Материалдар / Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем Сабақтың мақсаты: білімділігі – оқушыларға шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері және жасалу жолдарын, ұғымын меңгерту,синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру,ғылымға деген қызығушылығын ояту дамытушылығы – оқушының пәнге қызғушылығын арттыру, білім алуға деген саналы көзқарастарын, танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру,дамыту; тәрбиелігі –оқушыларды іс-әрекет, мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге, өзін-өзі бағалай білуге, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
5092
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ашық сабақ. 8«Б» сынып. Қазақ тілі.Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемСабақтың мақсаты:білімділігі – оқушыларға шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері және жасалу жолдарын, ұғымын меңгерту,синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру,ғылымға деген қызығушылығын оятудамытушылығы – оқушының пәнге қызғушылығын арттыру, білім алуға деген саналы көзқарастарын, танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру,дамыту;тәрбиелігі –оқушыларды іс-әрекет, мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге, өзін-өзі бағалай білуге, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеуСабақтың типі: Жаңа білім беру сабағыСабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау,салыстыруИнтерактивті тақтаны пайдаланып, қажетті материалдарды, сызба-кестелерді көрсетіп, тақырыпты ашуСабақтың көрнекілігі: слайд, сызбалар, семантикалық кесте, схемалы кесте,ВЕНН диаграммаСабақтың барысы :І. Ұйымдастыру кезеңіа) оқушылармен сәлемдесуә)оқушылардытүгендеуЖағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және топтық жұмысқа белсендіруСабақтың эпиграфы:«Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде не бар екен?! Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі рәміздеріміз бар. Оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі- Әнұран, үшіншісі – Көк байрақ, төртіншісі – Қазақ тілі.» Н.Ә.НазарбаевДыбыстық жаттығулар арқылы оқушыларды сабаққа дайындауБұл жаттығулар адамдардың жұмысқа құлшынысын арттырып, көтеріңкі көңіл-күй мен шабыт шақыруға арналған.Оқушыларды түстерге қарай 4топқа бөлу.ІІ Үй тапсырмасын пысықтауҮйге берілген 121-жаттығуды тексеру, оқыту.ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту 1.Өткен материалдар бойынша сұрақтар. 2. ВЕНН ДИАГРАММАайырмашылығы ортақ айырмашылығыбелгісалалассБаян.тиянақты бір-біріне бағына байланысады; өзара тең дәредеде байланысады; баян.тиянақсыз; бірнеше жай сөйлемнен құралады.мағыналық түрлері бар;

VІ. Жаңа сабақты түсіндіруЖаңа сабақ:Тақырыбы: Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемОқушылар сабақтың ережесін өздері шығарады( 4 сөйлем беру, соның ішінен шартты бағыныңқын анықтап , жасалуын түсіндіреді, кестені толтырады.)Ақын адам сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, сөзін таза, мінсіз шығарады. Қонаққа ертең не мен барамын, не сен барасың. Шығыс болмай, кіріс болмас .Жаманшылықты сезбегенде, арты жаман болар еді.( артық сөйлемді анықтатқызу)

Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмаластың сөйлемнің жасалу жолдары қандай болады?Бағыныңқының баяндауышы Тұлғалық белгісі Сұрауы Сөйлемдердің сызбасы1. Шартты рай2. Көсемше3. Есімше(Окушылар кестені толтырғаннан кейін ережені өздері шығарады)

Ережесі: Шартты бағыныңқы сабақтас деп құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісі екіншісіндегі істің жүзеге асу я аспау шартын білдіретін құрмаластың түрі.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіретін сабақтастың түрі.Шартты бағыныңқылы сөйлем қайтсе? не етсе? Қайткенде? Не еткенде? Қайтпей? Не етпей? Қайтпейінше? Не етпейінше ? деген сұрақтарға жауап береді.Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:а) Етістіктің шартты рай түрінен болады. Осындай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара жатса, сол көптің бірі боп біз қандай оп – оңай араласып кетер едік.ә) Болымсыз етістіктің –й тұлғалы көсемше түрінен болады: Мен үйге келмей, іс бітпейді.б) Жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады. Қара теке Әзімбай болғанда, осы текенің әкесі – сары теке қатар тұр еді.

Тақтамен жұмысСәйкестендіру тестін қолдану.1.Қаражат бөлінбесе,... жазда шөп сұйық болады2.Үйдің кілтің алмай,... соңы жаман болушы еді.3.Қар жаумаса,.. үйге кіре алмас еді.4.Құтқарушы тез келмегенде,... жағдай нашарлар еді.

Топтық жұмыс Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.Жаз келсе,... ;Еңбек етсең ерінбей,...;Су мол болмай,...;Көл таяз болғанда,...;

Оқулықпен жұмыса) 123-жаттығу. Сатылай кешенді талдауІ топ. Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.ІІ топ. Жарлы болар жігіт байталын атқа айырбастаса, жалғыз болар жігіт ағайынын жатқа айырбастайды.ІІІ топ. Жаңа жұмысшыларға техника қатерсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.ІҮ топ. Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін де алар.Бір оқушы тақтаға талдайды.Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін де алар.- сөйлемде екі тыныс белгісі бар: үтір және нүкте- айтылу сазы мен мазмұнына қарай: хабарлы сөйлем- құрылысына қарай: құрмалас сөйлемсабақтас құрмаласшартты бағыныңқылы сабақтас- шартты райдың -са, -се жұрнағы арқылы жасалған- екінші жай сөйлемін сөйлем мүшесіне талдаймыз:не істейді? – алар баяндауышнені алар? - өнегесін толықтауышқандай өнегесін? – жақсы анықтауыш- байланысу түрі: өнегесін алар – меңгеру, етістікті тіркесжақсы өнегесін – қабысу, есімді тіркес124-жаттығу.Сөйлемдерді сызбаға түсіріп, жасалу жолдарын анықтау1. ----------,---------- тигізбейінше,----------.2. ---------- қарасаң,----------.3. ---------- берілмесе,----------.4. ---------- жарыспай,----------.

Ү. Сабақты қорыту.Білімдерін тексеру:тест, дұрыс жауабын табу1.Сабақтас құрмалас сөйлем қандай сөйлемдерден тұратынын анықтаңыз.А) Жай, күрделі.В) Бағыныңқы, басыңқы.С) Сұраулы, лепті.D) Лепті, хабарлы.Е) Бұйрықты, сұраулы.Дұрыс жауап: В2.Сөйлемнің түрін анықтаңыз.Сабақ кестесін өзгертсе, бізде кітапханаға баратын уақыт болады.А) Салалас құрмалас сөйлем.В) Жай сөйлем.С) Жалаң сөйлем.D) Атаулы сөйлем.E) Сабақтас құрмалас сөйлем.Дұрыс жауап: Е 3.Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.А) -са, -се.В) –ғандықтан, -гендіктен.С) –ғанда, -генде.D) –мақшы, -мекші+болып.E) –ғанмен, -генмен.Дұрыс жауап: А4.Құрмалас сөйлем түрлерін анықтаңыз.A) Салалас, сабақтас, аралас.B) Жақты , жақсыз.C) Толымды, толымсыз.D) Жалаң, жайылма.E) Хабарлы, сұраулы.Дұрыс жауап: А

5.Шартты бағыныңқы құрмалас сөйлемнің жұрнағын анықтаңыз.A) –ған, -ген.B) –са, -се.C) –ып, -іп,-п.D) -у.E) –қан, -кен.Дұрыс жауап: В

6.Құрмалас сөйлемді табыңыз.A) Сыныпқа оқушылардың бәрі жиналды.B) Іңір де түсті, балалар да үйлеріне кірді.C) Бұл мәселе сынып сағатында шешілді.D) Олар мұғаліммен ұзақ әңгімелесті.E) Нақты қорытынды жасалды.Дұрыс жауап: B7.Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.A) Олар Асанды күтпестен, ертемен жолға шығып кетті.B) Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық.C) Не ексең, соны орасың.D) Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле.E) Жанат хатты төрт-бес рет оқып шықты.Дұрыс жауап: C8.Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін анықтаңыз.A) Ыңғайластық, кезектес, себеп-салдар.B) Талғаулы, мақсат, ыңғайластық.C) Қарсылықты, себеп-салдар, талғаулы.D) Шартты, мезгіл, мақсат, қимыл-сын.E) Себеп-салдар, қарсылықты, талғаулы.Дұрыс жауап: D

9. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.А) Жай сөйлем.В) Шартты бағыныңқы сөйлем.С) Кезектес салалас сөйлем.Д) Қарсылықты салалас сөйлем.Е) Ыңғайлас салалас сөйлем.Дұрыс жауап: А

10. Шартты бағыныңқылы сабақтасты көрсетіңіз.А) Үйдің іші үн-түнсіз, көңілсіздік басқан.В) Тоқтамай сөйлей берсеңші, уақытың жетпес.С) Айтар ойы олмаған соң, бос сөзге үйір.Д) Тілмен тас жаруына қарама, тындыруына қара.Е) Бір рет айтудан бұрын екі рет ойлап алсаң, екі есе жақсы айтасың.Дұрыс жауап: Е

ҮІ Оқушыларды бағалауҮІІ. Үйге тапсырма беру.1. 126-жаттығу. Мәтіннен шартты бағыныңқы сабақтастарды тауып, жасалу жолдарын түсіндіру,талдау2. Ереже жаттау.

.







Еліктеу сөздер, түрлері Тақырыбы: Еліктеу сөздер, түрлеріСабақтың мақсаты:а) білімділік: еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру;ә) дамытушылық: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту;б) тәрбиелік: тіл өнерінің құдіретін ұғына білуге, жинақылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.Сабақтың әдісі: сыни тұрғысынан ойлау (топпен, жұппен жұмыс, салыстыру, Венн диаграммасы, ББҮ, семантикалық карта).Көрнекілігі: суреттер, кесте, ойыншықтар, үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта, видео фильм.Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, жаратылыстану.Күтілетін нәтиже:1. Еліктеу сөздер туралы толық мәлімет алады.2. Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін біледі.3. Еліктеу сөздердің түрлерін ажыратып, мысал арқылы дәлелдей алады.Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру бөлімі.- оқушылармен сәлемдесу, танысу;- оқушылардың назарын сабаққа аудару;Әрбір сабағым төмендегідей тәлім сәтімен басталады.Тәлім сәті:- Әрбір адам?- Туысым, досым, жұрағат.- Әрбір ісім?- Тірек, тірлік, адалдық.- Әрбір сабақ?- Үйрену, ұғу, ұлағат.Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы, мақсаты және жоспарымен таныстырайын.ІІ. Үйге берілген сабақты пысықтау.Слайд бойынша үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ - жауап әдісі бойынша және интерактивті тақта арқылы жауап береді.- Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?- Үстеу дегеніміз не?- Үстеудің жасалу жолы қандай?Мыс. Ертең (айтылуы бойынша жазылады), ала жаздай (бөлек жазылады), көзбе - көз (дефис арқылы жазылады), бүгін (бірге жазылады). Үй тапсырмасын «Даналық ағашы» арқылы қорытындылап, жаңа сабаққа кірісеміз.ІІІ. Жаңа сабақ.1. Қызығушылықты ояту. «Зерттеу шеберханасы» іс - тәжірибе арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.- Балалар, өмір - күрделі құбылыс. Оның күрделілігі сол – таңымыз атқаннан күніміз батқанға дейін қаншама іс - әрекеттер орындаудамыз. Біз көзбен көру, құлақпен есту арқылы осындай күрделі құбылыстарды анықтаймыз.(Еліктеу сөздерді ұқтыру үшін тақтадағы суреттерді көрсетіп, өмір құбылыстарынан түрлі мысалдар келтіріп, іс - тәжірибе арқылы, мысалы ойыншықтарды пайдаланып түрлі дыбыстарды тыңдайды, қимылдар көрсетіледі)Жанып жатқан отқа су құямызСұрақ: - От қайтіп сөнді?Жауап: - От быж етіп сөнді.Сағат аламын да, үстел үстіне қоямын.Сұрақ: - Сағат қалай жүріп тұр?Балалардың жауабы: - Сағат тық - тық етіп жүріп тұр.- Балалар, осы дыбыстарды қай сезім мүшемізбен қабылдадық?- Құлағымызбен естідік.Оқушының атын атап өзіне қарату.- Қайсар қалай қарады?- Қайсар жалт қарады.– Аю қалай жүреді?- Аю қорбаң - қорбаң етеді.- Оқушылар, осыдан қимылды естідік пе, әлде көрдік пе?- Көзімізбен көрдік.2. Мағынаны тану.Сонымен, оқушылар, табиғаттағы, күнделікті өмірдегі дыбыстарды, қимылдарды естіп немесе көзбен көріп байқайды екенбіз. Тақтаға күннің жады, жаңа сабақтың тақырыбы жазылады. Оқушылар осы кезде дәптерлеріне жазады.(Ережені жаңағы мысалдардан айтып шығару)Айналадағы (табиғаттағы) әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл - әрекетіне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады.Мысалы: тырс (етті), гүрс (етті), жалт - жұлт, қаңғыр - күңгір т. б.Мысалдардан көрінгендей, еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері бар.Біріншіден, бұл сөздер айналадағы құбылыстардың әр түрлі дыбыстарынан есту арқылы және түрлі қимылдарына еліктеуден туған. Сондықтан да олар еліктеу сөздер деп аталады.Екіншіден, еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістіктермен (негізінен ет) тіркесіп немесе қайталанып, қосарланып қабылданады. Еліктеу сөздер мағынасы жағынан айналадағы әр түрлі дыбысқа және жеке қимылға, іс - әрекетке еліктеуді білдіруіне байланысты еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді.Оқушылар оқулықтан 304 - жаттығуды ауызша, 300 - жаттығуды тақтаға орындайды. Сондай - ақ «Әдебиет» оқулығынан Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінен еліктеу сөздер қатысқан сөйлемдерді тауып оқиды.Сергіту сәті. «Қимылдасаң қимылда» ойыны. Қағазға жазылған сөздерді оқушылар бір - бірлеп алып, оны қимылмен көрсетеді.«Поэзия минуты»Абайдың «Бойы бұлғаң» өлеңін оқылады. Оқушылар өлеңнен еліктеу сөздерді табады.Синквэйн әдісі. « 5жол өлең». Оқушылар төмендегі үлгі бойынша жұмыстанады.1. Кім? Не? (бір сөз) қарға2. Қандай? (екі сөз) ала, қара3. Не істейді? (үш сөз) қарқылдайды, ұшады, қонады.4. Сөйлем (төрт сөз) Ала қарға қарқ-қарқ етіп ұшады.5. Синонимі (бір сөз) құс3. Ой толғаныс.Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін байқау үшін төмендегідей тапсырмалар орындалады.Тақтада көрсетілген «Семантикалық картаны» толтыру, топпен «Орамал тастау» ойыны ойналады. Ойынның шарты: сыныптағы қатар бойынша балалар үш топқа бөлінеді. Бірінші топтан бір бала орамалды алып еліктеу сөздің бір сыңарын айтады да, орамалды келесі топқа лақтырады. Ол оқушы сол сөздің екінші сыңарын тауып айтуы қажет.Егер оқушы екінші сыңарын таба алмаса тақтаға шығып берілген сөзге морфологиялық талдау жасайды.Венн диаграммасын оқушылар толтырады. Ортақ белгісі: еліктеу сөз, сөз табы, қайталану, қосарлану арқылы жасалады. Айырмашылығы: еліктеуіш сөз құлақпен естиміз; Бейнелеуіш сөздер: табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көзбен көреміз.Терме диктанты.Диктант оқылған уақытта оқушылар кездескен еліктеу сөздерді теріп жазады.Ойтолғау.Видеодан көктемгі табиғат көрінісі көрсетіледі де, оқушылар алған әсерін еліктеу сөздерді пайдалана отырып ойтолғау жазып, оқиды.Үйге тапсырма:Ережені жаттау. 305 - жаттығу, 306 - жаттығу.Бағалау.Сабақ барысында алған дөңгелекшелері бойынша оқушылар бағаланады.Қорытындылау. Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе ББҮ стратегиясын ұсынамын, әркім өз пікірін жазады.Еліктеу сөздерді қатыстырып құрастырған өз өлеңіммен сабақты аяқтаймын:Сарт - сарт етіп сағат тілі тықылдап,Аяқталып келді міне сабақта.Дүрс - дүрс етіп жүрегіміз лүпілдеп,Күтіп едік қалай өтіп шығар деп.Ризамын, балалар, мен сендергеШып - шып терлеп, топ - топ етіп,Тарс - тұрс етпей, үлгердіңдер бәріне.«Қыңқ» демеді ешкім де,«Ыржаң - ыржаң» күле беред барлығы.Жалт - жұлт жанып, сылаң қағып,Аман - сау боп жүре бергің бәріңде.Сау болыңдар!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!