Сармат қоғамы несімен ерекшеленеді?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сармат қоғамы несімен ерекшеленеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.4В Сарматтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылық өмірі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.4В Сарматтардың қоғамдық құрылысы мен

шаруашылық өмірі

Мектеп

Күні:

Сынып: 5 сынып

Қатысқандар: 17

Қатыспағандар:0

Мұғалімнің аты-жөні:


Сабақтың тақырыбы:

Сармат қоғамы несімен ерекшеленеді?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.2.2.3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;

5.3.1.1 – картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;

5.1.2.2 – әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру


Сабақтың мақсаты:

Барлығы: Сарматтар туралы жалпылама әңгімелейді, атайды (білу, түсіну, қолдану)

Басым көпшілігі: Сарматтардың өмір сүрген аумағы тұрмыс тіршілігі, қоғамдық құрылысы туралы сипаттайды. (түсіну, қолдану)

Кейбір оқушылар: Сарматтардың мекендеген аумағын картадан көрсетеді, сипаттайды, ерекшеліктерін анықтайды, талдайды. (қолдану, талдау)


Бағалау критерийі

  • Сарматтар туралы жалпылама әңгімелейді, атайды, қоғамдық құрылысы туралы сипаттайды.

  • Сарматтардың тұрмыс-тіршілігі мен әлеуметтік топтарының ерекшеліктерін анықтайды, талдайды.

  • Сақтардың мекендеген аумағын картадан көрсетеді.


Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер: әскери демократия.

Тақырып бойынша мәтінді оқиды және топпен талқылайды (тыңдалым, оқылым)

Т-кестесін толтырады, «Балық қаңқасы» әдіс арқылы сызбаны сызады. (жазылым)


Құндылықтарға баулу

  • ұлттық құндылықтарды бағалау;

  • сын тұрғысынан ойлау арқылы қарым-қатынас жасау қабілетін арттыру;

  • тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы дағдыларын қалыптастыру;

  • өмір бойы оқуға дайын болу;


Пәнаралық байланыс

География, әдебиет


Тақырып бойынша алдыңғы білім

5.1.1.3 Аттила және оның жаулаушылық жорықтары тақырыбы бойынша тарихи диктант аламын

  1. Аттила........................

  2. Аттила........................

  3. Аттила........................

  4. Аттила........................


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

1. Оқушылардың назарын шоғырландыру;

2. Жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін «Айна» ойсергегін ұйымдастыру;

3. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын анықтаймын.

4. Берілген фигуралар арқылы оқушыларды топқа бөлемін

Қима қағаз, түрлі-түсті фигуралар.



Сабақтың ортасы

*Сарматтар туралы интернет желісінен басқа авторлардың деректерін тауып, қосымша мәліметтер беремін.

Сарматтар туралы бейне жазба көрсетемін. Сарматтар қоғамының ерекшеліктеріне, әлеуметтік құрылымына, әйелдердің қоғамдағы орнына тоқталып түсініктеме беремін. INSERT әдісі арқылы оқушылар слайдтан, бейнежазбадан көрген деректерінің нақты тұстарын дәптерлеріне түртіп алады.

Оқушылар «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы сарматтардың тұрмыс-тіршілігі мәтінін жеке оқиды. Жұппен сарматтардың мекендеген аумағын анықтап, постер қорғайды. Топтан шыққан оқушы картадан көрсетеді, қорғайды.

Топ көшбасшылары жұлдызшалар арқылы топ мүшелерін бағалап отырады.

* «Егер 5 минутыңыз болса» әдісі арқылы оқушыларға жасаған постерлеріне өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.

*Оқушылар сарматтардың тұрмыс тіршілігін салысырып ер мен әйелдердің киімдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырату үшін Т-кестесін толтырады.

Сабақ соңында «Балық қаңқасы» әдісі арқылы сабақты қорытындылап шығамын. Үш топқа балық қаңқасының сызбасын ұсынып, тақырып бойынша проблеманы анықтау, себептерін табу, дәлелдеу, қорытынды жасауды тапсырамын.

Шығармашылық тапсырма ретінде кейбір оқушылар «бір минуттық эссе» әдісі арқылы эссе жазуды тапсырамын

Слайд

АКТ

Интербелсенді тақта

Көрсетілім (видео көрсетіледі)

https://www.youtube.com/watch?v=dMXHSeO6kEI




Карта, кескін карта.












Т-кестесі

Балық қаңқасы суреті


Сабақтың соңы

Бағалау.

* Сабақ барысында топтарды күлдіргештер тарату арқылы бағалаймын

*Әр топ басшысына критериалды бағалау парағын таратамын

Кері байланыс

* «Бес саусақ». Оқушыларға сабақ барысындағы алған білімдерін өз алақандарын параққа сызып, әр саусақтың тұсына тиісті кері байланыстарын жазады.

Күлдіргештер


Өзара бағалау парағы


Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушылардың барлығы: Тарихи диктант әдісі арқылы өткен сабақта алған білімдері бойынша толтырып береді. Сабақ барысында слайд, видеоны көру арқылы сарматтар туралы жалпылама әңгімелейді, атайды.

«Балық қаңқасы» әдісі арқылы сарматтар қоғамын толық игереді.

Басым көпшілігі:

Т-кестесін толтыру барысында сарматтардың өмір сүрген аумағы тұрмыс тіршілігі, қоғамдық құрылысы туралы сипаттайды, талдайды. «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі арқылы сарматтардың мекендеген аумағын картадан көрсетеді, сипаттайды, ерекшеліктерін ажыратады, анықтайды, постер қорғайды.

Кейбір оқушылар:

Сарматтар тақырыбына «Бір минуттық эссе»әдісі арқылы эссе жазып, шығармашылықпен айналысады.

«Егер 5 минутыңыз болса» әдісі арқылы оқушыларға жасаған постерлеріне өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.

Сабақ барысында оқушыларға түрлі деңгейдегі күлдіргештерді тарату арқылы сабақ соңында оқушылардың білім деңгейін анықтаймын.



*Сабақта тәртіпті,мұқият,абай болу.

*Мұғалімнің нұсқаулықтарын орындау

*Санитарлық нормаларға сәйкес қауіпсіздік ережелерін ұстану.

*АКТ-ны қолдану ережелерін ұстану.



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақты өткізуім өзіме ұнады ма?

Мен сабақта нақты мақсат қойдым ба, мақсатыма жете алдым ба?

Менің сәтті шыққан әрекетім қандай болды?



Бұл сабақ бұдан да мәнді болу үшін оған қандай өзгерістер енгізе аламын?

Сабағым өзіме де оқушыларға да ұнады.Оқушылар сабақ соңындағы кері байланыстары арқылы сезімдерін білдірді.

Сабағымның мақсаты нақты қолжетімді қойылғандықтан, мақсатыма жете алдым.


Сaбaқтың сәтті шыққaн әрекетім сабақты ұйымдастыру бaрысында бейнежазба көрсету арқылы сарматтар қоғамының ерекшеліктеріне, әлеуметтік құрылымына, әйелдердің қоғамдағы орнына тоқталып түсініктеме бере алдым.

Оқушыларды ғылыми ізденістерге баулу дағдыларын дамытатын әдіс тәсілдерді күрделендіремін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.06.2018
3710
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі