Материалдар / "Санды өрнек"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Санды өрнек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
906
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: Математика

Мектеп: Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магзомова.Г.А.

СЫНЫП: 1

Қатысқандар: 18

Қатыспағандар:-

Сабақтың тақырыбы: Санды өрнек

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2.1.1санды және әріпті өрнектерді ( қосынды,айырма )

1.5.2.2** «+», «-», «=»,«>», «<»таңбаларын қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

10-ға дейін сандар қатарын біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Сандардың қайсысы көп, қайсысы аз екенін ажырата алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Сандарды салыстыру кезіндегі қолданылатын ұғымдарды біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Сандар мәнінің сәйкестігін талқылау үшін салыстыру терминдерін пайдалана алады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Тең, сонша, тең емес.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:


Талқылауға арналған сұрақтар:

Алдыңғы оқу:

Күнделікті өмірде сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесі бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Сабақ барысы

Ресурстар





Басы








Психологиялық дайындық:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым бізге үйір болады,

Досың олар, табылатын қасыңнан.

Бүгінгі біздің сабағымыздағы тақырыбымыз Санды өрнек.

Біздің мақсат; Санды өрнектің не екенін білу.Дұрыс оқу және құрастыру.Санды өрнек дегеніміз не деп ойлайсыңдар?

Балалар жауабы:

Біз Санды өрнектің не екнін және сабағымыздың мақсатына жету үшін циркке барамыз.

Балалар циркті жақсы көресіңдер ме?Циркке барған ұнай ма?

Қойылымның қай түрін ұнатасындар?

Бүгінгі сабағымызда цирк әлеміне саяхатқа барамыз.Ол жай цирк емес «Математикалық цирк»

Өте жақсы ,жарайсыңдар!

Бұл циркке математика тілін білетін балалар кіреді.

Бұл цирк біздің мәдениет үйін көркейтін тұр.

Шатырдың төбесіндегі ленталарда сандар жазылған

10,20,30,60,90

3,4,5,6

20,19,18,17,16

+.-,=

Бұл сандар туралы не айтасыңдар?

Бұл қандай белгілер?

Олар не үшін керек?

1.Екі таңбалы сандар,оңдықтар,санау ретімен тұр.

2.Бұл сандар 20 дейінгі сандар кему ретімен жазылған.

3.Бұл матемтикалық амалдар Олармен мысалдар есептер жазу үшін керек.


Ортасы

Тапсырма 1


















Санды өрнектің не екенін білу үшін сандар керек,сол үшін мен сиқыршы боламын.Қолымда керемет дорба және сиқырлы таяғым бар.(Керемет дорбаның ішінен бос қорапша алып бәріне көрсетем де қайта саламын.)Дорбаға жәшікті салып, сиқырлы сөз айтамын.

Мен математиканы жақсы көремін.

Дорбаны әрлі-берлі козғап.

Сандарды алғым келеді деп сиқырлы таяқпен дорбаны түртіп қаламын.

Қораптан сандар жапсырылған кубиктер шығады.

1 топ: 2.3,4,5

2 топ:3,4,5,6.

3 топ:10,20,30,40

Енді оқушылартоптан өз орындарын тапқан соң оларға епті жонглёр болуды өтінемін.Жонглёр ауада бірнеше затты лақтырып ,оларды шебер қағып алатын цирктегі артист екен.Сабақта жонглёрлік міндет математикалық түрде болады.Оқушылардан алдарында тұрған төрт сандардың ішінен ең үлкен санды және ең кіші санды таңдап алып,олармен азайту амалына өрнек құрумыз керек.Қалған екі сан менде өрнек құруды сұраймын.Екі өрнектің мәнін пайдаланып,қосу амалына өрнек құр.

Оқушылардың жұмыстарын тақтаға ілгзіп талдатамын.

Бұл мысалдарды шығару үшін нені қолдандыңдар?

Бұл мысалдарды шығару үшін сандармен амалдарды қолдандық.

Сандар мен арифметикалық амалдар қолданып жазылатын математикалық жазу «санды өрнек» деп аталады.

Ал арифметикалық амалдардың нәтижесі санды өрнектің мәні болады.Санды өрнектің мәнін табу үшін,ондағы амалдарды толығымен орындау керек.

Қосудың, азайтудың компоненттерін атау.

Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.


























1 топ:5-2=3 4-3=1 3+1=4

2 топ:6-3=3 5-4=1 3+1=4

3 топ: 40-10=30 30-20=10

30+10=40






















Бағалау критерийлері

Екітаңбалы ,ондықтар,20 дейінгі сандарды ,математикалық белгілердімеңгере алды.

Дескрипторлар


Өрнектер құра алады.

  • «+», «-», «=» ұғымдарын түсіндіре алады.

  • Амалдарды таңбалай алады.

Сергіту сәті



Тапсырма 2

Жұппен жұмыс

Сендер қазір жұптасып ауа акробаттары болып,өнер көрсетесіндер.Ол өнерді ауа акробаттары цирк аренасының төбесінде олар бір бірімен жұптасып өнеркөрсетеді.Бұл өнер өте кауіпті.Олар бір біріне сенеді,жұптарына әрдайым көмектеседі.Сол сияқты сіздерде жұптасып бір біріңе көмектесіп,сеніп мына сандардан санды өрнек құрастырамыз.

5+2=7 7-2=5 7-5=2

Бағалау критерийлері





Оқулықпен жұмыс

Дескрипторлар



  • Санды өрнек жаза алады

  • Әдемі жазған.

Кім ештенеден қорықпай батыр болса?

Аңдарды үйретуші болады ?

Жолбарыс 80-70=10 Ат 10+30=40 Аю 17-1=16

Ит 12+5=17 арыстан 30+20=50 Піл 2+15=17


Соңы

Рефлексия

«Серілгенсауал»әдісі

Доп циркпен байланыстыма?
Бүгін не істедік? Небілдік?

Жақсы Балалар,сендер цирктегі қай артисті жақсы көресіндер?

Жарайды ! сендер қазір уақытша сайқымазақ болыңдар және жетістік баспалдағымен өз орындарыңды табыңдар.


Оқушылар сабақ соңында:

+”, “–” және “=” таңбаларын санды өрнектер жазуға және олардың мәнін табуға пайдалануды;

өрнектер құруды және жазуды меңгереді. Оқушылардың оқу материалын қандай деңгейде

меңгергенін анықтау мақсатында келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:

санды өрнектер деген не?

санды өрнектерді жазуда қандай арифмети-калық амалдар қолданылады?

— “+” таңбасы мен 7 және 2 сандарын пайдаланып өрнек құрастыр.

20 + 50; 80 – 40 санды өрнектерін оқыңдар. Олардың мәнін табыңдар.

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.


Саралау - оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау - оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс - Денсаулық және қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).



Көркем еңбек, АКТ.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспардан қандай ауытқулар жасадым және неге?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Сабақ мақсатын жетті.

Балалар,бүгінгі сабақта санды өрнектерді шығаруды өте жақсы үйреніп қана қоймай,әріпті және санды өрнектерді айыра білуді тез үйреніп алды.

Сабақтың ортасында өзбеттерімен және топтық жұмыстар жүргіздім.

Уақыттымды өте ұтымды пайдаланып,сабақты уақытында аяқтадым.



Жоспардан ауытқулар жасаған жоқпын.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі кезеңді атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: Санды өрнектерді шығару кезі

2: Сайқымазақтың келген кезі

Қандай екі кезең сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім және ол келесі сабақты өткізуіме қандай әсерін тигізеді?






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!