Материалдар / «Саяси партиялар ұғымы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Саяси партиялар ұғымы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Саяси партиялар ұғымы»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
1554
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











«Саяси партиялар ұғымы»

Саясаттану және әлеуметтану пәнінің оқытушысы:Муханова КлараТнейбаевна,

Түркістан облысы, Түркістан қаласы

ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі» МКК

























Сабақтың тақырыбы: «Саяси партиялар ұғымы»

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Саяси партиялардың құрылу себептері мен қызметтеріне сипаттама бере отырып, қоғамдық маңызын ашып көрсету.

Дамытушылық: Студенттердің жан-жақты іздене білуін қалыптастыру, бірлесіп және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру және еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиелік: Студенттердің қоғамға көзқарасын бүгінгі өмірімен байланыстыра отырып, . Өз елінің заңнамасына және өзгенің пікіріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар :Сын тұрғысынан ойлау,ақпараттық,Интерактивті технология.Дамыта оқыту технологиясы

Белгіленген технологияларды іске асыру әдістері : сабақта жалпы топпен жұмыс істеу.интерактивті тақтамен жұмыс істеу.кестелер мен сызбалар құру.көрнекілік құралдарды қолдану арқылы түсіндіру.

Сабақтың жабдықталуы

Көрнекі құралдар : плакаттар.слайдтар,презентация

Үлестірме материалдар : тесттер.интерактивті тапсырмалар.

Техникалық оқу құралдары : Интерактивті тақта.Телевизор.Компьютер,DVD, СД

Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:

Негізгі:Смағұлов Е.М. «Саясаттану негіздері» Астана, 2001 ж.

Рахымбаева А.С .«Саясаттану дәрістер жинағы» .Астана ,2006 ж.

Жамбылов .«Саясаттану» .Алматы ,2007 ж.

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі (3- минут): Оқу бөлмесінің тазалығына, студенттердің сыртқы формаларына, тақта тазалығына көңіл бөліп, студенттерді түгелдеп, журналды толтыру және студенттердің зейінін сабаққа аудару.

ІІ кезең Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау / 5 мин/:

Тақырыбы:«Саяси партиялар» Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті — азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету.

3. Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімдерін бақылау (25-мин)

«Демократия туралы ұғым және оның белгілері»

Ө зіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар: «КӨПІР»тапсырмалары: (25-минут) І кезең: Деңгейлік тапсырмалар:

Кестені толтыру№1 Демократиялық қоғамның белгілері:

Экономикалық салада:


Саяси салада:

Рухани салада:


Әлеуметтік салада:




Деңгейлік тапсырмалар: «ТҮСІНУ»(Тапсырма№3

Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:

1---------------------------------

2----------------------------------

3----------------------------------

4----------------------------------

Тапсырма№4Пікірлер:

 М.Рокар--------------------

Г. О’Доннелмен-------------

Ж.Ж. Руссо-----------------

Тапсырма№7 Сөздікпен жұмыс:

1

 құқықтық мемлекет.


2

әлеуметтік мемлекет


3

зайырлы мемлекет.


4

демократиялық мемлекет.


Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру 30- мин):

Cаяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. "Партия" деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Кесте№1

Shape2

ТPicture 3 арихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы катарлы мүшелері қорғады.

Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.

Shape3 preview-image


Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы — олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. (Ал аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаған болатын). Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды.Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі — олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартты. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызметт. с. с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.Дегенмен, көрсетілген үш кезенді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты. Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 жылы Англияда либералдық партия құрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып 1863 жылы Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы (Ф. Лассальдың басшылығымен) құрылды. XIX ғ. аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік партиялар пайда болды. Мұндай партиялар басқа континенттерде де құрыла бастады.

Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті – азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету.

Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:

Саяси

Ұйымдастырушылық

Билік үшін күрес. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жасауға, қалыптастыруға, іске асыруға, тіелей қатынасу. Балама ұсыныстар жасау. Сайлау науқанына белсенді түрде атсалысып, оған байланысты бағдарламаны орындау. Саяси бағытты тұжырымдау.

Бағдарламалық мақсаттар мен ешімдерді іс жүзінде асыру. Сайлау науқанын өткізу.Сайлап қойылатын қызметтерге кандидаттар іріктеу. Басқару элитасына кадрлар дайындап ұсыну. Үкімет құрамын, сол сияқты басқа да билікті құрылымдарды құрастыруға қатысу.

Теориялық

Идеологиялық

Қоғам дамуының негізгі

салалары бойынша және оның даму жолдарын талдап, теориялық жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделеріе анықтап үйлстіру. Қоғамды жаңартудың стратегиясы мен тактикасын тұжырымдап, бұқараны қимыл бірлігіне теориялық жағынан әзірлеу.

Еңбекші бұқара арасында өз көз-қарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін ескере отырып өз бағытын қолдауға жұмылдыру және партия қатарына тарту, т.с.с.

Shape4

Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады..

СPicture 30 аяси партиялардың жіктелуі. Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықшамән береді.Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі француз ғалымы М. Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі (оларды ұйымдық қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған деп те атайды). Олардың ерекшелігі — партияның мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысуда. Онда әлеуметтік, этникалық, діни және т. б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. Мұндай партиялардың саны соңғы жылдары Еуропа мен Америка елдерінде тез етек алуда. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады:

Қандай саяси тәртіпті қолдауына байланысты партиялар демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық болып жіктеледі. Демократиялық партиялар басқа партияларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайды, пікір алалығын жақтайды. Идеологиялық факторға онша мән бермейді. Тоталитарлық партиялар, керісінше саяси жүйенің басқа элементтерін өзіне бағындыруға тырысады. Әсіре идеологияланған, қатаңтәртіпке негізделген бірпартиялық жүйе құруға тырысады. Авторитарлық партиялар, әдетте, дамып келе жатқан елдерде пайда болады және отаршылыққа қарсы бағытталады.

Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге бөлінеді.

Олардың көбі ең алдымен өз елдерінің саяси және экономикалық тәуелсіздігі, әлеуметтік прогресі үшін күреседі. Өз әрекеттерінде көбінесе күшке сүйенеді.Саяси өмірдегі алатын орны, билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар билеуші және оппозициялық (латынның "қарсы қою" деген сөзінен шыққан) болып бөлінеді.

Shape5

Shape6

Партиялық жүйелеу мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіңдігі бар, елдің ішкі және сырткы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығын айтады. Ел ішінде қанша партиялар болуы және олардың кайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдің тарихи дәстүріне, әлеуметтік-экономикалық шиеленістер сипатына, негізгі әлеуметтік күштердің арасалмағына байланысты. Оған халықтың бір ұлтты әлде көп ұлтты, бір дінге әлде көп дінге бағынуы да әсеретеді.

Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық, екіпартиялық және бірпартиялык болып топтастырылады.

Саяси партиялардың жұмысы әдетте құкықпен немесе Конституциямен реттеледі. Себебі, олардың жұмысы саяси жүйенің принциптері мен мақсаттарына кайшы келмеуі керек. Оларға жататындар: қоғамдық өмірде партияның орнын конституциялық жолмен рұқсат ету; саяси жүйеде партияның жұмыс істеу жағдайын белгілеу; сайлау жүйесінің жұмысына партиялардың қатысуы; мемлекеттік өкімет органдарында партиялардың өкілдік ету тәсілдері; мемлекеттік бюджеттен партиялардың қызметін қаржыландыру.

Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау (17-мин)

ТShape7

1- тапсырма:

Саясат – адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа жеткізу”

Авторын табыңыз: (Аристотель)



апсырма№1 Жаңа тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру Тапсырма№2 Қима қағазбен жұмыс:





Shape8

2- тапсырма:

... Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай- бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. ”

Авторын табыңыз: (Платон)







Тапсырма№3Берілген кестені толтырыңыз:№1,№2,№3


Shape9

Shape10


Shape11


Т апсырма№ Берілген сөйлемді толтырыңыз:

  • Авангардтық партиялар ------------------------------------------------------------------------------------------------Сайлаушылар партиясы. -------------------------------------------------------------------------

  • Парламенттік партия. ----------------------------------------------------------------------------

  • Қауымдастық партия-----------------------------------------------------------------------

Сабақты қорытындылау: (5-мин) Саяси партия туралы деректі фильм

Үйге тапсырма беру (5 мин):Тақырыбы: «Саяси партиялар ұғымы»

1.Саяси партиялардың қалыптасуы, мәні мен міндеттері

2.Саяси партияның түрлері

3.Қазақстандағы көппартиялық

4.Саяси партия және қоғамдық қозғалыстар

5.Көппартиялық және бір партиялық жүйе

  • Саяси партиялар туралы тест құрастыруып келу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!