Материалдар / «Шаңғы үйірмесінің» оқу-әдістемелік кешені
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Шаңғы үйірмесінің» оқу-әдістемелік кешені

Материал туралы қысқаша түсінік
«Дене шынықтыру» пән ретінде жалпы білім беретін мектепте маңызды рөл атқарып, оқушының жалпы адамзаттық мәдениет саласында өзін-өзі белсенді шығармашылық көрсетуге дайын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2021
661
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













«Шаңғы үйірмесінің»

оқу-әдістемелік кешені









































Рецензенттер:











Ұсынылып отырғын әдістемелік ұсыныстар жалпы білім беретін мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған.



Жалпы білім беретін мектептерде жеңіл атлетик үйірмесін жүргізу әдістемесі (Әдістемелік ұсыныстар ,2014 ж. 43 бет.)











Бұл әдістемелік нұсқау Дене тәрбиесі пән мұғалімдеріне арналған













ТҮСІНІК ХАТ


«Дене шынықтыру» пән ретінде жалпы білім беретін мектепте маңызды рөл атқарып, оқушының жалпы адамзаттық мәдениет саласында өзін-өзі белсенді шығармашылық көрсетуге дайын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Дене шынықтыру білім беру саласы бойынша дене шынықтыру пәнін оқытудың мақсаты: оқушының дене мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулығын сақтау барысында оқушылардың бойында тұрақты мотивтер мен қажеттіліктерін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене шынықтыру құралдарын шығармашылық қолдана білуін қамтамасыз ету болып табылады.

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегі міндеттерді шешуді талап етеді:

  • денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;

  • дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;

  • дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;

  • тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.

Оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).

«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктеріне сәйкес келіп, «Қазақстандағы спорт пен дене шынықтырудың даму тарихы», «Қазіргі қоғамдағы спорт және дене шынықтыру», «Адамның дене мәдениеті» тақырыптарын қамтиды. Онда Қазақстандағы спорт және дене шынықтыруды дамытудың, республикадағы ұлттық спорт түрлерінің қалыптасуы, қазіргі қоғамдағы дене шынықтыруды дамытудың негізгі бағыттары, белсенді демалысты ұйымдастыру жолдары және дене шынықтыру құралдарының көмегімен адам денсаулығын нығайту тәсілдері туралы мәліметтер енгізілген. Сонымен қатар, бұл бөлімдерде дене және спорттық дайындықтардың негізгі түсініктері, өз бетімен дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері жан-жақты ашылып көрсетілген және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілген.

«Денені жетілдіру» бөлімінде оқушылардың дене дайындығын арттыруға бағытталған және жалпы дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер беріледі.

Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға айқындалған маңызы бар базалық спорт түрлерінен шаңғы үйірмесі тақырыбыда берілген.

Оқу бағдарламасы дене шынықтырудың базалық құрамынан тұратын материалдарды ұсынады. Базалық (инварианттық) компонент дене шынықтыру саласындағы жалпы білім беру даярлығының мемлекеттік стандартын айқындайды.

Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан-алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін, мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын жергілікті білім беру мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.

Бағдарлама оқушылардың дене шынықтыру бойынша дене дайындығы деңгейін анықтауға қоятын талаптармен аяқталады. Аталған талаптар төрт негізгі түсінікке сүйенеді: «білу/түсіну», «меңгеру», «көрсете білу» және «меңгерген білімі мен біліктілігін күнделікті өмірде және практикалық әрекетте қолдануы тиіс».

Бағдарламалық талаптар екі түрлі қызмет атқарады. Бір жағынан, олар бағдарламалық материалды оқушының табысты меңгеруін бағалаудың критерийі болса, екінші жағынан негізгі орта білім беру бағдарламасын аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді. Осы бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Осындай өзіндік жол дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

Оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау түрлері. Негізгі мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі дене шынықтыру сабақтары, оқу күндерінде ұйымдастырылатын дене тәрбиесі және сауықтыру іс-шаралары, спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар, спорттық үйірмелерде шұғылдану, дене жаттығуларымен өздігімен шұғылдану (үй тапсырмалары). Сонымен қатар дене шынықтыру сабақтары оқушылардың дене шынықтыру пәнінің мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады.

Орта білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес, бағдарламада оқушыларды гендерлік қағида (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары) бойынша бөліп оқыту қарастырылған. Оқу процесін ұйымдастыруда аталған жағдайды ескерген дұрыс.

Типтік оқу бағдарламасына сәйкес «Шаңғы үйірмесі» 3 тоқсан бойынша оқу жүктемесінің көлемі мынадай:

Шаңғы үйірмесі– аптасына 3 сағат (барлығы 34 сағат);

БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ


Барлығы – 34 сағат (аптасына 3 сағ.)

Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын

тоқсандарға бөлу

Бағдар-лама түрлері


Бағдарлама бөлімдері


Оқу тоқсандары

1

2

3

4

Σ

Базалық









Шаңғы үйірмесі



34



Ескерту:

* Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады.

** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады.


БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ

Қазақстанда қысқы спорт түрлерінің даму тарихы. Жылдамдық-күш жаттығуларын өз бетімен орындау және жаттығуды орындау кезінде серігін сақтандыру ережелері. Қауіпсіздік ережелері. Жарақат алу кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек.


Шаңғы үйірмесі

Шаңғымен жүру техникаларын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығының жаттығулары.

Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. Игерілген шаңғы жүрістерінің техникасын және бір жүрістен екіншісіне ауысуды жетілдіру. Таянып және сермеп бұрылу. Аттап өту және асып түсу тәсілдерімен табиғи кедергілерден өту. Шаңғышының төмен тұру қалпында еңіске түсу. Соқаша тежелу. Конький тәсілімен жүру. Шаңғы жүрістерін кезектестіре отырып белгілі бір қашықтықты өту (қашықтықты мұғалім немесе оқушылар анықтайды).

Сынақ тапсырмалары: шаңғымен 3 шқ қашықтықты өту.













Шаңғы үйірмесінің жылдық жоспары

Тақырыбы

Сағат саны

Мақсаты мен міндеттері

1

Шаңғы дайындығы (теориялық сабақ)

1

Оқушыларға теориялық мәлімет бере отырып,жеңіл атлетика ережесімен таныстыру.

2

Шаңғыны аяққа кию және өзі жинастыру

1

Шаңғымен сапқа тұру, бұрылу, сырғанау ептілігіне, құрал-жабдықтарды күтіп ұстауына дағдыландыру.

3

Шаңғымен жүру техникаларын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар.

1

Жылдамдықты, төзімділікті, ептілікті, иілгіштікті және күшті дамыту

4

Жалпы дене дайындығының жаттығулары.

1

Жылдамдықты, төзімділікті, ептілікті, иілгіштікті және күшті дамыту.

5

Адымдап жүру

1

Шаңғы дайындығы арқылы оқушылардың төзімділігін,шапшаңдығын дамыту

6

Таяқсыз адымдап жүру

1

Шаңғы дайындығы арқылы оқушылардың төзімділігін,шапшаңдығын дамыту

7

Шаңғымен жүргіру


1

Шаңғы дайындығы арқылы оқушылардың төзімділігін,шапшаңдығын дамыту

8

Шаңғышының биік және төмен тұру қалпынан еңіске түсу.

1

Қысқы спорт түрлеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, салауатты өмір салтына баулу.

9

Ауыспалы екі адымды жүріс

1

Шапшаңдығын дамыту,жетілдіру.

10

Тоқтау тәсілдері

1

Шаңғы дайындығы арқылы оқушылардың төзімділігін,шапшаңдығын дамыту

11

Биікке көтерілу

1

Аяқты кезекпен басып көтерілуді қадағалау

12

Шырша жасау әдісімен көтерілу

1

Шырша әдісімен көтерілуді толық меңгерту

13

Баспалдақ әдісімен көтерілу


Баспалдақ әдісімен көтерілуді үйрету

14

Биіктен сырғанап түсу

1

Шаңғы дайындығы арқылы оқушылардың төзімділігін,шапшаңдығын дамыту

15

Таудан сырғанап түсу кезіндегі бұрылу әдістері

1

Таудан сырғанап түсуді үйрету

16

Алма –кезек екі адымды жүріс

1

Шаңғы дайындығы арқылы оқушылардың төзімділігін,шапшаңдығын дамыту

17

Бір мезгілде бір адымды жүріс

1

Шаңғы дайындығы арқылы оқушылардың төзімділігін,шапшаңдығын дамыту

18

Бір мезгілде екі адымды жүріс

1

Бір мезгілдегі екі адымды жүрісті жетілдіру

19

Шаңғы жолымен бірінін артынан бірі жүру

1

Шаңғы дайындығы арқылы оқушылардың төзімділігін,шапшаңдығын дамыту

20

Аяқты алмастырып оңға,солға бұрылыстар жасау

1

Шаңғы дайындығы арқылы оқушылардың төзімділігін,шапшаңдығын дамыту

21

Аяқты тіреп бұрылу.


Дененің салмағын екі жаққа түсіруді меңгерту

22

1000 м. шаңғымен жүріп өту

1

1000 м. шаңғымен жүріп өту

23

Төмпешіктер мен ордан өту.

1

Жылдамдықты, ептілікті, төзімділікті дамыту.

24

Игерілген шаңғы жүрістерінің техникасын және бір жүрістен екіншісіне ауысуды жетілдіру.

1

Жылдамдықты, ептілікті, төзімділікті дамыту.

25

Таянып және сермеп бұрылу

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!