400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сапалы білім беру-бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі (мақала)

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бүгінгі таңда мұғалім қандай болу керек, оның кәсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді?» деген сұраққа «Мұғалім, ең алдымен, бала жанының тамыршысы болуы тиіс» деген жауап айтсақ орынды болар.Бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, оны ойната білу оңайлықпен келмейді. Бұл ұстаздың сенімділігі мен мақсаттылығынан туады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы

Жетісай ауданы

№21 Б.Майлин атындағы ЖОМ КММ

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Сейдимбеков Болатбек Илесович

Мақала

Сапалы білім беру-бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі

«Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана

шәкірт жанына нұр құя алады»

(А.Байтұрсынов)

«Бүгінгі таңда мұғалім қандай болу керек, оның кәсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді?» деген сұраққа «Мұғалім, ең алдымен, бала жанының тамыршысы болуы тиіс» деген жауап айтсақ орынды болар.Бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, оны ойната білу оңайлықпен келмейді. Бұл ұстаздың сенімділігі мен мақсаттылығынан туады. Оның сенімділігі білімінен, айқын мақсатынан және бала жүрегіне жол таба білуінен көрінеді.Осы үшеуі мұғалім мейірімділігімен ұштасқанда нағыз тамыршы бола алады.

Қазіргі таңда заман талабына сай сапалы білім,саналы тәрбие беру басты мәселе. Осы орайда елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сапалы білім беру- бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі» деген сөзін еске алайық. Елбасы қоғамымызды дамыған елдермен бәсекеге түсу үшін сапалы білім берудің қажеттігін айта отырып, мұғалімдерге үлкен сенім артуда.

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі – жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса-бізге сын. Халқымыздың тағдыры, еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.

Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.

Мен де оқыту тәжірибемді шыңдап, жетістіктерге жету үшін Кембридждік әдіс-тәсілдерін үйрену мақсатында оқуға келдім. Осы жеті модульді қолдана отырып, оқушылардың білімдерін, өз пікірлерін, көзқарастарын еркін және анық түрде жеткізе алуға үйретсем деймін. Тек үйрету ғана емес, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және алған білімін жүзеге асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса, онда мұғалімнің биік мақсатқа қол жеткізгені болмақ.

«Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері Бағдарламаның жеті модулін іс- тәжірибеде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім.

Солардың бірі «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі оқушыны ізденуге жетелейтін ,ойлауға үйрететін және оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда алатын орны ерекше. Бағдарламадағы жеті модуль арқылы мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді. Дәстүрлі оқыту әдісінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту әдісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер- оқушы. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет.

Еліміздің ертеңгі тізгінін қолына алып, елін, жерін көркейте алатын ұрпақ-қазіргі мектеп партасында отырған қабілеті ерекше, талантты немесе дарынды ұрпақ. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз.























































































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 қараша
548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі