Материалдар / Саясат. Мемлекеттер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Саясат. Мемлекеттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Саясат және мемлекеттер туралы.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғылыми мақала

Саясат. Мемлекеттер

Қазақстанның бекем болашағы мен кемел келешегінің шарықтауы ең алдымен Елбасының салиқалы саясатының нәтижесі деп білемін. Жыл сайынғы мемлекет басшысының дәстүрлі халыққа Жолдауы еліміздің ертеңгі көрінісін, даму жоспарын айшықтап беретін маңызды болашаққа сілтеме екені даусыз. Бүгінде эканомикамен өз мемлекеттігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор эканомикалық және саяси салаларды негізге қоюға мүмкіндік береді.

«Еліміздің болашағы – жастар», - деген сөздерді күнделікті жиі естейміз. «Жас – адам қызметке, қарт адам – кеңеске» - деп бекер айтпаса керек. Шынымен, өмірді көрген, өнген адамдардың кеңесі арқылы біз жетілеміз, білеміз, танимыз. Қазірден еліміздің болашағын ойлап, ертеңгі Қазақстанды елге танытып, дамыған 30 елдің қатарына кіргізу біздің қолымызда. Ең бастысы бұған жастардың білімі, білігі, жаңалыққа ұмтылысы, мемлекетті басқару ойы, әр салаға белсенділігі қажет. Әсіресе, жастардың саяси белсенділігі, саясатқа деген оң көзқарасы керек деп білемін.

Негізінде, мемлекет жастар саясатына басты назар аударып келеді. Мәселен, қазіргі танда президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы жастар арасынан өзіне кеңесшілер алды. Зайырлы заманда саналы жастар өсіп келе жатыр. Жастар өмірде де, саясатта да белсенділігін танытып жүр. Солардың бірі - Мади Ахметов. Ол қазіргі уақытша Мәжілістің ең жас депутаты болып табылады. Осындай жас тұлғалар болашақ ұрпаққа жол беріп, жаңа буын мен аға көпірдің жалғаулары болып келеді. Саяси жағынан үн қосуға әрдайым жастар белсенділік танытады. Президенттің жолдауын мұқият тыңдай отырып талқылауға ерекше көңіл бөледі. Айтылған сөздердің барлығы мемлекет тарапынан да, әлеуметтік тұрғыдан да халыққа пайдасы тигенін қалайды. Елдің ертеңі үшін аянбай тер төгу керектігін қазірден бастап оқып келеді. Бұндай үлкен қадамдарға жетудің басты жолы өз мемлекетін құрметтеп, патротизімін ояту.

Менің ойымша, патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, туған жеріне құрмет, туған елін сүйіп, елдің өркендеуі үшін адал қызмет ету. Осындай қасиеті тұнып тұрған тұлға бұл – Димаш Құдайбергенов деп санаймын. Шетелде қолына қасиетті домбырасын алып, қазақ күйін шертіп, өз елін танытып, әлем халқының көзайымына айналғанына барлығымыз куәміз. Бұдан артық не қажет?! Осындай биік істерін жалғастырып келсе, мемлекеттің эканомика, саясатына қатысса өте жақсы көшбасшы шығады деген сенімдемін. Қазақтың ұлы ұлағатты, қызы қылықты болу керек.

Мемлекетті құру, басқару, дамыту, ұлы державаға айналдырып, сақтап қалу оңай іс емес екенін барлығымыз түсінеміз. Осыған байланысты, менің түсінігімдегі мемлекетті басқару жүйесі әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабимен байланысты. Әл-Фараби трактатында былай деді: Адам толығымен жетілуі үшін ол көптеген мәселелерге тәуелді болады. Себебі, ол барлық қажетті нәрселерді жалғыз өзі жасай алмайды әрі қол жеткізе алмайды. Сондықтан адам өзінен басқа да адамдардың қоғамдастығында өмір сүруі керек және сонда ғана ол толық жетіліп, бақытқа қол жеткізе алады. Бірақ, ол басқа адамдарға қатысты да қоғамдастықтың құраушысы болып табылады. Осылайша, қоғамдастықтың әрбір мүшесінің іс-әрекеті оның әрбір мүшесіне қажетті нәрселердің барлығын тауып береді дейді. Қауым адамдары бір-біріне көмек көрсетулері арқылы ғана кемелділікке жетіп, тыныштығын сақтайды және үйлесімді өмір сүреді. Бірақ олардың барлығы толық мәнге ие бола алмайды және қоғамның да түрлері көп. Осылайша, Ұлы Ғұлама толық мәнді қоғамды үшке бөледі: ұлы, орташа, шағын және оларды барша адамзат баласы қоғамдарының тұтас жиынтығы дейді. Игілік пен кемелділік дәрежесіне ең бірінші қала жетпек. Әл-Фараби егер адам үнемі өзінің ақыл-ойын дамытып, парасатты басшылыққа алатын болса, оның мінсіз қоғам құра алатынына сенген. Мінсіз қаланы ғұламалар билеуі қажет. Әр салада ең озық адамдар – зеректер мен дарындылар басымдылыққа ие болады. Таңдаулы топ ойлану арқылы білімге қол жеткізеді. Сондықтан да мемлекет тұрғындары тәрбиелі және білімді болуы керек. Менің ойымша, оның бұл еңбекті жазудағы басты мақсаты адамдарды идеалды қоғамға, яғни бақытқа қалай жетуге болатынын және ең бастысы сол жолда барлық адам жеткен ғылымдардың, оның өнерлері мен мүмкіндіктерінің қаншалықты маңызды екенін көрсету деп білемін. Құқықтық мемлекет басқару оңай емес. Себебі , қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық.

Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»,- деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген дана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының, ар-ұятының төмен болуы әсер ететін болса керек. Әркім өзінің арының алдында таза болуы керек. Оңай жолмен ешкім ұшпаққа шықпас. Бәрі маңдай термен келеді. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың өршуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде деп ойлаймын. Жемқорлық індет – жою міндет демекші, бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке бірауыздан атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Қорытындылай келе, елім деп еміренетін, жерім деп жұмылатын саналы ұрпағымыз көп болсын. Мен жоғарыда айтып кеткен мәселелерді шешуге өз үлесімді қосатыныма сенімдімін. Өйткені, әр адам өз елінің өркендеуі үшін үлес қосуға мідетті. Мен осы міндетімді орындаймын және де болашағымыздың жарқын болатынына сенімдімін! Болашағымыз өз қолымызда, жалынды жастар!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!