Жаңаны
ашу.
(Ө.)№ 1 тапсырма бойынша жолақ
қағаздармен тәжірибелік жұмыс жүргізіледі. Жолақтың ұзындығы бір
жыл ішіндегі айдың санына сәйкес –12 см.
Оқушылар жолақты теңдей етіп
бүктейді. Осыдан шыққан бір бөліктің атауын нақтылау . Және әр
бөліктің ұзындығын қалай табуға болады? Бір бөліктің (үлестің)
ұзындығын білсең, бүтіннің ұзындығын қалай табатынымызды
білесің.(Ережемен таныстыру)
– Жолақты 2 бөлікке бөлеміз.
Оның ұзындығын қалай білуге болады? Мына бөлік қалай
аталады?
– Жолақты 4 бөлікке бөлеміз.
Оның ұзындығын қалай білуге болады? Мына бөлік қалай
аталады?
– Ал енді кері амал орындаймыз.
Жолақтың бір ширегінің ұзындығы 3 см. Жалпы жолақтың ұзындығы
қандай?
"Отшашу" арқылы
бағалау
Оқушылар орындарынан
тұрып,еңкейген қалпында төменнен бастап жайлап шапалақ ұрады,
біртіндеп жоғары қарай шапалақ дауысын күшейте отырып, ең соңында
шапалақты қатты-қатты соғады.
(Ережемен
таныстыру)
Сергіту сәті :"Қай топ
білімді?"әдісі
Оқушылар бөлшектің
"Алымы","Бөлімі"болып 2 топқа
бөлінеді.Сыныптың 2 бұрышына қағаздан қалта ілінеді.Ортаға
орындыққа фишкалар қойылады.Және алдын ала дайындалған кеспе
қағазға жазылған сұрақтар қойылады. Осы сұрақты 2 топ кезекпен алып
жауап береді, жауап дұрыс болса, бір фишканы алып, өз тобының
қалтасына салады.Осылай сұрақ таусылғанша ойнайды. Соңында екі
қалтадағы фишкаларды санап, жеңімпаз топ
анықталады.
Түсіндіре отырып алғашқы
бекіту.
(Ө.)Оқулықтағы №2 тапсырма бойынша
оқушылар алдымен кесіндіңің бір бөлігінің ұзындығын өлшейді.Содан
кейін оқушылардан сұралады. Барлық кесінді бірдей қанша бөлікке
бөлінген? Бір бөлігін білу арқылы барлық кесіндінің ұзындығын
табуға бола ма? Осыдан соң ережемен
таныстыру.
Барлық кесіндінің ұзындығын
білу үшін,бір үлестің ұзындығын бірдей бөліктердің(үлестердің)
санына көбейту керек. 3х2=6см 2х5=10см
Смайликтермен
бағалау
(Ұ.)№3 тапсырманы слайдқа қарап,
ауызша орындау.Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар санның
үлесін табуға дағдыланады.
Үлес санына бөлу білігін
дамытады және
үлесті анықтауға мүмкіндік
береді.
Қараөрік ағашынан барлығы 20кг
жеміс жинап алынған, ыдысқа жемістің жартысын салсақ,бестен
бірін,төрттен бірін салсақ,әр ыдыста неше кг қараөрік
болады?
Бармақпен
бағалау
(Ж.) №4 тапсырманы орындау санның
үлесін табу және логикалық ойлау дағдысын
дамытады.Есепке талдау жасау. Ұжыммен
есептің
шартын құрастыру. Есептің
шешуі туралы өз
бетінше ойлануды ұсыну. Егер
оқушылардың кей-
бірі есепті шығаруға қиналса,
есепті қалай шығару
керектігін түсінген оқушымен
жұптастыру.
а)Қарбыздың массасы 8 кг.Жарты
қарбыздың массасы қаншаға тең?
Шарты:
1қарбыздың массасы-8
кг
Қарбыздың
бөлігі - ?
кг
Қарбыздың бөлігін табу үшін не
істейміз?
(Ережені еске
түсіру)
Санның үлесін табу
үшін осы санды алынған үлестің
санына бөлу
керек.Яғни 8-ді 2-ге бөлу
керек.Сонда қарбыздың бөлігі 4
кг
ә) Жарты қарбыздың
массасы 4кг. Қарбыздың барлық массасы қаншаға
тең?
Шарты:
Қарбыздың
- 4кг
1 қарбыздың массасы -
кг?
Қарбыздың барлық массасын табу
үшін не істейміз?
(Ережені еске
түсіру)
Үлесі бойынша санды
табу үшін
алынған үлестің
санына көбейту керек.
Бұл тапсырманы орындау – тура
және кері есептің қысқаша үлгісін
көрсетеді.
Жұпта
бағалау
|