Материалдар / Сауат ашу. І дыбысы мен әрпі. 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сауат ашу. І дыбысы мен әрпі. 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып мұғалімдеріне көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2021
350
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Күні:

Сынып: 1 «В»

Мұғалім: Жаилганова А.М.

Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.5.1мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұрақтарға жауап беру(мұғалімніңкөмегімен).


Сабақтың мақсаттары

Барлығы: І әрпінен басталатын сөздерді буындап оқиды, жазады.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қояды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

І дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

/Б.Бөрiбаев/

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

(Ұ)«Кептер хатшы» әдісі. (Аудиотаспадан құстың дауысы естіледі.) Кептерден хат келеді. Конверттің ішінде қиынды суреттер бар. Қиынды суреттердің артына өткен сабақ бойынша сұрақтар қойылған. Сұраққа жауап беру арқылы отбасы суреті шығады. Отбасы суреті бойынша бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады



Достық ортасы








Сабақтың ортасы

8 минут



«Фотогалерея» әдісі. Отбасы мүшелерін анықтап алу

Проблемелық сұрақтар туындату арқылы отбасындағы ең кіші мүшелерді анықтау (Іні-сіңілі)

Ата

Әже

Әке

Ана

Аға

Әпке

Іні

Сіңілі

І дыбысы мен әрпі туралы мәлімет беру

Топқа біріктіру

Кімнің інісі бар?

Кімнің сіңілісі бар?

Сұрақтар арқылы 3 топқа бөлу (інісі барлар бір топқа, сіңілісі барлар бір топқа, екеуі де болса келесі топқа бірігеді)

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып, сөздерде кездесетін і әрпі басында келетін сөздерді дөңгелектеп, ортасында келетін сөздерді төртбұрыштап, сөз соңында келсе ұшбұрыштап белгілеу


(ҚБ Смайлик тарату)



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс



ҚБ Смайлик тарату












8 минут


Дәптермен жұмыс.І дыбысы мен әрпі бар сөздерді мәтіннен белгілеп, көшіріп жазу.


Оқулық, дәптерлер.


Сергіту сәті

«Бес саусақ хоры»


16 минут

«Кэррол» диаграммасы

Отбасындағы ең кіші мүшелер



Отбасындағы ең кіші мүшелер емес

І әрпі кездесетін отбасы

мүшелері



І әрпі кездесетін отбасы

мүшелері емес

Қалыптастырушы бағаланып отырады ( Смайлик тарату)



Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Егер бәрі түсінікті болса төр бөлмеге анаң мен әкеңнің қасына бар

Егер кейбірін түсінбеген болсаң ауыз бөлмеге аға-әпкеңнің қасына бар

Е гер мүлдем түсінбеген болсаң, жалғыз өзің жатын бөлмеге бар.



«Мен қайдамын?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдерге жетекші сұрақтар қояды және талқылайды. көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған үй сұлбасына сабақты түсінгендіктерін бөлмелерге орналасуы арқылы байқатады.Сондай-ақ,смайликтерге қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!