Материалдар / Шаңғы жүрістерін кезектестіре жүру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шаңғы жүрістерін кезектестіре жүру

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныптың дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған
Авторы:
19 Мамыр 2024
178
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жетісу облысы

Бөлім

3 бөлім

Педагогтың аты-жөні

Юнусов Мухит Смагулович

Сабақтың тақырыбы

Шаңғы жүрістерін кезектестіре отырып жүру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.4.1 қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсіну және түсіндіре білу

Сабақтың мақсаты

Шаңғы даярлығына арналған жүру ережелерін түсіндіру,көрсету сол жаттығуларды өздеріне орындату арқылы шаңғы даярлығының тәсілін меңгерте отырып, шапшаңдыққа, ептілікке, төзімділікке, қайсарлыққа, табандылыққа, батылдыққа, күштілікке, дәлдікке, әділдікке, сыпайлыққа, салмақтылыққа, ұжымшылдыққа, өзін –өзі игеруге тәрбиелеу.

Сабақ мақсаты

Шебер сынып, тәжірибе алмасу

Сабақтың кезеңі/уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Негізгі бөлім

Оқушының әрекеті

Ресурстар

1-әрекет Оңға, солға, айналып бұрылу.

Секіріп бұрылу.

Жалпы дамыту жаттығуларын таяқпен жасау.

Шаңғыларын кию.

2-әрекет

Саптағы жаттығулар шаңғымен.

- аяқ ұшын айналып бұрылу

- аяқ өкшесін айналып бұрылу

- сілтей 180 градусқа бұрылу

Оқу-жаттығу алаңына шаңғымен шығу,

Шаңғымен жалпы дамыту жаттығулары.

1.Б.Қ. Шаңғы үстінде басыңды оңға, солға айналдыру.

2. Б.Қ.Шаңғы үстінде, қолыңды иығыңның үстіне қойып алға,артқа айналдыру.

3.Б.Қ. Шаңғы үстінде қолды мықынға қойып алға,артқа иілу.

4. Б.Қ. Шаңғы үстінде аяқты иық көлеміне қойып отырып тұрамыз.

5. Б.Қ.Шаңғы үстінде шаңғы таяғын тірей дене салмағын сол аяққа түсіріп, оң аяғын алға, артқа сілтеу. Тап солай сол аяққа жасау.

Үйрену барысында кездесетін қателер; аяқпен әлсіз серпу нәтижесінде жылжитын қадамның қысқа болуы; таяқпен әлсіз итеру және шаңғымен жеткіліксіз сырғанау; таяқпен өте кешігіп итеру; қозғалыс ырғағының бұзылуы; тепе- теңдікті кездейсоқ жоғалту; дененің жан-жаққа көбірек ауытқуы; таяқтың сүйретілуі.


Бұл жаттығу аяқты еркін сілтеп жүру қимылын қалыптастыруға аса тиімді. Үйлесімділікті жақсарту үшін бұл жаттығу қол мен таяқтың қимылымен орындалады.


Қолды қозғай отырып.

Бұл таяқсыз орындалады.

Сонан соң осы жаттығуды таяқпен орындауға және

серпілудің дұрыс орындалуына назар аудару керек.


Жалпы, таяқсыз жүру аяқтың күшін рыс пайдалана білуге, тепе-теңдікті сақтауды қалыптастыруға,дене салмағын бір аяқтан екінші аяққа ауыстыра білуге үйрететінін есте сақтаған жөн.

(оң аяқпен адымдап жүргенде).


Бұрылуды ,лекпен жүруді ара қашықтықты сақтауды қадағалау.

Шаңғыны ұқыпты шешіп, қарын тазалап, мұқият жинау.



Алма-кезек екі адымды жүріс.

Бұл жүріс көбінесе тегіс жермен жүргенде пайдаланылады және шаңғы тебудегі негізгі әдістің бірі болып табылады. Алма-кезек екі адымды жүрістің техникасын меңгеру үшін төмендегі жаттығуларды шаңғысыз, кейін шаңғымен орындау арқылы үйренуге болады.


1.Аяқты жартылай бүгіп қысқа адыммен жүру.Жаттығу шаңғысыз өрлеу жерге шыққанда орындалады. Жүруді қысқа адыммен аяқты бос ұстап, жай қозғала жүруден бастайды.


2.Бір орында тұрып сілтеу. Жартылай бүгілген аяқта тұрып, екінші аяқпен және екі қолмен ілгері-кейін үйлесімді сілтеу қимылын жасау керек.Бірақ машықтанған соң осы қимыл-қозғалысқа 3-4 сілтеуден

кейін шамалы ғана ілгері еңкеюді қосу қажет.


3.Қозғалысты аяқтың басымен аяқтау.Бұл жаттығу салмақтың тобыққа қосылған жеріндегі аяқ басын серпілтетін бұлшық еттерді жазу арқылы орындалады.


4.Толық адыммен жүру. Бастапқыда аяқ пен қолдың сілтеу қимылы қуатты болуды, аяқпен жылдам және күшті серпілуді қажет етеді.


5.Шаңғымен серіппелі қозғалыс жасамай сырғанау.Ілгері қарай жылжу – сол қалпын өзгертпей,таяқты қарға тіреген қалыпта еңкею арқылы қозғалу.Артынан кеудені қозғалыссыз қалыпта ұстап, тек қолдың күшімен қозғалу.Соңында кеудені еңкейту арқылы қолмен итере отырып қозғалу.

Алма-кезек екі адымды жүрістің техникасы; оң аяқпен адымдап жүрген кезде сол қолдағы таяқты алға қарай шығарып қарға тірейді; оң қолмен және сол қолмен кезек-кезек тіреп итереді, дененің салмағы оң аяққа түседі; сол аяқпен жүргенде оң қолды ілгері шығарады, салмақ сол аяққа түседі Содан кейін сол аяқтың буындары босаңсиды және шаңғының өкше жағы өз екпінімен жоғары көтеріледі. Бұл кезде оң аяқ сырғанау қалпында болады. Шаңғының сырғанауы тоқтай берген кезде оң аяқтың ұшы тұсына сол қолдағы таяқ қарға тіреледі және сол аяқты өзіне қарай жинап, оң қолды бір мезгілде алға қарай шығарады. Осылай алма-кезек екі аяқты алмастыра отырып сырғанайды.




Сабақтың соңы

5 мин Сабақ барысындағы кемшіліктер мен жетістіктер.

Үйге тапсырма беру.

Оқушыларды бағалау. Сап түзел,тік тұр! Сабақ аяқталды сау болыңыздар! «Оңға», «Солға» бұрыл лек бойынша мектепке шаңғымен қадам бас.

Бұрылуды ,лекпен жүруді ара қашықтықты сақтауды қадағалау.

Шаңғыны ұқыпты шешіп, қарын тазалап, мұқият жинау.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!