сауат ашу жоспар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сауат ашу жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж сауат ашу тақырыбы: Буын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы:

Мектепалды даярлық сыныбы

Сабақтың өткізілетін уақыты:


Комуникативтік дағдыларды қалыптастыру:

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы:

Буын

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға әріптерді қосып оқыта отырып, буынға бөлуге үйрету.

  • Сабаққа қызығушылығын оята отырып өз сөзімен әңгімелеуге ой-өрісін дамыту.

  • Балаларды ұқыптылыққа таза, көркем жазу,дұрыс оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс:

Түсіндіру, көрсету, үйрету, ойындар ойнату, әңгімелесу

Сабақтың көрнекілігі:

Көрнекі суреттер, интербелсенді тақта, әріптер

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу

Сабақты бастамас бұрын шаттық шеңберін құру

1.Мотивациялық қызығушылық кезеңі: (бірге қайталайық)

Қол алысып қане біз

Достасайық бәріміз

Айтарым бар сендерге

Кел тұрыңдар шеңберге

Қандай жақсы бір жүру

Достарменен бір жүру

Қандай жақсы дос болу

2. Балаларды топқа бөлу.

Фазыл құрастыру арқылы балаларды Үш түрлі буын 3 топқа бөлінеді.

Бір буынды - «І-топ»

Екі буынды - «ІІ-топ»

Үш буынды - «ІІІ-топ»

-Балалар,бүгінгі біздің сабағымыз басқа сабақтан өзгеше,өйткені біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр,олай болса мол сабырлығымыз бар білімізді көрсетіп, белсенділікпен қатысайық. Бүгін мен сендерді мына бағалау белгілері арқылы бағалап отырамын. Сабақ соңында қай топ көп жинайды, сол топ жеңімпаз болады. Жеңімпаз топқа сыйлық беремін. Балалар сабақты бастамас бұрын өткен сабақты қайталайық.

«Арқан тарту» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау. Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты қайталайық.

- Дыбыс дегеніміз не?

- Сөз дегеніміз не?

- Дауысты дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз?

- Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз?


Жаңа сабақ.

-Ал енді балалар, менің қолымнан не көріп тұрмыз?

-Қоржын.

-Дұрыс айтасыңдар, бұл қоржын. Оның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

-Мұнын ішінде сендерге арналған сөздер бар. Біз сол сөздерден буын құрау керекпіз. Топ бойынша балаларды жеке шақырып, тапсырманы орындату.

-Мына сөздерді буынға бөлу

Ана, Ата, Бала, Әке, Әже, Іні, Аға т.б.

  • Жарайсыңдар балалар тапсырманы жақсы орындадыңдар. Балалар қоржынның ішінде тағы бір тапсырма бар екен ашып көрейік! Бұл тапсымада әр топка карточка беріледі 1 топқа бір буынды сөздері бар суретті фазылға жабыстыруымыз қажет 2 топ екі буыннан құралған сөздерді жабыстырамыз 3 топ үш буынды құралған сөздерді жабыстырамыз. Тапсырма түсінікті болса іске сәт балалар!

2 тапсырма:

Ойын: «Жоғалған буын»

-Мен бірінші буынды көрсетемін, сендер жоғалған буынды табасыңдар.

Ойынның шарты: Жылдам ойлап, келесі буынды табу. Қай катардағы топ бұрын аякталса, сол топқа бір-бірден смайлик қойылады.

- Ал, енді ойынымызды бастайық:

Үй - . .., бө- -не, қар- , сауыс- , тыр- , кө- , тор-..., бүр-...

-Жарайсыңдар, балалар. Ойынымызды жақсы ойнадық.


3 -тапсырма

«Себеттегі буындар» ойыны

Ойынның шарты: Себеттегі берілген суреттерді атап буынға бөлу, талдау. Үш топқа әр балаға жеке жеке суреттер бейнеленген карточкалар беріледі. Карточкадаға суретті атап, буынға бөлу. (жеке жұмыс)


4-тапсырма «Буынға буын қос»

 Мақсаты:басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, айта білуге, шапшандыққа, зейінділікке баулу.

 Көрнекілік:ұсақ жалаушалар, ойыншықтар.

 Ойын шарты:балалармен жеке-жеке немесе 2 топқа бөліп, өткізуге болады.

Тәрбиеші сөздің басқы буынын айтады, балалар сөзді тез аяқтайды.

Мысалы:

Ау – (ла). Ал - (ма). Са – (ра). Сә (біз). Қа (уын).



Саусақ жаттығуы

Партадағы саусақтар

Адымдайды, жүреді.

Өнерлі бұл саусақтар

Сурет сала біледі.

Ортанғы мен сұқ саусақ

Түйеқұсты салады,

Төңкеріліп аспанға

Қоян да бола қалады.

Дəптермен жұмыс (графикалық жұмыс)

Қорытынды.

-Сонымен балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Бүгінгі сабақта не істедік?

-Қанеки, енді сендерді бір тексеріп алайын. Бүгінгі іс әрекетімізді «Додокаэдр» әдісі арқылы аяқтаймыз. Ойынның шарты: Балалар асық арқылы жасырынған суретті додокаэдр арқылы ашып, жасырынған суреттегі сөздерді атап буынға бөледі.



Бағалау.

-Жарайсыңдар, мен сендерге ризамын. Ал енді қанеки бәріміз қанша бағалау белгілерін жинадық санап көрейікші. Жеңген топқа сыйлық беріледі.

-Рахмет балалар, бүгін сендер белсенділік таныттыңдар. Қатысқандарына көп рахмет, осымен сабағымыз аяқталды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2024
226
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі