Материалдар / Саққұлақ шешен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Саққұлақ шешен

Материал туралы қысқаша түсінік
Саққұлақ би жайында жазылған мақала!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2024
138
0 рет жүктелген
3900 ₸
Бүгін алсаңыз
+195 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +195 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КІТАП МӘДЕНИЕТІНДЕГІ САҚҚҰЛАҚ БИДІҢ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ

Шарипов Қ.Ж.

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы

Ақшадан асып туған ер Бөгенбай,

Едігедей ел қамын жер Бөгенбай.

Қалмақты қысқа күнде қырық шауып,

Үш жүзге олжа салған сол Бөгенбай.

Бөкеннің Тұраналы – бел баласы,

Би Бапан одан туған – ер данасы.

Бапаннан Саққұлақтай атам туып,

Қазақтың атын білмес қай баласы!?

Сағекеңнен Нұралыдай әкем туды,

Ол дағы ата-баба жолын қуды [1, 9 б ] – деп билік, қазақтың шешендік өнердің туын шарықтатқан, Саққұлақ бидің немересі Олжабай ақын осылайша тебіренеді.

Арқа даласындағы шешендік-билік туралы сөз қозғағанда, ауызымызға ең алдымен Ерейментау жерінің тумалары, әкелі-балалы Бапан және Саққұлақ билер түседі. Екеуі де атақты Қанжығалы Бөгенбай батырдың ұрпақтары. Бапан би Тұраналыұлы Бөгенбайдың бел немересі болса, осы Бапаннан Саққұлақ би туады. Яғни, Саққұлақ Бөгенбайдың шөбересі.

Саққұлақ шешен 1800 жылы Ақмола облысына қарасты, Ерейментау ауданында дүниеге келген, Қоржынкөл жағасында кейін «Шешен ауылы» деп аталып кеткен жерде 1888 жылы дүниеден озған. Батыр бабасы Бөгенбайдың батылдығы, әкесі Бапан бидің ақ жолы Саққұлақ шешеннің ақиқатты, әділдікті, ісіне ақ, сөзіне болаттай берік болуына әсер етсе керек.

Хакім Абайша айтқанда «Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын, Әз Тәукенің жеті жарғысын» [2, 12 б ] Саққұлақ шешен билік айтуды, ел басқаруды жақсы меңгерген мақсат тұтқанға ұқсайды.

Саққұлақ шешеннің шын есімі – Сәбелең. Сәбеленнің не себепті Саққұлақ шешен атанып кетуінде ел аузында әңгіме болып таралған негізде бар.

1816 жылы Ұлытау жерінде қалың мұздақ болып, Қуандықтың Алтай елдері Ерейменді «нағашы ел» тұтып, қысқы тебіндегі қалың жылқыларын Ерейменге айдайды. Қыстап шығады. Көктем алдында болатын, қар мен шаңды араластыра соғатын бір үлкен боранда алтайлықтардың жылқылары ығып кетеді. Боран басылып, мал түгенделгенде, 80 жылқының басы жетпейді. Көктемде алтайлықтар жерлеріне оралғанда сол жоғалған 80 жылқының табылмағанын айта барады. Мал иелері ол жылқылардың жоғалуын бораннан емес, жылқы тебіндеген елдің өзінен көріп, дау көтереді. Қанжығалылармен дауласып келуге ел иелері сексенге келген әйгілі Байдалы бидің қасына тоқсанға келген Байбөрі биді қосып жібереді. Байдалы Бапан ауылына келіп дау бастайды:

Бапан би:

Байеке, дау дегеніміз – дәу ғой,

Дау іздегені – жау ғой – депті.

Байдалы би өршіге түсіп:

Бір тонау бар – хан тонау,

Бір тонау бар тон тонау.

Ата-анасы жоқ

Осы қай тонау? – дейді. Бапан би сөзден тайсалып қалған уақытта, топ ішінде отырған Сәбелең атты 16-17 жасар баласы Байдалының алдына келіп жүгініпті де: «Би ата, дат! – депті. Сонда Байдалы:

- Қанжығалының үлкені тұрып, баласының сөйлегені қалай? – депті. Бала кідірместен:

- Оның несі сөкет, би?

Ата тұрып ұл сөйлесе,

Ұлдың ер жеткені.

Ана тұрып қыз сөйлесе,

Қыздың бой жеткені.

Өсетін жасты өлетін кәрі

Бетке соқса,

Бұл заманның кері кеткені [3, 95-97 б ] – депті. Сонда Байдалы би таңырқай қарап «Құлағың неткен сақ еді» деуінен Сәбелең «Саққұлақ» деген лақап атқа ие болады.

Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, салмақты сөзімен, жүйелі ойымен елің, жерің, халқың киелі сөзімен өзіңе қарата білген Саққұлақ шешеннің нақылдарында рухани-адамгершілік, имандылық, адам бойындағы қажетті дүниелерді сараптап айтып кеткен болатұғын.

Саққұлақтың тұлғалығына шешендік өнер саласын зерттеуші ғалым С.Негимов былай деп пікір білдіреді: «Сегіз қиыр шартарапқа аты аңыздай тараған, сөзі сымға тартқан күмістей, жанып тұрған шырақтай, соққан желдей, лаулаған өрттей сұңқар үнді Саққұлақ би еді» [3, 90 б ] - деп ойын білдіреді.

Сұңқар үнді Саққұлақ бидің нақылдары:

Ұлың жаман болса арманың кетеді,

Әйелің жаман болса мейманың кетеді.

Қызың жаман болса жеті атаңа жетеді,

Келінің жаман болса ішқұсамен күнің өтеді.


* * *

Адам болайын деген бала атасын қақсатпайды,

Батыр болайын деген бала қайратын тежеп тоқтатпайды.

Мерген болайын деген бала ешкімге оғын оқтатпайды,

Болайын деген бала басынан сөз аттатпайды.


* * *

Айшылықты алты басқан,

Қиын-қыстау тауды асқан.

Ер қанаты, ел бұлағы,

Қазына болмас жылқыдан асқан.


* * *

Батыр жауда қалар,

Шешен дауда қалар.

Өз ісіне бармаса,

Өр мінезі қалмаса,

Батырдың басы орда қалар


* * *

Батыр жігіт жау шаншар қан шығармай,

Шешен жігіт мал даулар жан шығармай.

Таразысы – шешеннің тыңдаушысы,

Одан да өтер артынна шаң шығармай.

* * *

Ақыл – адамды аздырмайтын ем,

Білім – таусылмайтын кен.

Адамның басшысы – ақыл,

Жетекшісі – талап,

Шолғыншысы – ой,

Жолдасы – кәсіп,

Қорғаны – сабыр,

Қорғаушысы – мінез.

Сайып келгенде Саққұлақ бидің шешендік өнері кітап мәдениетінде, қазақ әдебиетінде зерттеушілер тарапынан ескерусіз қалған жоқ. Саққұлақ бидің ойлары әлем ғұламаларының дара пікірлерімен рухтас, төркіндес, пікірлері тереңдігімен, мағыналылығымен, түйінді қорытындылармен, көріктілігімен өзгешеленеді. Саққұлақ бидің қанатты сөздерінде ұшқыр ойлы, алмас қылыштай, темір болаттай, мәнді де мағынасы терең, келер ұрпаққа берер тәлімі мол, тәрбиесі берік ұлағатты сөздер жатыр.

Бүгінгі жаһандану заманында кітап оқуға деген құмарлықты еліне танымал, жері сіңісті атақты тұлғалардың шығармашылығын оқу арқылы кітап мәдениетіндегі мынадай қағидаларды атап өтуге болады:

  • ұлттық тіліміздің негізгі сөздік қорын меңгеру

  • үздіксіз оқу арқылы еңбегіннің жемісін көру

  • оқып жатқан дүиеннің тағылымы мен тереңіне сүңгіп, биікке самғау

  • шешендік өнерді оқу, тоқу арқылы шешен сөйлеуге дағдылану

  • шығармашылық ниетпен ойланып, толғанып беріліп оқу

  • белсенділік танытып шешендік өнерге өзіңді баулу






Әдебиеттер тізімі

  1. Нұралыұлы Олжабай. Шығармалары. – Алматы: Шартарап, 1995. – 232 бет.

  2. Абай. Қара сөздер. Алматы: «Өнер» баспасы, 2015. – 124 бет.

  3. Негимов С. Таным мен пайым/Серік Негимов Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – 240 бет.








































  • Тегі, аты-жөні (толық) Шарипов Қуанышбек Жеңісұлы

  • Ғылыми дәрежесі, атағы

  • Ұйымы, лауазымы мұғалім

  • Мекенжайы, телефоны Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қарақұдық ЖОББМ /факсы 87717135190

  • Е-mail kuanyshbek.sharipov.90@mail.ru

  • Баяндаманың тақырыбы Кітап мәдениетіндегі Саққлақ бидің шешендік өнері

  • Ұйымдастыру комитетінен шақырудың қажеттілігі


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!