз Н.Назарбаев «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру барысында өзіміздің отандық өнімдерімізді көптеп шығаруға баса назар аударып отыр.Яғни осындай ұлттық қолөнерімізді ары қарай дамытып, жетілдіру біздердің және жастардың міндеті. 5-7 сыныптарда технология пәні бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Күнделікті сабақ барысында қалыптастырушы бағалау жүргізіп отырамыз. Оқушыларға І және ІІ жарты жылдықта «есептелінді», «есептелінген жоқ» деп сынақ жүргіземіз. Осы орайда айта кетейін дегенім қалыптастырушы бағалау материалдарын өзіміз үшін жинақтап отыруымыз қажет. «Сынақты қалай қойдың?» деген кезде оқушылар еңбегін көрсетуіміз үшін. «Көнені керек етпесең жаңа табылмайды» деп Шәкәрім атамыз айтқандай ысырапшылыққа жол берілмейтін қолөнер түрлерін жасап шығарып, сәндік қолданбалы өнеріміздің шарықтануына үлесімізді қоса білейік!
|



шағым қалдыра аласыз













