Материалдар / Саясат пен адамгершілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Саясат пен адамгершілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Саяси білім азаматқа өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылысты, мемлекеттегі өз орны мен рөлін құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынып жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты – адамды күрделі әлеуметтік – саяси жағдайды лайықты жөн таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2022
1627
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САЯСАТ ПЕН АДАМГЕРШІЛІК


Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Кайназой заманының үштік кезеңінде дамыған адамдар саясаттың сырын, мәнін өте ерте заманнан-ақ ұғынғысы келді. Бірақ біздің дәуірімізге дейінгі ІІ – І мынжылдықтардағы саяси пікірлер діни-мифологиялық сарында болды. Соған орай олар билік, қоғамдық – саяси тәртіп құдайдың құдіретімен орнайды деп түсіндіреді. Кейінірек адамзаттың іс – тәжірибесінің, ақыл – ойының мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастайды. Қоғамның әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрмен күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санасының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түсінік, осы орында пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды. Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығы айтады.

Саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғылым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз дәуірінде лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің саяси жүйесін зерттеді. Аристотельдің пікірінше: «Саясатты білетін адам – әдемі де өмір сүре алады». Ендеше әрбір білім алушыны саяси сауатты, саналы азамат етіп қалыптастыру үшін, саясаттану пәнінің маңызын ұғындырудың пайдасы зор. Саясаттану пәнінің қалыптасуына мол үлес қосқан Италияның ХVI ғасырдағы ойшылы Н. Макиавелли болды. Ол саяси зерттеулерінің ең бастысы етіп, мемлекеттік билікті қойды. Сонымен қатар ол саяси ойды діни – мифологиялық емес, шын мәнінде іске асыруға болатын нақтылы өмірдің туған мәселелерді шешуге бағыттады.

Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасуы қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге, көпшілік саяси париялар мен қазыналардың қанат жаюына, ақпарат құралдарының өрістеуіне әкелді. Халықаралық мемлекетаралық қатынастардың ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделеліне түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен процестердің арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сияқты көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді.

Саясаттану ХІХ ғасырдың екінші жартысында өзінің қазіргі бейнесіне келіп, өз алдына пән ретінде қалыптасады. 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде Френсис Либер деген оқымысты «тарих және саяси ғылым» деген кафедра ашады. 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастайды. 1889 жылы Американың саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылады. ХХ ғасырдың басында саясаттану өзінше бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шығады. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылыған саяси ғылымдарының халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарады. Ол саяси зерттеудің саяси белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде.

Саяси білім азаматқа өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылысты, мемлекеттегі өз орны мен рөлін құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынып жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты – адамды күрделі әлеуметтік – саяси жағдайды лайықты жөн таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету. Сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға баулиды. Себебі берік саяси тәртіпсіз жеке адамның шын мәніндегі еркіндігін болуы мүмкін емес. Адамзат өмірінде саясат пен адамгершілік қатар жүретін ұғымдар.

Адамгершілік адамдардың іс-әрекеттерінің бірізділігін, ар-намысын, ізгілік қасиеттерін, борышын және парызға сәйкес келуін қажет етеді. Яғни, адамзаттың іс-әрекеті туралы заңдар мен ережелерді қамтиды. Қазіргі адамзат қоғамы өркениетті дәрежеге жетіп, демократиялану үрдісіне бет алғанда саясаттың ең алдымен адамгершілік бағдары болу керек.Ол адамға бағалы құндылық ретінде қарап, оның ар-намысын қадір тұтады, негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қалайды.
Әр адам өзінің тұрмыс жағдайын жақсартқысы келеді, қоғамда әділдік заңдылығының орнағанын, өз елінде және жер жүзінде бейбітшілік болғанын көксейді. Осы бағыттағы іс-қимыл адамгершілік принциптеріне жатады. Саясат адамгершіліктің өзін-өзін бақылау тетіктерінің объективтілеу түрі, сыртқы көрінісі ретінде көрінеді. Саясатқа адамгершіліктің әсері шекарасын белгілеу үшін, М.Вебер моральді сенім этикасы және жауапкершілік этикасы деп бөледі. Шығындар және құрбандармен есептеспей, қандай нәтижеге келуіне қарамастан сенімнің этикасы адамгершілік принциптері жолымен жүретіндігін көрсетеді.

Саясаттану ең алдымен фәлсафамен тығыз байланысты. Фәлсафа – табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ зандары туралы ғылым. Ол дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндерге, соның ішінде саясаттануға, жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалы тұрғыдан дәлелдейді. Саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Саясаттану болса қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы зандылықтарды нақтылайды, айқындайды, саяси танымды терендетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады. Мысалы, ол нақтылы саяси институттарға құрылымдарға, жүйелерге талдау, саяси жоспарлар және болжам жасай алады. Саясаттану саяси экономикамен өзара байланысты. Саяси экономика саяси процестерді эканомикалық тұрғыдан дәлелдей келіп, ол процестердің негізінде экономикалық мүдделерді жүзеге асыру үшін күрес жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Оны зерттеушілердің көбі құқық заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп те атайды.

Саясаттануға ең жақын ғылымдардың бірі - әлеуметтану (социалогия) саясаттану саясатқа белгілі бір зандықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптердің жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарай. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде зерттейді. Оның айналысатын мәселелері: адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамдар болады.

Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану басқа да адамгершілік ғылымдармен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.

Қазір біздің еліміз тәуелсіздігін алып, шын мәнінде демократиялық жолға түсіп жатқан шақта азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет орнату үшін саясаттану пәнін оқып – үйрену болашақ мамандарға ауадай қажет.

Саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Саясаттану пәнін зерттеу барысындағы олардың қажеттілігі саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні мен әдістерінің өзара тығыз байланыста екендігімен анықталады. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Саясаттану ғылым ретіндегі маңызды функциясы – адамдар өмірінде өшпенділіктен ынтымақтастыққа өтуді қамтамасыз ету болып табылады.

Адамгершіліксіз саясат қоғамда демократиялық өзгерістерді және оның прогресін, адамды рухтандыратын және көтеретін идеалдар мен құндылықтарды қамтамасыз ете алмайды. Саясат мұратында ғылымның, моральдың және өнердің қорытпасы, синтезі болуға тиісті. Ғылыми саясат өзіне тек қана адамгершілікті ғана емес, ол сонымен бірге әртүрлі фактілер мен шындықтың оқиғаларына теориялық талдау жасайтын өнерді де, шеберлікті де, жанжақтылықты да және икемділікті де өзіне қосып алады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Рахымбаева А.А., Саясаттану. – «Фолиант» баспасы, Астана, 2006 – 111б.

2. Абдрасилова Г.З., Оразимбетова К.Ш. Ұлттық мәдениет құндылықтар мен мәселелері // Қазіргі заман адамының рухани ізденісі. Халықаралық ғылыми конференция материалдары. – Алматы, 2006 -174 б.

3. Қуандық Е.С., Саясаттану негіздері. – Алматы, 2003 – 127б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!