Материалдар / Саралап оқыту тәсілдері арқылы оқушылармен жеке жұмыс жасаудың тиімді жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Саралап оқыту тәсілдері арқылы оқушылармен жеке жұмыс жасаудың тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада саралап оқыту тәсілдері арқылы оқушылармен жеке жұмыс жасаудың тиімді жолдары қарастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Сәуір 2022
205
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Саралап оқыту тәсілдері арқылы оқушылармен жеке жұмыс жасаудың тиімді жолдары


Мамутова Гүлдариға Төремұратқызы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филилы

Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ

Жаратылыстану және гуманитарлық

пәндерді оқыту әдістемесі

кафедрасының меңгерушісі


Жаңартылған білім мазмұны оқушы тұлғасына, яғни, оқытудың тұлғаға бағдарланған тәсілдерін жүзеге асыруға бағытталған, демек оқытуда саралаудың тәсілдерін қолданудың өзектілігі артады.

Қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасауда саралау тәсілдерін тиімді қолдану, оқушылардың жеке ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескере отырып, саралауды ұйымдастыру - бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқытуды саралаудың оқу мақсаттары, тапсырмаларды орындау деңгейлері, тапсырмаларды орындау қарқыны, тапсырмалардың мазмұны, оқу материалының реттілігі, оқу іс-әрекетінің түрлері, тапсырмаларды қолдану тәсілдері, іс-әрекетті бағалау бойынша бірнеше бағыттары белгіленген. Жаңартылған оқу бағдарламаларының құрылымындағы шиыршық қағидаты әрбір оқушының жеке қабілеттері мен ерекшеліктеріне қарай уақыт бөлуге мүмкіндік береді, оқу бағдарламасын табысты меңгеруді қамтамасыз етеді [1].

Саралау (difference) – латын тілінен аударғанда бүтінді түрлі формаға, элементке, бөлшекке мүшелеп бөлу, саралау дегенді білдіреді. Оқытудағы саралау әрбір оқушының жеке қабілеттеріне, қажеттіліктеріне сәйкес нұсқауларды, тапсырмаларды, материалдарды, әдістерді, т.б. іріктеу үдерісі [1].

Ол оқушыларды оқуға ынталандыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау

дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.

Жаңартылған бағдарлама мазмұны бойынша сыныпта саралап оқытудың екі түрі ұсынылады: үдерісті саралау, мазмұнды саралау.

Үдерісті саралау – оқушылардың жоспарланған жаттығуларды жеке, жұптық, топтық

жұмыстарды орындау арқылы жаңа материалды игеруін, олардың бойында тиісті дағдылардың қалыптасуын, оқу мақсатының күтілетін нәтижеге жетуін, жоспарланған әдістердің тиімділігін саралау. Үдерісті саралау арқылы мұғалім дер кезінде тиімді кері байланыс бере отырып, оқушы ынтасының артуына, деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді.

Мазмұнды саралау оқушыға түрлі нысанда ұсынылған тұжырымдамалар,

сипаттамалық ақпарат және нақты деректер.

Сыныптағы оқушылардың деңгейін ескере отырып, жұмысты ұйымдастыру үшін саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі қарастырылады:

    1. Тапсырманы түрлендіру арқылы саралау

    2. Дереккөздер арқылы саралау

    3. Білім алушылардың қарқынына байланысты саралау

    4. Жіктеу/топқа бөлу арқылы саралау

    5. Саралау тәсілдері бойынша нәтиже (қорытынды)

    6. Диалог және қолдау көрсету

    7. Бағалау

Саралап оқыту - әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырма мен нұсқауларды, материал мен әдіс-тәсілдерді іріктеп қолдану үдерісі, оқушыларды оқуға ынталандыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді [1].

Тіл мен әдебиетті саралап оқыту - мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын, тіл мен әдебиетті оқыту үдерісінің диалогтік сипатта, әрекеттік-шығармашылық сипатта өтуін, оқушының жеке тұлғасының дамып, қалыптасуын көздейтін дидактикалық үдеріс.

Қысқа мерзімді жоспарды дайындау барысында мұғалім оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімнің сабақты тиімді құрылымдауына көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият саралауы тиіс.

Саралау жүргізуді неден бастаймыз?

Пәнаралық байланыс, сабақ үдерісінде қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық құралдар, ресурстар, қалыптастырушы бағалау жүргізу тәсілдері - барлығы жоспар жасау барысында мұқият сараланып, жан-жақты талдаудан өткізілуі керек. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасауда сабақ үдерісі кезіндегі мұғалім мен оқушының әрбір әрекетіне жете мән беру маңызды.

Сабақ жоспарын құрастыруда тапсырмаларды саралау үлгісі.

6 - сыныптың қазақ әдебиеті пәніндегі «Аяз би» ертегісі тақырыбын оқытуда жүзеге асатын оқу мақсаты - А/И 6.2.4.1- әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу [6].

Саралап оқыту тәсілі оқу үдерісін оқушылардың әр түрлі топтарына арнайы бағдарлауды, оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру мақсатында түрлі топтар үшін әр түрлі нысанда ұйымдастыруды да көздейді. Осы бағытта төмендегідей тапсырмаларды ұсынуға болады.

«Крест-нөл» кестесінің элементтері арқылы әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу.

1-топ: Оқиға орнын сипаттау. Сіздің өміріңіз бен кейіпкер өміріндегі маңызды жерлер картасын жасаңыз. Бұл жерлердің не үшін маңызды екенін түсіндіріңіз.

2-топ: Табиғат көрінісін сипаттау. Уақыт бойынша 2 мерзім белгілеңіз. Біріншісі ертегі төңірегіндегі жағдай ауысымын көрсетіп, сипаттау қажет. Ал екіншісі айналаның (табиғаттың) өзгеруімен көңіл-күйдің де өзгеретінін түсіндіріп, көрсету.

3-топ: Шығармадағы бас кейіпкердің проблеманы шешу үшін қолданатын амал-шараларын және өзіңіздің проблеманы қалай шешетініңізді жазыңыз. Сіздің тізіміңіз кейіпкер және сіз туралы білуге көмектесу қажет [2].

Оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмаларды орындау кезінде мұғалім тарапынан

қолдау қажет болған жағдайда жетекші сұрақтар қоя отырып, диалог арқылы қолдау көрсету, дереккөздер ұсыну, қарқынына байланысты қосымша уақыт беру, т.с.с. саралау тәсілдерін қолдануға болады.

Бір мақсаттағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу үш

топқа бөлініп берілгенмен, шығарма мазмұнына байланысты бұлар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, біреуін орындау барысында қалған екеуі де қамтылады. Бұл тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушылар шығармадағы оқиғаларды, табиғат көрінісін, кейіпкер бейнесін өз өмірімен байланыстыра отырып, талдау жасауға мүмкіндік алады. Тапсырмалар білім алушылардың сын тұрғысынан ойлауын, шығармашылық қабілетін дамытып, функционалдық сауаттылығын арттырады.

Мұғалім сабақты жоспарлауда оқушылардың зияткерлік қабілеті мен тәжірибесін дамытуға көмектесетін тиімді әдістер мен тәсілдерді таңдауға баса назар аударуы тиіс. Ол белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруда қолданылатын ресурстардың ішінен ең қажеттісін, маңыздысын, өзектісін, тиімдісін таңдап, саралап алу және жоспарланған шараны жүзеге асыру кезіндегі оқушының әрекетін дұрыс саралау арқылы оқушыларды күтілетін нәтижеге жетуге бағыттай алады.

Саралау өз деңгейінде талапқа сай жүргізілген жағдайда:

  • Мұғалімде әлсіздерге көмектесуге, мықтыларға назар аударуға мүмкіндік болады;

  • Қоғамдық нормаларға бейімделе алмайтын қиын балалармен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік туады;

  • Мықты оқушылардың білім беру үдерісінде жылдам және тереңінен білім алуға деген ынталары жанданады;

  • Мықтылар өз қабілеттеріне көз жеткізеді,

  • Әлсіздер оқудағы жетістіктерін сезінуге мүмкіндік алады, толыққанды емес комплекстен арылады.

Әрине, әр сабақ – мұғалімнің шығармашылық жұмысы, үлкен еңбек. Ұсынылып

отырған тәжірибе жаңартылған білім беру мазмұнының әдістемесін игерген әр мұғалімнің қызметінде одан әрі шығармашылық дамуға ие болады деп ойлаймын.


































Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы, Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана, 2016

  2. Қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы, Үлестірме материал, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана, 2016

  3. Мәтінмен жұмыстың тиімді тәсілдері, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Астана – 2016 ж.

  4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы.–Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 ж.

  5. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 192-қосымша

  6. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 192-қосымша









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!