Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
САПАСЫЗ ОЙЫНШЫҚТАРДЫҢ БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
САПАСЫЗ ОЙЫНШЫҚТАРДЫҢ БАЛАЛАР
ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ
Жаркимбекова А.Т.
Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі
E-mail altushka_62@mail.ru
Қазіргі таңда әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайды. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ана жалықпайды. Өкінішке қарай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қытайдан әкелінеді. Алайда кейбір ата-ана осы ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына қауіпті екенінен хабарсыз болғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екендігін біле бермейді немесе білсе де немқұрайлық танытады. Соның салдарынан бала азап шегеді.
Сондықтан мен өз құрбыларымды, ата-аналарды ойыншық таңдауда абай болуға шақыра отырып, қазақ елінің болашағы балалардың денсаулықтарын қорғауда аз да болса өз үлесімді қосқым келеді.
Зерттеудің өзектілігі: Сапасыз ойншықтардың балалар денсаулығына тигізетін әсерін қоғамға жеткізу.
Зерттеудің мәселесі: Сапасыз ойншықтар.
Зерттеудің міндеттері:
1. Ойыншықтың бала өміріндегі алатын орны туралы мағлұмат беру
2. Сапасыз ойыншықтарының құрамындағы улы заттардың бала ағзасына зиянды жақтарын көрсету.
3. Қазақстанда ойыншық индустриясын дамытудың қажеттілігін айқындау.
І. Негізгі бөлімі:
1.1.Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдар
XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.
Балаларға арналған тауарлар: ойындар мен ойыншықтар, төсек әбзелдері, киім, аяқ киім, жиһаз, арба, сөмкелер (арқаға асатын сөмке, рюкзактар, портфельдер және), күнделіктер мен соған ұқсас бұйымдар, дәптерлер, басқа да қағаздан және картоннан жасалған кеңсе тауарлары, кеңсе құралдары немесе балалар ассортименті тауарларын дайындауға арналған жасанды полимер және синтетикалық мектеп материалдары.
1.2 Ойыншықтардың шығу тарихы
Баланың ең алғашқы ойыншығы-сылдырмақ. Ежелгі Грецияда және Римде сылдырмақты жаңа туған балаға сыйлаған. Осындай сылдырмақпен анасы және күтушісі бесік жырын айтқан. Сонымен бірге ежелгі наным сенімдер бойынша сылдырмақты сылдырлату арқылы жын-шайтандарды үркітеді деп сенген.
Бізге белгіле ең ежелгі ойыншық біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда пайда болған.Өкінке орай, көптеген ежелгі ойыншықтар біздің заманымызға дейін жетпеді.Ежелгі ойыншықтарды ағаштан,саздан,сүйектен және металдардан жасаған .
Ойыншық – баланы жан-жақты тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады. Баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі,белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарғыштығын қалыптастырады, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады. Ойыншықпен ойнауға белгілі жағдайда педагогикалық, эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап қойылады,сондай-ақ ол баланың жас ерекшілігіне қарай өзгеріп отырады.
Ойншықтың түрлері
• Дидактикалық
• Бейнелік
• Техникалық
• Конструкторлық
ойыншықтар
ІІ.
Зерттеу бөлімі
2.1 Ойншықтардың сапасы және олардың балалар ағызасына
келтіретін әсері
Бүгінде сауда айналымында ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы сын көтермейді. Қыруар қаржыға сатып алынған ойыншық бала ойынына шыдап бермей, әп-сәтте «істен» шығады. Әрі дені қытайлық ойыншықтардан бөлінетін иіске бала түгілі, ересек адамның төзуі мүмкін емес. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мамандарының мәліметіне жүгінсек, өткен жылы сауда орындарында токсикологиялық зерттеуге алынған ойыншықтардың көпшілігі талапқа сай келмей, сауда айналымынан шығарылды. Ойыншықтардың құрамындағы формальдегид қосындысы мен толуол сұйықтығы мөлшерден артық. Өткір иіс пен шамадан тыс бояу бала ағзасын улайды. Тынысты тарылтып, лоқсытады. Түрлі тері ауруын тудырады. Бұл - стирол мен фенол қоспасының көптігі,- дейді аймақтық санитарлық-гигеналық қадағалау бөлімінің мамандары.
Мәселен мынадай «Скейттегі кісі» (басқатырғыш ойыншығы), «Кертіктері бар доп», «Drawing&writingBoard» тақтасы, «Басқатырғыш - машина»,«№8024 скейтборд - басқатырғыш», «Фотоаппарат», «Суда жүзгіш үйрек», «Кубиктер», «Музыкалық дабыл», «QY-148А үялы телефоны», «Қамыр» сияқты ойыншықтарда стирол концентратының шамадан көп екені анықталды. Стиролмен улану кезінде бас ауыру, бас айналу, ұйқы басу, жүректің шаншуы, терінің қышуы, мұрын мен ауыз қуысы құрғауы, иіс сезу қабілетінің жоғалуы сияқты симптомдары байқалады.
Сылдырмақтар және қатты дыбыс шығаратын ойыншықтардың кейбір түрлері тексерістен өтпеді. «Дисней», «Kaili» және«Неваляшка» өте қатты дыбыс шығарады. Дыбыстың деңгейден жоғары болуы есту аппаратының зақымдануына және жүйке ауруларына әкеп соғады.
Ойыншық баланың тек ермегі ғана емес. Әрбір ата-ана өз бала¬сына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аябайтыны белгілі. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ана әсте тартынып қалмайды. Өкінішке орай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қытайдан әкелінеді. Алайда, ата-ана ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына зияны барынан хабарсыз болғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екедіне бас ауыртпайды.
Шындығына келгенде, сол балалардың ойыншықтарының барлығы да – шетелдің мультфильм, ертегілерінің кейіпкерлері. Міне, мұнда да өзге елдің идеологиясы жүруде деген сөз. Онсыз да телеэкрандарымызды шетелдің мультфильмдері жаулап алып, сәбилеріміз өзге елдің идеологиясымен өсіп жатқаны аздай, олардың күнделікті қолынан тастамайтын ойыншықтары да Қытайдікі. Себебі, аспанасты елі бір ғана ойыншық экспортының өзінен жылына қыруар қаржы тауып отыр. Әрі кең-байтақ жері бар қазақ елінің ұрпағы, келешекте мемлекеттің тұтқасын ұстайтын бүгінгі кішкентай жеткіншектердің әлжуаз да ауру болып, жат елдің боданында өсуі үшін әдейі жасалып жатқа¬н қитұрқы саясат болуы әбден мүмкін.
Базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын саналуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығы ересектердің де жанарын өзіне еріксіз аудартады. Бірақ бүгінгі тауар сатылымындағы ойыншықтар тек батыстық үлгіде шығарылған. Бүлдіршіндеріміздің ойыншықтары – шетелдің мултьфильмдері мен киноларының кейіпкерлері. Неге қазақ ертегілерінің Алдар көсе, Тазша бала кейіпкерлерін өзіміздің болмысымызға сай етіп шығармасқа? Егер қазақ ертегі-аңыздарындағы ұлттық кейіпкерлер бейнесінде ойыншықтар жасалса, бұл бала үшін баға жетпес сый болар еді. Айтпақшы, елімізге белгілі әнші, продюсер Қыдырәлі Болмановтың «Бал Бала» жобасымен бүлдіршіндер үшін ұсынылған қазақша ән айтып, би билейтін ойыншықтар шығарып жүргеніне көп уақыт болды. Бұл – ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын жақсы бастама. Алайда, ол ойыншық¬тардың бағасының қымбаттығы көп ата-ананың қалтасына салмақ түсіретінін де жасыра алмаймыз.
Ересектер балаларға жылтыраған қытай ойыншықтарын әперуге құштар. Бірақ та оның негізі химиялық өндірістің қалдықтарынан жасалынатындықтан баланың миын зақымдап, көру қабілетін төмендетіп, кемтарлыққа ұшырататынынан көп жағдайда хабарсыз.
Бояуы тым қанық, алыстан «мен мұндалап» тұрған ойыншықтардан сақтанған жөн. Себебі бояудың құрамында фенол, формальдегид, қорғасын эелменттері бар. Бұл заттар адамның жүйке жүйесіне, көз бен тыныс алу мүшелеріне кері әсер етеді. Бала кез келген нәрсені алдымен аузына салады, сондықтан ойыншық сатып аларда аса ұқыптылықпен қарағаныңыз абзал. Сапасыз ойншықтардың балалар денсаулығына кері тәсер беретіндігін білідік, енді балларға дұрыс ойншық таңдауда және онымен балаларды ойнатуда көңіл бөлетін біреше жағдайлар туралы ақыл-кеңестер.
1.
Дұрыс ойыншық таңдау.
Ойншықтың түсінің тым жарқын және химиялық иіснің өте өткір
болмауына көңіл бөлу керек, сапасы төмен бояу мен материал
баллаға аллергия әкелуі мүмкін.
2. Жұмысақ ойншықтарды қақпағы бар қорапшаларды сақтаған абзал.
3. Ойыншықтарды жиі және мұқият
тазалау.
2.2 Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдарды өндіру мен сатылымға шығаруға қойылатын талаптар
• Балаларға арналған өнімдер мен
бұйымдарды жобалау кезінде өнім мен бұйым жобасының осы Техникалық
регламент талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету қажет.
• Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдарды
жобалау кезінде өмірлік циклінің барлық кезеңінде механикалық,
химиялық, радиациялық, биологиялық, электрлік, өрт қауіпсіздігімен
және балалардың адамгершілік-эмоционалдық салауаттылығымен
байланысты барлық қауіптерді сәйкестендіруге тиіс.
• Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың
қауіптеріне жүргізілген бағалауды ескере отырып, өмірлік циклдің
барлық кезеңінде балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіпін
жоюға немесе оны рұқсат етілген деңгейге дейін азайтуға
(төмендетуге) арналған барлық шаралар кешені анықталуы тиіс.
• Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдарды
жобалау кезінде жобалау құжаттамасы әзірленуге тиіс. Жобалау
құжаттамасы жобаның техникалық сипаттамасын, балаларға арналған
өнімдер мен бұйымдардың егжей-тегжейлі сызбаларын, пайдалану
сипаттамаларын, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және өзге де
қажетті құжаттарды қамтиды.
• Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдар егер
мақсаты бойынша пайдалану кезінде
олар:
Адамның
өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндірмесе;
баланың адамгершілік-эмоционалдық салауаттылығын сақтаса;
тұтынушыларды адастырмаса, Қазақстан Республикасының нарықта
орналастырылуы мүмкін.
• Шыққан жері белгісіз және адамның өмірі мен
денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін балаларға
арналған өнімдер мен бұйымдар Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен сараптама жүргізілмей алып қоюға
және жоюға жатады.
• Аса қауіпті, өте қауіпті зиянды заттар
балаларға арналған өнімдер мен бұйымдарды дайындау үшін
қолданылмауы тиіс. Ауыр
металдардың концентрациясы (қорғасын, мырыш, күшән, сынап, хром,
кобальт, никель), зиянды химиялық заттарды бөліп шығарулары
(формальдегид, фенол, бензол, стирол, винилхлорид және т.б.) осы
Техникалық регламенттің 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларда
белгіленген нормалардан аспауы тиіс
2.3 Отандық ойыншық өнімдері
Бүгінгі күні бала тәрбиесіндегі бірден-бір құрал – ойыншықтар. Бір өкініштісі, қазақ балаларына ермек болар ұлттық ойыншықтарымыз көп емес. Бүлдіршіндеріміз түр-сипаты түсініксіз Шрек, Бэтмен, Спанч Боб, Өрмекші-адам, вампир-қанішерлер, түрлі роботтарды жандарына серік етуде. Мұндай шетелдік мультфильмдердің кейіпкерлері ұрпақ санасын улап қана қоймай, баланың ұлтжанды, адамгершілігі мол азамат болып ер жетуіне кедергі болады. Ал бұған тосқауыл қоятын ата-аналар да тым бейқам. Ойыншық тәрбиенің бастауы болса да, үлкендер оны баланы жұбату мен алдап, көңілін аулаудың құралы ретінде пайдаланып, «ойыншық қой» деп немқұрайлы қарауын жалғастырып келеді.
Қазақ баласына қазақы ойыншықтың қажеті екендігін түсінетін уақыт әлдеқашан жеткен. Бірақ бұған үкімет те, ата-ана да, кәсіпкерлер де назар аударар емес. Әрине, отандық ойыншықтарды өндіретіндер мүлдем жоқ деп аузымызды құр шөппен сүрте алмаспыз. Алайда олардың арасынан Қыдырәлі Болмановтың «Бал-бала» ойыншықтарынан өзгесінің атын ести бермейміз. Мәселен, 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет бүлдіршіндерге арналған ойыншық шығаратын цех іске қосылғанын да айта кету керек. Бүгінде «Пластик Наурыз» кәсіпорнында түрлі өлшемдегі америкалық «МАК» ауыр жүк көліктерінің модельдік ойыншықтары, баланың өзі де отырып айдай алатын «Талакар» ойыншық көлігі, құрастырмалы ойыншықтар және құм жинайтын қалыптар шығарылады.
«Айгөлек», «Тазша бала», «Алдар көсе» сияқты отандық өнімдердің өзі кем дегенде 7-8 мың теңге тұрады. Бұл қарапайым отбасы үшін аз ақша емес.
Десек те, кез келген бала сәби күнінен ұлттық құндылықтарды көзбен көріп, қолмен ұстап өсуге тиіс. Бұл орайда, ұлттық идеологиямызды насихаттап, балғындарымыздың бойына ұлттық болмысты сіңіру қажет. Алайда қазақтың ертегілері мен батырлар жырының кейіпкерлерін бейнелейтін отандық ойыншықтар шығару өндірісін қолға алуға асығар емеспіз. Дүкендерде еліміздің ертеңі болар бөбектеріміздің таңдауын көргенде, көңілің қалады. Барлығы бірдей шетелдік мультфильмдердің кейіпкерлеріне құмар. Ал шетелдік ойыншықтар балаларды мәдениетке, өнегелі дүниеге үйретері күмәнді. Сондықтан, қазақы ойыншықтың қаншалықты қажет екенін айтпай-ақ түсінуге болар.
Қазақ бүлдіршіндері аңызға айналған қазақ ертегілеріндегі қазақы мінезді кейіпкерлерді танымайтын да тәрізді. Себебі олардың санасын шетелдік мультфильм кейіпкерлері жаулап алған. Оның үстіне, қазақ мультфильмдері мен ойыншықтар арасында өзара сабақтастық жоқ. Осының салдарынан ұлттық тәрбиенің иісін де сезбеген бүлдіршіндер өсіп келеді. Содан кейін Батыстың ойыншығымен ойнап, мультфильмімен өскен баладан қазақылықты талап етуге құқымыз бар ма екен?! Ұлттық ойыншықтар арқылы жас буын алдындағы тіл мен діл мәселесін де жеңілдетуге, жеделдетуге әбден болады. Балалар ұлттық ойыншықтармен ойнай отырып ойлайды, ойыншық бөлшектерінің атауын білу арқылы қазақы танымы толыса түседі. Қазіргі жастарымыз көз ашқаннан өзгенің ойыншығымен ойнап, өзге атауларды жаттап өскендіктен, кейін өз тіліне шорқақ болмағанда қайтсін?
Ұлттық ойыншықтарға бизнес ретінде емес, ұлттық идеология ретінде қарау қажет. Ұлттық болмысқа тұнып тұрған қазақы ойыншықтарды дамыту, жетілдіру арқылы бүлдіршіндердің бойына қазақылық болмыстың дәнін егер едік. Алайда бізде балаларымыздың көз қуанышына айналған өнімдерді өндіру үшін мемлекеттің қолдауы аз болып тұр. Кеңес үкіметі кезінде Алматыда пластмасса өңдейтін «Қызыл Ту» зауыты жұмыс істеген. Сол зауыт жанынан бүлдіршіндерге арналған ойыншықтар шығарылатын. Бірақ нарықтың тар соқпағынан өте алмаған бұл өндіріс орны 90-жылдары құрдымға кетті. Бірақ кейінірек оның орнын «Сұңқар» атты қазақстандық ойыншық зауыты алмастырды. Бұл да өз кезінде елдегі жалғыз ойыншық шығаратын кәсіпорын болған еді. Бірақ өзімізде өндірілді деген аты болмаса, ойыншыққа керекті заттардың бәрін көрші мемлекеттерден тасу зауытқа еш табыс әкелмегендіктен, өз жұмысын тоқтатты. Содан бері отандық ойыншықтарды өндіру ісі елімізде күрмеуі шешілмеген мәселе болып келеді.
Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат 2010 жылы ұлттық нақыштағы «Бал-бала» ойыншықтарын шығаруды бастады. Әрине, бүгінде қазақы нақыштағы ойыншықтар әр қазақтың үйінде бар деуге келмес. Десе де, отандық өнім өз тұтунышыларын әлдеқашан тапқан.
Қорытынды
Кез келген бала ойыншық арқылы есейіп, ой-өрісін дамытады. Сол себепті де, балаларға ойыншық сатып аларда қателеспеу қажет. Бірақ ойыншықтың қауіпсіздігі мен сапасына баса мән беретіндер аз. Дүкен сөрелерінде жайғасқан қызылды-жасылды ойыншықтар көз сүріндіргенімен, олардың сапасын назардан тыс қалдыруға болмайды. Ойланбастан түрлі ойыншықтарды сатып алған ата-ана балаларға қалай қауіп төндіргенін де сезінбей қалуы мүмкін. Ойыншықтардың кейбіреуі балалардың денсаулығына, психологиясы мен дамуына кері әсер етеді.
Елімізге келетін Қытай ойыншықтарының көпшілігінде ешбір құжат жоқ, сондықтан мұндай ойыншықтар көбінесе базарларда сатылады.Әрине, қаладағы үлкен дүкендерден сапалы әрі барлық құжаты бар, арнайы тексерістен өткен ойыншықтарды табуға болады. Мұндағы әрбір өнімде дайындаушы, тауар белгісі, ойыншық атауы, дайындалған күні мен өндірген мемлекеттің аты қазақша нұсқада жазылғанын да байқауға болады. Бірақ олардың бағасы базардағыдан 2-3 есе қымбат. Сондықтан, дүкендердегі ойыншықтар талапқа сай болғанымен, олар кез келгеннің уысына түспейді. Ал базарлардағы ойыншықтардың 90 пайызының сертификаты жоқ.
Көбінде ата-ана баласына бір сәттік қуаныш сыйлау үшін оның сапасының сын көтермейтінін біле тұра, мән бермейді. Әрине, дүкендердегі бағасы шарықтаған ойыншықтарды сәбиіне алып беруге бәрінің қалтасы көтере бермейді. Дегенмен де баланың қауіпсіздігі үшін қара базардағы қаптаған арзан ойыншықтардан гөрі, дүкендерден сертификаты бар ойыншықтарды алған жөн. Осы мәселелерді қолға алып, сырттан келетін ойыншықтың сапасына тиісті орындар ай– қатаң қадағаланатын мәселе. Өйткені ойыншық – ұлттық қауіпсіздіктің басты мәселесі. Ойыншық мәселесіне жеңіл-желпі қарауға болмайды. Ойыншық арқылы баланың ойлау қабілеті артады, сол арқылы өмірге бейімделеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қытайдың зиянды
ойыншықтарына қашан тосқауыл қойылады? - Ж. Сүлейменов АСТАНА.
2. «Арзан ойыншық – қымбат дерт» Автор: Сандуғаш Әлімжанова
3. «Сапасыз ойыншықтар бала болашағын бұлыңғырлатады» мақала 14.09
2013
4. Балаларды арбаған «Сиқыр ойыншықтар» оның денсаулыққа зияны
қандай? Мақала 04.2012
5. «Қуыршақтарды күлімдетіп, сәбилерді сергелдеңге түсірген қайран
Қытай» мақала 29 шілде, 2011
6. «4 миллион баламыз Қытай тауарына телміріп отыр» Автор: Жанар
Келменбетова, Қарағанды