Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шаттық нұрын шашқан Нұр Пайғамбар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ислам діні әлемдік діндерге жатады. Ол Араб түбегіндегі VII ғасырда пайда болды. Ислам дінінің негізін салған- Мұхаммед ибн Абдулла ибн Әбді Мүтәліб ибн Хашим (571-632) Мекке қаласында сәуір айының жиырмасыншы жұлдызында дүниеге келген. Мұхаммед пайғамбар дүниеге келуінен екі ай бұрын сапарда жүрген әкесі Абдолла өмірден өткен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шаттық нұрын шашқан.Нұр Пайғамбар



Ислам діні әлемдік діндерге жатады. Ол Араб түбегіндегі VII ғасырда пайда болды. Ислам дінінің негізін салған- Мұхаммед ибн Абдулла ибн Әбді Мүтәліб ибн Хашим (571-632) Мекке қаласында сәуір айының жиырмасыншы жұлдызында дүниеге келген. Мұхаммед пайғамбар дүниеге келуінен екі ай бұрын сапарда жүрген әкесі Абдолла өмірден өткен. Мұхаммед пайғамбар үш жасына дейін сүт анасы Халиманың тәрбиесінде болды. 6 жасында өз анасы Әмина бинт Әбдіманап(қызы) қайтыс болады. Жастай жетім қалған Мұхаммедьі атасы Әбдімүтәліп өз тәрбиесіне алаады. Алайда, көп ұзамай атасы да дүние салып, Мұхаммед пайғамбар немере ағасы Әбу Тәліптің қолында ер жетеді. Құрайыш тайпасы саудамен шұғылданғандықтан, ағасы Мұхаммед пайғамбарды сауда ісіне араластырады.

Мұхаммедтің балалық шағынан бастап-ақ пайғамбарлық нышандары білінген. Мұхаммед пайғамбар Әбу Тәліппен бірге мауда сапарында жүрген кезде Баhира атты христиан монахы Мұхаммедтің бойынан пайғамбарлық белгілерін көреді. Онымен әңгімелесіп, пұтқа емес, Аллаға табынатынын білген соң, арқасындағы пайғамбарлық мөрін көреді. Монах Әбу Тәліпке інісін болашақта ұлы істердің күтіп тұрғанын және оны зұлым ниеттегі адамдардан сақтау қажеттігін ескертеді.



Мұхаммед пайғамбар ислам дініне әуелі жақын ағайындарын, жолдас-жоралары мен достарын жасырын түрде шақырады. Мұсылмандықты қабылдаған алғашқылардың бірі, оның жақын досы Әбу Бәкір болды.Ол қауымына абыройлы, дәулетті адам еді. Әбу Бәкірдің ықпалымен кеін көптеген адамдар ислам дінін қабылдады. Арада бірнеше өткеннен кейін Мұхаммед пайғамбар барлық араб тайпаларына ислам дінін қабылдауды жария түрде насихаттады.

Мұхаммед пайғамбар Меккеде он екі жыл, Мединеде 10 жыл араб халқан ислам дініне үгіттеді. Кейіннен пайғамбар Мұхаммед Жамағ,атпнг алғаш Құрбан айт намазын оқып,құрбандық шалудың мән мағынасын түсіндірді.

Сол жылдары мас қылатын ішімдікке,құмар ойындарға тыйым салатын Құран аяттары келе бастады.





Меккеде Мұхаммед пайғамбар көптеген қарсылықтарға ұшырап, қиындықтар көрді. Алғашқы мұсылмандарды меккелік мүшріктер ата-баба дінінен бас тартты деп аяусыз азаптады. Мал-мүліктерін талан-таражға салды. Мұсылмандар көрші елдер мен қалаларға қашуға мәжбүр болды. Сол қиын кезеңде исламның орнығып,дамуына серпіліс берген Медине қаласы (ескіше-Иасриб) болды.

Алла елшісі 35 жасқа келгенде Құрайыш тайпалары бірлесіп, Қағбаны жөндейді. Бірақ құрылыс біткеннен кейін бақталастық себебінен қасиетті «Қара тасты» орнына қою мәртебесі жайлы дау шығып, үлкен жанжал болады. Мұхаммед пайғамбар осы даудың әділ шешімін тауып, әр рубасына жабылып көтеруді ұсынып, «Қара тасты» орнына қояды. Бұл шешім оның әділдігі мен парасатын танытып, ел алдында беделін өсіреді.

Ислам дінінде алғашқы пайғамбар- Адам, соңғы пайғамбар Мұхаммед пайғамбар. Екі пайғамбар арасында 124 мың пайғамбар өткен. Құранда жиырма бес пайғамбардың ғана аты аталған. Олар: Адам,Нұх,Салих,Ибрахим,Мұса,Дәуіт,Сүлеймен,Иса және т.б.

Медине қаласында алғашқы жылдары мұсылмандарға бес уақыт намаз оқу,Рамазан айында ораза ұстау парыз етіледі. Ислам діні қоғамдағы әйелдердің орнын белгілеп, олардың құқығын қалыпқа келтірді. Мұхаммед пайғамбар қатысқан шайқастар діни әдебиеттерде «Ғазауат» дейді.

Мұхаммед пайғамбар 632 жылы қатты сырқаттан бұл дүниеден озады. Медине қаласында жаеазасын оқып, оны дүниеден өткен жеріне арулап қойды. Сахабалар өзара кеңесіп, пайғамбар ісін жалғастыратын халифа болуға Әбу Бәкірді лайық көріп, бәрі бірауыздан соны сайлайды.















Рухани жаңғыру- қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымының өзгертетін қозғаушы күш. Елбасы мақаласын оқып шығып, осындай ой түйдім. Аймағымыздағы келер ұрпақтың алдындағы ардың ісін арқалап жүрген зиалы қауым Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласын ықыласпен түйсіне оқығаны анық. Олай дейтінім,мақалада «ұлттық салт-дәстүрлеріміз,тіліміз бен музыкамыз,әдебиетіміз,бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс»- деген жолдардың астында үлкен мағына бар.





Президентіміз «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де салт-дәстүрлерге ерекше атсалысу шынайы патриоттықтың маңызды көріністерінің бірі»- деді.

«Рухани жаңғыру- дәуір талабына сай жаңғыру». Рухани жаңғыру- әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2019
728
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі