Материалдар / Сарқылмайтын қазына
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сарқылмайтын қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаев қара сөздерін талдау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2020
372
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сарқылмайтын қазына


Өмірін тек халқына арнаған Абайды бүкіл халық сыйлайды, құрметтейді, бағалайды. Қазақ халқының рухани мәдениетін әлемдік озық үлгілермен табыстырып, оған өз ұлтының өзіне тән ғана ерекшеліктерін, сөз өнерінің құдіретілігін қосты. Ұзара өскен бәйтерек. Иә, Абай жапырағы мол, маңызы зор тамыры халыққа айналған бәйтерек болды. Әрбір ісі мен айтқан ақылы халық деп қана жаралғандай. Абай – халық ұлы, қазақ ұлы.

Өсе келе, өмір өте келе арнасына қаншама майда өзендердің құюына байланысты Абай дарияға айналады.

Бүгінгі күні Абай шығармашылығы несімен өзекті, өміршең деген сұрақтар барша қауымды толғандырып жүр. Дана Абай туылғанына міне 175 жыл толып отыр. Қаншама ай, қаншама жыл өтсе де, адамзат баласы жаңа үдіріске, жаңа даму сатысына көтерілсе де, тұтас бір халықтың адастырмас темірқазығы, рухани байлығы, сарқылмайтын қазынасы болып отыр.

Абай шығармашылығына өзек болған мәселелер олар – мәңгілік тақырыптар.

Қазақ халқының адамгершілік ойы мен ақындық даналығының бір биік шыңы, Абайдың қарасөздері өзінің стилі жағынан да өзгешелігі мол шығармалар. Қазақ әдебиетінде тарихи орны бар, кезінде үлкен жаңалық болған, қазақ прозасының пайда болып, өсіп-өркендеуіне жол ашқан алтын көпір. Оқушысына ақыл айтып, қуат беріп, әділдікке үндеп, зұлымдыққа, әділетсіздікке мықты наразылық білдіріп, мысқылдап, сын айтып отыруымен ерекшеленеді.

Алғашқы қарасөзінде өз өмірін қалай өткізетінін талқылады. Ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, софылық қылып дін бағу, балаларды бағу – қажып, жер ортасы жасқа келгенде бұлардың ешбірін кәсіп қылғысы келмеді. Осы уақытқа дейін қылып жүрген істерінің байлаусызын, баянсызын, барлығының қоршылық екенін бірінші қарасөзінде атап көрсетеді. Қарасөз соңында ақ қағаз бен қара сияны жанына жақын тұтып, өз ойын "Кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ",- деп түйіндеген.

Абай жалпы қазақ елінің өміріндегі кемшіл тұстарды айқындап жазып, тіпті қазақтардың бойындағы жаман қасиеттерді жіпке тізіп осыдан жиреніңдер деп біздерге өсиет еткен. Бір сөзінде мақтаншақтық жайлы сөз қозғаса, енді бірінде иман жайында жазады, ал енді бірінде қазақтарда кең қолданысқа ие болған алайда еш мағынасы жоқ мақалдарды сынай отырып оқырманға оның дұрыс, бұрыстығын нұсқап көрсетеді. Қарасөздерінің қайсысы болмасын қазақты жақсылыққа, игі істерге шақырады, жамандық пен жалқаулықтан жирендіреді.

Отыз төртінші сөзінде: «Адам баласына адам баласының бәрі - дос» деген хакім Абай өлеңдерінде «Адамзаттың бәрің сүй – бауырым деп» жырлап, ұлтқа, дінге, нәсілге бөлмей баршаға махаббат сезімде болуды үндеуі, қазіргі адамзат қоғамының басты ұранына айналуы тиіс. Бақытты өмір сүруге Абайдың асыл ойлары жетелейді.

Қарасөздің барлығын публицистикалық шығарма деп тануға әбден болады. Себебі қайсы-бірін оқысаңыз да санаңызға қозғау салып, ойыңызды шымырлата түспегі анық. Тіпті білім-ғылым жайында жазылған қара сөздерден ерекше қуат алып, мотивация алатын жандар да баршылық. Қазіргі таңда «МОТИВАЦИЯНЫ» басқа жақтан іздеп, әнші яки блогерлердің кітаптарын сатып алуға ұзын сонар кезекте тұрып, жалған психологияның артынан ерген қазақ жастары қаншама. Қазақ үшін, қазақ жастары үшін Абай – мотивация. Әр поэзиясы, әр қарасөзі, тіпті әр айтар осы тұнып тұрған асыл қазына. Мен айтар едім, қарасөздерді оқып шығу, оны түсіну біздің міндеттіміз деп. Себебі, ұлтымыздың нағыз жанашырын тәрбиелеп шығаратын – тәрбие құралы. 45 қарасөздің барлығын да жаттап алған жастардың саны бүгінгі күні аз болса да алдағы уақытта көбейетініне сенемін.

Даналығына сөз жетпес ақынның тағдыры, сүрген өмірі, бәрі-бәрі біздің тарихымыз. Абай өнері мыңдаған жылдар бойы таусылмас, сарқылмас қазына болып қала береді. Төрткүл дүниеге таныс Абай шығармаларының әр қайсысы бір тағдыр, бір өмір. Абай өлмейді. Абай өшпейді. Оның соққан қамалы берік, ол жасаған кеме алға қарай жүзе береді, ол ұшырған көгершін қанатын жая самғайды. Абай өлмейді, ол жүрген жол жас ұрпаққа толы, ол қалған жағаға жаңа толқындар ұмтыла, асыға соғуға дайын. «Келешек» атты жалауы бар кеме алға қарай жүзу үстінде.

Табиғаттың қатал заңына байланысты, Абай да – өз ортасының қақтығысын тым көп көрген жан. Абай дүниесі кіршіксіз таза күйінде келешек ұрпаққа беріліп отырады.

Жұмабекова Айғаным Қасымтайқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!