Сабақтың
тақырыбы:
Заттың атын білідіретін
сөздер. «Құстарым,келіңдер» (Қабдыкәрім
Ыдырысов)
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
- Құстар тіршілігі
туралы,заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінік
беру.
Дамытушылық:
- Оқушының ой-өрісін
,дүниетанымын,шығармашылық қабілеттерін,сөздік
қорын,белсенділігін,қызығушылығын арттыру,сауатты жазу,сөйлеу тілін
дамыту.
Тәрбиелік:
- Дүниетанымын дамыта
отырып,табиғатты сүюге,құстарды қорғауға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ.
Сабақтың
әдісі: түсіндіру,ойын,
сұрақ-жауап,топтастыру.
Көрнекілігі: құстардың
суреттері,семантикалық карта,құс ұясы
бөлшектері
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастырукезеңі: 2
мин
Сынып оқушыларын
түгендеп,назарларын сабаққа аударамын
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау: 7
мин
І.Жансүгіровтың «Жазғытұрым»
өлеңін жаттап келу еді,солай ма балалар.Олай болса өлеңді кім
жаттап келді екен,кім айтады.
- Көктем айларын
ата.
- Көктем айындағы қандай
мереклерді білесің?
-Көктемдегі табиғаттағы
өзгерістерді айт.
ІІІ. Жаңа
тақырып:
Балалар бүгінгі сабақты
бастамас бұрын бізге хат келіпті сол хатты оқып көрейікші. 1 «а»
сынып оқушыларына Наурызбектен деп
жазылған.
Бір оқушыға
оқытамын.
Сәлеметсіңдерме,
балалар!
Менің атым Наурызбек.Мен
сендерден көмек сұрағалы отырмын.Сендерден өтініш маған құстарға ұя
жасауға көмектессеңіздер,мен жол-жөнекей құстарға ұя жасап үлгермей
жатырмын,өз ауылдарыңда сендер де қанатты достарға ұя жасаңдаршы
сәлеммен Наурызбек.
Ал,балалар Наурызбек кім?
Құстарға не жаса дейді? Олай болса Наурызбекке көмек қолын созамыз
ба? Балалар: Әрине.
Бізге ұя жасайтын жабдықтар
қажет, орманшыдан алсақ болар еді бірақ орманшы бізге ұяның әрбір
бөлшегі үшін тапсырма береді екен.Сол тапсырманы бәріміз бірігіп
шешейік,сонда орманшы бізге жабдықтар
береді.
Ол үшін орманға
кеттік.
Заттың атын білдіретін
сөздер.
-
Қане, кім айтады қазір жылдың
қай мезгілі? (Көктем)
-
Көктемде табиғатта қандай
өзгерістер болады? (қар ериді,күн жылына бастайды,ағаштар бүршік
жарады, құстар жылы жақтан ұшып келе бастайды
т.б).
-
Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Сұрақтарына жауап беретін сөздер адамның,жануарлардың және
заттардың атын білдіреді:
Айсұлу,қоян,кітап.
1-ші қабырғасы
үшін:
Дәптермен
жұмыс:
85-жаттығу.
1.Төмендегі сөздерді қатыстырып
сөйлем құрап жазу.
1) Көктем,туды,көрікті.
(Көрікті көктем туды).
2)
Ери,қар,бастады.(Қар ери
бастады).
3) Жел,жылы,соқты.
(Жылы жел соқты)
2.Не? сұрағына жауап беретін
сөздерді табу.
2-ші қабырғасы
үшін:
қарлығаш
ана
дәрігер Іңкәр
кітаптар
Кім? Не?
құстар
Кімдер? бала көкек
Нелер?
Айдана
Ата қозылар
сауысқан
Сергіту
сәті:
Қырғауыл боп
ұшамыз,ұшамыз,
Түлкі болып
қашамыз,қашамыз.
Қырғауылдай тапқыр боп,тапқыр
боп,
Орнымызға
қонамыз,қонамыз.
3-ші қабырғасы
үшін:
86-жаттығу:1.Түсініп
оқу
Әкем
менің-құрылысшы.
Ағам менің
–мұнайшы.
2.Мамандықты білдіретін
сөздерді тауып оларға сұрақ қою.
(Суреттерден
пайдаланамын)
4-ші қабырғасы
үшін:
Балалар біз нелерге ұя жасап
жатырмыз? Құстарға.
Олар қайда? Жылы жақтан ұшып
келе жатыр.
Құстар туралы түсінік беріп
өтемін.
Құстар екіге бөлінеді. Үй
құстары және дала құстары.
-Үй құстарын атайықшы:
әтеш,тауық,үйрек,қаз,күркетауық.
-Дала құстары:
аққу,сауысқан,қараторғай,бүркіт,тоқылдақ,құр,шіл, шымшық
т.б.
Құстардың қандай пайдасы бар?
Жұмыртқасын береді,етін береді,мамық жүнін қауырсындарн аламыз.Олар
құрт –құмырсқалар мен шыбын –шіркейлерді жеп ағаштарды
қорғайды.
Олай болса қ.Ыдырысовтың
«Құстарым,келіңдер» өлеңін оқып құстарға ұя жасап жатырғанымызды
білдірейік.
«Құстарым келіңдер»
(Қ.Ыдырысов).
Өлеңді мәнерлеп оқып
беремін.
5-6 оқушыға мәнерлете
оқытамын.
Өлең авторы
Қ.Ыдырысов туралы қысқаша
мәлімет беріп өтемін.
Қабдыкәрім Ыдырысов (1928-1978
жж) Павлодар облысы,Краснокутск ауданы,Октябрьдің 25 жылыдығы
атындағы кеңшарда туған.1948 жылы Павлодар педучилишесін,1962 жылы
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген.1948-1952 жж
Павлодар облыстық Кеңесі атқару комитетінде істеген,1952-1957 жж
республикалық «Қазақстан пионері» газетінде бөлім
меңгерушісі.1957-1961 жж «Қазақ әдебиеті» газетінде жауапты
хатшы,1965-1972 жж Қазақстан жазушылар одағының хатшысы,1972-1975
жж Қазақ мемлекеттік кітап палатасының директоры,1975-1978 жж
«Жалын» баспасының директоры қызметтерін
атқарды.
Үлкенді-кішілі отыздан астам
кітабы жарық
көрген.А.Пушкин,М.Лермонтов,Н.Хикмет,Т.Шевченко,А.Барто,С.Михалков,С.Вургун
өлеңдерін аударған.Қазақ КСР-ның Құрмет Грамотасымен. «Еңбектегі
ерлігі үшін» т.б. медальдармен марапатталған.Халық ағарту ісінің
озық қызметкері.
Шығармалары: «Ертіс-толқын»
өлеңдер. 1979 ж; «Әке жолы» поэмасы 1963 ж; «Адамның кейбір
кездері» өлеңдер 1969 ж; «Армысың Арабстан» өлеңдер.1977 ж.
Таңдамалы.Өлеңдер 1978 ж; Я расту.Стихи 1973 ж;Аршынды
балақай.Өлеңдер.1980 жһ; Екі томдық өлеңдер жинағы.1981
ж
Сергіту
сәті:
Нан қоқымын
шашпаймыз,
Жерде жатса
баспаймыз.
Теріп алып
қастерлеп,
Торғайларға
тастаймыз.
Ұяның төбесін жабу
үшін:
Ойын: «Сәйкесін
тап»
Қ
арға
шиқылдайды.
С
ауысқан тоқылдайды.
Шымшық
қарқылдайды.
Тоқылдақ
шақылдайды
ІҮ. Сабақты
бекіту.
Ұяның едені үшін: Семантикалық
картамен жұмыс.
з аттар
сұрақтар
|
Кім?
|
Кімдер?
|
Не?
|
Нелер?
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
+
|
|
+
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
+
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
Ү.Сабақты
қорытындылау: Мінекей, балалар ұямызды да
жасап бітірдік.Ұяны біз нелерге арнап жасадық? Құстарға.Кімнің
өтініші бойынша? Наурызбектің.
Балалар сынып бөлмесіндегі
заттарға назар аударып кім?Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап
беретін сөздерді атайық.Балалар жауаптарын тыңдап,қайталап сабақты
қорытамын.
ҮІ.Үйге тапсырма
беру: Құстарым келіңдер.Өлеңді
жаттап келу.
Бағалау:Балалардың жетістіктерімен
кемшіліктерн атап бағалаймын.
Арепова Сұлушаш
Сарсенбайқызы
Бастауыш сынып
мұғалімі
Қордай
ауданы
№31 Сарыбұлақ орта
мектебі
Ана
тілі