Сәт сапар саған, жас түлек!
«Сәт сапар саған, Жас түлек!» атты салтанатты
жиынның сценарииі
Армысыздар ардақты ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар,
қадірлі жас түлектер!
9 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына
анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің
мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен
ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесіне қош келдіңіздер!
II - жүргізуші: Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы
қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан -
сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып, салатын
салтанаты!
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын
имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя
мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп
бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің
мектебіміздің түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен,
мектеппен қоштасқалы тұр.
I - жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің
табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші
түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. ( музыка)
II - жүргізуші: Бәрі де баласындай бір ананың,
Өз елі қазағының ұғады әнін.
Қызы ибалы, ұлы ер, шықсын кәне,
9
сыныбы Сұлушаш апайдың.
I – жүргізуші: Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл!
(Музыка әуенімен бітіруші түлектер шығып орындарына тұрады)
II - жүргізуші: Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын
жалғаған 9
жылдың мәреге жеткен күн.
I - жүргізуші: Бүгін -«мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастық
кешкен күн.
II - жүргізуші: Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген
күн.
I - жүргізуші: Бүгін - әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген
күн.
II - жүргізуші: Бүгін - әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн
I – жүргізуші: Бүгін – анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
II - жүргізуші: Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет
топталған күн.
I – жүргізуші: Бүгін - арман қуып алысқа аттанған күн.
II - жүргізуші: Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші
түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
I – жүргізуші: Ендеше, сәт сапар, жас түлектер!
Қош айтысып балалық шақ өткеніне,
Қош айтысып сүйікті мектебіне
Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар
Аттанып барады өмір көктеміне
Ән «Мерекем» 6 сынып Айым
II – жүргізуші: Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы, ардақты адам.
Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің,
мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған
сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты
ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді ағалық
қамқорлығым деп түсінген. қимас сәтте өздеріңе арналған алғашқы
құттықтау сөзді мектеп директоры Манабаев
Шалкерей мырзаға беріледі.
(Мектеп директоры сөз сөйлейді)
I - жүргізуші: Арнап келер мерейтой, мейрамдарда,
Мәртебең де биік қой мейрам барда.
Бүгінгі мектеп кешіне тілек айтсын,- дей отырып, сөз кезегі
қонақтарда. бүгінгі салтанатты жиынға қатысып отырган қонақтарды
құрметпен атай келе құттықтау сөз кезегі сіздерде.
II - жүргізуші: Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,
Жаңа сыр ашатұғын жас дарындар,
Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,
Санасы биік адал дос табыңдар!
Иә, сендер әрқашан еске алып жүретін жаны асыл ұстаздарың да
бүгінгі соңғы Қоңырау үнімен өздеріңмен қоштаспақ. Енді солардың
шәкірттеріне деген соңғы ақыл - кеңесін, сәт сапарын
тыңдайық. Алғашқы
ұстаздары,Сынып жетекшілер атынан құттықтау
сөз: Нәсіпкүл
Тұяқбайқызына беріледі.
I – жүргізуші: Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз
маржанын терген ақын – жазушыда, көк күмбезіне самғаған ғарышкер
де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас.
Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарға сазды
сәлем жолданады.
Хор: «Ұстазым» әні. Орындайтындар 6 сынып
оқушылары
I – жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы. «Ата - ана баланың бас ұстазы»
дегендей ата - ана мен мұғалім қатар тұрғанда бала өзіне деген
қамқорлықты толық сезінеді. Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата -
аналарымыз атынан ...
беріледі.
Ән: 6 сынып оқушысы Қамқор
«Әке»
Ән: 7 сынып оқушысы Алтынай
«Ана»
Бәрі есімде, мектепке алғаш барған
күн,
Күлімдеп нұр жүзіміз жанған
күн
Сыңғыр қағып қуанышпен
қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман
мың.
Мектеп бітіруші түлектерімізге сөз кезегін
береміз.
Би: 5
сынып
Қайнар:-Ұшырса да бұл өмірдің сан
құсын
Ұстаз- ғалым, толастатпас мәңгі
ісін.
Тыншымайтын асыл жандар
аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің
алғысын.
Ән: «Мектебім» 8 сынып
оқушылары
I – жүргізуші: Қоштасады ұшқан
ұяң – мектебің,
Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар» - деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.
II - жүргізуші Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,
Ақылына әлем халқы бас ұрсын.
Деген асыл ниетпенен, ағайын,
Ақ жолына той шашуы шашылсын! ( Шашу шашылады)
I - жүргізуші: Құрметті мектеп
бітіруші жас түлектер! Ата - аналар мен қонақтар! Аяулы ұстаздар!
«Сәт сапар саған, жас түлек!» атты салтанатты жиынын жабық деп
жариялаймын!
ІI - жүргізуші: Аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар жазғы демалысты
жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау
саламатта болыңыздар. Сәт сапар, сіздерге, Жас түлектер!
I – жүргізуші: Мектебіміздің табалдырығынан үлкен өмірге 7 түлек
жолдама алды: 7 арман, 7 үміт, осынша сенім мен осынша тағдыр!
Еліміздегі мыңдаған мектептерден мыңдаған түлектердің ұшып шыққанын
ескерсек, ересектер қатары осынша адамға, осынша күшке
толықты! Қанаттарың талмасын, жас
түлектер!