15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
С.Аронұлы Сөз бастаған хас жүйрік(4сағ)
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 1-бөлім. Таза,мінсіз асыл сөз |
Мектеп: |
||||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Сейтмұратова А |
||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 5 сынып |
Қатысқан оқушылар саны: 25 |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Асанқайғының жерге айтқан сыны Туған жерім, жер ұйығым. ( 5 – сағат ) |
||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Б/С 1. Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау А/И 2. Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау. |
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Мәтіндегі айтылған эпизодтардың тарихи құндылығын бағалап, автор бейнесі анықтау. |
||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
- Шығармадағы эпизодтардың тарихи құндылығын түсінеді. - Автор бейнесін аша алады. - Мәтін мазмұнындағы негізгі ойды анықтай алады. - «Асанқайғының ізімен....» Қазақстан жеріне өздерінше баға бере алады. |
||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Мәтіннің негізгі ойын түсініп,ой қорытады. Тарихи құндылығын бағамдай отырып, автор бейнесіне талдау жасай алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: желмая, жерұйық, шүйгін, жез, топырағың май, құт, жапан түз, нулы өлке.
Талқылауға арналған сұрақ тар: - Жер ұйық сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер? - Қазіргі Қазақстанның жер ұйығы қай жер деп ойлайсыңдар? |
||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтар- ға баулу |
«Мәңгілік Ел» идеясы негізінде туған жерге деген сүйіспеншілікті, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге үйрету. |
||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Тарих, география |
||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Асанқайғы өмірі, шығармаларының мазмұнын өткен сабақтар негізінде біледі. |
||||||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы (1 мин.)
(2 мин.)
(2 мин.) |
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал туғызу. Оқушылармен сәлемдесемін. Шаттық шеңберін құрып, оқушылар бір-біріне «Жүректен-жүрекке» әдісі бойынша тілек айтады.
С. Қызығушылықты ояту. Қазақстанның әр өңіріне тән сөздер қиындылары беріледі. Топқа бөлу. 1 –топ. Жетісу өңірі . 2 –топ. Сыр өңірі. 3 –топ. Батыс өңірі. Әр өңірдің табиғаты, жер байлығы, құндылықтарына байланысты видео (үзінді) көрсетіледі.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
|
Видео (Қазақстан табиғаты, байлығы). АКТ пайдалану |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы
(4 мин.)
(1 мин.)
(3 мин.)
(1 мин.)
(3 мин.)
(1 мин.)
(4 мин.)
(1 мин.)
(4 мин.) (1 мин.)
(4 мин.)
(1 мин.)
(3 мин.)
(1 мин.)
|
1-тапсырма. Топтық тапсырма. Берілген сұрақтар негізінде әр топ постер қорғайды.
Дискриптор: - Қазақстандағы жер-су атауларын айтады. - Аңызда кездесетін жер- су атауларына түсінік береді. - Асанқайғының жерге айтқан сыны туралы мәтін мазмұнын айтады. ҚБ: Жұлдызша арқылы бағалаймын.
2- тапсрыма. Топтық тапсырма. Сәйкестендіру әдісі бойынша оқушыларға кесте беріледі.
Дискриптор: - Кесте бойынша сәйкестендіреді. ҚБ: «Комментарий» әдісі бойынша оқушылар өзара бағалау жүргізеді.
3- тапсырма. «Жасырын стикер» әдісі бойынша картамен жұмыс жүргіземін. Әр топтан 1 оқушыны тыңдау. Асанқайғының жерге айтқан сыны мәтінінде кездесетін жерлерді картаға түсірейік. Қазақстан картасы сызбасы беріледі. Дискриптор: - Картадан жер - су атауларын табады. ҚБ: Қол шапалақтау арқылы қалыптастырушы бағалау жүреді.
4 - тапсрыма. Ж. Оқушыларға Қазақстанның тарихи құндылығын меңгерте отырып, автор бейнесін ашу тапсырылады. Қазақстанның жер ұйығы қай жер? Неге? «Асанқайғының ізімен....» Қазақстан жеріне өздерінше баға беріңдер. 5 минуттық эссе. Дискриптор: - Эссе құрылымын сақтай отырып, автор бейнесін ашады. ҚБ: Мұғалім мадақтауы арқылы қалыптастырушы бағалау жүреді.
5 – тапсырма. « Кезбе тілші» әдісі арқылы сұрақтар қойылады. 1. «Киелі жер» дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Қазақстан жерінің қасиеті қандай? 3. Осы сұрақтар төңірегінде киелі жер, атамекен, туған жер туралы өз пікірлерін айтады. Дискриптор: - сұрақтарға жауап береді. ҚБ: Смайликтер арқылы қалыптастырушы бағалау жүреді
6-тапсырма. «Қай топ жылдам?» әдісі арқылы өлең жолдарын қара сөзбен жеткізу. Айналдым жер ұйығым туған жерім, Тастақты мекен еткен менің елім. Бау-бақшаң жайқалады …………………………………………. Дискриптор: - өлең мазмұнын қара сөзбен жеткізеді. ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүреді.
7- тапсырма. «Автор орындығы » әдісі арқылы Жерұйық іздеген, бейбіт өмірді аңсаған Асанқайғының қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, өзіңнің туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді, мәңгілік ел болуды аңсаған ата - баба арманын өзіңше болжап, өз ойыңды білдір.
Дискриптор: - Сұрақ-жауап арқылы талдайды. - Автор бейнесін ашады.
Қ.Б. « Сыншыл дос» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүреді. |
Өзара бағалау
Қазақстан территориясының картасы
Смайликтер
|
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы
(3 мин.)
|
Рефлексия. «Ойды аяқта» әдісі арқылы жүргізіледі.
|
|
|||||||||||||||||||||||
|
Қосымша мәлімет |
|||||||||||||||||||||||||
|
Саралау- оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс - Денсаулық және қауіпсіздік ережелер.
АКТ-мен байланыс. |
|||||||||||||||||||||||
|
Оқушыларға сараланып берілген мақсаттар бойынша тапсырмалар түрлі әдістермен оңтайлы беріледі. Топтық жұмыс, «Сәйкестендіру», «Жасырын стикер» , «Кезбе тілші», «Қай топ жылдам?», «Автор орындығы » әдістерімен сараладым. Топтық жұмыстың орындалу барысында бірлескен әрекет бақылап, тыңдалады. Бірлескен оқуда бір-бірімен ынтымақтасып, өзін-өзі реттеуін, ортақ тұжырым жасауын «Постер қорғау», әдісін қолдану арқылы жетілдіреді. Бұл әдістермен берілген топтық тапсырмалар оқушының өзіндік оқуын қалыптастырады. «Қай топ жылдам?» әдісі арқылы оқушылардың оқуға деген белсенділігін арттырады. Өз ойларын дәлелдеп жеткізе алады. «Жасырын стикер» әдісі бойынша оқушылар жасырылған сөздерді тауып, ретімен орналастырып, түсінік береді. «Автор орындығы » әдісі арқылы Жерұйық іздеген, бейбіт өмірді аңсаған Асанқайғының қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, өзіңнің туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді, мәңгілік ел болуды аңсаған ата - баба арманын өзіңше болжап, өз ойыңды білдіреді.
|
Рефлексия Әр оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолданылады. Оқушылардың сабақ барысында сыни бағалауды топтық, жеке жұмыстарды жүргізу барысында төменде көрсетілген кері байланыстар арқылы жүзеге асырамын.
«Жұлдызша» әдісін оқу жетістерін дамыту және оқудағы келесі қадамдарын анықтау мақсатында қолданамын. «Комментарий» əдісінің тиімділігі - бүгінгі алған білімдерінен қажетті, қызықты, құнды ақпараттарды сұрыптайды, сыныптасының жұмысының ұтымды пікірлерін анықтап, сəйкесінше ұсыныс та беріп, сыни көзқарастары қалыптасады. Смайликтер, «Басбармақ», «Қол шапалақтау» әдістері арқылы оқушылардың өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі бағалауы, жұптың, топтың бағалауында оқушылардың оқу жетістіктері айқын байқалып отырды. « Сыншыл дос» әдісі арқылы досының пікіріне өз бағасын береді.
|
АКТ-ні ақпаратты зерттеуге, тиімді тыңдалымды ұйымдастыруға, оқушыға жеткізу құралы ретінде пайдаландым. Ресурстар оңтайлы және жас ерекшелігіне сай берілді. Ұсынылған тапсырмалар білім алушының санасына, сезіміне оң әсер ететін және жалықтырмайтын болуы басшылыққа алынды.
|
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлекция Сабақтың мақсаты Мен оқу міндеттері Орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, Қандай деңгейде өтті? Жоспарланған Саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?) |
Жаңартылған мазмұнды бағдарлама негізіндеалынған тапсырмалар баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп, өз бетімен білім алуына бағытталып, оқу мақсатына сәйкес келді. Тренер тарапынан үлкен қолдау болды.
|
||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы бағалау Мен үшін сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты): |
|||||||||||||||||||||||||







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген